- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Химиялық лабораторияларда жұмыс істеу ережелері
- •Реактивтерді пайдалану ережелері
- •Лабораторияда жұмыс істегенде қолданылатын сақтық шаралары
- •1.1 Термодинамиканың жанды жүйелердегі негізгі заңдылықтары
- •Термодинамикалық заңдылықтарды жанды ағзаларда қолдану
- •Термодинамиканың негізгі бастамалары және заңдары
- •1.1.2 Термодинамиканың бірінші заңы
- •1.1.3 Термодинамиканың екінші заңы
- •1.1.4 Гиббс энергиясы. Гельмгольц энергиясы
- •1.1.5 Термодинамиканың үшінші заңы
- •1.2 Химиялық кинетика
- •1.2.1 Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуін заттардың табиғатының әсер етуі
- •Реакция жылдамдығына катализатордың (өршіткінің) әсері
- •1.2.2 Химиялық реакциялардың кинетикалық жіктелуі
- •1.2.3 Ферменттер және олардың құрылысы туралы жалпы түсінік
- •1.3 Ерітінділер туралы ілім
- •1.4 Буферлік жүйелер мен ерітінділер туралы түсініктер, олардың құрамы және жіктелуі
- •1.4.1 Буферлiк жүйелердiң рН–ына әсер ететiн факторлар
- •1.4.2 Организмнің буферлiк жүйелерi. Бикарбонаттық және фосфаттық буферлiк ерiтiндiлердiң әсер ету механизмi
- •1.4.3 Буферлiк сиымдылық – буферлiк әсердiң өлшемi
- •1.5 Комплексті қосылыстар
- •Кейбір кең қолданылатын лигандтар
- •1.6 Тотығу-тотықсыздану реакциялары
- •1.6.1 Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрастыру және
- •1.7 Жоғарғы молекулалық қосылыстар
- •1.7.1 Жмқ туралы жалпы түсініктер, олардың жіктелуі және жалпы қасиеттері
- •1.7.2 Белоктардың ерітінділері - полиэлектролиттер және полиамфолиттер
- •1.7.5 Тұтқырлықтың биологиялық маңызы
- •(Онкотикалық) қысымы
- •1.7.7 Жмқ ерітінділерінің тұрақтылығының жойылуы. Тұздану механизмі
- •2.1 Cпирттер
- •2.1.1 Қаныққан бip атомды спирттер
- •2.1.2 Қанықпаған бір атомды спирттер
- •2.1.3 Екі атомды спирттер (гликольдер)
- •Үш атомды спирттер. Глицерин
- •2.2 Фенолдар және ароматты спирттер
- •2.2.1 Екі атомды фенолдар
- •2.2.2 Үш атомды фенолдар
- •2.2.3 Ароматты спирттер
- •2.3 Оксоқосылыстар
- •2.3.1 Оксотоптың құрылысы
- •Оксоқосылыстардың нуклеофильдік қосып алу реакциялары
- •Ацетальдегид ацетальдегидтің гидраты
- •2.4 Гетерофункционалдық қосылыстар
- •Аминді спирттер
- •Серин Коламин Холин
- •Гидроксиқышқылдар
- •Оксоқышқылдар
- •2.5 Аминқышқылдар. Ақуыздар
- •2.5.1 Ақуыздардың химиялық құрылысы
- •2.5.2 Ақуыздардың кеңістіктегі орналасуы
- •Ақуыздардың амфотерлігі
- •2.6 Көмірсулар
- •2.6.1 Олигосахаридтер (дисахаридтер)
- •2.6.2 Полисахаридтер
- •2.6.3 Көмірсулардың биологиялық ролі
- •2.7 Бір және екі гетероатомды бес мүшелі гетероциклдар
- •Дипиррилметан
- •Витамин в12 (цианкоболамин)
- •Фурацилин
- •Фуразолидон
- •2.7.1 Екі гетероатомды бес мүшелі гетероциклдар
- •Пиразолон – 5
- •2.7.2 Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар
- •Урацил (2,4 – дигидроксипиримидин) тимин (2,4–дигидрокси–5–метилпиримидин)
- •Цитозин (4–амин–2–гидроксипиримидин)
- •Птеридин
- •2.8 Нуклеин қышқылдары
- •2.8.1 Рибонуклеозидтер
- •2.8.2 Дезоксирибонуклеозидтер
- •1, 2 Немесе 3 фосфор
- •Аденозин-3′–фосфат (3′-амф) немесе 3′–аденил қышқылы
- •(Уридинмонофосфат, уридин – 5′ – фосфат,
- •2.8.5 Полинуклеотидтер және полирибонуклеотидтер
- •2.9 Липидтер
- •2.9.1 Майлардың қорытылуы және сіңірілуі
- •2.9.2 Липидтер. Фосфоацилглицериндер
- •2.9.3 Қаныққан (шектелген) майлы қышқылдар сабындар
- •2.9.4 Қанықпаған (шектелмеген) майлы қышқылдар
- •2.9.5 Глицеролипидтер. Ацилглицериндер (жай және аралас)
- •2.9.6 Фосфоглицеролипидтер (фосфатид қышқылы, фосфатидилсерин, фосфатилэтаноламин, фосфатидилхолин)
- •2.9.8 Изопреноидтардың жалпы сипаттамасы (сабындалмайтын липидтер)
- •2.9.9 Холестерин (құрылысы)
- •Холестерин
- •2.9.10 Гликокортикоидтар және минералдық ортикоидтар
- •Эстрадиол
- •Тестостерон Тесттер
- •Жауаптары
- •Қолданылған әдебиеттер
2.6.1 Олигосахаридтер (дисахаридтер)
Олигосахаридтер дисахаридтер, трисахаридтер, тетрасахаридтерге т.б. бөлінеді. Дисахаридтер күрделі заттар, гидролизденгенде екі моносахарид молекулаларына ыдырайды. Моносахарид молекуласындағы жартылай ацеталь тобы екінші молекуладағы жартылай ацеталь тобы немесе спирттік гидроксил тобымен әрекеттесіп, дисахарид молекуласын құрады. Егер дисахаридтегі жартылай ацеталь гидроксил тобы альдегид тобына айналса, онда альдегидтерге тән химиялық қасиеттер, яғни тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Дисахаридтер де моносахаридтер сияқты жай және күрделі эфирлер түзеді. Тотықсыздандырғыш қасиет дисахаридтің арасында мальтоза, лактоза, целлобиозаларға тән. Ал сахароза тотықсыздандырғыш қасиет көрсетпейді.
Мальтоза, целлобиоза, түзілу жобасы және гидролизі. Жартылай ацеталь тобының қасиеті
Мальтозаны крахмалдан алуға болады. Мальтоза екі молекула α-Д-глюкопираноза қалдықтарынан құралып, α (1,4) - гликозидтік байланысы арқылы жалғасқан.
Мальтоза альдегидтер мен спирттерге тән барлық реакцияларға қатысады және тотыөсыздандырғыш қасиеті болғандықтан Троммер реакциясына түседі.
Целлобиозаны полисахарид – целлюлозаны жартылай гидролиздеу арқылы алады. Целлобиоза екі β-Д-глюкопираноза молекуласы қалдықтарынан β-1,4-гликозидтік байланысы арқылы құрылған. Целлобиоза да тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
Лактоза, сахароза, түзілу жобасы және гидролизі
Лактоза (сүт қанты) сүтте кездеседі, көбінесе сүттің сары суынан алынады. Лактоза β-Д-галактопираноза мен α-Д-глюкопираноза қалдықтарынан тұрады, 1-4- гликозидтік байланыс арқылы жалғасқан.
Лактозаның альдегидтік формасы:
Лактоза молекуласында жартылай ацеталь гидроксил тобы болғандықтан тотықсыздандырғыш дисахаридтерге жатады. Лактоза ас қорыту процесі кезінде, ішек клеткаларында болатын лактаза ферментінің әсерінен ферменттік гидролизге ұшырайды:
Сахароза α-Д-глюкопираноза және β-Д-фруктофураноза молекулалрынан α-1-2- гликозидтік байланысы арқылы құрылған.
Сахарозаның басқа дисахаридтерден ерекшелігі, оның жартылай ацеталь гидроксил тобы болмайды, сол себепті тотықсыздандырғыш қасиет көрсетпейді.
Басқа дисахаридтерге қарағанда, сахарозаның гидролизі жеңіл жүреді, себебі оның құрамындағы фруктозаның бес мүшелі тұйық тізбегі тұрақсыз болып келеді.
2.6.2 Полисахаридтер
Полисахаридтер үлкен екі топқа бөлінеді:
Гомополисахаридтер – құрамы бірдей моносахарид молекулаларнына тұрады. Оларға: крахмал, гликоген және декстрандар жатады.
Крахмал екі түрлі фракциядан : α –амилоза мен α –амилопектиннен тұрады.
α–амилоза α – (1,4) гликозидтік байланысымен тізбектеліп жалғасқан α-Д-глюкопираноза қалдықтарынан тұрады.
α–амилопектинде α-Д-глюкопиранозаның қалдықтары α – (1,4) гликозидтік және α – (1,6) гликозидтік байланыстары арқылы тармақталып жалғасқан.
Крахмал ас қорыту жолдарында ферметтердің әсерінен гидролизденіп,
α – (1,4) –және α – (1,6) – гликозидтік байланыстары үзіледі.
Крахмал макромалекуласының ұсақталған қалдықтарға айналған түрін декстрин деп атайды: (С6Н10О5)п – гидролиз - (С6Н10О5)m m<n
Бактериялық негізді полисахаридтер декстрандар деп атайды. Олар емдеу практикасында қансыраған кезде қан тоқтаушы ретінде қолданылады, себебі декстран ертіндісі жабысқақ, оның бұл қасиеті қан плазмасының тұтқырлығына сәйкес келеді және онкоқысымды бір қалыпта ұстайды.
Гликоген жануарлар организміндегі өсімдік крахмалының структуралық және функционалдық аналогы болып саналады. Құрылысы бойынша ол – α –аминопектинге ұқсайды, бірақ оның тармақталған тізбегі үлкен болады. Аминопектинге қарағанда гликогеннің тармақталған молекуласы екі есе көп. Гликогеннің тканьдерде ыдырауы арқасында, организм өзіне керекті энертияны аденозин үшфосфат (АТФ) түрінде қабылдайды. Гетерополисахаридтер құрамы әр түрлі күрделі моносахаридтерден құралған.
Гетерополисахаридтер тобының ішіндегі маңыздылары гиалурон қышқылы, хондроитин - сульфаттары және гепарин.
Гуалурон қышқылы β-1,4-гликозидтік байланыс арқылы жалғасқан дисахаридтерден, ал дисахаридтік фрагмент β-(1,3)-гликозидтік байланыс арқылы жалғасқан Д–глюкурон қышқылының және N ацетил, Д–глюкозаминнің қалдықтарынан тұрады. Гиалурон қышқылы ерітіндісінің тұтқырлық қасиетіне байланысты микробтарға қарсы қорғаныш қызметі жоғары болады.
Хондроитин сульфаттары глюкурон қышқылы және 4-ші жағдайда сульфаттанған N ацетил галактозаминнің қалдықтарынан β-1,3-гликозидтік байланыс арқылы түзілген дисахаридтерден тұрады. Ал дисахаридтік фрагменттер өзара β-1,4-гликозидтік байланыс арқылы жалғасқан. Хондроитин сульфаттары белоктармен комплекс түрінде шеміршектерде, теріде, көздің белокты мүйізгек қабығында кіндік бауындакездеседі. Гиалурон қышқылына қарағанда тұтқырлық қасиеті төмен.
Гепарин жануарлар мен адам организмінің тканьдерінде, әсіресе, бауырда, өкпеде, жүректе және қаңқа еттерінде кездеседі. Медицинада гепариннің маңызы өте зор, оны қанның ұюын төмендету үшін (антикоагулянт) қолданады. Гепарин молекуласы Д-глюкурон және һ-идурон қалдықтарынан тұрады. Гепарин бауыр клеткасында, тағы басқа органдарда синтезделіп, бүйректе ыдырау процесі жүреді.
