Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика АЭА.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Қысқаша теориялық мағлұмат

Гальваникалық, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп өндірістерінің ағызынды суларының құрамы қолданылатын технологиялық ерітінділердің, электролиттердің құрамына және жалпы түріне байланысты түрліше өзгеріп отырады. Өнеркәсіптік ағызынды сулар арқылы қоршаған ортаға ауыр металдардың, соның ішінде Сr (VІ) қосылыстарының негізгі мөлшері түседі.

Ағызынды суларды тазартудағы ең маңызды принциптері: біріншіден, су құрамындағы пайдалы заттарды бөліп қайтадан өндіріске жіберу болса, екіншіден, өндіріске қажетті су мөлшерін үнемдеу үшін тазартылған суларды қайта қолдану болып табылады. Жоғарыда айтылған құрамында хромы бар ағызынды сулардың зиянды әсерін болдырмау үшін, бұл суларды залалсыздандыру мәселесін шешу қажет екендігі белгілі.

Құрамында хромы бар ағызынды суларды сандық анықтау үшін, оның зияны жоқ жоғары концентрациясына (ЗЖЖК) көңіл бөлу керек. ЗЖЖК ластанған заттарды сулардың сапалық стандарттық қажетті функциясын анықтауға, тұрғындардың денсаулығын сақтауда және сулы ортадағы ластаушы заттарды регламенттеуге мүмкіндік береді.

2-кесте. Судағы Cr (VІ) қосылыстарының ЗЖЖК концентрациясы.

Ауыз су мен мәдени тұрмыстық су объектісі

Балық шаруашылығының көрсеткіш бойынша су объектісі

ЗЛК

ЗЖЖК

ЗЛК

ЗЖЖК

Органолептикалық

0,1 мг/л

Санитарлық-токсикологиялық

0,001 мг/л

Мұндағы: ЗЛК - су сапасына қойылатын талап бойынша зияндылықты лимиттеуші көрсеткіш.

Адамзатқа әсері. Хромның адам организміне кері әсер - ең алдымен, бүйректің каналдық аппараттарын, тамыр жолдарын зақымдайды, сондай-ақ, бауыр мен өкпенің қызметін төмендетіп, қанның азаюына әкеліп соқтырады. Терең тыныс алу жолдарының қатты зақымдануы тұманды кездері хром қышқылының концентрациясының 20-30мг/м3-қа артуымен түсіндіріледі. Мұндай жағдайда калий хроматтары мен бихроматтары адам организміне улы әсер етіп, адам өліміне дейін әкеледі.

Микрофлораға әсері. Хромның миклофлораға зиянды әсері ағызынды суларды биологиялық тазалауда концентрациясы 2-5мг/л шамасының, нитрификация кезінде- 0,005мг/л мөлшерде болуына байланысты.

Өсімдікке әсері. Хромның судағы мөлшері- 5мг/л болған жадайда өсімдікке зиянды әсер етеді, ал концентрациясы-10мг/л кезінде хлорозға шалдығады, концентрациясы- 15-50мг/л жоғары кезде өсімдіктің өсуін шектейді.

Гидробионттарға әсері. Хромның летальды концентрациясы ЛК50 балықтар үшін 30-50мг/л, дафниялар үшін– 0,22мг/л, лососьті балықтар үшін 0,02мг/л концентрация қауіпті болып табылады. Cr(ІІІ)-тің летальді концентрациясын 117мг/л балыққа теңгеріп салыстыруға болады.

Құрамында хром иондары бар ағызынды суларды тазарту әдістері

Ағызынды суларды тазартудағы ең маңызды принциптер: біріншіден су құрамындағы пайдалы заттарды бөліп қайтадан өндіріске жіберу болса, екіншіден өндіріске қажетті су мөлшерін үнемдеу үшін тазартылған суларды қайта қолдану болып табылады. Жоғарыда келтірілген құрамында хромы бар ағызынды сулардың зиянды әсерін болдырмау үшін, бұл суларды залалсыздандыру қажет екендігі белгілі. Құрамында хромы бар ағызынды суларды тазалауды әртүрлі модификацияланған реагентті әдістер арқылы, сондай-ақ ион алмасу, электрохимиялық, мембраналық (ультрофильтрация, гиперфильтрация) және сорбциялау әдістері арқылы жүзеге асырады.