Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕТКИЗГЕНОВА КУЖАТ КЕШЕН(3).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198 Кб
Скачать
☆

2.3. Хіх ғасырдың іі жартысындағы ресми іс қағаздар тілі.

ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында Қазақстанның Россияға қосылу процессі толық аяқталды. Осыған орай жергілікті халықпен қарым-қатынасты нығайту үшін патша үкіметі әрбір әкімшілік бөлікте екі тілді (орысша-қазақша) газеттер шығара бастады. Бұл кезеңде қазақ жерінде білім көздері пайда бола бастайды. Ресми іс қағаздар мазмұны мен адресаттарына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Ең алдымен патша үкіметі тарапынан жазылған бұйрық-жарлықтар, ережелер. Екінші топты заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтама т.б. құрайды. Үшінші топта жеке адамдардың ресми органдарға жазған арыз, өтініштері жатады. ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қазақша ресми іс қағаздарының өз алдына стилі болды.

Рефераттар тақырыбы:

  1. «ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы ресми іс қағаздары».

  2. «ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы ресми іс қағаздарының орфографиялық ерекшеліктері».

  3. «ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы ресми іс қағаздарының грамматикалық ерекшеліктері».

  4. «ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағыәкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары».

  5. «ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелер».

  6. «ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы эпистолярлық стиль материалдары».

Тапсырма:

ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының бір үлгісін конспектілеңіз.

2.4. Алғашқы қазақ газеттерінің ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы ролі.

ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында Қазақстан толықтай Россия мемлекетінің қол астына кіруінің аяқталуымен тікелей байланысты. Қазақстан территориясы 3 генерал-губернаторға бағынған 6 облысқа бөлінді, ал облыстар уезге, уездер болыстарға, олар ауылдарға бөлінді. Патша үкіметі бұл кезде өзінің отаршылдық саясатын жүргізуде татар тілмаштарының «көмегінен» бас тартып, қазақтың ұлттық буржуазиясына арқа сүйей бастады. Патша әкімшілігінің бұйрық-жарлықтарын жергілікті әкімдерге өз тілінде жеткізу, отаршылдық саясатты күшейте түсу, өкілеттік құжаттарды жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындаттыру, патша үкіметінің ресми көз қарастарын халық арасына кең тарату мақсаты қазақ тілінде шығатын газетті қажет етті. Сөйтіп, алғашқы газеттер жергілікті әкімдердің қазақ елін басқару ісін жеңілдету ниетімен шығарыла бастады.

Ташкентте 1870-1882 жылдары «Түркістан уалаятының газеті», Омбыда 1882-1902 жылдары «Дала уалаятының газеті», 1895 жылдан бастап Троицкіде «Торғай газеті» шығып тұрды. Бұл газеттер ресми орган болуына қарамастан қазақ әдеби тілін дамытуға, оның бір тармағы ресми іс қағаздар тілін дамытуға үлкен үлес қосты.

Рефераттар тақырыбы:

  1. «Алғашқы қазақ газеттерінің шығуының себептері».

  2. «Түркістан уалаятының газеті».

  3. «Дала уалаятының газеті».

  4. «Алғашқы қазақ газеттерінің тіліндегі фонетика-орфографиялық ерекшелігі».

  5. «Алғашқы қазақ газеттерінің лексикасы».

2.5. Хх ғасырдың басындағы ресми іс қағаздар тілі.

ХХ ғасырдың басында оқу-ағарту жұмыстары, мәдениет және өнер-білім салалары жандана түсті. Функционалдық стильдерді, оның ішінде біз қарастырып отырған ресми іс қағаздар стилін қалыптастырып отыратын негізгі база – баспасөз болып табылады. ХХ ғасырдың басында жарық көрген «Қазақ газеті», «Қазақстан» газеті (1911-1913), «Айқап» журналы (1911-1915), «Садақ» журналы (қолжазба 1915-1918) т.б. газет-журналдар қазақтың жазба әдеби тілін, оның стильдік тармақтарын әрі қарай дамытуда орасан зор қызмет атқарды. Ресми іс қағаздар тіліне тән көптеген сөздер мен грамматикалық единицалардың тұрақталуына осы кезеңдегі баспасөз тілінің маңызы айтарлықтай болды. Кейінгі ресми іс қағаздар тілінен мықтап орын алған жаңа сөздер мен тілдік үлгілердің көбі-ақ алғаш газет-журнал беттерінде қолданыла бастады.

Бұл жылдардағы маңызды айрықша, ең елеулі тарихи оқиға – Қазақстанда Совет үкіметінің орнауы, яғни 1920 жылы ҚазақАССР-і құрылуы. Осы жағдайға байланысты социалистік құрылыс барлық салада жаппай қолға алынды.

1919 жылдың 26 желтоқсанда В.И.Лениннің қолымен Халық комиссарлар Советі еңбекші бұқараның сауатсыздығын жою туралы шаралар белгіледі. Сол шаралардың іске асу нәтижесінде аз жылдың ішінде мекемелерді кадрлармен қамтамасыз етуге, іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге байланысты тиісті жағдайлар жасалды. Содан кейін ресми іс қағаздар стилі жедел дами бастады: әр түрлі қатынас қағаздар, қаулы-қарарлар, нұсқаулар, указдар, актілер, мінездеме, рапорт, шарт, бұйрық, есеп, протокол, өкім сияқтылардың әрқайсысының сөздеріне тән құрылысы, терминологиясы т.б. стильдік ерекшеліктері жасалды.

Рефераттар тақырыбы:

  1. «Айқап» журналының ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі».

  2. «1920-30 жылдардағы ресми іс қағаздар тілі».

  3. «1920-30 жылдардағы ресми іс қағаздар тіліндегі пуризм».