- •Пәннің мазмұны
- •1.Бөлім. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.Жалпы ережелер.
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандырудың түсінІгі, пәні, функциялары және түрлері
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары және қайнар көздері
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының түсінігі және олардың
- •2.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының мазмұны, қайнар
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар.
- •2.Жасына байланысты зейнетақының түрлері.
- •3.Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары.
- •1.Жасына байланысты зейнетақының түсінігі.
- •Тақырыбы:асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар
- •Тақырыбы: әлеуметтік зейнетақылар .
- •Тақырыбы:әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жәрлемақылар
Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандырудың түсінІгі, пәні, функциялары және түрлері
1.Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі.
2.Әлеуметтік камсыздандырудың түрлері.
3.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні.
4.Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру
Әдебиеттер
Жұмағұлов Ғ.Б. «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» оқу құралы А., 2005
Назарбаев Н.А. Қазақстан-2030, Қазақстан халқына жолдауы.
Қазақстан Республикасы азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау» туралы заңы А., Юрист 2006
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2009 ж
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 17 шілде
Әлеуметтік камсыздандыруға құқық - адамның негізгІ әлеуметтік-экономикалык кұқықтарының бірі. Бұл құкык 1948 жылғы Адам құқыктарының жалпы декларациясының 26-бабында, 1966 жылгы экономикалык, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралык пактінің 11-бабында және өзге де халықаралык актілерде бекітілген.
Әлеуметтік қамсыздандыруға кұқық Қазакстан Республикасы Конституциясының 28-бабында бекітілген, бұл бапқа сәйкес: «Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздан-дырылуына кепілдік беріледі.
«Әлеуметтік қамсыздандыру» түсінігін әртүрлі мағынада колдануға болады.
Біріншіден, әлеуметтік камсыздандыру ретінде әкімшілік-биліктік қатынастардың ерекше нысаны түсініледі».
Екіншіден - бұл мемлекеттің функциясы.
Үшіншіден, азаматтарды картаюына, асыраушысынан айырылуына, еңбекке қабілетінен айырылуына және т.б. жағдайларға байланысгы материаддык камтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі және нысаны ретінде.
Төртіншіден, кұқық саласы ретінде.
Бесіншіден, азаматтардың құқығы ретінде.
Біздің ойымызша, әлеуметтік қамсыздандыру - бұл материалдық игіліктерді еңбектің қатысуынсыз бөлудің нысаны. Әлеуметтік қамсыздандыруда материалдык игіліктер коғамның еңбекке жарамсыз мүшелеріне мемлекеттің және арнайы корлардың есебінен әлеуметтік нормаларда белгіленген кездерде және жағдайларда бөлінеді. Соған коса, әлеуметтік камсыздандыруды мемлекет әлеуметтік мәнге ие деп таны-ған жағдайлардың туындауы салдарынан тіршілік етудің кайнар көзі ретіндегі жогалған жалакыны өтеуге багытталған, мемлекет калыптас-тыратын кұкыктық, әкономикалык және ұйымдастырушылык шаралар-дың жүйесі ретінде де аныктауға болады.
Әлеуметтік камсыздандыру осы максаттар үшін арналған каражат есебінен жүзеге асырылады. Акша кұралдарының қайнар көзіне карай әлеуметтік камсыздандырудың екі түрін ажыратуға болады:
- мемлекеттік және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік камсыздандыру;
- зейнетакы корларының салымшыларының - занды және жеке түлғалардың каражаты есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік емес әлеуметтік камсыздандыру.
Әлеуметтік камсыздандырудыц турлері
Акша құралдарының кайнар көзіне карамастан, мемлекеттік әлеу-меттік камсыздандыру келесі түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін:
- ақша төлемдері (зейнетакылар, жәрдемакылар, өтемакылар, материалдык көмек және т.б.);
- заттай көмек (дәрі-дәрмек, азык-түлік, мүгедектер үшін техникалык көмек кұралдары);
- қызмет көрсету және жеңілдіктер (карттар және мүгедектердің үй-интернаттарына, балалар үйлеріне орналастыру, үйде әлеуметтік кыз-мет көрсету және т.б.);
- мүгедектердің емделуімен, сауығуымен және денсаулығын жак-сартуымен (стационарда, үйден катынап емдеу санаторийларда, карттар және мүгедектер ушін арналған үй-интернаттарда), емдеу орнына баруымен және кайтуымен байланысты косымша шығындарын өтеу, жүмыссыздарды кайта окыту (кайтадайындыктан өткізу);
- азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсетудің бір жолғы акшалай және акшалай емес түрлері.
әлеуметтік қамсыздандыру - бұл материалдық игіліктерді еңбектің қатысуынсыз бөлудің нысаны. Әлеуметтік қамсыздандыруда материалдык игіліктер коғамның еңбекке жарамсыз мүшелеріне мемлекеттің және арнайы корлардың есебінен әлеуметтік нормаларда белгіленген кездерде және жағдайларда бөлінеді:
1) еңбекке кабілеттігі жоқ жастағы азаматтар:
- зейнеткерлер, солардың ішінде мүгедектер және жалғызбасты
түлғалар;
- балалар, солардың ішінде жасөспірімдер.
2) еңбекке кабілетті жастағы азаматтар:
- жұмыссыздар;
- уакытша жұмыссыздар;
- мүгедектер;
- көпбалалы отбасылар;
- тұрмыстық жағдайы төмен тұлғалар.
Әлеуметтік қамсыздандырудың функциялары
Әлеуметтік қамсыздандырудын мәні келесі функциялардан көрініс табады:
- саяси;
- экономикалық;
- әлеуметтік;
- еңбек;
- демографиялык;
- сауықтыру.
Әлеуметтік камсыздандырудың саяси функциясы әлеуметтік тұрактылыкты сақтаудан және халыктың әртүрлі тобының өмір деңгейінің ерекшеліктеріне толы коғамдағы әлеуметтік шиеліністі әлсіретуден көрініс табады.
Әлеуметтік камсыздандырудың әкономикалық функциясы жасына, еңбекке қабілеттігінен айырылуына немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жалақыны немесе өзге де табыстың орнын толтырудан және тұрмыс жағдайы нашар түлғаларға көмек көрсетуден көрініс табады.
Әлеуметгік камсыздандырудың әлеуметтік функциясы әлеуметтік қорғалмаған, өзгенің жәрдем көрсетуіне мұктаж азаматтар санаттарына оларға косымша каржы беру жолымен көмек көрсетуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың еңбек функциясы әлеуметтік камсыздандырудың барлык түрлері үшін каржының қайнар көзі болып осы коғамдағы еңбек катынастарының табылуынан көрініс табады. Олардың даму деңгейіне әлеуметтік камсыздандыру жүйесінің барлык буындары тәуелді болады.
Әлеуметтік камсыздандырудың сауықтыру функциясы мүгедектер мен халыктың өзге де әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының қоғамдык мәртебесін калпына келтіру үшін калыпты жағдайлар жасауда іс табады. Бұл аталған тұлғалардын өздерін қоғамньщ толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді. Әлеуметтік камсыздандырудың демографияльщ функциясы елдің халык санының көбеюін көтермелеуге бағытталған. Бұл мемлекеттің қалыпты дамуы үшін кажет.
Әлеуметтік қамсыздандыру күкығының пәні болып азаматтар-ды зейнетакылармен, жәрдемакылармен, өтемакылармен камтамасыз етумен, сонымен катар процедуралык жәке кұкық корғаушылык сипаттағы кызметтер керсетумен байланысты коғамдык катынастар табылыады. Олар мыналарды камтиды:
• азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемакылармен және өтемақы-лармен камтамасыз етумен байланысты коғамдык катынастарды;
• заттай нысанда көмек көрсетумен байланысты коғамдык катынас-тар, яғни тегін немесе жеңілдікті бағамен берілетін накты тауарлармен, кызметтермен камтамасыз ету;
• процедуралык және кұкык корғаушылык сипатгағы коғамдык каты-
настар.
Әлеуметтік камсыздандыру саласындағы катынастар өз мәні бойынша әкімшілік-биліктік қатынастар болып табылады. Олардың 5 тәсілін бөліп карастыруға болады:
- тегін, әрбір азаматтың бөлінетін, алайда мемлекет белгілеген әлеуметтік нормативтің (стандарттың) шегінде қоғамның саналы (ұтымды) кажеттіктеріне және әкономикалык мүмкіндіктеріне сай игіліктерге қатысты теңдей кұкыктарына негізделеді. Мысалы, от-басының жан басына шаккан табысына сойкес медициналық кызмет көрсету, отемакылар төлеу кезінде, бірак кез келген жағдайда мұндай көмек еңбек кызметімен немесе зейнетакы жарналарын төлеумен байланысты болмайды;
- бұрынғы немесе ағымдағы еңбектің шығындарын, өндірістің, материалдык камсыздандырудың кажеттіктерін ескере отырып теңестіріл-мейтін, бірак нормаланған сипаттағы;
- кұнды ішінара төлеумен байланысты жеңілдетілген жағдайдағы. Мысалы, дәрі-дәрмектердй санаторийларға жолдамаларды жеңілдетіл-ген бағамен сату;
- акы үшін;
- еңбектің саны мен сапасына карай.
Байқағанымыздай, бұл катынастар әртекті және кұкықтык реттеудің әртүрлі әдістерін талап етеді. Қызметті акылы түрде көрсету қағидасы-на негізделген катынастар азаматтық кұкыктың реттеу саласын камти-ды. Оларға үшінші тәсілдің акылылыкка негізделетін катынастары да
жатады. Қатынастардың бесінші түрі еңбек кұкығы саласына жатады. Алғашюы үш тәсілдегі катынастар негізінен әлеуметтік камсыздандыру кұкығына жатады.
Ұзак уакыт бойы бұл қатынастар еңбек, әкімшілік және каржылык кұқықтар шеңберінде дамыды. Алайда, уакыт ағымымен заңшығарушылык материалдың дамуымен, әлеуметтік камсыздандыру кұкығының және оның ерекшеліктерінің дамуымен әлеуметтік камсыздандьгру кұкығьг дербес кұкык саласы болып бөлініп шықты.
Әлеуметтік қамсыздандыру кұкығының пәнін құрайтын коғамдык катынастардың негізгі түрі болып, жоғарыда атап өткеніміздей, зейнетакылык катынастар табылады: Зейнетакылык кұкыктык катынастар мыналарды төлеумен байланысты туындайды:
• жасына байланысты зеіінетакыларды;
■ мүгедектігі бойынша зейнетакыларды;
• еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетакыларды;
■ әлеуметтік зейнетакьіларды.
Жәрдемакы алуға катысты күкыктык катынастар мыналарды төлеумен байланысты туындайды:
• еңбекке уакытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақыларды:
• жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемакыларды;
• кайғылы окиғаның немесе кәсіптік аурудың нәтижесінде кызметкерлердің денсаулығьгна келтірілген зиянды өтеумен байланысты жәрдемакыларды;
• жұмыссыздарға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті;
• бала туумен байланысты бір жолғы жәрдемақыны.
Өтемақы алуға катысты кұкыктык катынастар келесідей өтемақы-ларды төлеумен байланысты туындайды:
• 18 жасқа дейінгі мүгедек-баланы, Г-топ мүгедегін, 80 жастан асқан қартты күтуші еңбекке кабілетті азаматтарға берілетін өтемақыларарды.
Заттай нысанда көмек көрсетуге катысты кұкыктык катынастарға мыналар негіз болады:
- тегін немесе жеңілдікпен берілетін тауарлар және көрсетілетін кыз-мет түрлері;
- медициналык көмек;
- дәрі-дәрмектер;
- санаторийлык-курорттык емделу;
- балаларды балалар мекемелеріне орналастыру;
- мүгедекгерге берілетін көлік құралдар;
- кәсіби окыту және қайта дайьшдықтан өткізу;
- өзге де жеңілдіктер.
Процедуралык сипатгағы кұқыктык қатынастар келесідей заңды мәнге ие әрекеттерді жасаумен байланысты туындайды:
1.оларсыз материалдык қатьшастар туындамайтын занды факгілерді белгілеу (мысалы, мүгедектігі бойынша зейнетакынытағайындау үшін мүгедектік фактісін анықтау қажет, ал еңбекке уақытша жарамсызды-ғынабайланысты зейнетақынытағайындау үшін еңбекке жарамсыздық фактісін анықгау кажет және т.б.);
2.әлеуметтік қамсыздандыруға құкықгы жүзеге асыру, яғни әлеуметтік қамсыздандырудың кез келген түрін тағайындау кезінде.
Іс жүргізушіліқ сипаттағы құқықтық қатынастар осы салада туын-дайтын дауларды қараумен және лауазымды тұлғалардың немесе мем-лекеттік органның шешімін әкімшілік не сот тәртібінде шағымдаумен байланысты. Бұл даулар әртүрлі мәселелер бойыншатуындауы мүмкін: қандай да бір әлеуметтік камсыздандыру түрін тағайындаудан бас тар-туға қатысты немесе оның мөлшерін ақшалай нысанда аныкгау кезінде, мүгедектің себептерін не тобын, жеңілдіктерге кұқықгарды аныкгау
кезінде және т.б.
Әлеуметтік қамсыздандырудың пәнінде, негізгі, зейнетақылық қаты-настармен катар туынды, процедуралық қатынастарды да бөліп карас-тыруға болады. Оларға Зейнетақы корын қалыптастыруға және пайда-лануға қатысты қатынастар, әртүрлі жәрдемақыларды төлеуге катысты қатьшастар, азаматтарға медициналык және санаторийлық-курорттык көмек көрсетуге қатысты катынастар, соғыс жәие еңбек ардагерлеріне мемлекеттік қайнар көздер есебінен жеңілдіктер мен артыкшылықгар беруге қатысты қатынастар жатады.
Бұл қүкыктық қатынастардың барлығының жиынтығы әлеуметтік қамсыздандырудың пәнін құрайды.
Әлеуметтік камсыздандырудыңі тиісті түрлері болып мыналар табылады:
1. зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылар;
2. заттай көмек көрсету;
3. процедуралық немесе іс жүргізушілік сипаттағы көмек.
Зейнетакының түрлері:
1. жасына байланысты;
2. мүгедектік бойынша;
3. еңбек сіңірген жылдары үшін;
4. асыраушысынан айырылуына байланысты;
5. әлеуметтік зейнетақылар.
Әлеуметтік корғау және әлеуметтік камсыздандыру
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1948 жылғы 10 желтоқсанда кабьщдаған Адам кұқықтарының жалпы декларациясы адамның белгілі бір өмір сүру деңгейіне, соның ішінде тамактануға, киійуге, тұрғын үйге, медицина-лық күтімге, оның өзінің және оның отбасының денсаулығы мен жаксы өмір сүруі үшін қажет әлеуметтік кызмет көрсетуге және жұмыссыз-дық, ауру, мүгедектік, жесірлік, кәрілік және өзге де жағдайлар орын алған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты кұқықтарын бекітті.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1966 жылғы 16 желтоксанда кабыддаған Әко-номикалық, әлеуметгік және мәдени қүкықгар туралы халыкаралық пакт әрбір адамньщ әлеуметтік қамсыздандыруға кұкығын бекіте отырып, бұл ережелерді одан әрі дамытгы.
Қазакстан Республикасы да осы халықаралык-күқықтык нормалар-ды өз зандарында бекітіп әрі дамыта отырып, өз мойнына оларды орын-дауға қатысты міндеттемелерді алды.
Әлеуметтік камсыздандыруының құқығы Қазақстан Республикасы-ның 1995 жылғы 30 тамызда кабылданған Конституциясында бекітілген, бүл Конституция Қазакстан РеспубликасЬшың саясаты адамның еркін дамуын және жаксы өмірін қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Бұл ереженің одан әрі нактылануы Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабында көрініс тапқан, оған сәйкес әрбір азаматқа жалақының ең төменгі мөлшері және жасына, науқастануына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және өзге де негіздер бойынша зейнетақы кепілденеді. Заңдарда мемлекеттік зейнетакылар және әлеуметтік жәрдемақылар белгіленген. Ерікті әлеуметтік сақтандыруға, әлеуметтік камсыздан-дырудың қосымша нысандарын жасауға және қайырымдылыққа жол беріледі.
Әркімнің әлеуметтік қамсыздандыру құқығын тани отырып, ҚР Кон-ституциясы мемлекетке осы құқыкты жүзеге асыру үшін барлык қажетті жағдайларды жасауды жүктейді.
РСР Конституциясының 28-бабының 1-тармағындатуындауы әлеуметтік қамсыздандыру үшін негіз болып табылатын жағдайлар аталған. Бұл адам өмірінің жасымен (жастық, кәрілік), денсаулық жағдайымен немесе еңбекке кабілетімен (ауру, мүгедектік), отбасы міндеттерін орьш-дауымен немесе орындай алмауымен байланысты белгілі бір кезеңдері болуы мүмкін. Аталған тізім осымен шектелмейді, себебі әлеуметтік қамсыздандыру заңдарда көзделген өзге жағдайларда белгіленуі мүмкін. Мысалы, жұмыссыз мәртебесін иелену, жүктілігіне және бо-сануына, баланы күтуге байланысты еңбек демалысында болу және т.б. ҚР Конституциясыньщ 28-бабында әлеуметгік камсыздандырудьщ тек ақшалай нысаны - мемлекеттік зейнетакылар және әлеуметтік жәрдемақылар туралы айтылған. Ақшалай төлемдерге қоса, әлеуметтік қамсыздандыру заттай нысандарда да жүзеге асырылуы мүмкін: қарт-тар және мүгедектер үшін үй-интернаттарға, балалар үйіне орналасты-РУ, үйде әлеуметтік көмек көрсету және т.б.
Әлеуметтік қорғау - бұл жынысына карамастан адамның әлеуметгік, әкономикалык, саяси және өзге де құқықгары мен кепілдіктерш қамта-масыз етуге бағытталған мемлекет саясаты.
Қолданыстағы заңдарда әлеуметтік қорғау түсінігі салыстырмалы түрде тар мағында пайдаланылады: ол адамның өмір сүру саласындағы кұқықтары мен кепілдіктерін камтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясатын білдіреді. Сонымен, бір мезетте халыкты әлеуметтік қорғау концепциясы, мемлекеттің күрделі жағдайларға ұшыраған кез келген азаматка оның еңбек стажына, зейнетақы жарналарының мөлшеріне және т.б. қарамастан беретін кепілдіктерін заңшығармашылык тұрғыдан бекітілуінен тұрады.
Яғни, халықты әлеуметтік қорғау - бұл адамның жаксы өмір сүруін, оның коғамның қазіргі кезгі даму стандарттарының деңгейінде мате-риалдык қамсыздандырылуын және мәдени құндылыктарға кол жет-кізуін камтамасыз етуге бағытталған, мемлекетпен кепіл етілген және жүзеге асырылатын құқықгык, әлеуметтік-әкономикалык және ұйым-дастырушылық сипаттағы шаралар жүйесі. Сондықтан, «әлеуметтік қорғау» және «әлеуметтік камсыздандыру» түсініюгерінің арақатынасы туралы сөз козғай отырып, аталғандардың біріншісі - әлдеқайда кең және көлемді түсінік, ал екіншісі оған құрамдас бөлік ретінде енеді деген қорытындыға келуге болады.
Лекция 2
