Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sillabus_ZhFMG_Def.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Лекция 5

Тақырып: Тірек – қимыл жүйесі, оның ерекшеліктері

Жоспар: Омыртқа жотасы

Көкірек қуысының, иық және жамбас белдеулерінің, жамбас белдеуінің, бас сүйектері

Тірек – қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы

Баланың қимыл-қозғалысы.

Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі.

Кілт сөздер: омыртқа, сүйек, жамбас, иық, қабырға, гигиена

Омыртқа жотасы - бүкіл дененің тірегі. Ол бір – бірімен буын арқылы жалғасқан 33 – 34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын бөксе бөледі: 7 мойын, 12 көкірек немесе кеуду, 5 бел, 5 сегізкөз, 4 – 5 құйымшақ омыртқалары. Мұның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір – бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке – жеке болады.

Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және өсінділері болады. Омыртқаның тығыз жері – денесі. Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын омыртқа жотасының каналын құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары және төмен бағытта орналасқан жұп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жұп бүйір өсінділері болады. Омырқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.

Көкірек қуысының сүйектері. Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа көкірек

қуысын құратын қабырға және төс сүйектері жатады.

Қабырға. Адам денесінде 12 қос қабырғалар бар. әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір – бірімен жалғасып кеткен. Қабырғаның басы, мойыны, денесі болады. Оның омыртқамен жалғасқан жерін қабырға басы деп атайды да басқа қалғаг жері мен басының арасындағы жіңішкелеу жерін мойын дейді. Қабырға денесінің алдыңғы жақ ұшы төс сүйегімен жалғасады. Жоғарғы қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегі қабырға бұдыры омыртқаның көлденең өсіндісімен жалғасады.

Әр қабырғаның пішіні мен құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Жоғарғы ҮІІ қос қабырғалар шеміршек арқылы тікелей төс сүйегіне жалғасса, ҮІІ – ІХ – Х – қабырғалар ұзын шеміршек қабырғалар арқылы алдыңғылармен жалғасады, ал ХІ – ХІІ – жұп қабырғалардың алдыңғы ұшы бос қалады. Алғашқы І – ҮІІ жұп қабырғаларды ш ы н , олардан кейінгі ҮІІ – Х – жұп қабырғаларды ж а л ғ а н , ал соңғы ХІ – ХІІ – жұп қабырғаларды б о с қабырғалар деп атайды.

Төс сүйегі – жалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады. Т ө с сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс тұтқасының жоғарғы жағында мойындырық, екі жағында бұғана, және жеті – жетіден қабырға ойындылары бар.

Омыртқа сүйектері мен ХІІ қос қабырғалар және төс сүйегі көкірек қуысын құрайды. Адамның көкірек қуысы екі бүйірінен қысылған конус тәрізді, 12 -13 жаста ғана ересек адамның көкірек қуысындай болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериялары, өкпе, бауырды қорғайды. Сонымен қатар, тыныс мүшелерінің еттерінің және қол еттерінің бекіген жері.

Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері. Аяқ – қолдарының сүйектері адам денесінің екі белдеуін құрайды: иық және жамбас белдеулері. Омыртқа жотасының жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері орналасқан. Олар бұғана және төс сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі арқылы қол сүйектерімен жалғасады.

Ж а у ы р ы н – жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлщық ет арқылы жалғасады. Жаңа туған сәбидің жауырын сүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетінде, жоғарғы және төменғі бұрыштарында шеміршектер болады. Б ұ ғ а н а латынның З әрпі тәрізді иілген сүйек.

Қ о л жауырынмен қозғала біткен иін сүйектерінен, шынтақ пен шыбық сүйектерінен құралған білек сүйектеріне, білезіктің ұсақ сүйектері, бес ұзын алақан сүйектері мен саусақ сүйектерінен тұратын қолдың басынан тұрады. Қолдың басы сүйектері кеудеге қарй бағытталған лақан ойығын түзеді. Алақан ойығы жаңа туған нәрестеде қалыптаса бастап, 10 – 13 жаста толық аяқталады. Осы мерзімде саусақ қатуы да аяқталады.

С а у с а қ сүйектері 16 - 18 жаста қатып аяқталады.

Жамбас белдеуінің сүйектері. Жамбас белдеуі сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен құралған. Жамбас сүйектерінің ойысында ортан жіліктің басы бекіген. Жамбас пен ортан жілік қозғалмалы буын арқылы бірігеді.

Ортан жілік пен асықты жілік бір – бірімен тізе буыны арқылы қозғалмалы жалғасқан. Табан сүйектері бір – бірімен буындасып жалғасқан сүйектер. Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, денесі болады.

Бас сүйектері. Бас сүйектері екі негізгі бөліктен тұрады: ми сауыты және бет сүйектері. М и м с а у ы т ы адамның миы орналасқан үлкен қуыс. Ол маңдай, жұптасқан төбе, шүйде және екі самай, негізгі немесе көз торы сүйектерінен тұрады.

Б а с сү й е к т е р і жоғарғы және төменгі жақ, шықшыт – бет, таңдай сүйектері, кеңсірік желбезегі, мұрын сүйегі мен мұрынның төменгі кеуілжігі және көз қуысы сүйектерінен тұрады.

Тірек – қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы. Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде және сурет салғанда отратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға, төсекте дұрыс жатуға дағдыландыру қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқы еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдыланғанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды. Буны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.

Жаңа туған сәбидің бұлшық еттері толық қалыптаспағанымен, дене салмағының 20-22%-ндай ғана (ересек адамда 45-40%) болады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар. Олар бір-бірімен тарымас ұштары арқылы жақын орналасқан қаңқа сүйектеріне бекітіледі. Қаңқа еттері негізінен көлденең салалы еттерден тұрады. Қаңқа еттерін көлденең салалы ет ұлпаларынан тұратын, құрамында дәнекер ұлпасы, нервтер және тамырлары бар мүшелер деп есептейді. Сырт құбылысына қарасақ, бұлшық еттер сіңір басынан басталып, еттің денесі немесе айырлы сіңірімен аяқталады. Бұлшық еттердің пішіні әр түрлі болып, өзінің атқаратын қызыметіне байланысты қалыптасады. Олар ұзын салалы, қысқа, жалпақ, ромба, квадрат, трапеция т.б. тәрізді болып келеді. Бұлшық еттің екі басы болса, оны жай қарапайым етдеп, үш не одан да көп бастары болса, күрделі ет деп атайды. Қозғалтатын буындардың санына байланысты еттерді бір буынды, қос буынды және көп буынды деп бөлуге болады. Қызыметіне қарай бүгілдіргіш, жазылдырғыш, айналдырғыш т.б. болып бөлінеді. Бұлшық еттердің орналасуына қарай бас, мойын, арқа, кеуде, қол-аяқ еттеріне жіктеледі. Жалпы алғанда денеде 327 жұп еттер мен 2 сыңар ет бар Бұлшық еттердің қызметі олардың негізгі қасиеттері-жиырылуға байланысты орындалады. Жиырылу арқылы ет қысқарып, оның жиырылу қабілетін көрсетеді. Еттің жиырылу нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бұлшық етті қоздырады.

Еттің қызыметі оның лабильділігіне де байланысты. Ұлпаның лабильділігі деп оның қозуды өткізу жылдамдығы мен қозу уақытын айтады.

Бұлшық еттер көп ядролы жуандығы0,1 мм, ұзындығы 2 мм-12 см ет талшықтарынан тұрады. Олардың сыртын фасциядеп аталатын бұлшықет қабығы жабады. Ет талшықтары саркоплазмадан, жиырылу қасиеті бар миофибрилдерден, митохондриялар мен басқа түрлі оргонойдтардан тұрады. Бұлшық еттердің қан тамырлары көп болады. қан тамырлары арқыле етте түрлі қоректік заттар, оттегі тасылып, зат алмасуынан пайда болған қажетсіз заттар мен көмірсу қышқылы шығарылады. Бұлшық еттердің лимфалары да көп болады.

Бұлшық еттерде көптеген нерв ұштары- рецепторлар орналасқан. Олар еттің қозуына байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді.

Бұлшық еттердің өсіп жетілуі әр түрлі. Алғашқы жылы ең алдымен құрсақ еттері дамиды да, кейіннен шайнау еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты жыл аяғында аяқ-қол және арқа еттері өсіп дамиды. Баланың өсуі барысында жалпы мускулатураның салмағы 35 есе ұлғаяды. Жыныстық жетілу кезінде жас өспірімдердің жілік сүйектерінің өсуіне қарай олардың сіңірлері де өседі. Бұл кезде бұлшық еттер ұзарып, жіп-жіңішке болып көрінеді. Сондықтан жас өспірімдердің аяқ қолдары сорайып көрінеді. 15-16 жаста еттер толып жуандай бастайды. Бұлшықеттердің дамуы негізінде 25-30 жасқа дейін байқалады.

Баланың қимыл-қозғалысы. Жаңа туған нәрестенің денесінің, аяқ-қолдарының қимылдары өте көп, бірақ олар дұрыс үйлеспеген, еріксіз шым-шытырық қимылдар түрінде орындалады.

Кеңістікте белсенді қозғалуға байланысты пайда болатын дененің еркін қимылын л о к о м о ц и я деп атайды. Қозғалыстың дамуы тірек-қимыл жүйесі мен жүйке жүйесінің дамып жетілуіне байланысты. Жүру, секіру, шапқылау т.б. күрделі қимылдар және оларды дұрыс бағыттау қабілеті 3-5 жаста жетіледі. Қозғалудың дамуы біркелкі емес, г е т е р е х р о н д ы түрде болады. Жұмысқа төзімділіктің артуы және мүшелердің бұлшық еттердің жұмыс мерзімі көбейіп, демалыс мерзімінің азаюынан болады. 6-7 жаста синхронды (грек. С и н х р о н о сбірнеше құбылыстың уақыт жағынан сәйкестігі) еңбек реттеледі.

Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі. Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті әсер етеді. Нәрестенің қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды және кешігеді. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қ о з ғ а л ы с б е л с е н д і л і г і деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру жаттығулары, спорт, сабақ кезінде белгілі еңбек әрекетіне байланысты пайда болған қозғалыстар жатады. Ал ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі, өзін-өзі күтуге байланысты, қыдырған кездегі қозғалыстар жатады. Адам денесі үшін ұйымдастырылған қозғалыстардың маңызы зор. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап іске асыру арқылы балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастыруға, саналы қозғалыстарын көбейтуге болады. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болуына байланысты соңғы жылдары балаларда г и п о д и н а м и к а н ы ң (лат. Гипо+динамика-қозғалыс) белгілері пайда бола бастайды. Гиподинамия деп бұлшық еттердің қозғалыс белсенділігінің төмендеуін айтады.Қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып кеткенд, мысалы, ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылданғанда, гиподинамия пайда болады. Гиподинамия организмнің қызыметін, қалыпты жағдайын бұзады. Себебі нерв-ет,тжүрек қан тамырлары, тыныс т.б. жүйелердің қызыметі осы шектен тыс қозғалыс барысында қалпына келіп үлгермеиді де, олардың зорығу белгілері байқалады Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігін гигеналық талапқа сәйкес жасына лайықтап ұйымдастырған жөн. Бүгуге қатысатн бұлшық еттері әлсіз болғандықтан және оларды қозғалыс нейрондарының еңбек қабілеті төмен болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балалар сурет сабағында немесе басқа сабақта 4-5минуттан кейін-қ жиырылатын бұлшық еттері босайды да, мазасыздана бастайды: дұрыс отырмайды, сондықтан омыртқалары қисайып кетуі мүмкін. Әфсіресе ұзақ түрегеліп тұра алмайды. Осыған байланысты балаларды 2-3 минуттан артық тік тұрғызуға болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]