Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕТКИЗГЕНОВА КУЖАТ КЕШЕН(3).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198 Кб
Скачать
☆
  1. Өмірбаян

Өмірбаян – авторы өзінің өміріне қатысты мәліметтерді хронологиялық тәртіппен құрастыратын құжат. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі жазылады. Бірі – адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі іс қағазына қоса тігілу үшін және әркімнің өз қолымен жазылады. Өмірбаянның бұл түрі ресми түрде жазылады да, көлемі жағынан шағын болады. Өмірбаянның екінші түрі – мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін, қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады. Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар – А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.С.Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Мысалы, М.Әуезовтің «Абай жолы». Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді. Өмірбаянның типтік үлгісі жоқ, ол мақсатына байланысты қысқа немесе толық нұсқада болуы мүмкін. Әдетте өмірбаянда мыналар көрсетіледі: 1/ құжат аты. 2/ автордың аты-жөні, тегі. 3/ туған жері мен мезгілі. 4/ білімі мен мамандығы (оқыған мектебі, оқу орындары). 5/ қызметіне қатысты мәліметтер. 6/ марапаттаулар мен алған мадақтаулары. 7/ отбасы жағдайы мен отбасы құрамы. 8/ үйінің мекен-жайы мен телефоны. 9/ өмірбаян толтырылған күні мен қолы. Парақтың сол жағынан өмірбаян толтырушының тегі жазылып, қол қойылады да, осы интервалда оң жаққа өмірбаян толтырылған мерзім жазылады. Өмірбаян осы құрылым бойынша толық жазылып, жеке тұлға туралы мағлұмат беріп тұруы керек. Бұларға қосымша жеке тұлғаның немен шұғылданатынын, яғни хоббиін көрсетуге болады. Еңбек ету құқығы азаматтардың негізгі құқықтарына жатады. Еңбек ету құқығы деп еңбекке қабілеті бар адамның өз еңбегімен өмір сүруге қажетті табыс табу мүмкіндігін айтады. Конституция мен заңдар адамның қалаған жұмысына орналасуына мүмкіндік береді. Белгілі бір жас пен білім дәрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқа тұрғандардың әрқайсысының еңбек жолы осы құжаттан басталады

Негізгі әдебиеттер: 1 (150-155 бб), 3 (146-147 бб).

Қосымша әдебиеттер: 9(46-47 бб),

№ 4- ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Еңбек қатынастарын құжаттау

1. Өтініш.

Жұмысқа қабылдау кезінде үміткер өтініш жазады, бұл оның ресми тілегі, әрі штатқа тіркеу үшін негіз болып табылады. Өтініш – ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс-қағазының бір түрі. Өтініш мәтінінде жұмысқа алу туралы тілегі баяндалады, мамандығы, кәсібі, квалификациясы мен өзі сұрап отырған қызмет түрі көрсетіледі. Өтініш қолмен жазылады және төмендегідей деректемелерден тұрады: қабылдаушы (кімге); авторы; автордың мекен-жайы; құжаттың түрі (өтініш); мәтіні; өтініш иесінің қолы; жазылу мерзімі. Өтініште «сізден өтініп сұраймын», «алдын-ала рахмет айтамын», «соған қоса» және т.б. архаизмдер қолданылмайды. Өтініш А4 форматтағы қалыпты қағазға толтырылады. Өтінішке қажетті өзге құжаттар: өмірбаян; кадрлық есепке алу жеке қағазы немесе анкета; ұсыныс хат (мінездеме); анкета мен куәлікке қажет фотосурет; білімі немесе кәсіби квалификациясы туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі. төлқұжат жеке көрсетіледі. Еңбек туралы заң кодексі (ЕтЗК) мекемелерден заңда көрсетілмеген құжаттарды талап етуге тыйым салады. Өтініш түрлері: 1/ Басқа қызметке ауысу туралы өтініш - өзгеше толтырылады. Оның қалыпты пішімі ГОСТ талаптарына сәйкес сол мекемеде жасалады. 2/ Демалыс алу туралы өтініш – арнайы бланкіге толтырылады, мерзімі туралы ақпарат қолменг жазылады. Өтініштің бұл түрінде беттің артқы жағында демалысқа бөлінген айлықтың есебі жазылады. Кезекті еңбек демалысын алу мәселесі не жеке өтініш бойынша шешіледі. 3/ Қызметтен босату туралы өтініш – деректемелердің құрамы мен толтырылуы жағынан басқа жұмысқа ауысу туралы өтінішке ұқсас. 4/ Оқу демалысын алу туралы өтініш – бұл өтініш түрінің мәтінінде соны растайтын құжаттардың (оқу орнынан анықтама т.б.) бар екендігі көрсетіледі. Бұл құжаттар өтінішке қоса тіркеледі. 5/ Жүкті болуына немесе босануына байланысты демалыс алу туралы өтініш – бұл өтініш түрінің мәтінінде соны растайтын құжаттардың (аурулық қағаз т.б.) бар екендігі көрсетіледі. Бұл құжаттар өтінішке қоса тіркеледі.