Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖЕТКИЗГЕНОВА КУЖАТ КЕШЕН(3).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198 Кб
Скачать
☆

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

АЛҒЫ СӨЗ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» тіл саясатын жүзеге асырудың негізгі іс-шаралары белгіленеді. Соның бірі – іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту. Осы орайда 1999 жылдан бастап жоғары оқу орындарында «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсы оқытыла бастады. Іс қағаздарды дұрыс меңгеру осы курс бойынша бағдарламалар мен оқулықтардың, сөздіктер мен көмекші құралдардың сапалы болуына тікелей байланысты. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсының бағдарламасы құжаттарды толтырудың мемлекеттік ережелеріне сүйеніп жасалды. Пәннің мақсаты – студенттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету, құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойылатын талаптарды, олардың безендірілуін, жете меңгеру, іс қағаздар стилінің өзіндік лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсының бағдарламасы негізгі 2 бөлімнен тұрады: теориялық курс және практикалық сабақтар. Жоғары оқу орындарының оқу жоспары бойынша «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге» арналған лекциялық курстың көлемі шағын. Бұл пән негізінен практикалық курсқа лайық, өйткені практикалық сабақтар кезінде жазба жұмыс түрлерін нақтылы үлгімен талдап отыруға мүмкіндік мол. Бағдарламаның соңында «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсы бойынша баспадан шыққан арнайы еңбектеркөрсетілді, оларды оқу процесінде керегіне қарай қолдануға болады.

Теориялық бөлім.

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу негіздері. «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсының маңызы, мақсаты. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Іс қағаздары туралы ұғым. Іс қағаздарына қатысты негізгі түсініктер мен анықтамалар. Іс қағаздарын жүргізудің кезеңдері. Құжат, құжаттау ісі, құжат айналымы ұғымдарына түсінік. Құжаттардың құрамы мен қамтылған материалға қатысты түрлері және олардың ерекшеліктері: дербес, типтік, трафареттік; жай, күрделі; түпнұсқа және көшірме. Іс қағаздарының қоғамдағы және жеке адам өміріндегі алатын орны. Іс қағаздарының мекемелер арасындағы ақпараттық және қатынас құрамы ретіндегі маңызы.

Іс қағаздары мен ресми құжат стилі.

Іс қағаздары мен ресми құжат стилі. Жалпы сипаттамасы. Іс қағаздарының үлгілері және оның тіл ерекшелігі. Іс қағаздарының бірыңғай, бір қалыпты, қалыптасқан, дайын сөздері мен орамдары болатындығы. Ресми стильге заң, устав, үкімет органдарының қаулы-қарарлары, халықаралық шарт т.б. осылар сияқты мемлекеттік құжаттар жататыны. Ресми стильге саяси-публицистикалық лексика мен әкімшілік терминдерінің қолданылатындығы.

Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы.

ХҮІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың 1-ші жартысындағы іс қағаздарының тілі. Эпистолярлық құжаттар стилі. Бұл стильдің жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарының тілін танытатын сөз мәнері екендігі. Стильдік белгілері. Лексикалық және грамматикалық сипаты. ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы қазақ тілінде шыққан алғашқы газет-журналдың іс қағаздар стилін қалыптарстырудағы ролі. Стильдік, тілдік өзгешеліктері. ХХ ғасырдың бас кезеңдегі ресми іс қағаздар тілі. Іс қағаздар тілінің фонетикалық құрылымының, грамматикалық және лексикалық жүйесінің дамуы, қалыптасуы.