Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sillabus_ZhFMG_Def.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Лекция6

Тақырып: Ас қорыту органдары, оның жас ерекшеліктері

Жоспар: Ас қорыту мүшелері және олардың қызметін зерттеу әдістері

Ауыздағы ас қорыту және оның жас ерекшеліктері

Қарында астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері

Кілт сөздер: тамақ, белок, қарын

Ас қорыту маңызы. Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік заттарды тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде пайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды құрады.

Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде бөлшектеніп, қорытылып, ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік, картоп, сүт, қияр, қызамық, жұмыртқа, алма, өрік т.б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай бөліну адам денесінде ерекше жүйе құратын – ас қорыту мүшелерінде болады. Ас ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп қорытыла және сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары тік ішек арқылы сыртқа айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдқпен ас қорыту мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде тұрып қалып, ас қорыту бұзылады. Ас қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді.

Тамақтың құрамын (ет, нан, көкөніс, жеміс т.с.) химиялық тұрғыдан зерттесек, онда қоретік заттар – белок, май және көмірсу, витаминдер тұздар және су бар екенін білеміз.

Белок таза күйінде жұмырқаның ақ уызында болады, май - өсімдік және жануарлар майы мен сары май, ал көмірсу – крахмал мен қант түрінде кездеседі.

Тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу - өте күрделі заттар. Олар ас қорыту жүйесінің мүшелерінде қорытылып, организмнің өсуіне, жұмыс істеуге қажетті материал ретінде пайдаланылады. Тамақтың құрамындағы – қоректік заттар – организмге аса қажетті қуаттың (энергияның) көзі. Тамақтың құрамындағы витаминдер, тұздар мен су да организм үшін аса маңызды. Олар түрлі химиялық реакциялардың жүрінуіне, денедегі клеткалардың тірлігіне қажетті жағдайларды тудырады және өздері де тікелей сол реакцияларға қатысады.

Су минералды тұздары мен витаминдер организмде өзгермей, сол күйінде сіңеді. Ал тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу сол күйінде сіңбейді. Бұл қоректік заттар ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы сіңе алмайтын ірі молекулалардан тұрады. Тамақтың құрамындағы заттардағы заттардың физикалық және химиялық қорытылуының нәтижесінде олар жай және еритін заттарға айналады да, ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы қанға сіңіп, қанмен күллі клеткаларға тасылады. Организмде түрлі ас қорыту сөлдерінің қатысумен белоктар амин қышқылдарына, майлар – глицерин мен май қышқылдарына, ал күрделі көмірсулар жай қанттарға (глюкоза және басқалар) ыдырайды. Мұндай химиялық өзгерістер ас қорыту сөлдерінің құрамындағы ферменттердің әсерінен болады. Ферменттер – адам организмінің өзінде түзілетін биологиялық катализаторлар. Олар өте белсенді белоктардан тұратын ерекше заттар. Олардың әрқайсысы белгілі бір арнайы қасиетті заттарға, заттар тобына, молекуладағы химиялық байланысқа ғана әсер етеді. Ферменттердің әсерінен сіңбейтін, ерімейтін күрделі заттар еритін, оңай сіңетін жай заттарға айналады.

Ас қорыту жүйесінің мүшелеріне ауыз қуысы, үш жұп сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, ас қазаны (қарын), ащы ішек пен тоқ ішек, бауыр мен ұйқы (қарын асты) бездері жатады.

Ас қорыту мүшелерінің қызметін зерттеу әдістері. Ас қорыту мүшелерінің қызметін орыс физиологы И.П. Павлов мұқият зерттеген. Арнайы фистулалық әдісті қолданып И.П. Павлов ас қорыту мүшелерінің негізгі тетіктерін анықтап, осы кезге дейін маңызын жоймаған құнды мәліметтер алды, ал ғалым 1904 жылы дүниежүзілік Нобель сыйлығымен марапатталды. И.П.Павлов пен оның шәкірттері жануарлдардың ас қорыту мүшелеріне фистула деп аталатын түтікше орнату арқылы ас жолындағы тамақтың барлық өзгерістерін зерттеді. Бұл әдіс жануарлардың ғана ас қорыту тетіктерін көрсете алады, ал адамдарға ондай фистулаларды түрлі сырқаттарға байланысты уақытша ғана орнатады. Адамның ауыз қуысындағы сілекейдің құрамын зерттеу үшін арнайы жабысқақ капсулаларды пайдаланады. Ең кең тарағаны Лешли – Красногорскийдің капсуласы.

Қарын мен ішектерде астың қорытылуын зерттуде ең көп қолданылатын әдіс – зонд жұтқызу. Арнайы жасалған түтікше – зонд арқылы ас қорыту жолының мүшелерінің ішкі беткейін, ас қорыту сөлдерінің химиялық қалпын (жағдайын) зерттеп, адамның ас қорыту жүйесіндегі сырқаттарын анықтайды. Сонымен бірге ас қорыту мүшелерін зерттеуде арнай гастроскоп (грек. Гастер, гастрос –қарын +скопия -қарймын) деген аспап арқылы қарынды зерттейтін гастроскопия және радио байланысы арқылы түрлі физикалық жағдайларын зерттейді. Сонымен қатар радиотелеметрия және ультра дыбыстармен зерттеу (УЗИ) әдістері қолданылады.

Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақталады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият ұзақ шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату – ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және ұрт қатысады.

Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да жұтқыншаққа қарай жылжытады.

Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақасты және тіласты. Бұлардан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Ересек адамда орта есеппен тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді. Сілекейдің құрамы мен мөлшері астың құрамындағы заттарға байланысты. Сұйық тамаққа сілекей бөлінбейді. Қою асқа, әсіресе құрғақ тамаққа шығатын сілекейдің құрамында су көп болады. Құрғақ және қою тамақ шайналып, сілекеймен шыланып, жұтуға ыңғайлы ас қоймалжыңына айналады да, тілдің және ұрт еттерінің қозғалысы арқылы жұтылады. Ауыз қуысында механикалық әсерден басқа сілекейдің құрамындағы ферменттердің қатысуымен қоректік заттар қорытыла бастайды. Сілекейдің құрамында көмірсуды қортатын ферменттер бар. Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша, оның негізгі ферменті сілекей а м и л а з а с ы крахмал мен гликогенді ыдыратады, бірақ ауыз қуысында ас өте аз уақыт болады, сондықтан химиялық әсер тамақты қорытуда онша маңызды емес.

Тақырып: Зат және энергия алмасулары

Жоспар: Зат алмасу және оның жас ерекшелігі.

Белоктың алмасуы. Май мен көмірсуының алмасуы

Тұздар мен судың алмасуы.

Кілт сөздер: энергия, белок, май, көмірсу, тұздар, су.

Астың маңыздылығы мен сіңімділігі оның құрамына байланысты. Нанның, ет пен сүттің сіңімділігі мен маңыздылығы олардағы белок, май, көмірсу және витаминдерге байланысты анықталады. Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Зат алмасуы тоқтатылысымен тіршілік жойылады. Оның барысында организмге түрлі қуаты бар қоректік заттар, тұздар мен су кіреді де, бұл заттардың ыдырауынан пайда болған денеге қажетсіз улы заттар денеден шығарылады. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне бейімделген заттар жасалады. Бұл ассимиляция, яғни организмге енген заттарды өздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен бірге организмде клеткалар мен олардың бөлшектері ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқалады. Ассимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызыметіне қажетті қуат алады.

Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганикалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұздары жатады.

Белоктың маңызы және қажетті мөлшері. Азықтың ең құнды бөлігі белок, өйткені белокпен ғана тамақтанса, адам біраз уақыт өмір сүре алады, ал белоксыз өмір сүру мүмкін емес. Белок ыдырағанда май мен көмірсу түзіледі. Егер белокты (айталық, сүттің белогын) тікелей қанға жіберсе, адам уланады. Кейбір адамдарға сиыр сүті, жұмыртқа жақпайды, себебі бұл тамақтардағы белок ішек-қарын арқылы ыдырайды, сол күйінде қанға өтеді.

Белоктың құрамында азот, күкірт, амин қышқылдар бар, ал май мен көмірсуында олар жоқ.

Қарапайым белоктың құрамында 4 зат қана бар: оттегі, сутегі, көмірсу мен азот, ал күрделі белоктарда (мысалы мидың белогында) бұлардан басқа күкірт, фосфор, темір т.б. бар.

Организімдегі белоктар түрлі қызмет атқарады. Ферменттердің негізі болып зат алмасуындағы химиялық реакциялардың қарқынын өзгертеді, яғни биологиялық катализатор қызметін атқарады. Кейбір белоктар транспорттық қызмет атқарып, заттарды тасымалдауға қатысады. Тамақтың құрамындағы күрделі белоктар ас қорыту сөлдерінің әсерінен қарапайым түрлері пестицидтерге және амин қышқылдарына айналады. Амин қышқылдарының 10 % организімнің өзінде өндірілмейді, сондықтан оларды таптырмайтын қышқылдар дейді. Бұларға аргинин, триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин мен фенилаланин жатады.

Майдың организмдегі маңызы және қажет мөлшері. Май мен көмірсудың құрамдары белоктан гөрі қарапайым, бұлар химиялық үш заттан түзіледі: көмірсутегі, оттегі және сутегі. Бұл екеуінің құрылысының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орнына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсуден май оңай түзіледі. Майдың көбі май ұлпасындағы организмнің қуат қоры. Дененің кейбір клеткалары өз құрамында майды өте көп мөлшерде жинайды да, организмнің жылу және механикалық изоляторы ретінде пайдаланылады, яғни ол қорғану қызметін атқарады. Май қорының мөлшері адамның тамақтану ерекшелігіне, тамақтың мөлшеріне, жынысына, дене құрылысының (конституциясының) ерекшелігіне байланысты. Адам күніне 80-100 г май жейді. Тамақтың құрамында жануар майы да, өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы шамамен 2:1 қатынасындай болуы керек. Өсімдік майының линоль, линолен, арахидон іспетті кейбір май қышқылдарының түрлері организмде өндірілмейді. Көмірсудың организмдегі маңызы мен қажет мөлшері. Көмірсулары адам организмінде глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза т.б. іспетті моносахаридтерге дейін ыдырайды. Глюкозаның мөлшері адам қанында 0,1 %. Глюкозаның қандағы мөлшері 0,11-0,12 %-ға дейін көбейтілген ол қаннан бауырға және бұлшық еттерге тасылады да, онда жануар крахмалы деп аталатын зат – гликогенге айналады. Егер 0,12 % -дан асып кетсе, артық қантты денеден шығаруға бүйрек кіріседі. Мұны глюкозурия деп атайды. Бұл ауру ұйқы безінің Лангерганс аралшаларының ішкі секрециялық қызыметі бұзылып инсулин гормоны жетіспегенде байқалады.Жалпы алғанда, бала денесінде көмірсу тиімді түде сіңеді. Дене массасының 1 кг-ына шаққанда көмірсудың мөлшері емшектегі нәрестеде 10-12 г, 1-3 жаста-12-13 г, 4-7 жаста-13-14г, 8-13 жастағы балаларда -10-11 г болады. Ересек адамдарда оның мөлшері 3 г/кг-нан аспауы керек.

Тұздардың организмдегі маңызы мен мөлшері, жас ерекшеліктері. Тұздар адам тамағына қажетті. Бірақ олар қуат көзіне жатпайды, клеткалар мен организмнің сұйық ортасының құрамына кіреді, сөйтіп ішкі ортаның тұрақтылығын және тіршілікті сақтауға қажет. Олар барлық ұлпаларда, әсіресі сүйекте жеткілікті болуы керек. Тұзсыз нервтің, еттің қозуы белсенділігі мүмкін емес. Организмдегі ұлпалардың құрамында 3,45% кальций, 1,58% фосфор, 0,65% калий, 0,45% хлор, 0,1% магний болады. Оларға қосымша иод, темір, бром, мыс, цинк сияқты микроэлементтер бар.

Молибден, мыс, кобальт қан өндіру қызметіне қатысакды, иод қалқанша безінің гормонының құрамына кіреді, фтор тіс ұлпасының, әсіресе эмалінің дұрыс қалыптасуына қажет. Бұлар организмге аз мөлшерде қажет болады, сондықтан миркоэлементтер деп атадаы.

Мүшелер мен ұлпалар тұздарды таңдамал түрде жинайды. Айталық , иод қалқанша безінде, кальций-сүйекте, хром, марганец, бром-гипофизде, мыс-бауырда, цинк-жыныс бездерінде көп болады. Нәрестенің дене массасының 2,55%, ал ересек адамның 5% тұздар.

Денедегі судың маңызы, жасқа байланысты мөлшері. Организмнің тіршілігі үшін аса маңызды заттардың бірі-су. Олар организмнің ішкі ортасын құрады. Ересек адамның дене салмағының әрбір килограмм массасына 0,4л су қажет. Ал, нәрестелерде бұл мөлшер 5 есе артық. Егер баланың денесінде су жетіспесе, оның өсуі тежеледі. Жалпы ер адамның денесі 61%, әйел адамның 50% судан тұрады. Адам толық ашығып, бірақ су ішсе 55-60 күн өмір сүреді, ал су ішпесе, 8-10 күн ғана өмір сүре алады.

Несеп арқылы тәулігіне 1,2-1,4л, тер арқылы 0,5-0,8л, үлкен дәрет арқылы 0,1-0,2л, дем шығару арқылы 0,4л су денеден шығарылады.

Организмдегі су қанда өте көп (92%), екінші орында ми(86%), содан соң бүйрек(83%), бұлшық еттер мен бауырда 70%. Майдағы судың мөлшері 30%, ал сүйекте 22%.

Судың организмдегі рөлі оның түріне байланысты. Сұйық ұлпалар мен клетка ішіндегі су жақсы еріткіш. Ал, адам өмірі қосындылардың құрамындағы сусыз мүмкін емес. Белоктардың, майлардың, көмірсулардың құрамында су болады. Нәрестенің дене салмағының 75% -су. Оның ұлпаларының клеткасындағы судың мөлшері -80%. Мектеп жасына дейінгі балаларда өсу, даму қарқыны жоғары болғандықтан, денесіндегі судың мөлшері де көп. 1 жасқа дейінгі сәби тәулігіне 800мл, 2-4 жаста -950мл, 5-6 жаста -1200мл су ішуі керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]