Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методика АЭА.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Қысқаша теориялық мағлұматlkbbbnb

Сутек пен оттек қосылыстарының ең маңыздысы – су. Жер планетасында су өте көп. Мұндағы су агрегаттық үш күйдің үш түрінде де кездеседі. Жер бетінің 71%-зын су қаптаған, оның массасы миллиард тонна шамасындай. Мұның көпшілігі теңіз бен мұхиттарда, біраз су жердің полюс шетіндегі мұздарда, биік таулардың басындағы мәңгі қарда.

Осылармен қатар, су, су буы және бұлт бөлшектері (тамшы, қар, мұз кристалдары) түрінде атмосферада болады, онда 10 мың миллиард тонна су бар, бұл жер шарындағы барлық судың 0,001 пайызынан кем.

Жаратылыстағы су таза болмайды, оның ішінде еріген, ерімеген заттар және бактериялар болады.

Құдық, бұлақ, өзен, көлдің тұщы деген суларының өзінде де топырақтан еріген түрлі заттардың мөлшері 0,01-0,0 5% болады. Теңіз, мұхит суларында еріген тұздардың мөлшері 0,5-3,9 % болады. Мысалы, Жерорта теңізінде – 3,9, Қара теңізде – 1,9, Каспий теңізінде – 1,3, Балтық теңізінде – 1,6, Арал теңізінде – 1, Балқашта – 0,2, Алакөлде – 0,8% тұз бар.

Жаратылыс суында еріген заттардан басқа, ерімеген жүзінді заттар – құмның, саз балшықтың, өсімдік, жәндіктердің қалдықтары және түрліше микроорганизмдер болады.

Жүзгін заттардан тазарту үшін суды арнаулы сүзгілер арқылы сүзеді. Бактериялардың да көпшілігі сүзгіде қалады. Ауыз суларында хлор жіберіп зиянсыздандырады. 1 т суға 0,7 г ғана хлор жеткілікті болады.

Еріген заттардан тазалау үшін суды ион алмастырғыш шайыр (смола) арқылы өткізеді, шайыр судағы еріген тұздардың иондарын ұстап қалады. Таза су айдау арқылы алынады (дистиляция). Айдалған суды дистилденген су дейді.

Су түссіз, қалың қабаты ғана көгілдір болады, таза су электр өткізбейді. Барлық сұйық және қатты заттардың ішінде судың меншікті жылу сыйымдылығы бәрінен үлкен, яғни салмағын бірдей етіп бірнеше зат алып, бір белгілі градусқа дейін қыздырғанда, суды қыздыруға жылу соның бәрінен көп кетеді. Керісінше, салқындатқанда да, бірдей етіп алынған заттардың ішінде, су жылуды көп шығарады.Сондықтан, су жазда баяу жылынып, қыста баяу суып, жер шарының температурасын реттеуші қызметін атқарады.

Судың басқа заттардан тағы бір ерекшелігі, оның тығыздығы, салқындатқанда басқа заттардыкіндей үздіксіз өсе бермейді, судың тығыздығының ең үлкен шамасы 40С-та болады. Одан жоғары немесе төмен температураларда судың тығыздығы кемиді.

Судың молекуласында оттектің атомы бір жақ шетінде, сутектің екі атомы екі жақ шетінде болады. Сондықтан, судың молекуласы әжептеуір полюсті молекула (диполь ұзындығы 0,039 нм).

Судың молекуласының бұрышты молекула болуы, оттек атомының sp3 – гибридті орбиталінің екеуі Н-О байланысының екеуін түзуге жұмсалады. Қалған екі sp3 – гибридті орбиталдарының әр қайсысына айрылыспаған электрон қосағы болады (1-сурет).

Су бу күйінде ғана, Н2О молеула формуласына сәйкес жеке түрінде болады, сұйық судағы молекулалар ассоциацияланып жүреді, яғни жеке молекулалармен қабат, жалпы формуласы (Н2О)х сәйкес күрделі қосындылар бір есе түзіліп, бір есе ыдырап жатады, оны мынадай сұлбасымен көрсетуге болады:

хН2О  (Н2О)х

10 - cурет. Су молекуласындағы атомдар ядроларының орналасуы.

Су молекулаларының ассоциалануының себебі: сутектік байланыс арқылы судың молекуласындағы сутек атомы екінші молекуладағы оттекпен байланысады, мысалы:

Н Н Н

О Н ------ О Н ------ О Н

Осылайша, 2, 3, 4 т.т, молекулалар бірігеді. Судың ассоциацияланған молекуласындағы оттек атомдарының арасы 0,276 нм, О-Н арасы (коваленттік байланыс) 0,099 нм, О-Н арасы (сутектік байланыс) 0,177 нм.

Cутектік байланыстың энергиясы 18,8 кДж/моль. Демек коваленттік байланыстың энергиясынан көп кем, бірақ Ван-дер-ваальс күштерінен басымырақ.

Судың салмақ құрамы сутек 11,1 % пен оттек 88,89 %. Сутек пен оттекті қосып су аламыз десек, екі көлем сутек пен бір көлем оттек реакцияласады; әрине суды айырғанда да бұл элементтер осы көлем қатынасында бөлініп шығады.

Су молекулаларының қыздыруға беріктігі оның айрықша қасиетінің бірі, тек 10000 маңында ғана ыдырай бастап, сутек пен оттек бөлініп шығады:

2Н2О  2Н2 + О2 Н0 = 572,63 кДж/моль

Ле-Шателье принципі бойынша, температура өскен сайын тепе-теңдік оңға ауады.

Cудың синтезі мен анализі. Кавендиш (1766 ж.) сутекті ашып, қасиеттерін зерттегенде оның жанатынын, қопарылыс беретінін анықтағандығы жоғарыда айтылды. Бірақ, жанғанда не түзілетінін, қандай затқа айналатынын зерттемеген. Оны, достарымен ермек үшін жасаған бір кездейсоқ тәжірибелерінде, сутек пен ауаның қоспасы қопарылыс беретінін, қопарылыс болған ыдыстың ішінде ылғал, дым пайда болатындығын Пристли байқаған. Пристлидің тәжірибелерін есіткеннен кейін Кавендиш (1782 ж.) бұрынғы тәжірибелеріне қайта оралып, қопарылыс нәтижесінде таза түзілетіндігін анықтаған (бірақ ол өз жұмысын 1784 жылы жариялаған). Осы тәжірибелердің нәтижесін есіткен Лавуазье бұған күмәнданып, өзі тексермек болады. 1783 жылы Лавуазье сутек пен оттекті араластырып жағып, таза судың түзілетіндігіне көзі жетеді. Міне осы 1783 жылдан бастап су жай зат емес, күрделі зат деп есептеледі.

Лавуазье бұл синтезбен тоқтап қалмады, ол судың анализін жасамақ болды. Бұл жұмысты бастауға сол кезде жасалған әуе шарларын толтыруға қажетті сутекті көп мөлшерде алудың арзан тәсілін табу себеп болды. Лавуазье, Меньемен екеуі (1783 ж.) суды қызған темірдің үстімен өткізіп айдаған.

Судың үш күйінің диаграммасы. Төмен температурада судың буға айналуы тездейді. Жабық ыдыста су мен онан ұшып шыққан будың арасында динамикалық тепе-теңдік туады, яғни кесімді уақыт ішінде неше молекула буға айналса, сонша молекула будан суға көшеді. Сұйықтықпен тепе-теңдікке келген буды қаныққан бу деп атайды.

Буға айналу эндотермиялық процесс болғандықтан температура көтерілгенде Ле-Шательенің принципіне сәйкес тепе-теңдік бу түзілу жағына қарай ауады. Демек, температура жоғарылаған сайын будың тығыздығы (қысымы) өседі.

1 - кесте. Температураға тәуелді бу қысымдарыныңы мәні.

Температура (С0)

0

10

20

30

40

50

60

80

100

Бу қысымы (кПа)

0,6

1,22

2,33

4,23

7,36

12,36

19,8

47,3

101,3

1000С судың буының (тығыздығы) қысымы атмосфера қысымында – 101,3 кПа теңесіп су қайнайды.

Сұйықтың бетіндегі буының тығыздығы, сырттағы атмосфералық қысымға теңескен температураны сұйықтың қайнау температурасы деп атайды.

Қалыпты қысымда судың қату температурасы 00С. Мұздың меншікті салмағы 0,92, демек ол судан жеңіл, сондықтан мұз судың бетінде болып, судың астыңғы қабаттарын қатудан қорғайды.

Екінші жағынан, сол 00С мұздың балқу, яғни еріп суға айналу температурасы, сондықтан «мұз-су» деген жүйе сырттан жылытпаса немесе суытпаса ұзақ уақыт тепе-теңдікте болады.

Сұйықтың қату не қаттының балқу температурасы дейтініміз – сол заттың сұйығы мен қаттысының тепе-теңдікте болу температурасы.

Температура 00С болғанда мұз бен сұйық судың бетіндегі будың қысымдары теңеседі (0,6 кПа);

2-кесте. Температураға тәуелді бу қысымдарыныңы мәні.

Температура (С0)

-50

-30

-10

-8

-6

-4

-2

0

Бу қысымы (кПа)

0,004

0,04

0,1

0,25

0,3

0,37

0,43

0,60

Сұйықтың бетіндегі буының қысымы сол заттың қатты күйінің бетіндегі буының тығыздығына теңескен температураны сұйықтың қату температурасы деп атайды.

Мұз да су сияқты буға айналып ұшады, мысалы, жайып қойған кір қатты аязда да кебеді, қыс бойында түскен қардың 30 % буға айналып ұшып кетеді.

Су  мұз деген тепе-теңдіктегі мөлшерін бірдей етіп алған су мен мұздың көлемін салыстырсақ, мұздың көлемі үлкен, сондықтан, қысым өскен кезде тепе-теңдік сол жаққа ауады, демек қысым күшін өсірсе, мұз 00-тан төмен температурада да балқиды (ериді).

Температура мен қысымға байланысты судың үш күйінің диаграммасын келтіруге болады (2-сурет).

11 - сурет. Судың үш күйінің диаграммасы.

Абсцисса осінде – температура, ординат осінде – қысым мәндері келтірілген. ав – қисық сызығы сұйық судың буының қысымын, аб – мұз бетіндегі будың тығызыдығын, аг – мұздың балқу температурасының қысымға тәуелділігін көрсетеді. Сонда диаграмма беті үшке бөлінген, соның әрқайсысы судың агрегаттық үш күйінің біреуінің тұрақтылық жағдайын көрсетеді, оларды бөліп тұрған сызықтар екі жағындағы судың екі күйінің тепе-теңдікке келіп қабат тұрақты болуының жағдайын (температурасы мен қысымын) көрсетеді, айталық ав – сызығында су  бу; аг – мұз  су; аб - мұз  бу тепе-теңдікте болады. А нүктесінде үш сызық та түйіседі, демек сол нүктеге сәйкес жағдайда (0,010 пен судың үш күйі де мұз, су, бу) тепе-теңдікте тұрақты болады.

Судың кермектігі. Табиғи суларда еріген күйде Са мен Mg тұздары көп болса, ондай су кермек су деп аталады. Карбонаттық кермектің, карбонаттық емес кермектік деген болады. Карбонаттық кермектік суда еріген Са(НСО3)2 және Mg(НСО3)2 болудан, карбонаттық емес кермектік – сол металдардың хлоридтері мен сульфаттарынан болады.

Бізде қабылданған стандарт бойынша судың кермектігін 1 л судағы Са2+, Mg2+ иондарының миллиграмм-эквивалент санымен өлшейді. Судың құрамындағы иондардың саны 4 мг-экв/л болса, ол су жұмсақ су болады, 8-12 мг-экв/л – кермекті, ал 12 мг-экв/л жоғары болса аса кермекті болады.

Карбонаттық кермек суды қайнатса, ондағы еріген

Са(НСО3)2 = СаСО3 + CO2 + H2O

Дигидрокарбонат карбонатқа, ерімейтін тұзға айналып, су тұщиды. Сондықтан, карбонаттық кермектікті уақытша кермектік, ал, қайнатқанға болмайтын кермектікті тұрақты кермектік деп атайды.