Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция псо Алтынай.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642 Кб
Скачать
☆

1.Жасына байланысты зейнетақының түсінігі.

2.Жасына байланысты зейнетақының түрлері.

3.Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары.

Қазіргі кезде зейнетақы - бұл мемлекеттің сыйы не кайырымдылык шарасы емес. Кеңестік Одактан бізге мұраға калған толыққанды зейнетақылык қамсыздандыру әлі күнге дейін әрекет ететіндіктен, адам-дар өзінің еңбек кызметінің бүкіл ғұмырында өздерінің еңбек зейнетакы-ларын табады деп түжырымдау дұрыс болар. Және зейнетакы мынадай кағидаға жауап беруі тиіс: адам еңбекке жарамды жасында калай жұмыс істесе, кәрілігінде де зейнетакымен солай камсыздандырылады. Қазіргі кездегі зейнетақылык камсыздандыру жүйесі дәл осы кағидаға жауап беретін болады. Бүлай болмайтын болған күннің өзінде де, о баста осылайша ойластырылған болатын.

Әлеуметтік камсыздандыру жүйесінде зейнеткерлердің катарында ең көп бөлігін жасына байланысты еңбек зейнетакысын алу кұкығына ие түлғалар әркашан құраған. Барлық елдерде зейнеткерлердің бұл санаты зейнеткерлердің жалпы санының 80%-ын құрайды.

Еңбек зейнетакысының мөлшері толык еңбек стажы болған жағдайда орташа республикалык жалақының 60%-ын кұрауы тиіс (еркектер үшін 25 жыл еңбек стажы, ал әйелдер үшін - 20 жыл еңбек стажы). Зейнетакының дәл осындай мөлшері зейнеткерлер үшін жаксы өмірді камтамасыз ете алады.

Зейнетакыларды тагайындау, олардын мөлшерін кайта есептеу және төлеу тәртібі

Зейнетақыларды тағайындауды, олардың мөлшерін қайта есептеуді және төлеуді зейнеткерлердің түрғылыкты жерлеріндегі әлеуметгік камсыздандыру органдары жүзеге асырады. Зейнеткер тұрғылыкты жерін ауыстырған жағдайда оның жаңа түрғылыкты жері бойынша зейнетакы төлемдерін толеу зейнетакылық істің және тіркеу туралы кұжаттардың негізінде жүргізіледі.

Зейнетакыларды тағайындау үшін кажет кұжаттардың тізімі, зейнетақыны тағайындауға, оның мөлшерін кайта есептеуге, зейнетақының бір түрінен екіншісіне ауысуға катысты жолдану тәртібі, зейнетакы құжаттарын толтыру зандарда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Зейнеткердің калауы бойынша зейнетакы зейнеткердің есепшотына ауыстырылуы мүмкін немесе заңдарда белгіленген тәртіпте берілетін сенімхат бойынша төленуі мүмкін. Зейнеткердің зейнетакы алатын жері жыл сайын расталатын болса, мерзімі бір жылдан асатын сенімхат бойынша зейнетакы төлеу сенімхатгың әрекет ететін бүкіл мерзімінде жүзеге асырылады.

Зейнетакыларды тағайындау мерзімдері

Еңбек зейнетакысы зейнетакының көрсетілген түріне өтініш берген күннен бастап, бІрак ол осы зейнетакыны алуға күкык туындағаннан соң гана тағайындалады.

Арыз бен кажетті күжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бір мезгілде берген күн Орталыктан зейнетакы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледІ. Арыз бен кажетті кұжаттарды поштамен жіберген жағдайда Орталықтан зейнетакы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып бұларды поштадаы жіберген күн есептеледі.

Енбек зейнетакыларын тагайындау мерзімдері

Еңбек зейнетақылары келесі мерзімдсрге тағайындалады:

1) жасына байланысты еңбек зейнетакысы - өмір бойына;

2) мүгедектігіне байланысты еңбек зейнетакысы - мүгедек деп тану мерзіміне;

3) асыраушысынан айырылуына байланысты еңбек зейнетакысы -бұл зейнетакыны алушы еңбекке жарамсыз болған бүкіл кезеңге.

Зейнетақыларды төлеуді тоқтата тұру

Зейнетакыларды төлеу келесі жағдайларда токтатылатұрады:

1) егер зейнеткер зейнетакыны катарынан алты ай алмаса - зейнетакыны алмаған бүкіл кезеңге, аталған мерзім өткен айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап;

2) егер мүгедек белгіленген мерзімде кайта куәландырудан өтуге

келмесе - зейнетакыны төлеу токтатылады, ал бұл тұлғаны кайтадан мүгедек деп таныған жағдайда зейнетакы тоқтатылған күннен бастап, бірақ 1 айдан аспайтын мерзімгетөленеді.

Қайта куәландырудан өту мерзімдерін себепті жағдайлармен өткізіп алған жағдайда, зейнетакыны төлеу кайта куәландырудан өту күнінен бастап, бірак 3 жылдан аспайтын мерзімге төленеді.

Егер мүгедекке зейнетакы төлеу еңбекке кабілетінің қалпына келуіне немесе кайта куәландыруға себепсіз жағдайлармен келмеуіне байланысты тоқтатылса, онда кейін бүл тұлғаны мүгедек деп таныған жағдайда, зейнетақы төлеуді токтаткан күннен 5 жыл уакыт аспаса, зейнетакы төлеу мүгедектікті белгілеген күннен бастап калпына келтіріледі. Егер 5 жыл уакыт асып кетсе, онда зейнетақы жалпы негіздер бойынша тағайындалады.

Зейнетакыдан устап калу

Зейнеткерлердің басым көпшілігі үшін зейнетакы өмір сүрудің негізгі, кейде жалғыз көзі болып табылады. Сол себепті, зейнетакыдан ұстап калу тек заңдарда көзделген жағдайлардағана орын алуы мүмкін.

Зейнетакы тағайындау кезіндегі кателіктер салдарынан артык төленген сомаларды зейнетакы төлемдерін алушының өтініші негізінде ұстап калатын жағдайлардан, сондай-ак сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап калатын жағдайлардан баска, зейнетакыдан ұстап калу аткарушылык іс жүргізу тәртібімен жасалуы мүмкін.

Зейнетакыдан ұстап калу төленуге тиіс сомадан жасалады. Бұл ретте зейнетақыдан ұстап калудың шектері белгіленген. Зейнетақыдан төленуге тиісті соманың 50 проценттен астамын ұстап калуға болмайды. Зейнетакыдан ұстап қалу мыналарға бағытталуы мүмкін: отбасы мүшелерін бағуға(алименттер), кәсіпорынның немесе ұйымның мүлкін ұрла-ғаннан келтірілген зияндарды өтеуге, артык алынған жалакыны қайтарута және т.б. Баскаша зейнетакыдан ұстап калуға жол берілмейді.

Еңбек зейнетақысын төлеуді токтату

Еңбек зеинетакысын төлеу келесі жағдайларда токтатылады: 1) зейнеткер кайтыс болған жағдайда, сонымен катар белгіленген тәртіп бойынша оны қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп жариялаған жағдайда - зейнеткер кайтыс болған немесе оны кайтыс болды, не хабар-ошарсыз кетті деп жариялау туралы шешім күшіне енген айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап;

2) зейнеткер өзіне тағайындалған еңбек зейнетакысын алу кұкығын жоғалткан жағдайда, аталған зейнетакыны алу үшін ұсынылған мәліметтердің шынайылығын жокка шығаратын мән-жайлар немесе кұжаттар табылған жағдайда - мән-жайлар немесе кұжаттар табылған айдан кейінгі айдың 1 -күнінен бастап;

3) тұлғаны мүгедек деп танудың мерзімі өткен жағдайда;

4) асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетакы алушы тұлға-ның еңбекке қабілетті болуы - еңбекке қабілеттілік туындаған айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап;

5) кайтыс болған асыраушытұлғаның 8 жаска толмаған балаларына, аға-інілеріне, апа-карындастарына немесс немерелеріне күтім жасауы-на байланысты асыраушысынан айырылуы жөніндегі зейнетакы алуға кұкылы түлғалардың жұмыска орналасуы;

6) кайтыс болған асыраушының балалары 18 жасқа толған соң, оки і ындары - 23 жаска толған соң - кәмелеттік жаска немесе 23 жаска толған айдан кейінгі айдың 1-күнінен бастап.

Жасына байланысты зейнетакынын түсінігі

Жасына байланысты зейнетақы ретінде азаматгардың белгілі бір жаска толған кезде және онда кажетті еңбек стажы болған жағдайда алатын зейнетакыны атайды. Еңбек зейнетакысын алуға кұкық беретін жас және еңбек стажының ұзактығы зандарда аныкталған.

Зейнетакылық жаска толу азаматқа жұмыс берушімен еңбек қатынастарын тоқтату құқығын береді, ал мемлекетте мұндай азаматты өмір сүру кұралы - жасына байланысты зейнетакымен камтамасыз ету кажеттігі туындайды.

Сонымен, жасына байланысты еңбек зейнетақысына екі белгі тән: зейнетақылык жаска толу және белгілі бір ұзақтықтағы еңбек стажының болуы. Бұл ретте еңбек зейнетакысын тағайындағаннан кейін көпте-ген зейнеткерлердің өзінің еңбекке кабілетін сактап, еңбек кызметін әрі карай жалғастыруына рұқсат беріледі. Яғни, оларға одан кейінгі бүкіл өміріне төленетін зейнетакы тағайындалады: олар жұмыс істеп жүрген кезге де, жүмыс істей алмайтын кезге де.

Бұдан шығатын корытынды, жасына байланысты еңбек зейнетақысының тағы да бір айрыкша белгісі болып.мына жағдай табылады - бүл зейнетакьшы тағайыңдау адамның еңбекке қабілеттігіне тәуелді болмайды, ал, мысалы, мүгедектігі бойынша зейнетакы азаматтың еңбекке кабі-леттігімен тығыз байланысты. Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының жасына байланысты зейнетакыдан айырмашылығы мы-нада: жасына байланысты зейнетақыны алу кұкығын иелену үшін белғілі бір жаска толу және белгілі бір еңбек стажының болуы кажет, ал еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетакы кандай да бір жаска толу-мен байланысты емес.

Яғни, жасына байяанысты еңбек зейнетықысы - бұл зейнетақылықт жасқа толган және белгілі бір узақтықтағы еңбек стажына ие тұлгалар үшін өмір сүрудің негізгі көзі болып табылатын, өмір бойы ай сайын төленетін ақшалай төлем.

Жасына байланысты зейнетакылар КСРО-да 20-жылдардың соңында енгізілді. Дәл осы уакыттан бастап белгілі бір жаска толу токыма өнеркәсібінің жұмысшылары үшін, ал содан кейін халык шаурашылығының барлык жүмысшылары мен кызметкерлері үшін зейнетакылык камсыздандырудың дербес негізіне айналды.

Жасына байланысты зейнетақылардын түрлері. Жасына байланысты зейнетакылар еңбек жағдайларына, еңбек стажының ұзақтығына және бірқатар өзге де жағдайларға карай өз ішінде түрлерге бөлінеді.

Мүндай түрлерге мыналар жатады:

• жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетакы;

■ жеңілдетілген негіздер бойынша жасына байланысты зейнетакы;

• арнайы занды негіздерге негізделген жасына байланысты зейнетакы. Жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайын-

дау үшін, жоғарыда атап өткеніміздей, белгілі бір жаска толу және белгілі бір ұзактықтағы еңбек стажының болуы кажет.

Жеңілдетілген негіздер бойьшша жасына байланысты зейнетакы еңбек стажының жалпы ұзактығы болған жағдайда немесе жаска да, еңбек стажының ұзактығына да талаптар бір мезетте төмендетілген жағдайда зейнетке заңда көзделгеннен ертерек шығуға мүмкіндік береді. Жеңіл-детілген зейнетакылық қамсыздандыру күкығын бес және одан да көп балаларды туған және оларға 8 жасқа толғанға дейін күтім жасаған көпбалалы аналар иеленеді. Бүл ретте аталған құкык тек туған балаларға қатысты ғана туындайды. Асырап алған балалар туған балаларға теңестіріледі. Ал өгёй ұлдар мен өгей кыздар туған балаларға теңестіріл-мейді.

Жасына байланысты зейнетакыларды тағайындау үшін арнайы зан-ды негіздер азаматтардың кейбір санаттарына, мысалы Чернобыль апа-тынан, Семей полигонындағы ядролык сынактардан зардап шеккен аза-маттарға бағытталған.

Орталыктан жасына байланысты зейнетақыларды толык көлемде тағайындау жағдайлары

Орталықтан жасына байланысты зейнетакылар толык көлемде келесідей жасқа толған кезде және келесідей жағдайлар болған жағ-дайда тағайындалады:

1) 1998 жылғы 1 каңтардан бастап -еркектерге 61 жаска толғанда, кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда; әйелдерге 56 жаска толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда;

2) 1998 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда, кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда; әйелдерге 56,5 жаска толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда;

3) 1999 жылғы 1 шілдеден бастап еркектерге 62 жаска толғанда, кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда; әйелдерге 57 жаска толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда;

4) 2000 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 62,5 жаска толғанда, кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда; әйелдерге 57,5 жасқа толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда; '

5) 2001 жылғы 1 шілдеден бастап - еркектерге 63 жаска толғанда, кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда; әйелдерге 58 жаска толғанда, кемінде 20 жыл еңбек стажы болғанда.

Толык емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері жоғарыда аталған азаматтардың 1997 жылғы 1 каңтарда нақты еңбек стажының болуына карай Орталыктан толык көлемінде зейнетакы төлем-дерін алу күкығы болмаған жағдайда тағайындалады.

Байкап отырғанымыздай, әлеуметтік корғау кұкығы еркектер мен әйелдер үшін зейнетакы жасы мен еңбек стажының болуын түрліше көздеген. Бұл айырмашылық 5 жылды кұрайды.

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу

Орталыктан толенетін зейнетакы төлемдерін толық көлемінде есеп-теу орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі.

Орталыктан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жүмыста болған үзілістерге карамастан, катарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлык табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.

1998 жылғы 1 каңтардан басталған кезең үшін орташа айлык табыс-тың мөлшері жинактаушы зейнетакы корларына міндетті зейнетақы зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табыска сәйкес халыкты әлеу-меттік корғау саласындағы орталық аткарушы орган аныктайтын тәртілпен белгіленеді.

1998 жылғы 1 каңтарға дейін кажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толык жыл үшін зейнетакы төлемдерінің мөлшері 1 про-центке өсіріледі, біракол зейнетакыны есептеу үшін ескерілетін табыс-тың 75 процентінен аспауға тиіс. Үлы Отан соғысының катысушылары мен мүгедектердің, әскери кызметшілердің, Қазақстан Республикасынын ішкі істер органдарының, бүрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті кызметкерлерінің және зейнетакы 1998 жылдың 1 каңтарына дейін Қазакстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардьщ және көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестат-тау нәтижелері бойыншажеңілдікті шарттардатағайындалған адамдар-дың зейнетакы төлемдері мөлшерін коспағанда, 1998 жылғы 1 каңтарға дейін тағайындалған зейнетакы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалык бюджеттуралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлык есептік көрсеткіштің 75 процентінен аса алмайды.

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін габысты анықтау

Орталыктан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған та-быска еңбекке акы төлеудің барлык түрлері және тізбесін Казакстан Республикасының Үкіметі белгілейтін өзге де табыстар енгізіледі.

Зейнетакы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс катарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы со-масын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады.

Орталыкган төленетін зейнетакы төлемдерін есептеуге арналған та-быс тиісті жылға арналған республикалык бюджет туралы заңда белгі-ленетін он бес еселенген айлык есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

Лекция 8