- •5В050300 – Психология
- •Пәннің мазмұны Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша соөж тапсырмалардың ґткізуінің және мазмұнының графигі
- •Пән бойынша сөж тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Пәннің оқу-әдістемелік (методикалық) қамтамасыздандыру картасы
- •2014 -2015 Оку жылы
- •Глосарий
- •Дәріс комплексі
- •«Персоналды іріктеу тәртібі» өлшемі
- •Жұмыс берушінің негізгі құқықтары
- •Жұмыс берушінің негізгі міндеттері
- •2. Функционалдық міндеттер
- •3. Құқықтар мен өкілеттіктер
- •4. Жауапкерлік
- •5. Еңбек жағдайы
- •«Мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру деңгейі» өлшемі
- •«Мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейі» өлшемі
- •1. Жалпы ереже
- •2. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
- •3. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметін ұйымдастыру
2. Функционалдық міндеттер
- Қызметкерлердің өз міндеттерін атқару барысындағы жұмыс функциялары мен міндеттерін тізіп шығыңыз.
Бұл тармақ қызметтік нұсқаулықтың негізгі бөлігі болып табылады және де оның ішінде қызметкердің қызметі мен жұмыс функцияларының басты бағыты жайында мәліметтер болады. Қызметкердің алдындағы міндетті айқын әлі нақты етіп жіктей білгеніңіз жөн және де оның жұмысындағы негізгі аспектілерді астын сызып тұрып көрсетіңіз, оларды тіпті бөлек тармақ етіп тізіп берсеңіз де артық болмайды. Бұл аспектілерді мән-мағынасына қарай бірінен соң бірін тізіп көрсетсеңіз де болады. Ең бастысы Сіздің нұсқауларыңыз барынша шағын әрі мазмұнды екендігіне көз жеткізіңіз, оның ішінде түсініксіз талаптар мен қайталаулар болмау керек.
- Компания, аталған қызмет бойынша қызметкердің алдына қандай мақсат қойып отыр. Бұл арада қызметкер бағдар етіп, талпынуы тиіс бағыттарды нақтылап көрсету керек.
- Қызметкердің жұмысын бағалау өлшемдері (критерийлер) және бағалау тәртібі. Бұл тұрғыда, қызметкер одан қандай нәтиже күтілетінін жақсы түсінетіндей болуы керек, оның жұмысы қандай өлшемдер бойынша бағаланады? Белгілі бір қызметке тағайындалған қызметкердің өз жұмысына деген көзқарасын дәл осы өлшемдер анықтайтынын ұмытпаңыз.
3. Құқықтар мен өкілеттіктер
- Өз жұмысын тиімді әрі сапалы етіп орындауы үшін қызметкердің іс-әрекетін тізіп көрсету керек. Бұл тарауда қызметкердің төмендегідей құқықтары мен өкілеттіліктері ескерілуі тиіс:
- өз бетімен шешім шығара алу (қызметкер өзі шеше алатын мәселелер тізіп көрсетілуі керек);
- қажетті материалдық, қаржылық, еңбек және ақпараттық ресурстарды пайдалану мүмкіндігі;
- қызметкер өз міндеті мен жұмысын тиімді әрі нәтижелі етіп орындау үшін қажетті ақпараттарға қол жеткізе алуы тиіс;
- бақылау жасау мүмкіндігі болуы керек (бұла арада қызметкер өз міндетін орындай отырып, қандай мәселелер мен әрекеттерді бақылауға ала алатынын тізіп көрсеткен дұрыс);
- белгілі бір әрекеттерді орындауды талап ету (әсіресе, қарамағындағылардан), нұсқаулар мен ережелерді орындауды талап ету;
- белгілі бір құжаттарды бекіту, визалау, құжаттар бойынша келісу, оларға қол қою.
4. Жауапкерлік
- Қызметкер тәртіптік тұрғыдан жауап беретін әрекеттер (әрекетсіздік):
- Компанияның корпоративті стандарттарын орындау барысында;
- ұсынылған материалдық, қаржылық, еңбек және ақпараттық ресурстарды игеру барысында;
- Компанияның ішкі еңбек тәртібін орындау барысында.
Бұл тарауда, сондай-ақ, ел ішіндегі қолданыстағы заңнаманы орындау жауапкершілігі мен ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де құжаттардың талаптарын орындау, сол сияқты өз міндетін дұрыстап атқару мен өзіне тиесілі құқықтарын толық пайдалану жауапкершілігі де "бекітіліп" көрсетіледі. Сонымен қатар, қызметкердің қызмет бабындағы материалдық жауапкершілігі де нақты көрсетілуі тиіс. Қызметкердің Техникалық қауіпсіздік, нұсқаулары мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарын тиісті етіп орындау, не орындамау жауапкершілігі де ескерілуі тиіс.
5. Еңбек жағдайы
- Бұл арада қызметкердің еңбек етіп, жұмыс функциясын атқаруға жасалынған жағдайдың жалпы мінездемесі беріледі.
№8-Тақырып: Кәсіби іріктеуде қолданылатын тестер мен олардың категориялары: интеллектуалды, қабілеттілік, психомоторлы тестер.
Мақсат міндеттері:
Кәсіби іріктеуде қолданылатын тестерді жүктеп түсіндіру.
Қарастырылатын сұрақтар:
Дж.Гилфордтың «интеллекттік келбеттер» әдісі, Векслер тесті. Қабілеттілік тестері.
«Адам ресурстарын пайдаланудың тиімділігі» өлшемі. Осы өлшем бойынша бағалау орталық мемлекеттік органдар осы Әдістемеге 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі.
Бағалау жүргізу барысында мемлекеттік органдар есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша Агенттікке тоқсан сайын ұсынатын кадрлар есеп деректері ескеріледі.
Баға мына формуламен есептеледі:
К2 = Р1 + Р2 + Р3 + Р4 + Р5 + Р6
К2 –осы өлшем бойынша мемлекеттік органның бағасы;
Р1 – «кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші;
Р2 – «мемлекеттік органның штатының жасақталуы» көрсеткіші;
Р3 – «мемлекеттік қызметшілер еңбегінің нәтижелерін бағалау» көрсеткіші;
Р4 – «мемлекеттік органның қызметкерлерін жоғарылату» көрсеткіші;
Р5 – «штаттық лауазымдарды лауазымдық нұсқаулықтармен қамту» көрсеткіші;
Р6 – «білімі бойынша біліктілік талаптары өзгертілген штатық лауазымдар» көрсеткіші.
Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 33 балл болып саналады.
24. «Кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
P1 =
|
|
k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (10-ға тең);
a – есепті кезеңде жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің саны;
b – мемлекеттік лауазымдар саны;
5 – қатаңдық көрсеткіші.
Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға сол көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 10 балл болып саналады.
Ауысу бойынша бағалауды есептеген кезде төмендегідей жағдайда жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілер есептелмейді:
«орталық-өңір», «өңір-орталық», «өңір-өңір» жүйесі бойынша басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты;
зейнетке шығуына байланысты;
мемлекеттік органның қайта құрылуы немесе штаттың қысқартылуына байланысты;
ауруға, қайтыс болуына байланысты;
саяси қызметке тағайындалуына байланысты;
негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты (бала күтіміне байланысты демалыстан, мемлекеттік тапсырыс немесе шетелде кадрлар даярлау бойынша Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқу оқуына байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыстан);
бұрынғы лауазымына қарағанда мемлекеттік қызмет өтілі бойынша жоғары немесе тең талаптар белгіленетін лауазымға ауысуға байланысты.
Сонымен бірге, бір орталық орган жүйесінде (орталық аппараттан комитетке, облыстық бөлімшеден аудандық бөлімшеге) жұмыстан босатылған қызметкерлер де есептелмейді.
Егер бірінші басшы ауысқаннан кейін өз еркімен жұмыстан шыққан басшылық қызметтегі қызметкерлер саны 2%-дан жоғары болса, онда 3 балл алынып тасталады.
Орталық мемлекеттік органдарда бірінші басшы – министр, басшылық қызметкерлер болып комитеттер төрағалары, олардың орынбасарлары, департамент директорлары мен олардың орынбасарлары, комитет басқармаларының бастықтары саналады.
Жергілікті атқарушы органдарда бірінші басшы облыс, астана, республикалық деңгейдегі қалалар әкімдері (әрі қарай – әкім аппараты), басшы қызметтегі қызметкерлерге әкім аппараты басшысының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері мен әкім аппаратының бас инспекторлары, облыстық атқарушы органдар басшылары мен олардың орынбасарлары жатқызылады.
25. «Мемлекеттік органның штатының жасақталуы» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
P1 = k
|
|
k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (7-ге тең); a – бос лауазым орындарынан пайда болған, оның ішінде қызметкерлердің ұзақ мерзімді оқуға немесе бала күтімі демалысына кету себептері бойынша (Агенттікке сұраным жолданғаннан кейін осы бос лауазымға орналасу үшін конкурс өткізуге жұмсалған 45 жұмыс күні, сондай-ақ Агенттікке сұрату жіберілгеннен кейін осы бос лауазымға ауысу тәртібімен немесе кадр резервінен орналасуға жұмсалған 11 жұмыс күні қоспағанда) адамға арналған күндердің саны;
b – адамға арналған күндердің саны, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ауыруы және басқа себептер бойынша (жалақы сақталмайтын демалыс, жұмыстан шеттетілу) бос болған лауазымдар болады. Бұл санға қызметкердің жыл сайынғы еңбек демалысы, іссапар күндері, жүктілікке және босануға байланысты демалыс күндері, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көрсетілген негіздердегі күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс күндері қосылмайды.
c – адамға арналған күндердің жалпы саны.
10 – бағалау қатаңдығының көрсеткіші.
Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға сол көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.
Адамға арналған күндердің жалпы саны мына формула арқылы анықталады:
c = m
|
|
m – мемлекеттік органның орташа штат саны;
n – жыл ішіндегі жұмыс күндерінің саны.
Орташа штат саны мемлекеттік органның бірінші тоқсаннан бастап төртінші тоқсанға дейінгі қоса есептелетін штат саны сомасының орташа мәні ретінде анықталады (әрі қарай мәтін бойынша – орташа штат саны).
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 7 балл болып саналады.
26. «Мемлекеттік қызметшілер еңбегінің нәтижелерін бағалау» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
Р3 = а + b + c + d
|
|
a – мемлекеттік орган қызметкерлерінің еңбегін бағалау әдістемесінің болуы (a = 1 балл);
b – әдістемеде қызметкерлердің кәсіби және жеке қасиеттерін, соңғы еңбек нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін индикаторлардың болуы (b = 1,5 балл);
c – есеп беру кезеңінде 2 және одан көп рет бағалау жүргізу (с = 1,5 балл);
d – бағалау нәтижесі бойынша сараланған көтермелеудің болуы (d = 1 балл).
Қызметкерлердің еңбегінің нәтижелерін бағалау жүргізілмеген болса, мемлекеттік органға 0 мәні қойылады.
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 5 балл болып саналады.
27.«Мемлекеттік органның қызметкерлерін жоғарылату» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
Р4
= k
|
|
k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (5-ке тең);
a – осы мемлекеттік органда жоғары лауазымға осы мемлекеттік органның қызметкерлері ішінен тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің саны;
b – осы мемлекеттік органда ауысу тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны (С-6, С-О-6, D-5, D-O-5 санаттарын қоспағанда).
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 5 балл болып саналады.
28. «Штаттық лауазымдарды лауазымдық нұсқаулықтармен қамту» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
|
|
k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (3-ке тең);
a – соларға бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар жоқ мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының саны;
b – мемлекеттік органда мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың жалпы саны.
100 – бағалаудың қатаңдығының көрсеткіші.
Қызметкерлердің еңбегінің нәтижелерін бағалау жүргізілмеген болса, мемлекеттік органға 0 мәні қойылады.
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 3 балл болып саналады.
29. «Білімі бойынша біліктілік талаптары өзгертілген штатық лауазымдар» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
|
|
k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (3-ке тең);
a – есепті кезеңде мемлекеттік органның білімі бойынша біліктілік талаптары өзгертілген штаттық лауазымдарының саны;
b – мемлекеттік органның орташа штат саны.
50 – бағалаудың қатаңдығының көрсеткіші.
Қызметкерлердің еңбегінің нәтижелерін бағалау жүргізілмеген болса, мемлекеттік органға 0 мәні қойылады.
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 3 балл болып саналады.
