- •Дәрістер топтамасы.
- •«Материалдар кедергісінің» негізгі болжамдары.
- •Сыртқы күштер және олардың түрлері.
- •Ішкі күштер. Қима әдісі.
- •Кернеу және оның түрлері
- •Деформация және оның түрлері
- •2. Түзу сырықтардың cозылу –сығылу деформациясы
- •Созылу –сығылу деформациясы кезіндегі бойлық күш, тік кернеу
- •Созылу-сығылу кезіндегі күш жұмысы. Деформацияның потенциалдық энергиясы.
- •Созылу-сығылу кезіндегі статикалық анықталған және анықталмаған есептер.
- •Созылу-сығылу кезіндегі деформациялар. Гук заңы
- •3. Материалдардың механикалық сипаттамалары. Беріктік пен қатаңдыққа есептеу.
- •Материалдардың механикалық қасиеттері
- •Созылу диаграммалары.
- •Материалдардың сығылу диаграммасы
- •Созылу-сығылу кезіндегі беріктік шарты және беріктік есептері.
- •Қауіпті және қауіпсіз кернеулер. Қор коэффициенті. Рұқсат етілетін кернеулер
- •4. Кернеулік және деформацияланған күй теориялары.
- •Кернеулік күйлер, оның түрлері.
- •Бас кернеулер және бас аудандар.
- •5. Ығысу деформациясы.
- •Ығысу. Ығысу кезіндегі Гук заңы. Ығысу кезіндегі деформация.
- •Ығысуға практикалық есептеулер
- •Ығысу деформациясының потенциалдық энергия.
- •6. Жазық көлденең қималардың геометриялық сипаттамалары.
- •Статикалық моменттері. Ауырлық ортасының координаталары.
- •Қиманың остік, полярлық және ортадан тепкіш инерция моменттері.
- •Параллель осьтерге қатысты инерция моменттерінің арасынағы тәуелділік.
- •Бас инерцияның моменттері мен бас осьтері.
- •7. Түзу сырықтың бұралуы.
- •Бұралу кезіндегі бұраушы момент.
- •Бұралу кезіндегі жанама кернеу және деформация (бұралу бұрышы).
- •Бұралу кезінде беріктікке пен қатаңдыққа есептеу
- •8. Түзу сырықтың иілу деформациясы.
- •8.1 Сурет
- •Арқалықтар мен тірек байланыстардың негізгі түрлері. Тірек әсерлері.
- •Иілу кезіндегі ішкі күштер м, q және q арасындағы дифференциалдық тәуелділіктер.
- •Июші моменттер мен көлденең күштердің эпюрлерін салу.
- •Интегралдау әдісі. Бастапқы параметрлер әдісі.
- •Кез келген күш түсірілген сырықтың потенциялық энергиясы
- •Кастилиано теоремасы
- •Мор интегралы
- •Верещагин тәсілі
- •Жұмыс пен орын ауыстырудың байланысы туралы теоремалар
- •10. Статикалық анықталмаған жүйелер
- •Негізгі жүйелерді таңдау. Статикалық анықталмау дәрежесі
- •Анықталмаған жүйені күш әдісімен есептеу
- •Күш әдісінің канондық теңдеулері
- •11. Пластикалық және беріктік теориялары
- •Беріктіктің бірінші, екінші және үшінші классикалық теориялары.
- •Беріктіктің iy- энергетикалық теориясы
- •Мордың беріктік теориясы.
- •12. Күрделі қарсыласулар.
- •Күрделі қарсыласулар. Қиғаш иілу.
- •Енді серіппеге арналған беріктік шартын қарастырамыз:
- •13. Серпімді жүйенің орнықтылығы.
- •Негізгі түсініктер. Критикалық күш туралы ұғым
- •14. Уақытқа байланысты дүркінді өзгеретін кернеу жағдайындағы беріктік.
- •Уақытқа байланысты циклды өзгеретін кернеу және оның әсері.
- •15. Динамикалық күш әсері
- •Динамикалық күш
- •Соққы әсерін есептеу. Соққы кезіндегі динамикалық тұтқырлық
Материалдардың сығылу диаграммасы
Сығылу деформациясына сынауға куб немесе цилиндр пішінді үлгілер пайдаланылады .
Цилиндр пішінді үлгі бойлык, сығушы күш әсерінен иіліп деформацияланып, орнықтылығын жоғалтпас үшін онын биіктігін диаметрінен үш есе үлкен немесе одан шамалы кіші eтiп қабылдайды.
Үлгілер арнайы сығу престерінде сыналады. Пластикалық (созымды) материал — аз көміртектi болаттын сығу диаграммасы 3а-суретте көрсетілген. Сығылу диаграммасынан алынатын серпімділік және 6epiктік сипаттамалары - бпц, бсш, баш созылу диаграммасынан алынатын дәл осындай сипаттамалармен өзара бірдей.
.
3-сурет
Кернеу аққыштық шегінен өткеннен кейін үлгі қирамай, үлкен пластикалық деформацияға ұшырап, бастапқы пішінін өзгертеді. (3-сурет).Бұл диаграммадан 6epiктік шeгi, қалдық салыстырмалы сығылу сияқты механикалық сипаттамаларды алуға мүмкіндік жоқ.
Шойын сынаманын сығылу (1-диаграмма) және созылу (2-диаграмма) диаграммалары 3-суретте көрсетілген. Бұл диаграммаларға қарап, барлық морт материалдарға тән қасиет, сығу 6epiктік шегін созу 6epіктік шегінен біршама үлкен екенін байқауға болады. Сыртқы сығатын күштің әсерінен шойын сынама ең үлкен жанама кернеу жазықтығында ығыса деформацияланып, екіге бөлінеді (3-сурет), ал жанасу беттеріне парафин жағылған және сыланбаған тас үлгінің қирау ерекшеліктері әртүрлі болады.
Құрылыста кеңінен колданылатын ағаш анизотропты материалдарға жатады, яғни қасиеттері бағытқа байланысты әр түрлі болып келеді.
Созылу-сығылу кезіндегі беріктік шарты және беріктік есептері.
Созылу-сығылу кезіндегі беріктіктің шарты:
σ max = ≤ [σ] (3.8)
мұндағы [σ] – мүмкін тік кернеу.
Осы шарттан шығатын беріктіктің 3 есебін қарастырамыз:
1.Тексеру есебі: (3.8) шартын қолданып, беріктігін тексереміз:
Формуладан σ max = анықтап, оны [σ]-пен салыстырмыз.
2. Жобалау есебі: беріктіктің шартынан брустың көлденең қима ауданын және өлшемдерін таңдай аламыз:
А
(3.9)
3. Брустың күш көтеру қабілетін анықтау: беріктіктің шартынан брустың жүк көтеру қабілетін теңсіздік арқылы табамыз:
N≤ A[σ] (3.10)
Қауіпті және қауіпсіз кернеулер. Қор коэффициенті. Рұқсат етілетін кернеулер
Диаграммалардан пластиқалық материалдар үшін аққыштық шегі σа ш қауіпті кернеу, морт сынатын материалдардың қауіпті кернеуі- беріктік шегі σб ш. екенін анықтаймыз.
Конструкция элементтері қызметін сенімді атқару үшін оның көлденең қимасындағы ең үлкен кернеу қауіпті кернеуден біршама кіші болуы қажет. Бұл кернеу мына формуламен анықталады:
σmax = [σ] = σқ / n , (13)
мұндағы [σ] – мүмкіндік кернеу, элементтің сенімді қызмет атқару қабілетін сипаттайды.
n- беріктік қоры коэффициенті , мүмкіндік кернеудің қауіпті кернеуден неше есе кіші екенін көрсетеді,
σқ - қауіпті кернеу.
4- ДӘРІС
