- •Пәннің мазмұны
- •1.Бөлім. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.Жалпы ережелер.
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандырудың түсінІгі, пәні, функциялары және түрлері
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары және қайнар көздері
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының түсінігі және олардың
- •2.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының мазмұны, қайнар
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар.
- •2.Жасына байланысты зейнетақының түрлері.
- •3.Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары.
- •1.Жасына байланысты зейнетақының түсінігі.
- •Тақырыбы:асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар
- •Тақырыбы: әлеуметтік зейнетақылар .
- •Тақырыбы:әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жәрлемақылар
Тақырыбы: әлеуметтік зейнетақылар .
1. Әлеуметтік зейнетақылардың түсінігі
2. Әлеуметтік зейнетақы алатын тұғалар
Әдебиеттер
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған (2007 ж өзгертулер мен толықтырулар енгізілген),
Жұмағұлов Ғ.Б. «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» оқу құралы, А,2006
«Мемлекеттік қызмет тіралы» ҚР заңы А., 1999ж 23 шілде
Қазақстан Республикасы азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау» туралы заңы 1997 ж20 маусым
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңын 1999 ж 10 желтоқсан
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 17 шілде
Әлеуметтік зейнетақылар - бұл еңбек зейнетақысын алуға құқығы жоқ тұлғалардың өмір сүруінің негізгі көзі ретінде мемлекеттік бюджеттен төленетін ай сайынғы ұзақ мерзімдік төлемдер.
Әлеуметгік зейнетақылар әлеуметгік қамсыздандыру туралы зандарға алғаш рет 1991 жылғы 1 қаңтардагы «КСРО азаматтарын зейнетакылық қамсыздандыру туралы» заңымен енгізілді.
Әлеуметгік зейнетакы зейнетақылардың мемлекеттің бюджеттен қаржыландырылатын кепілденген түрі болып табылады. Әлеуметтік зей-нетақыны енгізудің негізгі мақсаты еңбек стажының жоқгығына байла-нысты еңбек зейнетақысына құкыкты иеленбеген тұлғаларды мемле-кетпен кепілденген ең төменгі ақшалай көмекпен қамсыздандыру бо-лып табылады. Осы себепті әлеуметтік зейнетақылар еңбек стажына және жалақаның мөлшеріне кандай да бір талаптарды қоймастан тағайында-лады.
Әлеуметтік зейнетақыларды берудің кұкықгық режимі зейнетақы алушылардың санатына қарай, субъективтік белгіге карай түрлерге бөлінеді: зейнетақы жасындағы түлғалар, барлық топтағы мүгедектер, туғанынан мүгедек жандар, сонымен қатар еңбек зейнетақысын алу құқығын қандай да бір себептермен иеленбеген өзге де тұлғалар.
Әлеуметгік зейнетақьшы тағайындау үшін негіз болып, еңбекке жарамсыздық және еңбек зейнетақысын алу кұқығының болмауы табылады.
Әлеуметтік зейнетақы алатын тұғалар
Әлеуметтік зейнетақы алу құқыгын келесі еңбекке жарамсыз тұлғалар иеленеді:
1. мүгедектер, мүгедек балалар, туғанынан мүгедек жандар;
2. ата-анасының біреуінен не екеуінен да айырылған 18 жасқа толмаған балалар;
3. еңбек стажының болмауына байланысты еңбек зейнетақысын алу құкығын иеленбеген тұлғалар.Әлеуметтік зейнетақының мөлшері. Еңбек зейнетақымен салыс-тырғанда әлеуметтік зейнетақы жалақыдан есептелмейді, бұл зейнетақы еңбекке жарамсыз азамаггардың әртүрлі санаты үшін түрліше қатаң бекітілген сомада тағайындалады.
Әлеуметтік зейнетақының мөлшері өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшерінің кем дегенде 80 %-ын кұрауы тиіс. Бұл зейнетақыны зейнетақылық жасқа толған, бірақ қандай да бір себептермен жұмыс істемеген не кажетгі еңбек стажын иеленбеген және зейнетақы қорла-рында жинақталған зейнетақы каражаты жоқ тұлғалар алуы тиіс. Әлеуметтік зейнетақы мұрагерлік жолымен берілмейді. Зейнетақылар азаматтарға не зандарда белгіленген жасқатолған кезде, не олар өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалақыны жоғалтқан кезде, заңдарда белгіленген жағдайлар орын алғанда беріледі.
Лекция 11.
