Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_OM_2013-2014_kaz_ASh.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆

Пән бойынша әріптік – балл – рейтингтік баға

Әріп жүйесі бойынша баға

Балдың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіш % (балл)

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Үздік

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Осөж , сөж, тәжірибелік сабақтардың орындауын бағалайтын ағымдық бақылау

2012-2013 оқу жылына кредиттік оқыту жүйесі 2013 жылдың 20 маусымындағы № 500 қаулысы негізінде РМӨ С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқу үрдісін ұйымдастыру ережелері өзгерді.

Жүйке аурулары кафедрасында кредиттік оқыту жүйесін енгізумен байланысты оқытушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау критерийлеріне өзгерістер еңгізілді.

Білімді бағалау тәжірибелік сабақтарда келесі компетенциялар бойынша бағаланады. 1 – білім, 2 – тәжірибелік дағдылар, 3 – коммуникативті дағдылар, 4 – құқықтық білім.

Тәжрибелік сабақтар 11 сабақтар көлемінде 4 академиялық сағаттан жүргізіледі, тәжірибелік сабақтың 1 академ.сағаты =100 мин.

ТОЖ – на сәйкес «Неврология, психиатрия, наркология»пәні бойынша аралық бақылау қарастырылған. Осы оқу жылында біз екі аралық бақылауды қалдырдық (№6 және 11 сабақ) оларға тәжрибелік дағдыларды қабылдау және тест түрінде жүргізілетін 1,5 академ.сағат бөлінген. Тесттілеу кафедрада жазбаша түрде жүргізіледі (20 тестен 5 нұсқа). Тестілеуге максимальды балл – 40 балл.

Аралық бақылауда тәжірибелік дағдыларды қолдануын бағалаймыз (мах = 60 баллов). Олардың әрқайсысына тәжірибелік сабақтардың әрбір тақырыбын бағалау критерийлері қайта құрастырылған.

Тәжірибелік дағдыларды бағалау критерийлері төменде көрсетілген.

Тәжірибелік сабақтарда студенттердің білімін тест және ауызша сұрау түрінде № 3,4,5,9 сабақтарда бағалаймыз (критерийлер қайта қарастырылған және төменде көрсетілген). Студенттер тәжірибелік дағдыларға оқытылады және тәжірибелік дағдыларды науқастарға қолданады (егер сабақ тәжірибелік дағдылар Орталығында қарастырылса). Құқықтық компетенцияларды 1 рет № 10 тәжірибелік сабақта бағалаймыз. Студенттердің коммуникативті компетенциялары 2 сабақта бағаланады (критериилер қайта құрастырылған).

ОСӨЖ 45 сағат көлемінде жүргізіледі (11 сабақ 4 академ. сағаттан), яғни 1 академ сағат ОСӨЖ = 50 минут.

ОСӨЖ білімін жағдайлық есеп шешу мен құрастыруына қарап, диагностикалық алгоритм құру мен емдеуге қарап бағалаймыз. Студенттердің тәжірибелік дағдыларын нозология бойынша тақырыптық кураторлық беттерді жазуы бойынша бағалаймыз.

Неврология пәні бойынша оқу жетістіктерін бағалау жүйесі.

Компетенцияның әрқайсысы 100 бал бойынша бағаланады.

Тәжірибелік сабақтар.

  1. Білім бақалау – № 2, 3, 4, 5, 7, 8, 9, 10 сабақтарда.

  2. Тәжірибелік дағдыларды № 1,2, 3, 4, 5 сабақтарда бағалау.

  1. Коммуникативтік дағдыларды № 8 сабақта бағалау.

  2. Құқықтық компетенцияны № 9 сабақта бағалау.

Аралық бақылау № 6 және № 11 сабақтарда жүргізіледі.

Аралық бақылау екі түрде жүргізіледі: 1) тестілеу – 1 тест 2 балға бағаланады (барлығы 20 тесттен 5 нұсқа), барлығын 40 балға теңестіреміз; 2) Тәжірибелік дағдыларды бағалау – құрастырылған критерилер бойынша мах – «60» бал болады. Сонымен, аралық бақылаудың мах бал – 100-ге тең.

ОСӨЖ

1. Студентердің білімін сабақтарда бағаламайды.

2. Тәжірибелік дағдыларды № 1, 2, 3, 4, 5 сабақтарда бағалау.

5. Өзін-өзі дамыту: студенттерге унверситеттің кітапханасында жұмыс жасауына мүмкіншілік береміз, өзінің интеллектуальді деңгейін жоғарлатуға, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай білуі қажет, реферат және диагностика және емдеу хаттамаларын дәлелдемелі медицинаға сүйене отырып құрастыра алуы тиіс.

Әрбір студент ОСӨЖ кезінде науқасты курациялау барысында науқастың тарихын жазу қажет.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ).

Әрбір студент бір тақырыпты таңдау арқылы өзіндік жұмыс жасап (СӨЖ бойынша берілген 10 тақырыптан 1 тақырып) № 5 (сабақтарға дайындалуы қажет). Өзінің жұмысын қорғау барысында студент СӨЖ – ді төмендегі критерилер мен талаптарды ескере отырып дұрыс қолдануы қажет, төменде келтірілген (силабуста берілген).

«Неврология» пәні бойынша жетістіктерді жүйелі түрде бағалау.

2013-2014 оқу жылынан С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа ережелері еңгізілді (студенттің жіберілу және емтихан рейтингі).

ПОҚ рұқсат өлшемін анықтау үшін студенттің дайындығын күнделікті әрбір сабақта кафедра жиналысында қабылданған шешім арқылы компетенция түрлері бойынша есептеледі.

Ағымды бақылау (t) – компетенциялардың жинақталу деңгейін бағалау келесі формула бойынша есептеледі:

t = (Z+N+K+P+S)/n, мұнда

n – компетенция бойынша тапсырмалардың саны

Z: z1+z2+…+zn – білім бағасы

N: n1+n2+…+nn – дағдылардың бағасы

K: k1+k2+…+kn – коммуникативтік дағдылардың бағасы

P: p1+p2+…+pn – құқықтық компетенцияның бағасы

S: s1+ s2+…+sn – СӨЖ-ның бағасы

Аралық бақылау (r) – кафедрада 2006 жылғы ТОБ-на сәйкес 2 рет өткізіледі (№ 7, 13 сабақтар) 100 баллмен бағаланады. Аралық бақылау екі бөлімнен тұрады: 1 тесттілеу – 40 балл (20 тест 5 варианттан және әрбір тест 2 балл бағаланады); 2 – тәжірибелік дағдылар 60 балл («Неврология» пәні бойынша силлабуста варианттар мен бағалау критерилері берілген).

Жіберілу рейтингі студенттің қорытынды бағасының 60% құрайды, келесі формула бойынша есептеледі:

Rд= (t+r1+r2)/3*0,6; мұнда

t – ағымды бағылау

r1 – бірінші рейтинг

r2 – екінші рейтинг

Қорытынды баға: интегралды емтихан, екі этаптан тұрады:

I кезен - компьютерлік тестілеу

II кезен - тәжірибелік дағдыларды қабылдау

I кезен – тестілеу уақытында бағаланады : а) когнитивтік функциялар (білім), б) құқықтық компетенциялар ( кафедрамен тесттерді жалпы тесстердің 5% қатынасында құрастыру). Тестілеу банкінде 765 тест бар (мемлекеттік және орыс тілдерінде).

II кезен – тәжірибелік дағдыларда қабылдау келесі түрде бағаланады: а) операциональды әрекет (тәжірибелік дағдыларды қолдана отырып жағдайлық есептерді шешу және топикалық диагноз қою); б) коммуникативтік компетенциялар.

Емтихан рейтингі формула бойынша бағаланады:

E= Е1 × 0,2 +Е2 × 0,2; мұнда

Е1 – емтиханың I этап бағасы,

Е2 – емтиханың II этап бағасы.

Қорытынды баға жіберілу рейтингі мен қорытынды бақылаудың қосындысынан құралады:

I = R × 0,6 + Е1 × 0,2 +Е2 × 0,2; мұнда

I – қорытынды баға

R – жіберілу рейтингі

E – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша баға)

ПОҚ -тың циклдық сабағын тамамдағаннан кейін қорытынды бағаны есептейді және оқу журналдарды толтырады содан кейін ведомостьке баға қойылады. Оқу журналы сабақ біткеннен кейін келесі күннен қалмай кафедраның оқу ісі жөніндегі меңгерушісіне тексерілуге беріледі. Үш күннің ішінде емтихандық ведомость «Офис-регистраторға» уақытында тапсырылуы тиіс.

Жауапты кафедра «Психиатрия, наркология және психотерапия».

Білімін ағымдық бақылауды ұйымдастыру және өткізу

Ағымды бақылау семестрдегі студенттер жұмысын жүйелі ұйымдастыруға, үй жұмысын, бақылау жұмыстарын, пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес өзіндік жұмыстардың басқа түрлерін уақытында орындауды бақылауға арналған.

Ағымды бақылау есебі

Тәжірибелік сабақтар емдеу факультетінің Ғылыми Кеңесі мен ішкі аурулар Департаментінің бекітілген шешімімен 5 компетенцияға сәйкес 100 балдық жүйемен бағаланады.

Бітіруші мынадай компетенцияларды меңгеру керек:

І. Білімі.

II. Тәжірибелік дағдылар.

III. Коммуникативтік дағдылар.

IV. Денсаулық қорғаушысы.

V.Өзін – өзі дамыту.

Балмен бағаланатын компетенциялар

Білімі

Тәжірибелік дағдылар

Коммуникативтік дағдылар

Денсаулық қорғаушысы

Өзін – өзі дамыту

100

100

100

100

100

I компетенция «Білім»:

Теориялық білімін бағалау критериі (100балл max) 2- компоненттен тұрады – тестілеу (20 балл) и ауызша сұрау (80 балл)

1) Сабақта тестілеу – 20 балл max, 1 тест 2 балға бағаланады (барлығы10 тест)

2) Ауызша сұрау – максимальды 80 балл

Ауызша сұрау критерилері

Критерилер

5балл

10балл

15 балл

20балл

Тақырыпты ашу

Тақырыпты ашпаған, жауап бергенде қателік кеткен

Тақырыпты толық ашпаған, жауап бергенде қателік кеткен

Тақырыпты оқу материалына сәйкес ашқан

Тақырыпты толық ашқан, қосымша мәліметтерді пайдалана отырып білімін көрсете алған

Топикалық диагнозын негіздеу және көрсету

Топикалық диагнозды негіздемеген

(топикалық диагноз)

Топикалық диагнозды дұрыс көрсетпеген

(топикалық диагноз)

Топикалық диагнозды қателіктермен көрсеткен

(топикалық диагноз)

Топикалық диагнозды толығымен және рет-ретімен көрсеткен

(топикалық диагноз)

Емдеу принциптері

Негізгі емдеу принципін көрсетпеген

Негізгі емдеу принципін көрсетпеген

Емдеу принциптерін дұрыс көрсеткен

Науқасты емдеуде өз білімін толық көрсеткен

Қосымша зерттеу әдістері

Қосымша зерттеу әдістерін дұрыс таңдамаған

Қосымша зерттеу әдістерін дұрыс таңдамаған

Қосымша зерттеу әдістерін дұрыс таңдаған

Қосымша зерттеу әдістерін дұрыс таңдаған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]