Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Общая геология каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
289 Кб
Скачать
☆

2 Бөлім. Жер туралы мәліметтер Тақырып 2.1 Жердің геодезиялық сипаттамасы

Жердің геодезиялық сипаттамасы. Жер қозғалысының формалары. Жердің Күннен және өз осінен айнала қозғалуы. Жер формасы. Сфероид және геоид туралы түсінік. Жердің көлемі. Полярлы және экваторлық радиустар, меридиан мен экватордың ұзындығы. Жер бетінің ауданы және Жердің көлемі. Жер бетінің бедері. Дүниежүзілік мұхит және оның құрамдас бөліктері: мұхиттар, ішкі және сыртқы теңіздер. Материктер. Материктік бедердің басты элементтері.

Тақырып біткен соң оқушылар міндетті:

Білу:

- Жердің жалпы геодезиялық сипаттамасын

-Жердің көлемі, құрлықтық пен мұхиттік бедерінің негізгі элементтері,

Меңгеру:

- физико-географиялық және геоморфологиялық карталарда жер беткейінің пішінін және бедер пішінінің элементтерін анықтау

Қалыптастыралатын құзырлықтар:

Базалық:

- керек ақпараттарды жинау және жүйелеу;

Кәсиби:

- кәсіби терминдарды дұрыс пайдалану, тәжірибе жұмыстарда ой-өрістерді қалыптастыру үшін геологиялық ақпараттарды жинау және жүйелеу;

Бақылау сұрақтары:

  1. Жер қандай қозғалыс түрлеріне қатысады?

  2. Жердің формасы қандай? Геоид дегеніміз не?

  3. Жер радиустары неге тең? Оның тығыздық үлкендігі

  1. Континент бедерінің негізгі элементтерін атаныз. Олардың сипаттамасын берініз.

  2. Мұхит бедерінің негізгі элементтерін атаныз.

  3. Қалыпты ауырлық күші дегеніміз не? Экватордаң полюстарға қарай мәні қалай өзгереді?

  4. Ауырлық күштің қалыпсыздығы дегеніміз не?

  5. Ауырлық күштің қалыпсыздық дұрыс және ұнамсыз мәніне тұсіндіру берініз.

  6. Жердің тығыздығы қандай? Жер қыртысының, мантияның ядроның тығыздықтары қандай?

Тақырып 2.2 Жердің физикалық қасиеттері

Гравитациялық қасиеттер. Жердің гравитациялық өрісі және оның ықпал ету сфералары. Ауырлық күші туралы, ауырлық күшінің аномалиялары туралы түсінік. Жердің және оның қабаттарының тығыздығы. Тау жыныстарының серпінді қасиеттері. Сейсмикалық толқындар және олардың табиғаты. Тығыздықты анықтау әдістері. Магниттік қасиеттер. Жердің магнитосферасы және геомагниттік полюстер. Магниттік дауылдар және поляр шұғылалары. Магниттік аномалиялар. Жердің радиациялық белдеуі және жер тіршілігіндегі оның маңызы.

Радиациялық қасиеттер. Жердің радиациялық фоны туралы түсінік. Тау жыныстарының радиоактивті қасиеттері. Жердің жылу өрісі. Ішкі және сыртқы жылу. Геотермиялық саты және градиент туралы түсінік. Терең жылу ағындары.

Тақырып біткен соң оқушылар міндетті:

Білу:

-Жердің физикалық қасиеттерін

Меңгеру:

-физикалық қасиеттерді түсіндіру және баяндау (тығыздықты, қысымын, температурасын) және Жердің геофизикалық өрісін (гравитациялық, магниттық, тоқтық, радиациалық).

Қалыптастыралатын құзырлықтар:

Базалық:

- нәтижеге сапалы жұмыс істеу;

Кәсиби:

- кәсіби терминдарды дұрыс пайдалану, тәжірибе жұмыстарда ой-өрістерді қалыптастыру үшін геологиялық ақпараттарды жинау және жүйелеу;

Бақылау сұрақтары:

  1. Жердің магнитті полюстары қайда орналасқан?

  2. Магнитосфераның манызы қандай?

  3. Магнитті боран дегеніміз не? Магнитті аномалия?

  4. Магнитті беткей дегеніміз не? Еністері? Кернеулілік?

  5. Бірқалыпты қызу белдеуі дегеніміз не?

  6. Оның терендік орналасуы қандай факторлардан тәуілді болады?

  7. Геотермиялық саты дегеніміз не?

  8. Геотермиялық градиенті дегеніміз не?

  9. Тау жыныстарының радиоактивті қасиеттерін қандай ғылым зерттейді.

  10. Жердің физикалық қасиеттерді зерттеу нтижесінде қандай геофизикалық барлау әдістері пайда болды?