Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пособие ОМ Химия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Птеридин

Гидрокси және аминдіптериндер табиғатта кең тараған, мысалы, 2–амин–6–метил–4–оксоптеридиннің қалдығы фоли қышқылының, ал 2,4–диоксоптеридин жанды ағзалардың өсу факторы болып есептелетін витамин В2 немесе рибофлавиннің құрамында болады.

2.8 Нуклеин қышқылдары

2.8.1 Рибонуклеозидтер

Нуклеозидтер көмірсу және азоттық негіздің қалдықтарынан құралады. Олар көмірсулы компоненттің табиғатына байланысты рибонуклеозид және дезоксирибонуклеозидтер болып бөлінеді. Нуклеинді азоттық негізден (пуринді немесе пиримидиндік) және β–рибофуранозаның қалдықтарынан құралған гликозидтер рибонуклеозидтер деп аталады. Олардың жалпы жобасы мынадай:

N–гликозидті байланыс

Негіз

Мұндағы: N – азоттық негіздер: тимин, цитозин, аденин, гуанин.

Азоттық негіз бен β–рибофураноза β– 1,3 немесе 1,9 гликозидтік байланыс арқылы жалғасады. Рибонуклеозидтерді атау үшін азоттық негіздің атына, оның табиғатына байланысты, пиримидинді болса –идин, ал пуринді болса –озин жалғауы жалғанады. Мұндай нуклеозидтерге уридин, цитидин, аденозин және гуанозин жатады. Рибонуклеозидтерге жататын нуклеотидтердің құрылысы:

Цитидин Ц (цитозин + рибоза)

β-1′,3–гликозидтік байланыс

Уридин У (урацил + рибоза)

β-1′,3–гликозидтік байланыс

Гуанозин (гуанин + рибоза)

β-1′,9–гликозидтік байланыс

Аденозин (аденин + рибоза)

β-1′,9–гликозидтік байланыс

2.8.2 Дезоксирибонуклеозидтер

Нуклеинді азоттық негіздерден (пуринді немесе пиримидинді) және β–дезоксирибофуранозадан құралған гликозидтерді дезоксирибонуклеозидтер деп аталады.

Азоттық негіздер мен β–2–дезоксирибоза β– 1,3– немесе β– 1,9– гликозидтік байланыс арқылы байланысады. Олардың аттары пиримидиндік азоттық негіздердің аттарына –идин, ал пуриндік азоттық негіздердің аттарына –озин жалғауларын және алдында дезокси– жұрнағын қосып жазу арқылы құрастырылады. Мұндай нуклеозидтерге дезокситимидин, дезоксицитидин, дезоксиаденозин және дезоксигуанозин жатады. Дезоксирибонуклеозидтерге жататын нуклеозидтердің құрылысы мынадай:

Дезокситимидин д.Т.

(2–дезоксирибоза + тимин)

Дезоксицитидин д.Ц.

(2–дезоксирибоза + цитозин)

Дезоксиаденозин д.А.

(2–дезоксирибоза + аденин)

Дезоксигуанозин д.Г.

(2–дезоксирибоза + гуанин)

N–гликозидтерге жататын нуклеозидтер қышқылдық ортада жақсы гидролизденеді де, әлсіз сілтілік ортада тұрақты болады. Олардың ішінде пуринділер оңай, ал пиримидинділер қиындау гидролизденеді. Жасушаларда кәдімгі нуклеозидтерден басқа минорлы нуклеозидтер де кездеседі, мысалы 3–метилуридин, дигидроуридин т.б. Кейбір жасушада кездесетін нуклеозидтердің антибиотикалық қасиеттері болады, олар сол себепті антиметаболиттердің (кордицепин) ролін атқарады.

Пиримидинді немесе нуринді азоттық негізден, көмірсулы компоненттен (рибоза немесе дезоксирибоза) және бір, екі немесе үш молекула фосфор қышқылының қалдықтарынан тұратын күрделі заттар нуклеотидтер деп аталады.

Нуклеотидтер күрделі химиялық қосылыстар, олардың құрамына:

  1. Пиримидинді немесе пуринді азоттық негіз;

  2. көмірсу компоненттері (рибоза немесе 2–дезоксирибоза);

  3. бір, екі немесе үш молекула фосфор қышқылының қалдықтары кіреді.

Нуклетидтердің жалпы жобасын былай көрсетуге болады: