Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sillabus_ZhFMG_Def.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Лекция 9

Тақырып: Тыныс алу мүшелерінің жас ерекшеліктері

Жоспар: Тыныс алу жүйесінің маңызы.

Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері және гигиеналық талаптар

Кілт сөздер: тыныс алу, мұрын,көмей, кеңірдек

Тыныс алу жүйесінің маңызы. Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сұйық жөне газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Адам организмінде қорекгік заттардың қоры болады, сондықтан 25-30 тәулік аштықты өлместен көтере алады. Сусыз адам бірнеше апта өмір сүре алады, ал оттегінсіз бірнеше минөттің ішінде өліп қалады. Тыныс алу мүшелері оттегі мен көмір қышқыл газын таситын негізгі міндеттерінен басқа да қызмет атқарады.

Тыныс мүшелері мұрыннан басталады Тыныс жоддары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ө) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны - өкпе альвеолалары (лат.альвеолус — ойма қуыс, науа).

Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бүл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары жөне басты тыныс алу мүшесі - өкпе.

Ауа сырттан өкпеге жөне өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар - тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте жөне бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның есерінен сақтау үшін жылытылады.

Ауа танау арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң жөне сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы хоан тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ - ас қорыту жүйесінің мүшесі, ал көмей — сөйлеу мүшесі.

Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі - ө к п е. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар төрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, кептеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2.

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.

Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі.

Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дережедегі реттеу жолдарымен іске асады.

Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен түрады.

Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газьшың концещрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның андағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газэшың тыныс орталығьша өсері екі түрлі жолмен іске асады:

а) нейрондарды қоректеңдіретія қанның құрамының тікелей әсері;

б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.

Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналык талаптар. Тыныс алу мүшелерінің бөрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: Өюіенің тіршілік сыйымдылығы; штангистерде - 4 л, футболистерде - 4,2 л, боксерлерде -4,8л, қайықшыларда - 5,5 л. Тыныс алу жиілігі: спортсмендерде минөтіне - 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда -14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Мысалы, терең дем шыгарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы кемір қыпіқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке "массаж" жасайды да, оның қоректенуін жвне физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі.

Баланың дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін үстелдің немесе партаның шетіне тақап отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс алу мүшелерінің қызметін төмендетеді, жүрек қан-тамырлардьщ өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды. Салқын тию, тыныс мүшелерінің аурулары бала организміңің барлық мүшелерінің өсіп дамуьша, қызмет етуіне жағымсыз әсер ететінін естен вдығармаған жөн.

Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда есте сақтайтын тағы да бір жағдай — дене еңбегі мен дене шынықтыру және ой еңбегі кезінде балалар тынысын тарылтады, сондықтан оның дұрыс болуын қадағалау қажет. Балаларға дұрыс демалуды жастайынан үйрету керек. Сонымен қатар, ой еңбегі мен дене еңбегін кезектестіру аса маңызды. Сондықтан мектеп жүмысында сабақ кестесін жасағанда бүл ерекшеліктерді есте сақтау керек. Сынып бөлмелерін, еңбек сабағының бөлмелерін жиі желдетіп отыру керек. Жоғарғы сынып оқушылары далада таза ауада төулігіне 3 сағатган, ал бастауыш сынып рқушылары 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Әсіресе ауасы таза бөлмеде ұйықтау аса маңызды, сондықтан балаларды форточкалары ашық бөлмеде ұйықтауға әдеттендіру керек. Баланың киімі де дүрыс дем алу мен дем шығаруға әсер етеді. Сондыбқан олардың киімі жеңіл, денесін қыспайтын, қимыл-қозғалысына бөгет етпейтін болғаны жөн.

Осы жазылғандарды қорыта келе, балалардың сабақ оқитын, еңбек ететін үйдегі бөлмелері мен мектептегі сынып бөлмелерінің, балалар бақшасындағы топтардың бөлмелерінің ауасын жиі-жиі желпіндіріп, тазартып отыру аса маңызды екенін айта кеткіміз келеді. Сонымен қатар, баланың далада, таза ауада көбірек ойнауы маңызды.

Ырғақты тыныс гимнастикасы баланың ақылының артуына жағымды әсер етеді. Бастауыш сынып оқушыларына сабақ кезінде 1-2 минөттік демалыс беріп, тыныс гимнастикасын ұйымдастыру қажет: оқушы партада отырып, екі қолын бүйіріне таянып терең дем алып жөне дем шығарады. Мұндай гимнастика баланың сабаққа ынтасын арттырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]