- •Анализдің электрохимиялық әдістері
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Кондуктометриялық титрлеу қондырғысын құрастыру.
- •Қысқаша теориялық мағлұмат
- •Электрөткізгіштік.
- •Кондуктометриялық титрлеу қисықтары.
- •Жаттығулар мен есептер
- •Бақылау сұрақтары
- •Қысқаша теориялық мағлұмат
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Қысқаша теориялық мағлұмат
- •Бақылау сұрақтары
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Нитрат иондарын анықтау жолы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыстың орындалу реті.
- •Қысқаша теориялық мағлұмат
- •Диффузиялық ток
- •Тамшылайтын сынап электроды (т.С.Э.). Илькович теңдеуі
- •Жұмыстың орындалуы
- •Қысқаша теориялық мағлұмат Амперометриялық титрлеу
- •Амперометриялық титрлеудің түрлері
- •Жалғыз және қос индикаторлық электродтарды пайдалануға арналған амперометриялық титрлеу әдістері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыстың орындалуы
- •Никель (іі) иондарын титрлеу.
- •Амперометриялық титрлеудің түрлері
- •Бақылау сұрақтары
- •1. Кулонометрия. Кулонометрлік қондырғылар.
- •2. Кулонометриялық титрлеу әдісінің негізі.
- •Қысқаша теориялық мағлұмат
- •Бақылау сұрақтары:
- •1. Кулонометрия. Кулонометрлік қондырғылар.
- •2. Кулонометриялық титрлеу әдісінің негізі.
- •Қысқаша теориялық мағлұмат Кулонометриялық титрлеу
- •Кулонометриялық титрлеуде жиі қолданылатын электрогенерацияланатын титранттар мен олардың көмегімен анықталынатын заттар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Қысқаша теориялық мағлұмат
- •Құрамында хром иондары бар ағызынды суларды тазарту әдістері
- •Реагенттік әдістің модификациялары.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары
- •Жұмыстың орындалуы:
- •NaF салыстыру ерiтiндiлерiн дайындау
- •Қысқаша теориялық мағлұмат
- •9 Сурет. Фторид селективтi электрод:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бихромат-кобальтты шкаласы бойынша судың түсін анықтау
- •Қысқаша теориялық мағлұматlkbbbnb
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
Жұмыстың орындалу реті
Оптикалық тығыздығына байланысты ерітіндінің концентрациясын фотоколориметрлік тәсілмен аныөтау – калибрлі график бойынша жүзеге асады.
Дифференциалды фотоколориметрлік әдіс, нөлдік ерітінді ретінде еріткішті емес, ерітіндідегі анықталатын заттың бірнеше есе кіші концентрациясын алуға негізделген. Әртүрлі стандартты ерітінділердің концентрацияларына сәйкес оптикалық тығыздықтары анықталды.
Ерітіндіні фотоколориметрлеуге даярлау:
Сыйымдылығы 50 мл колбаға 10-15 мл зерттелетін ерітіндіні құямыз. Ол зерттелінуші колба ішінде хром (ІІІ) 50-100 мкг мөлшерінде болуы шарт. Осы ерітінді үстіне 5 мл күміс нитратын, 10 мл аммоний персульфатын, 5 мл күкірт қышқылын қосып, қайнағанша қыздырады. Қоспасы бар колбаны салқындатамыз, колбаның сызығы бар жеріне дейін дистильденген суды қосып, шайқаймыз. Осыдан кейін ерітіндінің бір бөлігін бөліп алып, кюветаның сыйымдылығына байланысты оптикалық тығыздығын көк светофильтр көмегімен өлшейді.
Стандартты ерітінді даярлау.
Стандартты үлгі материалына сәйкес суда еріту арқылы стандартты ерітінді даярлауға болады. Стандартты ерітіндінің химиялық құрамы анализденетін материалдың құрамына ұқсас болуы керек. Егер де, стандартты үлгілер қатыспаса, жасанды ерітінділер қолданылады. Мүмкін болмаған жағдайда таза тұз ерітінділері қолданылады. Берілген жұмыста стандартты ерітінді калий бихроматының кристалдарын дистилденген суда еріту арқылы даярланады. Стандартты ерітіндінің концентрациясы зерттелуші ерітіндідегі темір концентрациясы облысында болуы керек.
Темір ерітіндісінің стандартты ерітіндісі: 0,864 г өлшендіге темірлі-аммонийлі квасцты суда ерітеді, 5 мл күкірт қышқылымен қышқылдайды. Көлемі 1 л-ге дейін сумен үстемелейді. Ерітіндінің 1 мл-де 0,1 мг темір болуы керек.
Оптикалық тығыздықты өлшеу. Зерттелуші және стандартты ерітіндінің оптикалық тығыздығын фотоколориметрдегі нольді ерітіндіге қатысты анықталынады. Өлшеулерді бірнеше рет Dх, Dст жүргізеді.
Жұмыс барысы. Темір (ІІІ) ионы роданид иондарының концентрациясына байланысты комплексті иондар түзеді. Оның түсі қан-қызыл.
Fe3+ + nSNC- Fe(SNC)n3-n
n – роданид ионының саны (1-ден 6-ға дейін өзгеруі мүмкін).
Фотометрлеу үшін ерітіндідегі түрлі комплексті иондардың концентрациясын анықтап алған жөн. Бұл реактивтің артық мөлшерін қосу нәтижесінде болады.
Осы жұмыста артық мөлшер 0,13 моль/л құрайды. Роданидтің мұндай артық мөлшеріне түзілген комплекс ионы Fe(SNC)- мөлшері сәйкес келеді. Ерітіндінің қызыл түске боялуы, диссоциацияланбаған тұзға және комплексті қосылысқа тән, әрі тұрақсыз болып келеді. Ерітінді темір ионының роданид санымен тотықсыздануы барысында түссізденеді, ал бірнеше катализаторлар қатысында болады. Сол себептен ерітіндіні фотометрлеуді тез арада жүргізген жөн. Түсті ерітіндінің жарық жұтуы 400-450 нм аймағында жүзеге асады.
Стандартты ерітінді топтамасы бойынша (темір тұздары) концентрациясы белгісіз темір тұздарының калибрлі графигін Д/f (С) тұрғызады. Ол графикте түсті ерітіндінің оптикалық тығыздығының абцисса өсіндегі концентрацияға тәуелділігі бейнеленген. Калибрлі түзу тұрғызу үшін 5-8 нүктені табу керек. Уақыт өте келе, бірнеше күннен, аптадан кейін графикті 2-3 стандартты ерітіндімен тексереді. Бугер-Ламберт-Бер заңының орындалуына байланысты калибрлі сызықты тұрғызуға стандартты ерітінділерді қолдану керек. Осы стандартты ерітінділер бір-бірімен концентрациясы бойынша 10% айырмашылықта болуы шарт.
Темір тұзының зерттелуші ерітіндінің оптикалық тығыздығын анықтап, координат нүктесіндегі орнын табады. Осы нүкте арқылы сызық тұрғызады, әрі калибрлі түзуді қиып өткенге дейін оны абцисса өсіне параллель жүргізеді. Қиылысу нүктесі арқылы абцисса өсіне перпендикуляр жүргізеді және зерттелуші ерітіндідегі темір иондарының концентрациясын осы бойынша анықтайды.
Темірді роданид ионы түрінде анықтауға темірмен комплексті қосылыс түзуге бейім келетін иондар кедергі жасайды. Мысалы: F-, Cl-, PO43-, AsO43-, C4H4O62- қышқылды ортаның өзінде де ерітінді түсінің интенсивтілігін төмендетеді, тотықсыздандырғыштар (S2-, SO32-, J-, Sn2+), әртүрлі тотықтырғыштыр (MnO4-, NO2-, Cu2+, H2O2, H2SO4) роданид ионын бұзады.
Жұмыстың орындалуы. Калибрлі график тұрғызу: сыйымдылығы 50 мл колбаларға 0,5; 1,0; 2,3; 4; 5 мл-лі стандартты темір тұзының ерітіндісін жібереді.
Әрбір колбаға 1 мл азот қышқылы мен 5 мл аммоний роданидінен құйып шығу керек. Барлық колбаға ерітінді көлемін колбаның сызығы белгіленген жерге дейін жеткізеді. Олардың оптикалық тығыздығын өлшейді.
Нәтижесінде фотометрлеуші ерітіндінің түсінің бұзылмауы үшін аммоний роданидінің ерітіндісін өлшеуден бұрын колбаға тікелей құяды. Әр ерітіндінің оптикалық тығыздығын өлшейді (4-5 рет).
Әр ерітінді үшін оптикалық тығыздықтың арифметикалық орташа мәнін есептейді, сол арқылы калибрлік график тұрғызады.
Зерттеулерді нақты анықтау алынған мәндер негізінде стандартты ерітінділердің оптикалық тығыздығын ескере отырып, калибрлік график теңдеуін өлшейді.
Зерттелінетін темір тұзы ерітіндісін фотометрлеуге әзірлеу.
Құрамында 0,5-0,05 мг темірі бар зерттелінетін ерітіндіні сыйымдылығы 50 мл-лі колбаға енгіземіз. 1 мл азот қышқылымен қышқылдаймыз да, 5 мл аммоний роданидін құйып, көлемін дистелденген сумен белгіленген жерге дейін жеткіземіз. Араластырамыз, көк жолақты фильтрмен жуандылығы 1 см кюветадағы оптикалық тығыздықты анықтайды.
Оптикалық тығыздықты 3-4 рет өлшейді. Тікелей калибрлі графиктің параметрлерін біле отырып
мәнін әр Д үшін анықтаймыз. Сх1, Сх2, Схі ... Схn деп алсақ, оның орташа мәнін Сх табамыз. Концентрациялардың интервалды мәндерін де есептейді.
Сх
=
Ea
тиімділіктің
дәрежесін Ea
/
формуласы бойынша әдіске қатысты қателікті есептейді.
Калибрленген график тұрғызу.
50 мл-лік өлшегіш колбаларға 0,5; 1,0; 2,0; 3,0; 4,0; 5,0 мл темір тұзының стандартты ерітіндісін және 2,5 мл шарапқышқылдық натрий, 2,5 мл 5 % NaOH және 2,5 мл 5 % жаңа дайындалған аммоний персульфатын және 1 мл 1%-ды диметилглиоксим спиртті ерітіндісін құяды. Әрбір колба өзіне сәйкес реагенттер құйылғаннан кейін араластырылып отырылды. 2-3 минут өткеннен кейін әрбір өлшегіш колбаның белгісіне дейін дистилденген су құйылып араластырылды. 5-7 минут өткеннен кейін жасыл светофильтрмен (460-550 нм) ерітіндінің оптикалық тығыздықтары анықталды. Нөлдік ерітінді ретінде С0=1мкг/мл хром (ІІІ) тұзының ерітіндісі алынды. Әрбір ерітіндінің оптикалық тығыздығы 4-5 рет өлшенді. Оның орташа оптикалық тығыздығы (D) есептелінді. Алынған мәліметтер бойынша абцисса осіне ерітіндінің концентрациясы, ордината осіне оптикалық тығыздықтың мәні қойылып, градуирленген сызық тұрғызылды (1-сурет).
1-сурет. Калибрлі график.
