Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Диагностика и оценка персонала_Турманова_...doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

«Персоналды іріктеу тәртібі» өлшемі

14. Осы өлшем бойынша бағалау орталық мемлекеттік органдар осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі.

15. Бағалау жүргізу барысында мемлекеттік органдар есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша Агенттікке тоқсан сайын ұсынатын кадрлар есеп деректері ескеріледі.

16. Баға мына формуламен есептеледі:

К1 = Р1 + Р2 + Р3 + Р4

К1 – осы өлшем бойынша мемлекеттік органның бағасы;

Р1 – «кадр резервінен мемлекеттік органдардың өздері ұсынған үміткерлерді, сондай-ақ басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау бойынша кадр резервіне қосылған үміткерлерді іріктеу» көрсеткіші;

Р2 – «үміткерлерді конкурстық негізде іріктеу» көрсеткіші;

Р3 – «кандидатураларды кадр резервінен іріктеу» көрсеткіші;

Р4 – «басқа мемлекеттік органдардан ауысу тәртібімен тағайындау» көрсеткіші.

Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 12 балл болып саналады.

17. «Кадр резервінен мемлекеттік органдардың өздері ұсынған үміткерлерді, сондай-ақ басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау бойынша кадр резервіне қосылған үміткерлер іріктеу» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:

Р1 = k

a – кадр резервінен қабылданған мемлекеттік қызметшілер саны: кадрлар резервіне (конкурс шеңберінде) қабылдау үшін мемлекеттік органдардың өздері ұсынған үміткерлер қатарынан; мемлекеттік тапсырыс немесе шетелде кадрлар даярлау бойынша Республикалық комиссия бекіткен басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған үміткерлер қатарынан.

b – есеп беру кезеңінде қабылданған адамдардың жалпы саны;

k – алынған нәтижені өлшемді мәнге келтіруге арналған коэффициент (4-ке тең);

- кадр резервінен қабылданған және мемлекеттік органдардың өздері ұсынған, сондай-ақ басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған мемлекеттік қызметшілер саны үшін бастапқы 15%-ды белгілеуге арналған ара салмақ.

Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 4 балл болып саналады.

18. «Үміткерлерді конкурстық негізде іріктеу» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:

Р2 = k

a – конкурстық негізде қабылданған мемлекеттік қызметшілердің саны;

b – есеп беру кезеңінде қабылданған адамдардың жалпы саны;

k – алынған нәтижені өлшемді мәнге келтіруге арналған коэффициент (4-ке тең);

- конкурс бойынша қабылданған мемлекеттік қызметшілер саны үшін бастапқы 25%-ды белгілеуге арналған ара салмақ.

Егер есеп беру кезеңінде мемлекеттік орган бос лауазымдарға орналасу жөнінде конкурс жарияламаған болса, және бос лауазым болмаса, мемлекеттік органға осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мән қойылады.

Егер есеп беру кезеңінде мемлекеттік орган бос лауазымдарға орналасу жөнінде конкурс жарияламаған болса, және бос лауазым болған жағдайда, мемлекеттік органға осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.

Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 4 балл болып саналады.

19. «Басқа мемлекеттік органдардың кандидатураларды кадр резервінен іріктеу» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:

Р3 = k

a – кадр резервіне (конкурс пен аттестация шеңберінде) қабылдау үшін басқа мемлекеттік органдар ұсынған үміткерлер қатарынан қабылданған мемлекеттік қызметшілер саны;

b – есеп беру кезеңінде қабылданған адамдардың жалпы саны;

k – алынған нәтижені өлшемді мәнге келтіруге арналған коэффициент (2-ге тең);

10 – бағалау қатаңдығы көрсеткіші.

Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға сол көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.

Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 2 балл болып саналады.

20. «Басқа мемлекеттік органдардан ауысу тәртібімен тағайындау» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:

Р4 = k

a – ауысу тәртібімен тағайындалған мемлекеттік қызметшілер саны;

b – есеп беру кезеңінде қабылданған адамдардың жалпы саны;

k – алынған нәтижені өлшемді мәнге келтіруге арналған коэффициент (2-ге тең);

2 – бағалау қатаңдығы көрсеткіші.

Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға сол көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.

Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 2 балл болып саналады.

Есеп беру кезеңінде қабылданған адамдардың жалпы санына «орталық-өңір», «өңір-орталық», «өңір-өңір» бағыттары бойынша ауысу тәртібімен қабылданған, сондай-ақ мемлекеттік органның өз ішінде ауысу тәртібімен тағайындалған адамдар қосылмайды.

№4-Тақырып: Еңбек әрекетінің құрылымы, оның орындалу критерийлері. Әрекетті бағалауды ұйымдастыру.

Мақсат міндеттері:

Әрекетті бағалауды ұйымдастыру жолдарын түсіндіру.

Қарастырылатын сұрақтар:

Персоналды жұмысқа қабылдаудағы кадрлық бөлім таңдау критерийлері.

Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты түсініктердің бірі. Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан, психиканың пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен оның психологиялық сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық материализм философиясы негізінде құрылып, алғашқы түсіндірулері Л.С. Выготский (1896-1934), С.Л. Рубинштейн (1889-1960), А.Н. Леонтьев (1903-1979) сынды кеңестік психологтердің есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық пікірталастардың пәніне айналып, «түсіндіру принципі» ретінде танылды. Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу «бірліктерінің» бірі болып қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің методологиялық көз қарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды.

Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын белсенді процестер.

А.Н. Леонтьев адамның кез-келген белсенділігін іс-әрекет деп атаған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен психологиялық байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді ғана іс-әрекет деді.

Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы

Іс-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-әрекет пәні) және ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер).

Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:

Қажеттілік Белсенділік

Мотив Іс-әрекет

Мақсат Әрекет

Жағдай

(міндет) Амал

Бұл блоктардың сол жағында іс-әрекеттің интенционалды аспектісі, ал оң жағында амалдық аспектісі көрсетілген.

А.Н. Леонтьев өзіндік іс-әрекет құрылымын морфологиялық сипатты емес, құраушы бөліктерінің динамикасын, қатынасын, қызметін бейнелейтінін қайталайды. Қарастырылушы тұжырымдама методологиясына тағы бір ескерту енгізу қажет. Ол - іс-әрекеттің психологиялық құрылымының аддитивтілік қасиеті ескерілмеген, яғни, қарапайым құраушы бөліктерінің қосындысы күрделі жүйе блогына пара-пар емес. Мысалы, мотивтердің қосындысы өзін іске асырушы қажеттілікке тең емес. Қажеттілік субъективті күй иесі ретінде қалады, ал бұл мотивтер қосындысында жоқ.

Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-әрекетке деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті түрліше деңгейде белсенді қылады.

Бұдан, қажеттілік өзінің нақтылы пәні мен мотивін табады. Ізденіс әрекеті қажеттілікті қанағаттандыратын нақты психологиялық іс-әрекетке айналады. Тәжірибеде іс-әрекет көпмотивті, кешенді болады.

Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі. Саналы аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады. Мақсат түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және өзіне «бағындырады», яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді. Сондықтан, мінез-құлықты талдау барысында психологтің бұл кезіктіргені іс-әрекет пе, әлде әрекет пе екендігін, және, сәйкесінше, бұл процестердің мотивке, я мақсатқа бағынатындығын анықтауы маңызды.

Іскерлік - тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді. Іскерлікті тұлға бағыттылығының қолданбалы қыры ретінде қарастыруға болады. Іскерлік туа не кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның қажеттіліктеріне, қабілеттіліктеріне, мінезіне, кәсіби жене әлеуметтік статусына сәйкеседі. Әр индивидтің іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, өмірдің түрліше салаларында дамып, іске асырылатын өзіндік іскерліктер жүйесі болады.

Тағы да бір, кеңінен тараған, классикалық жіктеуде іс-әрекетті үш жетекші әрекеттерге ажыратады.

Іс-әрекеттің орындалу аясына қатысты маңызды психологиялық жіктеуде сыртқы (материалды) және ішкі (психикалық, ақыл-ой) әрекет деп ажыратады. Сыртқы әрекеттер материалдық аяда, шындықта бар материалды объектермен іске асырылады. Бұл адамның қоршаған ортадан тікелей және үздіксіз өндіретіні. Дәл осы алғашқы көріністі, объективтіні - іс-әрекет немесе мінез-құлық деп атап, көптеген ғылыми салалар, соның ішінде психология зерттейді.

Ішкі әрекеттер психикалық бейнелеудің идеалды түрінде бейнелер арқылы көрініс береді, яғни материалды емес, «екінші ретті» заттардың көмегімен. Ол объективті психикалық кеңістік пен уақытта емес, идеалды, ақыл-ой жүйесінде, психикада болады. Психиканың өзі тек бейнелеу нәтижесі емес, белгілі мөлшерде іс-әрекет болып табылады, сондықтан осы ішкі іс-әрекет психологияның зерттеу пәні болып табылады.

Материалды және психикалық әрекеттің динамикалы қатынасы іс-әрекет тақырыбындағы басты мәселелердің бірі. Ішкі әрекет – сыртқы әрекеттің интериоризациясы. Психика матерядан жасалған, сонымен қатар өзі матеря түзеді әрі экстериоризациялау арқылы матеряға айналады. Осы кезде психикалық бейнелер мен әрекеттер материализацияланады.

Психика материалдылық пен идеалдылықтың қатынасы, бірлігі. Ішкі және сыртқы әрекеттерде мұндай қатынасының болуы психикалық әрекет құрылымы жайлы мәселені көтереді. Отандық психологиялық зерттеулердің соңғы нәтижелеріне сүйенетін болсақ, материалды және психикалық әрекеттер аналогиялы. Алайда, бұл аналогия толық сәйкестік мағынасын қолдамайды. Идеалды әрекет - ықшам, редукциялы, сыртқы әрекеттен сапалы ерекшеленген. Ойлауға «өткен» материалды әрекет өзінің түп нұсқасына ұқсамайды.

Жұмыс беруші — жұмыс күшін жалдаушы. Қазақстанда жұмыс берушіге жалдамалы еңбекті пайдаланушы, заңдарда белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен кез келген отандық және шетелдік заңи немесе жеке тұлға (соның ішінде шетелдік азамат, елде тұратын азаматтығы жоқ адам және еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылдаушы жеке кәсіпкер, т.б.) жатады.