- •Құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу және ұйымдастыру
- •Мазмұны:
- •Типтік оқу бағдарламасы
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- •Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
- •Теориялық бөлім.
- •Іс қағаздары мен ресми құжат стилі.
- •Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы.
- •Іс қағаздарды жазудың жалпы тәртібі.
- •Практикалық бөлім.
- •Іс қағаздарының түрлері.
- •Әдебиеттер:
- •Силлабус
- •1. Оқытушы туралы мәлімет:
- •Пән туралы мәліметтер
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •7. Пәннің саясаты мен процедуралары:
- •8.Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •8.1. Курстың тақырыптық жоспары
- •9. Курстық жоба тақырыптары (оқу жұмыс жоспарында қарастырылмаған).
- •10. Соөж тапсырмалары мен орындау кестесі
- •11. Аралық, қорытынды бақылау сұрақтары
- •12. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •3. «Құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу және ұйымдастыру» пәні бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
- •Практикалық сабақтар
- •Іс қағаздарының қоғам саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы.
- •Құжаттарды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша топтастыру
- •Өмірбаян
- •2. Мінездеме
- •1.Жеке іс парағы.
- •2. Еңбек кітапшасы.
- •Қызметтік хаттар және олардың түрлері
- •Анықтама.
- •Баяндау хат.
- •Жеделхат
- •Түсініктеме.
- •Хабарландыру.
- •Визит карточкалары
- •Телефонхат.
- •Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Бұйрық туралы түсінік.
- •2. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар.
- •3.Жеке құрам бойынша бұйрықтар.
- •Хаттама, оның құрылымдық бөліктері мен түрлері. Қаулы. Шешім
- •Сенімхат.
- •2.Қолхат.
- •1.Ұйым нысандарын іздестіру. Фирма жарғысы. Құрылтай шарты.
- •1. Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер. .Лауазымдық нұсқаулықтар.
- •7. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқауы і бөлім. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні, оның міндеттері мен қазіргі кездегі маңызы.
- •Іі бөлім. Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы.
- •2.1. Хүііі ғасырдағы ресми іс қағаздары.
- •2.2. Хіх ғасырдың і жартысындағы ресми іс қағаздар тілі.
- •2.3. Хіх ғасырдың іі жартысындағы ресми іс қағаздар тілі.
- •2.4. Алғашқы қазақ газеттерінің ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы ролі.
- •2.5. Хх ғасырдың басындағы ресми іс қағаздар тілі.
- •Ііі бөлім. Ресми іс қағаздар тілі – қазақ әдеби тілінің бір тармағы.
- •Әрбір сабақта студентке тиісті ең жоғарғы ұпай мөлшері көрсетілген пәннің күнтізбелік жоспары
- •8. Курстық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары
- •9. Сөж және соөж тапсырмалары
- •10. Оқу, өндірістік және дипломалды іс-тәжіибелерден өтудің әдістемелік нұсқауы және есептілік құжаттарының нысаны
- •11. Студенттің білімін бағалау және бақылау материалдары
- •12. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі.
- •Үі тарау. Тест сұрақтарының қоры.
8. Курстық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары
(Пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкес курстық жоба жоспарланбаған)
9. Сөж және соөж тапсырмалары
1-тақырып. Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі.
Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі.
Жұмыс түрі: Сұрақтарға жауап беру, конспект
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. ХҮІІІ ғасырдағы ресми іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктері және лексикасы.
2. Грамматикалық ерекшеліктері.
3. Синтаксистік ерекшелігі
Әдістемелік нұсқау: Сабақта студент мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу негіздерін, «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсының маңызы, мақсатын меңгеру керек. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, іс қағаздары туралы ұғым, іс қағаздарына қатысты негізгі түсініктер мен анықтамалар, іс қағаздарын жүргізудің кезеңдері. түсіндіріледі. Осы тақырып бойынша жазылған баяндама тақырыптарын тыңдап, талдау жасау керек.
Әдебиеттер:
1. Дүйсембекова Л. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу». Оқу құралы. Алматы, «Ана тілі», 2000.
2. Салагаев В. ,.Шалабай Б. «Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг». Алматы, «Раритет», 2002.
3. Асқаров Н. т.б. Іс қағаздарын жүргізу негіздері. Алматы, 2007
4. Оразбаева Ф.Ш., Мұхамади Қ.Т. Мемлекеттік тілдегі іс қағаздар. Алматы, 2006
5. Есімжанова Г.Т., Сейілхан А.Қ. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Өскемен, 2005
№2 -тақырып. «ХІХ ғасырдың 1-ші жартысындағы ресми іс қағаздар тілі».
Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың 1-ші жартысы патша үкіметінің Қазақстан жерін отарлау әрекетінің ең бір шешуші кезеңі болғандығы. Қазақ даласының көптеген жері Ресей империясының қол астында болып, билік патшаның қолында болды. ХІХ ғасырдың 1-ші жартысында қазақ тілін танытатын көркем әдебиет үлгілерімен қатар ресми-эпистолярлық әдебиеттің дамуы.
Жұмыс түрі: конспект
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. ХІХ ғасырдағы ресми іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктері және лексикасы.
2. Грамматикалық ерекшеліктері.
3. Синтаксистік ерекшелігі
Әдістемелік нұсқау: Ұсынылған әдебиеттердегі ХІХ ғасырдағы ресми іс қағаздар жайында толық мағлұмат алуы керек. ХІХ ғасырдағы ресми іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктері және лексикасы туралы деректерді зерттеушiлер пікірлеріне сүйене отырып баяндайды. Грамматикалық ерекшеліктері, синтаксистік ерекшеліктеріне талдаулар жасалынады. Өз бетінше ізденіп, ХІХ ғасырдағы ресми іс қағаздаға қатысты зерттеу еңбектерді қарау көзделеді.
Әдебиеттер:
1. Дүйсембекова Л. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу». Оқу құралы. Алматы, «Ана тілі», 2000.
2. Салагаев В. ,.Шалабай Б. «Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг». Алматы, «Раритет», 2002.
3. Асқаров Н. т.б. Іс қағаздарын жүргізу негіздері. Алматы, 2007
4. Оразбаева Ф.Ш., Мұхамади Қ.Т. Мемлекеттік тілдегі іс қағаздар. Алматы, 2006
№3-тақырып. «ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы ресми іс қағаздары».
Сабақтың мақсаты: Патша әкімшілігінің бұйрық-жарлықтарын жергілікті әкімдерге өз тілінде жеткізу, отаршылдық саясатты күшейте түсу, өкілеттік құжаттарды жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындаттыру, патша үкіметінің ресми көз қарастарын халық арасына кең тарату мақсаты қазақ тілінде шығатын газетті қажет еткендігі. Алғашқы газеттердің қоғамдағы өзгерістер мәнін танытуына талдау жасалады. Қазақ әдеби тілін дамытуға, ресми іс қағаздар тілін дамытуға қосқан үлкен үлесі.
Жұмыс түрі: Реферат
Тапсырмалар мен сұрақтар:
ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы ресми іс қағаздар ресми іс қағаздарының орфографиялық, грамматикалық ерекшеліктері
Әдебиеттер:
1. Б.Әбілқасымов «Алғашқы қазақ газеттерінің тілі». Алматы, 1971.
2. Дүйсембекова Л. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу». Оқу құралы. Алматы, «Ана тілі», 2000.
3. Р.Сыздықова. «Қазақ әдеби тілінің тарихы». Алматы, 1993.
4. Асқаров Н. т.б. Іс қағаздарын жүргізу негіздері. Алматы, 2007
5. Оразбаева Ф.Ш., Мұхамади Қ.Т. Мемлекеттік тілдегі іс қағаздар. Алматы, 2006
№4 -тақырып. «ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы эпистолярлық стиль материалдары».
Сабақтың мақсаты: Ресми іс қағаздар мазмұны мен адресаттарына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Ең алдымен патша үкіметі тарапынан жазылған бұйрық-жарлықтар, ережелер. Екінші топты заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтама т.б. құрайды. Үшінші топта жеке адамдардың ресми органдарға жазған арыз, өтініштері жатады. ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қазақша ресми іс қағаздарының өз алдына стилі болды.
Жұмыс түрі: Реферат
Тапсырмалар мен сұрақтар:
.
Ш.Уәлиханов пен Н.Ильминский хаттарының ерекшеліктері маңызы
ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағыәкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары
ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелер
ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы эпистолярлық стиль материалдары
Әдебиеттер:
1. Дүйсембекова Л. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу». Оқу құралы. Алматы, «Ана тілі», 2000.
2. М.Қасымбеков. «Екі тілде іс жүргізу». Алматы, 1994.
3. Асқаров Н. т.б. Іс қағаздарын жүргізу негіздері. Алматы, 2007
4. Оразбаева Ф.Ш., Мұхамади Қ.Т. Мемлекеттік тілдегі іс қағаздар. Алматы, 2006
№5-тақырып. Алғашқы қазақ газеттері
Сабақтың мақсаты: Тіл мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарды. Осыған орай тілдің түрлі стильдік тармақтары пайда болады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары туралы толық мағлұмат беру.Стиль дегеніміз - өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі.
Жұмыс түрі: Реферат
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1.«Түркістан уалаятының газеті».
2.«Дала уалаятының газеті».
3.Алғашқы қазақ газеттері тілінің фонетика-орфографиялық ерекшелігі».
4. «Алғашқы қазақ газеттерінің лексикасы».
Әдістемелік нұсқау: Қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдік түрлері. Стиль дегеніміз - өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі туралы көзқарасын зерделеу. Ресми стильге заң, устав, үкімет органдарының қаулы-қарарлары, халықаралық шарт т.б. осылар сияқты мемлекеттік құжаттар жататынын оқыған, конспектілеген жұмыстары арқылы әңгімелеп береді Ресми стильге саяси-публицистикалық лексика мен әкімшілік терминдерінің қолданылатындығын зерттеген ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, нақты мысалдармен талдаулар жасай отырып, өзіндік ойларын да айтуға тиіс.
Әдебиеттер:
1. Дүйсембекова Л. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу». Оқу құралы. Алматы, «Ана тілі», 2000.
2. А.Алдашева, З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменова. «Ресми іс қағаздары». Алматы, 2002.
3. Салагаев В. ,.Шалабай Б. «Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг». Алматы, «Раритет», 2002.
4. Р.Сыздықова. «Қазақ әдеби тілінің тарихы». Алматы, 1993.
№6-тақырып. ХХ ғасырдың басындағы ресми іс қағаздар тілі
Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы ресми іс қағаздар тілімен танысу.
Жұмыс түрі: конспект
Тапсырмалар мен сұрақтар:
«Айқап» журналының ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі».
ХХ ғасырдың басындағы ресми іс қағаздар ті
Әдістемелік нұсқау:
Әдебиеттер:
1. Дүйсембекова Л. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу». Оқу құралы. Алматы, «Ана тілі», 2000.
2. Салагаев В. ,.Шалабай Б. «Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг». Алматы, «Раритет», 2002.
3. Асқаров Н. т.б. Іс қағаздарын жүргізу негіздері. Алматы, 2007
4. Оразбаева Ф.Ш., Мұхамади Қ.Т. Мемлекеттік тілдегі іс қағаздар. Алматы, 2006
№7-тақырып. 1920-1930 жж. ресми іс қағаздар тілі
Сабақтың мақсаты: Бұйрық-жарлық құжаттарға мыналар жатады: бұйрықтар, нұсқаулар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер және хаттамалар. Бұйрық – жетекшінің мекемені басқару барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі, оның түрлерін түсіндіру. Бұрыштама (резолюция) - мекемеге келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазылатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы.
Жұмыс түрі: Реферат
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1920-1930 жылдардағы ресми іс қағаздар тіліндегі пуризм.
Әдістемелік нұсқау: Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттар арқылы реттеліп басқарылып отырады. Бұйрық-жарлық құжаттарға мыналар жатады: бұйрықтар, нұсқаулар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер және хаттамаларды практикалық теориялық тұрғыда жазады. Бұйрықтың әр тармағы ЕтЗК талаптарына сәйкес болуы. Бұрыштама жазу – түскен құжат мазмұнымен мекеме басшысының танысқандығын және ол бойынша шешім қабылдағанын білдіруіне мысалдар келтіреді.
Әдебиеттер:
1. Дүйсембекова Л. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу». Оқу құралы. Алматы, «Ана тілі», 2000.
2. Салагаев В. ,.Шалабай Б. «Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг». Алматы, «Раритет», 2002.
3. Асқаров Н. т.б. Іс қағаздарын жүргізу негіздері. Алматы, 2007
4. Оразбаева Ф.Ш., Мұхамади Қ.Т. Мемлекеттік тілдегі іс қағаздар. Алматы, 2006
5. М.В.Кирсанова, Ю.М.Аксенов «Курс делопроизводства». Москва, 2000.
№8 -тақырып Стиль, оның түрлері
.
Сабақтың мақсаты: Тіл мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарды. Осыған орай тілдің түрлі стильдік тармақтары пайда болады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары туралы толық мағлұмат беру.Стиль дегеніміз - өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі.
Жұмыс түрі: Реферат
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1.Ғылыми-көпшілік әдебиеттер стилі. Бұл стильдің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен тікелей байланысты.
2. Публицистикалық стиль. Бұл стильге газет-журнал тілінің, әдеби сын мақалалар тілінің, әлеуметтік памфлет, очерктер тілінің стилі жатады.
3. Көркем әдебиет тілінің стилі. Мұнда барлық стильдердің элементтері кездеседі. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады.
4. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі. Бұл стиль адамның күнделікті тікелей қарым-қатынасы кезінде, емін-еркін сұхбат әңгіме үстінде қолданылады.
5. Ресми іс қағаздар тілінің стилі. Бұл стиль кейде кеңсе стилі, ресми стиль, іс қағаздар стилі деп те айтыла береді.
Әдістемелік нұсқау: Қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдік түрлері. Стиль дегеніміз - өмірдің белгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі туралы көзқарасын зерделеу. Ресми стильге заң, устав, үкімет органдарының қаулы-қарарлары, халықаралық шарт т.б. осылар сияқты мемлекеттік құжаттар жататынын оқыған, конспектілеген жұмыстары арқылы әңгімелеп береді Ресми стильге саяси-публицистикалық лексика мен әкімшілік терминдерінің қолданылатындығын зерттеген ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, нақты мысалдармен талдаулар жасай отырып, өзіндік ойларын да айтуға тиіс.
Әдебиеттер:
1. Дүйсембекова Л. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу». Оқу құралы. Алматы, «Ана тілі», 2000.
2. А.Алдашева, З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменова. «Ресми іс қағаздары». Алматы, 2002.
3. Салагаев В. ,.Шалабай Б. «Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг». Алматы, «Раритет», 2002.
4. Р.Сыздықова. «Қазақ әдеби тілінің тарихы». Алматы, 1993.
Бұл стиль кейде кеңсе стилі, ресми стиль, іс қағаздар стилі деп те айтыла береді.
