- •Пәннің мазмұны
- •1.Бөлім. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы.Жалпы ережелер.
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандырудың түсінІгі, пәні, функциялары және түрлері
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары және қайнар көздері
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының түсінігі және олардың
- •2.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының мазмұны, қайнар
- •Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастар.
- •2.Жасына байланысты зейнетақының түрлері.
- •3.Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары.
- •1.Жасына байланысты зейнетақының түсінігі.
- •Тақырыбы:асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар
- •Тақырыбы: әлеуметтік зейнетақылар .
- •Тақырыбы:әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы жәрлемақылар
Тақырыбы: әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидалары және қайнар көздері
1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының түсінігі және олардың
түрлері.
2.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қағидаларының мазмұны, қайнар
көздерінің түсінігі және қайнар көздерінің жүйесі
Әлеуметтік камсыздандыруының құқығы Қазақстан Республикасы-ның 1995 жылғы 30 тамызда кабылданған Конституциясында бекітілген, бүл Конституция Қазакстан РеспубликасЬшың саясаты адамның еркін дамуын және жаксы өмірін қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Бұл ереженің одан әрі нактылануы Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабында көрініс тапқан, оған сәйкес әрбір азаматқа жалақының ең төменгі мөлшері және жасына, науқастануына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және өзге де негіздер бойынша зейнетақы кепілденеді. Заңдарда мемлекеттік зейнетакылар және әлеуметтік жәрдемақылар белгіленген. Ерікті әлеуметтік сақтандыруға, әлеуметтік камсыздан-дырудың қосымша нысандарын жасауға және қайырымдылыққа жол беріледі.
Әркімнің әлеуметтік қамсыздандыру құқығын тани отырып, ҚР Кон-ституциясы мемлекетке осы құқыкты жүзеге асыру үшін барлык қажетті жағдайларды жасауды жүктейді.
РСР Конституциясының 28-бабының 1-тармағындатуындауы әлеуметтік қамсыздандыру үшін негіз болып табылатын жағдайлар аталған. Бұл адам өмірінің жасымен (жастық, кәрілік), денсаулық жағдайымен немесе еңбекке кабілетімен (ауру, мүгедектік), отбасы міндеттерін орьш-дауымен немесе орындай алмауымен байланысты белгілі бір кезеңдері болуы мүмкін. Аталған тізім осымен шектелмейді, себебі әлеуметтік қамсыздандыру заңдарда көзделген өзге жағдайларда белгіленуі мүмкін. Мысалы, жұмыссыз мәртебесін иелену, жүктілігіне және бо-сануына, баланы күтуге байланысты еңбек демалысында болу және т.б. ҚР Конституциясыньщ 28-бабында әлеуметгік камсыздандырудьщ тек ақшалай нысаны - мемлекеттік зейнетакылар және әлеуметтік жәрдемақылар туралы айтылған. Ақшалай төлемдерге қоса, әлеуметтік қамсыздандыру заттай нысандарда да жүзеге асырылуы мүмкін: қарт-тар және мүгедектер үшін үй-интернаттарға, балалар үйіне орналасты-РУ, үйде әлеуметтік көмек көрсету және т.б.
Әлеуметтік қорғау - бұл жынысына карамастан адамның әлеуметгік, әкономикалык, саяси және өзге де құқықгары мен кепілдіктерш қамта-масыз етуге бағытталған мемлекет саясаты.
Қолданыстағы заңдарда әлеуметтік қорғау түсінігі салыстырмалы түрде тар мағында пайдаланылады: ол адамның өмір сүру саласындағы кұқықтары мен кепілдіктерін камтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясатын білдіреді. Сонымен, бір мезетте халыкты әлеуметтік қорғау концепциясы, мемлекеттің күрделі жағдайларға ұшыраған кез келген азаматка оның еңбек стажына, зейнетақы жарналарының мөлшеріне және т.б. қарамастан беретін кепілдіктерін заңшығармашылык тұрғыдан бекітілуінен тұрады.
Яғни, халықты әлеуметтік қорғау - бұл адамның жаксы өмір сүруін, оның коғамның қазіргі кезгі даму стандарттарының деңгейінде мате-риалдык қамсыздандырылуын және мәдени құндылыктарға кол жет-кізуін камтамасыз етуге бағытталған, мемлекетпен кепіл етілген және жүзеге асырылатын құқықгык, әлеуметтік-әкономикалык және ұйым-дастырушылық сипаттағы шаралар жүйесі. Сондықтан, «әлеуметтік қорғау» және «әлеуметтік камсыздандыру» түсініюгерінің арақатынасы туралы сөз козғай отырып, аталғандардың біріншісі - әлдеқайда кең және көлемді түсінік, ал екіншісі оған құрамдас бөлік ретінде енеді деген қорытындыға келуге болады.
Оқу курсының арнайы бөлімінде әлеуметтік камсыздандыру саласындағы кұкықтык катынастарды халықаралык-құқықтық реттеудің мәселелері, сонымен қатар шетел мемлекеттерінің халықты әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты зандары қарастырылады.
Бұл қай орган және кандай мәселелер бойынша оларды кабылдағанына қарай ажыратылатын нормативтік кұқытық актілер. Әлеуметтік қамсыздандыру кұкығының кайнар көздерінің түсінігі тура мағынада әлеуметтік камсыздандыру кұкығының нормаларына бастау беретін, әлеуметтік камсыздандыру туралы кұкыктык нормалардың мазмұнын аныктайтын касиетті білдіреді, сол себепті әлеуметтік камсыздандыру кұқығы кайнар көздерін әлеуметтік камсыздандыру құкығының нор-маларынан тұратын, кұзыретті органдардың жазбаша актілері ретінде сипаттауға болады.
Әлеуметтік камсыздандыру жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін мемлекеттің арнайы органдары аныкгайды. Яғни, әлеуметтік камсыздандыру кұкығы кайнар көздерінің түсінігі мемле-кеттің уәкілетті органдарының кұкыкты калыптастыруға, оған зандар, жарлыктар, каулылар және өзге де нормативтік кұкыкгык актілер ны-санын беруге байланысты тікелей кызметімен байланысты. Б:ұл жерде біз кұкык қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды маг ына-сын байқаймыз.
Сонымен, әлеуметтік камсыздандыру кұқығының кайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті органдарынын зейнетакы және өзге де коғамдык қатынастарды реттеу саласындағы күкык шығармашылык кызмеіінін нәтижелерін түсінуге болады. Басқа-ша айтар болсак, әлеуметтік қамсыздандыру кукыгыньш кай-нар көздері - бүл әлеуметтік қамсыздандыруды реттейтін норма-тивтік кү-кыктык актілер.
Әлеуметтік камсыздандыру кұкығының кайнар көздері осы сала-пың нормаларынан тұрады, оларды осы нормаларды колдану актісімен шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР «Зейнетақымен камсыздандыру
туралы» заңы еңбекке жарамсыз азаматтарды зейнетакылармен немесе жәрдемакылармен камтамасыз ету туралы нормалардан тұратын кұкык кайнар козі болып табылады, ал ұйым басшысының кызметкерді зей-нетке шығуына байланысты жұмыстан босату туралы бұйрығы ісүкык колдану актісі болып табылады.
Әлеуметтік камсыздандыру кұкығының барлык кайнар көздері өз жиынтығында кайнар көздер жүйесін кұрайды, мұнда олар өз мәні, бағыныстылығы бойынша ҚР Конституциясынан бастап, республика-ның өзге де заңға сәйкес актілеріне (ҚР Президентінің жарлыктары, ҚР Үкіметінің каулылары, ҚР Еңбек және халыкты әлеуметтік коргау ми-нистрлігінің каулылары және өзге де министрліктер мен ведомстволардьщ нормативтік бұйрыктары) дейін белгілі бір кезектілікте орналаскан.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының кайнар көздерінің түрлері
Нормативтік кұкықтык актілер негізгі және туынды болып бөлінеді.
Еңбек заңнамасы саласьшдағы негізгі нормативтік күкыктык акті-лерге ҚР Конституциясы, конституциялық зандар, еңбек туралы жеке-леген заңдар, Қазакстан Республикасы Президентінің нормативтік кұкыктықжарлыктары, ҚР Үкіметінің, Конституциялык Кеңесінің және Жоғарғы Соттың каулылары, министрліктердің және езге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің және өзге де орталык мемлекеттік органдардың нормативтік каулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйьшдастырудың жергілкті мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.
Еңбек заңнамасы саласындағы туынды нормативтік кұкыктык актілерге әртүрлі ережелер, нұскаулар, ұсыныстар және т.б. жатады. Туын-ды актілер негізгі нормативтік кұқыктык актілердің негізінде кабылда-нады және олармен бірге біртүтас жүйені кұрайды.
ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік қүкыктык актілер туралы» заңының 4-бабына сәйкес, Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік-құкыкгык актілердің заң күшінің аракатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады:
Қазакстандық құкыктың, соның ішінде, еңбек кұкығының қайнар көздерінін арасында ерекше орынды Қазакстан Республикасынын Конституциясы иеленген. Конституцияның ең жоғары заңдык күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Қазакстан Республикасында қабылданатын зандар мен өзге де кұқықгык актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі тиіс.
Конституцияға сәйкес Қазакстан Республикасы саясаты адамның жақсы өмірі мен еркін дамуын камтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған саясатқа ие әлеуметтік мемлекет болып табылады.
Қазақстан Республикасында адамдардың еңбегі мен денсаулығы қор-ғалады, отбасын, балаларды және аналарды, мүгедектерді және карт адамдарды мемлекеттік қолдау камтамасыз етіледі, әлеуметтік қамсыз-дандыру жүйесі дамып жатыр, мемлекеттік зейнетақылар, жәрдемакы-лар және әлеуметтік корғаудың өзге де кепілдіктері белгіленеді. Соған қоса, азаматтардың әлеуметтік камсыздандыру саласындағы қүкықта-ры ҚР Конституциясыньщ жекелеген баптарында белгіленген (28, 29, 30-баптары).
Конституцияньщ жоғары заңды күші мынадан көрініс табады.
1) Конституция зандар мен заңға сәйкес актілерге қарағанда артық-шылық рөлге ие;
2) Конституция тиісті мемлекеттік органдардың зандар мен заңға сәйкес актілерді қабылдау тәртібін белгілейді.
Басқаша айтар болсақ, конституциялық нормалар заңдар мен өзге де нормативтік құқықгық актілерді қабылдау үшін қайнар көз болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ағымдағы заңнама үшін негізгі база, қүдықгың басты кайнар көзі болып табылады. Ол жалпы құқық, соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздеріне қатысты бірқатар жаңа ережелер бекітті.
Конституциялык нормалардың мазмұны еңбек туралы заңдарда және заңға сәйкес актілерде сипатталады.
Әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңцар жүйесінде заң шығару-шы актілердің маңызы ерекше. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нор-мативтік кұқыктык актілер туралы» заңына сәйкес заң шығарушы актілер-ге мыналар жатады:
• ҚР Конституциясына өзгертулер мен толыктырулар енгізетін заң-дар;
• констиуциялық заңдар; ҚР Президентінің монституциялық заң кушіне ие жарлықтары;
• Қазақстан Республикасының кодекстері; заңдар; ҚР Президентінің заң күшіне ие жарлыктары;
• Қазакстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықгары; - ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
• министрлердің нормативтік бұйрыктары; мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары; орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықгары және қаулылары;
• мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Төменгі деңгейде тү_рған нормативтік актілердің ешбірі жоғары дең-гейдегі нормативтік кұкыктық актілерге қайшы болмауы тиіс.
ҚР Конституциялык Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Сотьшың және ҚР Орта-лықсайлау комиссиясының нормативтік қаулылары жоғарыдағы иерар-хиядан тыс тұрады.
Заңның өзге заңға сәйкес актілерге қарағанда жоғары күші болады. Бүл зандылық кағидасының мәнінен де байқалады. Заңдар еңбекті пай-далану саласындағы барлықмаңызды қоғамдыккатынасгарды реттейді, жүмыс берушілер мен азаматтардың еңбек қабілеттігі мәселелері жөніндегі негізгі қағидалар мен нормаларды бекітеді, еңбек жағдайы, әлеуметтік қорғау, еңбекті қорғау сиякты маңызды мәселелердІ анық-тайды. Бұдан өзге катынастардың барлығы заңға сәйкес актілермен рет-теледі.
Әлеуметтік камсыздандыру кұкығы кайнар көздерінің жүйесі
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздері өз жүйесіне ие, ол әлеуметтік қамсыздандыру құқығының барлық зандарының біртұгас кешенде орналасу құрамын, өзара байланысын және кезектілігін
білдіреді.
Әлеуметтік қамсыздандыру кұқығының қайнар көздерін былайша
түрлерге бөлуге болады:
1. Қазакстан Республикасының Конституциясы (28,29,30-баптары);
2. Халықаралық-кү-кыктық актілер - халықаралық конвенциялар, дек-ларациялар, ТМД елдерінің арасындағы келісімдер;
3. Қазақстан Республикасының заңдары:
- ҚР Еңбек Кодексі;
- ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы;
- ҚР «ҚР-дағы каржы полициясының органдары туралы» заңы;
- ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы;
- ҚР «Отбасылык типтегі балалар ауыддары және жастар үйлері ту-ралы» заңы;
- ҚР «Өмір сүру деңгейінің төменгі мөлшері туралы» заңы;
- ҚР «Мемлекеттік кызмет туралы» заны;
- ҚР «ҚР-дағы арнайы мемлекегтік жәрдемакылар туралы» заңы;
- ҚР «Әлеуметтік кепілдіктерді реттеуге катысты шаралар туралы» заңы;
- ҚР «Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді әлеуметтік корғау және жеңілдіктер туралы» заңы;
- ҚР «Әскери кызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік корғау туралы» заңьг;
- ҚР «Саяси қуғын-сүргін кұрбандарын актау туралы» заңы;
- ҚР «Семей ядролық сынак полигонындағы ядролык полигондар-дың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік корғау тура-лы» заңы;
- ҚР «Арал теңізіндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік корғау туралы» заңы және т.б.
4. заңға сәйкес актілер (ҚР Президентінің жарлыктары және ҚР Үкіметінің каулылары);
5. ведомстволық актілер (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік корғау министрлігінің актілері және т.б.);
6. жергілікті өзін-өзі баскару органдарының актілері (мысалы, Ал-маты қаласының);
7. локальдык актілер (келісімдер, үжымдык шарттар). Әлеуметтік камсыздандыру күкьгғының маңызды кайнар көздері
болып Қазакстан Республикасының зандары табылады.
ҚР Конституциясына және К,Р 1998 жылғы 24 наурыздағы «Норма-тивтік кұкыктык актілер туралы» заңына сәйкес заңдардың келесі түрлерін атап өтуге болады:
А) ҚР Конституциясына озгертулер мен толықтырулар енгізетін заң-дар. Олар ҚР Конституциясында (62-6.3-т.) белгіленген тәртіппен кабыл-данады. Мысалы: мемлекеттік кызметшілердің жасына койылатын та-лапты жойған КР 1998 жылғы 7 казандағы «ҚР Конституциясына озгер-тулер мен толыктырулар енгізу туралы» заңы (ЗЗ-б. 4-т.);
Ә) КР конституциялык заңдары. Конституциялык заң ретінде ҚР Кон-ституциясында осылай танылған және Конституцияда белгіленген тәртіпте кабылданған заңтанылады. Мысалы, ҚР 1991 жылғы 16 казандағы «ҚР мемлекеттіктәуелсіздігі туралы» конституциялык заңы;
Б) жай заңдар. Мысалы, ҚР «ҚР халкын жұмыспен қамту туралы» заны, ҚР «Қазакстан Республикасындағы зейнетақымен қамсызданды-ру туралы» заңы, ҚР «Қазакстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік коргау туралы» заны және т.б.
Әлеуметтік камсыздандыру құкығының кайнар көздеріне әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңға сәйкес актілер де жатады.
Заңға сәйкес актілерге заң шығарушы болып табылмайтын өзге де нормативтік кұкыктык актілер жатады. Бүл - ҚР Президентінің норма-тивтік жарлыктары, ҚР Парламентінің және Үкіметінің нормативтік каулылары, министрлердің нормативтікбүйрықтары, мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Заңға сәйкес нормативтік актілер 2-і белгімен сипатталады:
1) заңға сәйкес нормативтік актілер заңдарға кайшы келмеуі және шегінен шыкпауы тиіс;
2) олар заңдарды орындауды ұйымдастыруға бағытталған.
ҚР Конституциясына сәйкес (62-бабы), Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетгі күші бар Қазакстан Республикасының заңда-ры, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің каулылары түрінде заң актілерін кабылдайды. Республиканың заңдары Республика Прези-денті кол койғаннан кейін күшіне енеді. Республиканың заңдары, Пар-ламент пен оның Палаталарының каулылары Конституцияға кайшы кел-меуге тиіс. Парламент пен оның Палаталарының каулылары заңдарға кайшы келмеуі тиіс.
Заңға сәйкес актілердің ішінен ҚР Президентінің нормативтік жар-лыктары жоғары занды күшке ие. Олар ҚР Парламенті мен оның Пала-таларының кұзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша кабылданады. Мысалы, ҚР Президентінің 1990 жылғы 29 мамырдағы «Мемлекеттік және еңбек тәртібін нығайту бойынша шүғыл шаралар туралы» жар-лығы.
Еңбек туралы нормативтік құкыктык актілердің басым көпшілігін Қазакстан Республикасы Үкіметінің нормативтік каулылары күрайды. Олар жалпымемлекеттік сипатқа ие. ҚР Конституциясына (69-бабы) сәйкес Үкімет өз кұзыретіндегі мәселелер бойынша каулы, ал Премьер-министр - өкімдер шыгарады. Бұл актілер бүкіл республика аумағында міндетті сипатка ие.
Әлеуметтік камсыздандыру қүкығы кайнар көздерінің жүйесінде ҚР «Қазакстан Республикасында зейнетакымен камсыздандыру туралы» заңы аса маңызды орынға ие. Бүл акт әлеуметтік камсыздандыру кұкығының жүйесіне кіретін коғамдык катынастардың бүкіл кешенін реттейді.
Қазақетан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құкығының кайнар көздері ретіндегі манызды заңдарға жалпы сипапама. Қазақстан Республикасында еңбек мәселелері бойынша маңызды заңдарғамыналар жатады:
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен камсыздандыру туралы» заңы. Бұл заң тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет азаматтардың зейнетақымен камсыздаңдыру құқықтарын, мемле-кеттің зейнетақымен камсыздандыруға қатысты кепілдіктерін анықта-ды, Орталыктан және зейнетақылық корлардан зейнетакылықтөлемдер алудың тәртібін белгіледі, жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдас-тырудың және олардың жұмысының негізгі кағидаларын бекітті.
ҚР «ҚР-да мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» зацы. Бұл заң «мүгедек» сөзіне аныктама берген, мүгедектердің күқыктық жағ-дайының негіздерін, олардың еңбек саласындағы құқықгарын, мүге-дектерге көрсетілетін әлеуметтік көмек пен жеңілдіктердің түрлерін аныктаған.
Халықты енбекпен камту туралы заң. Елімізде жұмыссыздық деген пайда болып, жұмыссыздардың саны көбейіп келе жаткан жағ-дайда қабыдданған бұл акт - біздің республикамыздағы халыкты еңбек-пен камтуға бағытталған алғашкы заң. Аталған заң еңбекпен қамту кағидасын бекітіп, «еңбекпен қамту», «жұмыссыз», «жұмыссыздың мәртебесі» сиякты түсініктерді аныктады, сонымен қатар, мемлекеттік органдардьщ жұмыс берушілермен және жұмыссыздармен қарым-қаты-настарын реттеді.
Осы заңға сәйкес еңбекпен қамту және жұмысқа орналастыру орган-дары да жұмыс істейді. Қызметкерлер еңбек шартын бекітпестен бұрын аталған органдармен катынаска түседі.
Еңбекті қорғаудың негіздері туралы заң еңбекті қорғау саласын-дағы мемлекеттік саясатты бекітті. Бұл актінің ережелері жұмыс барысьш-да қызметкерлердің өмір және денсаулық қауіпсіздігін камтамасыз ету ережелерін, сонымен қатар әлеуметгік қорғау мәселелерін реттейді.
Зандардан өзге барлық қайнар көздер заңға сәйкес актілер болып табылады, олар: ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулы-лары, министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары және т.б.
Еңбек кұқығы қайнар көздерінің арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлыктарымен кабылданған бірқатар актілер де бар. ҚР Президенті Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті күшке ие жарлықгар мен өкімдер шығарады, олар заңға сәйкес актілер болып табьшғандыкган, ҚР Конституциясына және заңдарына сәйкес
болуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің каулыларьмен еңбектің әр түрлі мәселелеріне қатысты зақдарды орындауға қатысты нормалар қабылда-нады. Еңбек жөніндегі арнайы орган - ҚР Еңбек және халыкты әлеу-меттік қорғау министрлігі. Бұл министрлік еңбекті корғау, жалақы, ха-лықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау және өзге де мәселелер жөнінде актілер кабылдайды.
Мәслихаттар және әкімдер өз құзыреті шегінде өздеріне бағыныс-ты аумақтарда еңбекті қолдану және ұйымдастыру мәселелері бойын-ша нормативтік шешімдер кабылдайды. Қазакстан Республикасының Конституциясына (88-бабы) сәйкес мәслихаттар мен әкімдердің норма-тивтік шешімдері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында міндетті күшке ие. Егер мәслихаттардың шешімдері ҚР Конституция-сына және заң шығарушы актілеріне қайшы болса, олардын күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін. Ал әкімдердің шешімдері ҚР Конститу-циясы мен заң шығарушы актілеріне қайшы болса, олардың күші ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің немесе жоғары тұрған әкімдердің актіле-рімен жойылады, сонымен катар, сот тәртібімен де жойылуы мүмкін. Нормативтік күкықгық актілер өз күшіне келесі мерзімдерде енеді:
1. Қазакстан Республикасының заңцары, ҚР Президентінің жарлык-тары, ҚР Үкіметінің қаулылары - егер осы актілердің өздерінде не олар-дың күшіне енуі туралы актілерде өзге мерзім көрсетілмесе, ресми түрде алғаш жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн еткен соң;
2. ҚР Парламентінің және оның Палаталарының қаулылары - егер осы актілердің өзінде езге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жа-
рияланған күннен бастап;
3. ҚР Конституциялық Кеңесінің қаулылары - қабылданған күннен
бастап;
4. ҚР Үкіметінің құрамына кіретін және кірмейтін орталық аткару-шы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, соның ішінде, ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Үлттық Банкісінің нормативтік құқыктық акті-лері - егер осы актілердің өзінде өзге мерзім көзделмесе, ресми түрде алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң.
Нормативтік кұқықтық актілердің кеңістіктегі күші. Нормативтік құқықтық актілердің кеңістіктегі күші «аумақ» деген түсінікпен тығыз байланысты. Жалпы алғанда аумақ ретінде мемлекетгік шекара шегіндегі жер кабаты, жер қойнауы, су және әуе кеңістігі танылады. Бүл жағдайда Қазақстан Республикасының аумағы нормативтік қү-қыктық актілердің әрекет ету күшінің қүдыкгық кеңістігі болып та-былады.
Егер актілердің өзінде немесе осы актілердің күшіне енуі туралы актілерде өзгеше көзделмесе, ҚР Президенті, ҚР Парламенті және ҚР Үкіметі, орталык аткарушы және өзге де орталык уәкілетті органдары қабылдаған нормативтік күдыктык актілердің күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралады.
Нормативтік құқыктық актілердің кеңістіктегі күші туралы сөз қозғай отырып, олардың күші Қазақстан Республикасының елшіліктеріне, өкілдіктеріне, сауда кемелеріне және шетелдегі өзге де аумактық қү_ры-лымдарына таралатынын ескеріп өткен жөн. Себебі, «Қазақстан Рес-публикасының аумағы» түсінігі жер-аумактық, теңіз және әуе шектер-імен ғана шектеліп коймайды, сонымен қатар, халықаралық-құқыктық актілермен де аныкталады.
Атап өтетін тағы бір жайт, егер сыртқы еңбек миграциясы саласын-дағы халықаралық келісімдерде көзделсе, әлеуметтік қамсыздандыру туралы нормативтік актілер өзге мемлекеттерде жұмыс істеп жүрген азаматтарға да таралады.
Жергілікті өкіддік және атқарушы органдар қабылдаған нормативтік құқыктық актілердің күші тиісті әкімшілік-аумактык бірліктің аумағына ғана таралады.
Қазакстан Республикасьтның жекелеген жерлеріндегі (шалғай елді мекендер, сусыз жерлер, таулы өлке және т.б.) еңбек жағдайының ерек-шеліктерін ескере отырып, қызметкерлердің жекелеген санаттарының жалақысына катысты аудандық коәффиценттерді, әр түрлі жеңілдікгерді, кепІлдіктерді және т.б. көздейтін арнайы кұқықтык актілер қабылдана-ды.
Әлеуметтік қамсыздавдыру кү-қығының кайнар көздерінің арасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының катысушылары - мемлекеттердің келісімдері айрықша орынды иеленген. Бұл келісімдер азаматтардың ТМД бір мемлекетінен екіншісіне көшкен кезде оларды әлеуметтік қамсыздандырудың жағдайлары мен тәртібін белгілейді. Мыса-лы, «Тәуелсіз Мемлекеттер достастығының қатысушы мемлекеттердің азаматтарының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құкыктарының кепілдіктері туралы» келісімі (1992 жылғы 13 наурыз-дағы) КСРО-ның бұрынғы республикаларының аумағында зейнетакыға құкыкты иеленген және осы кұқыкты Келісімнің барлық қатысушыла-рының - мемлекеттердің аумағывда жүзеге асыру құқығын иеленген түлғаларды зейнетақымен қамсыздандыру туралы зандарды үйлестіру саясатын жүргізуді көздейді.
Нормативтік кұкыкгык актілердің тұлғалар шеңбері бойынша күші.
Егер ҚР Конституциясында, зандарда және Қазакстан Республикасы бекіткен халықаралык шарттарда өзгеше көзделмесе, нормативтік кұқыктықактілердің күші Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырушы ҚР азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азамат-тығы жок түлғаларға таралады.
Қазаңстпан Республикасындагы шетелдік азаматтар ретінде Қазак-стан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өздерінің өзге мемлекетке тиесілігі жөнінде дәлелдері бар түлғалар танылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өздерінің өзге мемлекетке тиесілігі жөнінде дәлелдері жоқ тұлғалар азаматтыгы жоқ тұлгалар ретінде танылады.
Шетелдік азаматгар еңбек қатынастарында Қазақсган Республикасының азаматтарына тиесілі кұқыктарды иеленіп, міндеттерді орындайды.
Әлеуметтік камсыздандыру саласындағы кұқықтық нормалар екі үлкен топқа бөлінеді: (бүлай бөлудің негізіңе объективтік факторлар, накты айтар болсак, Қазақстан Республикасының әртүрлі аумактары-ның ауыр табиғи-климаттык жағдайлары алынған):
1) әкономика саласына және еңбек жағдайына қарамастан, жалдан-балы еңбек қызметкерлерінің барлығына таралатын жалпы нормалар. Мысалы, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының күші тек Қазақстан Республикасының азаматта-рьгна ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асырушы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жок тұлғаларға да таралады;
2) кызметкерлердің жекелеген санаттарына (әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, бюджет саласының қызметкерлеріне, ауыр және зиян-ды өндіріс жұмысшыларына, уакытша және маусымдык кызметкер-лерге және т.б.) таралатын арнайы нормалар. Осы заңда кызметкер-лердің белгілі бір санатгары - еңбекке кү-қық қабілетгігі шектеулі түлға лар, кәмелетке толмағандар, жасы кіші балалары бар әйелдер үшін жеңілдіктер көзделген.
Жекелеген жеңілдіктер шектеулі еңбек кабілеттігіне ие тұлғалар үшін көзделген. 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазак КСР-де мүгедектерді әлеуметтік корғау туралы» заңында мүгедектердің әлеуметтік камсыз-дандыру саласындағы кұкыктары аныкталған. Осы заңға сәйкес, мүге-дектер тұрмыстык кызмет көрсетуде басым кұкыктарды иеленеді, азык-түлік және өнеркәсіптік товарларды алуда, үйде кызмет көрсетуде жең-ілдіктер иеленеді және т.б.
Жекелеген кызметкерлерді әлеуметтік камсыздандырудың жағдай-лары тек ҚР «Зейнетакымен камсыздандыру туралы» заңьмен гана емес. өзге де нормативтік кұшктык актілермен реттеледі. Мысалы, Қазак-стан Республикасының «Мемлекеттік кызмет туралы» заңының күші барлык мемлекеттік кызметшілерге таралады.
Құқыктың кайнар көздерін кызметкерлер бойынша түрлерге белудің нақты мазмұны мынаған бағытталған: арнайы нормалар аркылы олар үшін зейнетакы тағайындаудың ерекше тәртібі; жеңілдіктер мен артык-шылыктар; жоғарылатылған тәртіптік және материалдык жауапкершілік және т.б. ерекшеліктер белгіленеді.
Өзін-өзі тексеру үіиін сұрақтар:
1. Әлеуметтік камсыздандыру құкығының кайнар көздері дегеніміз не? Олардың түрлерін атаныз.
2. ҚР Конституциясын әлеуметтік камсыздандыру кұкығының кай-нар көздерінің бірі ретінде атауға бола ма?
3. Әлеуметтік камсыздандыру кұкығының кайнар көздері бағыныс-тылығына және оларды кабылдаған органдарға карай кандай түрлерге бөлуге болады?
4. Әлеуметтік камсыздандыру құкығының қайнар көзі ретіндегі ҚР Конституциясына жалпы сипаттама беріңіз.
5. Әлеуметтік камсыздандьгру мәселелеріне катысты кандай маңыз-ды қазакстандык заңдарды білесіз?
6. Нормативтік кұкыктық актілердің уақыттағы күші нені білдіреді?
7. Нормативтік кұкықтык актілердің кеңістіктегі күші кандай?
8.Нормативтік кұқыктык актілердің кызметкерлер санатына катыс-ты күші туралы айтыңыз.
Лекция 4
