Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_OM_2013-2014_kaz_ASh.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

2.12. Білімді бағалау ережелері мен критерилері Оқушылардың білімін бағалау көрсеткіштері

1. Білімі, тәжірибесі, дағдысы және компетенциясы барлық қадағалау түрімен балдық-рейтингтік-әріптік жүйе бойынша анықталады, ол пропроциялық қатынаста.

2. «үздік» деген баға А деген бағаға сәйкес келеді, сандық эквиваленті 4,0 и пайыздық құрылымы 95-100% және А-, сандық эквиваленті 3,67 және пайыздық құрылымы 90-94%

Бұл баға егер білім алушы жоспарлы материалды меңгергенін көрсетсе және ешқандай қателік, турасыздық жібермесе, бақылау және зертханалық жұмыстарды уақытында орындап, ол бойынша есеп берсе, оригиналды ойлау қабілетін көрсетсе, коллоквиумдарды уақытында және қатесіз тапсырса, үй жұмысын орындаса, ғылыми – зерттеу жұмысымен айналысса, пәнді оқу кезінде қосымша ғылыми әдебиеттерді өздігінен қолдана білсе, өздігінен жоспарлық материалды жүйелей алса қойылады.

3. «жақсы» деген В+ бағасына сәйкес келеді, сандық эквиваленті 3,33 и пайыздық құрылымы 85-89%; В, сандық эквиваленті 3,0 и пайыздық құрылымы 80-84% және В-, сандық эквиваленті 2,67 и пайыздық құрылымы 75-79%.

Бұл баға егер студент бағдарламалық материалды 75 % - дан төмен емес меңгерсе және жауап кезінде қатаң қателіктер жібермесе, бақылау және зертханалық жұмыстарды уақытымен орындап, маңызды емес қателіксіз өткізсе, коллоквиумдар мен үй жұмысын ескертусіз тапсырса, оқытушының айтуымен қосымша әдебиеттерді қолданса, ғылыми – зерттеу жұмысымен айналысса, маңызды емес турасыздық жіберсе немесе маңызды қателік жіберсе, оны өзі жөндесе, оқытушы көмегімен жоспарлық материалды жүйелей алса қойылады.

4. «қанағаттанарлық» деген баға С+ сәйкес келеді, сандық эквиваленті 2,33 и пайыздық құрылымы 70-74%; С, сандық эквиваленті 2,0 и пайыздық құрылымы 65-69%; С-, сандық эквиваленті 1,67 және пайыздық құрылымы 60-64%; Д+, сандық эквиваленті 1,33 и пайыздық құрылымы 55-59%; және Д, сандық эквиваленті 1,0 және пайыздық құрылымы 50-54%.

Бұл баға егер студент бағдарламалық материалдарды 50 % - дан төмен емес меңгерсе, бақылау, зертханалық және үй жұмысын орындағанда оқытушы көмегіне жүгінсе, коллуквиум тапсырғанда турасыздық пен маңызды емес қателіктер жіберсе, зерттеу жұмыстарына активті қатыспаса, оқытушы айтқан оқулықпен ғана шектелсе, материалды жүйелеуде қиындықтар болса қойылады.

5. «қанағаттанарлықсыз» F деген бағаға сәйкес келеді, сандық эквиваленті 0 және пайыздық құрылымы 0-49%.Бұл баға егер студент негізгі материалды меңгеруді жіберіп алса, пән бойынша бағдарламаның жартысынан астамын меңгермесе, жауап кезінде маңызды қателіктер жіберсе, ағымды, аралық және қорытынды бақылау формасына сай жеке тапсырмаларды орындамаса, негізгі әдебиеттерді толық қарамаса қойылады.

Брәж бойынша оқытылушылардың оқу жетістіктерін бағалау

1. Оқытылушылардың (2006ж. МООС бойынша 2007ж. бастап университетке түскендер) оқу жетістіктері (білімі, біліктілігі, дағдылары және компетенциялары) балдық-рейтингтік-әріптік жүйе (БРӘЖ) бойынша бағаланады.

2. ҚазҰМУ БРӘЖ бойынша пән бойынша қорытынды баға максимальды 100 балға (100%) тең, мына формула бойынша есептеледі:

I = Rx0,6+Ex0,4,

мұнда I – қорытынды баға, R – жіберілу рейтингінің бағасы, Е – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан).

Жіберілу рейтингі қорытынды бағаның 60% құрайды, емтихандық баға қорытынды бағаның 40% құрайды, 0,6 және 0,4 коэффициенттерін енгізе отырып есептейді.

R – оқытылушылардың әр рейтингтік бағасы, ағымды және аралық бақылау бағаларынан есептелген.

Ағымды бақылаудың барлық түрлері (тәжірибелік сабақ, семинарлық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ) және аралық бақылау 100 балмен есептеледі.

Әр рейтинг мына формула бойынша есептеледі: R=(t+r)/2, мұнда

t- ағымды бақылау – тәжірибелік сабақтардың орташа бағасы (зертханалық, семинарлық) + ОСӨЖ орташа бағасы + СӨЖ орташа бағасы/ 3 бөлеміз (оқытудың кредиттік түрінде)

t - ағымды бақылау – тәжірибелік сабақтардың орташа бағасы (зертханалық, семинарлық) + СӨЖ орташа бағасы/ 3 бөлеміз (оқытудың сызықтық түрінде)

r – аралық бақылау

Жіберілу рейтингі барлық рейтингтерге орта арифметикалық болып табылады:

Rжіб. = (R1+ R2)/2 (егер семестрде 2 рейтинг болса)

Оқытудың циклдық түрінде, жіберілу рейтингі ағымды және аралық бақылаудың орта арифметикасына тең.

Оқытудың блоктық түрінде (егер бір пән бірнеше блоктардан құралса), рейтинг әр блок бойынша есептеледі және жіберілу рейтингі барлық рейтингтардың орта арифметикасына тең болады.

Егер жіберілу рейтингі 50 балға тең немесе одан жоғары болса (яғни семестрлік бағасы) емтиханға жіберіледі.

3. Оқытылушылардың оқу жетістіктерінің бағасы аралық және қорытынды аттестация кезінде 100 балмен есептеледі.

Емтихан тестілеу түрінде:

Егер оқытылушыға емтиханда 50 тестік тапсырма берілсе, әр тестік тапсырма 2 балға тең.

Егер оқытылушыға емтиханда 100 тестік тапсырма берілсе, әр тестік тапсырма 1 балға тең.

4. Қорытынды баға есептеледі, егер оқытылушы жіберілу рейтингі бойынша (50% аз емес), сонымен қатар қорытынды бақылау бойынша оң баға алса. Бағалар төртұпайлық сандық эквивалент және дәстүрлі баға, әріптік жүйе бойынша (оң бағалар, азаю бойынша А - дан D – дейін, «қанағаттанарлықсыз» - F) қойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]