Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕТКИЗГЕНОВА КУЖАТ КЕШЕН(3).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198 Кб
Скачать
☆

4. Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

5-кесте

№

Оқу және оқу-әдістемелік құралдың атауы, авторы, басылымы, шыққан жылы

Білімді басқарудың республикалық органдарының грифі, ОӘБ

Көлемі

(бет)

Берілген әдебиетті пайдаланатын студенттер саны

Кітапхана-дағы кітап саны (кафедрада)

Студенттердің әдебиетпен қамтамасыз етілуі,

%

Негізгі әдебиет

1

Дүйсембекова Л. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу». Оқу құралы. Алматы, «Ана тілі», 2000.

ҚР БжҒМ ұсынған

208

25

25

100

2

Салагаев В. ,.Шалабай Б. «Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг». Алматы, «Раритет», 2002.

ҚР БжҒМ ұсынған

407

25

25

100

3

Оразбаева Ф.Ш., Мұхамади Қ.Т. Мемлекеттік тілдегі іс қағаздар. Алматы, 2006

ҚР БжҒМ ұсынған

145

25

25

100

4

Асқаров Н. т.б. Іс қағаздарын жүргізу негіздері. Алматы, 2007

ҚР БжҒМ ұсынған

253

25

7

20

5

А.Алдашева, З.Ахметжанова.. «Ресми іс қағаздары». Алматы, 2002

ҚР БжҒМ ұсынған

325

25

18

72

Қосымша әдебиет

1

М.Қасымбеков. «Екі тілде іс жүргізу». Алматы, 1994.

ҚР БжҒМ ұсынған

312

25

5

38

2

Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу. /журнал/

95

30

48

100

Практикалық сабақтар

№1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ.

Тақырыбы: «Мемлекетік тілде іс жүргізу» пәні.

  1. Іс қағаздарының қоғам саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» тіл саясатын жүзеге асырудың негізгі іс-шаралары белгіленеді. Соның бірі – іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту. Осы орайда 1999 жылдан бастап жоғары оқу орындарында «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсы оқытыла бастады. Іс қағаздарды дұрыс меңгеру осы курс бойынша бағдарламалар мен оқулықтардың, сөздіктер мен көмекші құралдардың сапалы болуына тікелей байланысты. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсының бағдарламасы құжаттарды толтырудың мемлекеттік ережелеріне сүйеніп жасалды. Пәннің мақсаты – студенттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету, құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойылатын талаптарды, олардың безендірілуін, жете меңгеру, іс қағаздар стилінің өзіндік лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсының бағдарламасы негізгі 2 бөлімнен тұрады: теориялық курс және практикалық сабақтар. Жоғары оқу орындарының оқу жоспары бойынша «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге» арналған лекциялық курстың көлемі шағын. Бұл пән негізінен практикалық курсқа лайық, өйткені практикалық сабақтар кезінде жазба жұмыс түрлерін нақтылы үлгімен талдап отыруға мүмкіндік мол. Бағдарламаның соңында «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсы бойынша баспадан шыққан арнайы еңбектеркөрсетілді, оларды оқу процесінде керегіне қарай қолдануға болады.

  1. Іс қағаздарын қазақша жүргізу пәнінің міндеті мен мақсаты.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі.

Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы зор. Мемлекеттің немесе қала мен кәсіпорынның тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Іс қағаздары, яғни құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.

Іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен кәсіпорындардың, мекемелердің қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Ал Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу – мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген жүйесі.

Құжаттау дегеніміз – кез-келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс, сондай-ақ құжаттарды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, мұрағатқа дайындау сияқты толып жатқан жұмыстар кіреді.

Адам өмірі құжаттармен тікелей байланысты. Адам дүниеге келгенде оған алғашқы құжат – тууы туралы куәлік беріледі. 16 жасқа келгенде жеке басын растайтын құжат – жеке куәлік алады. Мектепті бітіргендігі – орта білім туралы аттестатпен расталады. ЖОО-на түсу үшін түрлі үлгідегі іс қағаздарын жазады. ЖОО-н бітірген шақта диплом беріледі. Жұмысқа орналасу барысында арыз, түйіндеме, жеке іс парағы, т.б. іс қағаздарын жазады. Өмірдің түрлі жағдайында сенімхат, қолхат, түсініктеме жазуға, еңбек келісімін жасауға, өмірбаян мен мінездеме жазуға, жеделхат, телефонхат, факс жіберуге тура келеді.

Іс қағаздарының түрлері күнделікті адам өмірі мен қоғамда да зор қызмет атқаратын болғандықтан, іс қағаздарын қазақша жүргізу – пән ретінде жоғары және орта дәрежелі арнаулы оқу орындарында оқытыла бастады. Бұл пәннің міндеті:

1. Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.

2. Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.

3. Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, мұрағат ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.

4. Мемлекетіміздің болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы ролінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету.

5. Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.

Іс қағаздарының негізі, стилі халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени өркендеуімен, әдеби тілдің дамып, жанрлық тармақталуымен, қоғамдық қызметінің артуымен байланысты дамып, жетіліп отырған. Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы өте ертеден басталып, екі түрлі арнадан сусындаған:

1. Сонау көне дәуірден бері үзілмей келе жатқан хан жарлықтары және басқа да ресми құжат үлгілері.

2. Қазақ жерінің Россия мемлекетінің қол астына кіруімен байланысты қазақ тіліне аударылып таратылған орыс әкімшілік орындарының бұйрық-жарлық құжаттары, заңдары, қатынас қағаздары. Яғни, қазіргі қазақ ресми іс қағаздар тілінің өзіндік тарихы бар құбылыс.

Іс қағаздарын қазақша жүргізуді қалыптастыру үлкен де жауапты іс. Сондықтан бұл пәннің мақсаты – іс қағаздарын жазудағы, оның стандарт нұсқаларын қалыптастырудағы өркениетті елдер тәжірибесіне сүйене отырып, ана тілінің өз заңдылықтарын сақтап, өз мүмкіншілігін сарқа пайдалана отырып ұлттық іс қағаздарын қалыптастыру.

Негізгі әдебиеттер: 1 (3-14 бб), 2 (3-8), 3 (8-20 бб).

Қосымша әдебиеттер: 8(3-8 бб), 4 (6-12 бб)

№ 2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Құжаттар және олардың түрлері

  1. Құжат, оның мағынасы.

Құжат - латын тілінде «үлгі», «дәлелдеу тәсілі» деген мағына береді. Бүгінгі қолданыста оның негізгі 3 мағынасы бар: 1) қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (мысалы, жол жүруге деген құқықты) растайтын іс қағазы; 2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат); 3) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (мысалы, ескі грамоталар).

.