- •Дәрістер топтамасы.
- •«Материалдар кедергісінің» негізгі болжамдары.
- •Сыртқы күштер және олардың түрлері.
- •Ішкі күштер. Қима әдісі.
- •Кернеу және оның түрлері
- •Деформация және оның түрлері
- •2. Түзу сырықтардың cозылу –сығылу деформациясы
- •Созылу –сығылу деформациясы кезіндегі бойлық күш, тік кернеу
- •Созылу-сығылу кезіндегі күш жұмысы. Деформацияның потенциалдық энергиясы.
- •Созылу-сығылу кезіндегі статикалық анықталған және анықталмаған есептер.
- •Созылу-сығылу кезіндегі деформациялар. Гук заңы
- •3. Материалдардың механикалық сипаттамалары. Беріктік пен қатаңдыққа есептеу.
- •Материалдардың механикалық қасиеттері
- •Созылу диаграммалары.
- •Материалдардың сығылу диаграммасы
- •Созылу-сығылу кезіндегі беріктік шарты және беріктік есептері.
- •Қауіпті және қауіпсіз кернеулер. Қор коэффициенті. Рұқсат етілетін кернеулер
- •4. Кернеулік және деформацияланған күй теориялары.
- •Кернеулік күйлер, оның түрлері.
- •Бас кернеулер және бас аудандар.
- •5. Ығысу деформациясы.
- •Ығысу. Ығысу кезіндегі Гук заңы. Ығысу кезіндегі деформация.
- •Ығысуға практикалық есептеулер
- •Ығысу деформациясының потенциалдық энергия.
- •6. Жазық көлденең қималардың геометриялық сипаттамалары.
- •Статикалық моменттері. Ауырлық ортасының координаталары.
- •Қиманың остік, полярлық және ортадан тепкіш инерция моменттері.
- •Параллель осьтерге қатысты инерция моменттерінің арасынағы тәуелділік.
- •Бас инерцияның моменттері мен бас осьтері.
- •7. Түзу сырықтың бұралуы.
- •Бұралу кезіндегі бұраушы момент.
- •Бұралу кезіндегі жанама кернеу және деформация (бұралу бұрышы).
- •Бұралу кезінде беріктікке пен қатаңдыққа есептеу
- •8. Түзу сырықтың иілу деформациясы.
- •8.1 Сурет
- •Арқалықтар мен тірек байланыстардың негізгі түрлері. Тірек әсерлері.
- •Иілу кезіндегі ішкі күштер м, q және q арасындағы дифференциалдық тәуелділіктер.
- •Июші моменттер мен көлденең күштердің эпюрлерін салу.
- •Интегралдау әдісі. Бастапқы параметрлер әдісі.
- •Кез келген күш түсірілген сырықтың потенциялық энергиясы
- •Кастилиано теоремасы
- •Мор интегралы
- •Верещагин тәсілі
- •Жұмыс пен орын ауыстырудың байланысы туралы теоремалар
- •10. Статикалық анықталмаған жүйелер
- •Негізгі жүйелерді таңдау. Статикалық анықталмау дәрежесі
- •Анықталмаған жүйені күш әдісімен есептеу
- •Күш әдісінің канондық теңдеулері
- •11. Пластикалық және беріктік теориялары
- •Беріктіктің бірінші, екінші және үшінші классикалық теориялары.
- •Беріктіктің iy- энергетикалық теориясы
- •Мордың беріктік теориясы.
- •12. Күрделі қарсыласулар.
- •Күрделі қарсыласулар. Қиғаш иілу.
- •Енді серіппеге арналған беріктік шартын қарастырамыз:
- •13. Серпімді жүйенің орнықтылығы.
- •Негізгі түсініктер. Критикалық күш туралы ұғым
- •14. Уақытқа байланысты дүркінді өзгеретін кернеу жағдайындағы беріктік.
- •Уақытқа байланысты циклды өзгеретін кернеу және оның әсері.
- •15. Динамикалық күш әсері
- •Динамикалық күш
- •Соққы әсерін есептеу. Соққы кезіндегі динамикалық тұтқырлық
3. Материалдардың механикалық сипаттамалары. Беріктік пен қатаңдыққа есептеу.
1. Материалдардың созылу мен сығылу диаграммалары.
2. Материалдардың беріктік және созымдылық қасиеттері.
3. Беріктік шарты мен есептері.
4. Қауіпті және қауіпсіз кернеулер. Қор коэффициенті. Рұқсат етілетін кернеулер.
Материалдардың механикалық қасиеттері
Материалдардың сыртқы күш әсеріне қарсыласу қабілеті мен деформациялануы немесе қирау ерекшеліктері, олардың механикалық қасиеттері - беріктік, созымдылық тәжірибе жүзінде арнайы үлгілерді сынау арқылы анықталады. Сынау нәтижесінде алынатын механикалык сипаттамалар көп факторларға (жұмыс істеу шарттарына, температураға, қоршаған ортаға, т.б.) байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан материалдардың механикалық қасиеттерін өзара салыстыру үшін, оларды қатаң түрде бірдей жағдайларда сынайды.
Сынама үлгілердің пішіндері мен өлшемдері, оларды сынау шарттары мемлекеттік стандартта қарастырылып бекітілген.
Созылу диаграммалары.
Сан алуан сынау тәсілдерінің ішінде кең тарағаны – материал үлгілерін созуға сынау. Өйткені, созуға сынау нәтижесінде алынатын механикалық шамалар, материалдардың сыртқы күшке қарсыласу қабілетін, деформациялануын, үзілу-сыну ерекшеліктерін айтарлықтай толық сипаттайды.
Үлгілер арнайы сынақ машиналарында сыналады. Бұл машиналар күш пен үлгі деформациясын өлшей алатын аспаптармен қамтамасыз етілген. Сынау кезінде аспаптармен жазылып алынған, күш пен үлгі деформациясының арасындағы тәуелділік созу диаграммасы деп аталады. 1-суретте аз көміртекті болаттың созу диаграммасы көрсетілген. Диаграмманың абсцисса өсінде үлгінің деформациясы – салыстырмалы созылу - ε = Δl / l, ал ордината осінде деформацияны тудырушы кернеу- σ = P / F өрнектелген.
Диаграмманың ОА аралығының жоғарғы А нүктесіне сәйкес келетін кернеу, материалдың пропорционалдық шегі:
σп ш = Pп ш / А (3.1)
бұл аралықта кернеу мен деформация өзара тура пропорционал, яғни Гук заңына бағынышты.
Қалдық немесе пластикалық деформация тудырмайтын кернеудің ең үлкен шамасы (В нүктесі ) серпімділік шегі:
σс ш = Pс ш / А (3.2)
А нүктесімен В нүктесінің арасында материал серпімді деформациаланғанымен кернеу мен деформацианың арасында тура прополционалдық тәуелділік сақталмайды.
1-сурет.
Материалда қалдық деформациясын тудыратын кернеудің ең аз шамасы аққыштық шегі:
σа ш = Pа ш / А (3.3)
Кернеу шамасы аққыштық шегіне тең болғанда материал пластиқалық (қалдық) деформацияға ұшырайды (СД-аққыштық аралығы). Созу диаграммасындағы аққыштық аралық (СД) тек пластикалық материалдарға тән. Бұл кезде материалдың тоқ өткізгіштігі, температурасы тағы басқа физикалық қасиеттері өзгереді. ДЕ аралығы материалдың қайтадан сыртқы күш әсеріне қарсыласу қабілетіне ие болатын кезі, яғни, беріктенеді.
Диаграмманың ең жоғарғы нүктесіне сәйкес келетін кернеу беріктік шегі:
σб ш = Pб ш / А (3.4)
Материалдың беріктік шегін уақытша қарсыласу шегі деп атайды.
Үзілу мезетіне сәйкес кернеу шамасын қирау шегі деп былай табылады:
σқ ш = Pқ ш / А (3.5)
Қайтадан деформациаланған үлгінің пропорционалдық шегі алдыңғы әсер еткен Р шамасына дейін өсіп, беріктік қасиеті артады, ал пластикалық қасиеті кемиді. Бұл құбылыс беріктену деп аталады.
Қалдық салыстырмалы созылу:
δ = ( l-l0) *100% / l0 (3.6)
мұндағы l0 , l – үлгінің сынауға дейінгі және сынаудан кейінгі ұзындықтары.
Қалдық салыстырмалы жіңішкеру:
ψ = ( А0-А) *100% / А (3.7)
мұндағы А0, А – үлгінің көлденең қимасының деформацияға дейінгі және үзілгеннен кейінгі ең кіші аудандары.
(3.1)- (3.5) формуласымен анықталатын шамаларды материалдың механикалық сипаттамалары деп атайды. Материалдың пластикалық қасиеті оның қалдық салыстырмалы созылуымен немесе жіңішкеруімен (3.6-3.7) сипатталады.
