- •1. Қатты жəне сұйық орталарда өсірілген бактериялар
- •2. Тірі бактериялардан препарат қалай даярланады жəне
- •3. Бактерияларды жай əдіспен бояу дегеніміз не жəне қандай
- •90Х объективпен микроскоптайды.
- •2. Өсіп __________шыққан таза өсіндінің биохимиялық белсенділігін
- •3. Биохимиялық белсенділіктің нəтежиесін есепке алу келесі
- •100° С температурада қыздырылған топырақ езіндісін шайқап
- •1. Микробтардың морфологиялық жəне тинкторалды қасиеттері.
- •2. Қатты жəне сүйық қоректік оталарда өскен
- •3. Микробтардың биохимиялық қасиеттерін қалай анықтайды?
- •1. Ауа микрофлорасын бөліп алу əдісі арқылы колониялардан
- •4. Ақырында бөлініп алынған таза өсіндіге толық сипаттама
- •1. Ауаның микроорганизмдермен ластану көздері
- •2. Ауа микрофлорасын анықтау əдістері (бактеиялардың жалпы
- •3. Ауа микрофлорасының мəні не?
- •2) Тең орта бетіне 5 минут аралығында өсетін микробтар саны
- •1. Жалпы бактериялармен ластануды (микробтардың 1 мл
- •2. Мембранды сүзгімен Coli – титр мен Coli – индексті
- •1. Судың жалпы микробтармен ластануын, олардың 1 мл –
- •2. Судың коли – титрін анықтау. Судың жас нəжіспен
- •60°С температурасы бар дистелденгенсуға салады да, 10 – 15 минут
- •1: 10000 Қатынасында сұйылтып, езіндінің 1 мл-ін стерильді Петри
- •1. Топырақта қандай микроорганизмдердің түрлері кездеседі?
- •2. Топырақта кездесетін аэробтар мен анаэробтарды анықтау
- •3. Топырақтағы микроорганизмдердің жалпы санын қалай
- •100°С температурады қыздырылған топырақ езіндісін шайқап
- •1. Эпифит микроорганизмдерді табу үшін 5г тұқымды
- •2. Ризосфера мзерттеу үшін топырақтың бір бүтін кесегін
- •99 Мл залалсыздандырылған дистелденген суы бар колбаға
- •30°С термостатқа қояды, 3 – 5 күннен кейін өсіп шыққан
- •1. Өсімдікті сүрлемдеудің мəні неде?
- •2. Сүрлемнен жəне дрожжалған мал азығынан препаратты қалай
- •3. Азықтың санитарлық бағасы
- •1. Малдың терісіндегі, көзіндегі, тыныс жолдарындағы,
- •2. Малдың ішек – қарнындағы микроорганизмдерге жалпы
- •0,3% Кристалды карбол қышқылын қосып физиологиялық ерітіндіні
- •10°С – тан жоғарғы температурада жылдам дамиды. Бұл шіру
- •100000, 1 : 1000000. Пастерланген сүт 1 : 10, 1 : 100, 1 : 10000.
- •15 Мл 45°с дейін балқытылып салқындатылған агарды құяды.
- •37°С термостатта екі тəулік бойы ұстайды. Бактериялардың жалпы
- •1 Мл колониялар санын тиісті сұйылту дəрежесіне көбейту керек.
- •1. Салмағы 25 – 30 гр өнімнің ортаңғы сынамасынан езінді
- •15 Минут тұндырылған тұнба үстіндегі мөлдір сұйықтықты
- •2. Сұйылтындыны даярлау. Өнімнен алынған езіндіден немесе
- •10% Сұйықтығынан 5 мл – ін алып, залалсыздандырылған 10 мл
- •37 °С температурадағы термостатқа пробиркаларды тігінен 18 – 24
- •1. Меланжды микробиологиялық тексеру үшін əр
- •3% Зерттелінетін материалды ыдысымен бірге алады. Асептика
- •2. Əр түрлі мөлшердегі жұмыртқа өнімдеріндегі ішек
- •3. Жұмыртқа __________немесе меланж сынамаларындағы
- •4. Протеус тобына жататын бактерияларды бөліп алу үшін
- •50 Мл стерильді физиологиялық ерітіндіге малынған
- •3000 Айналым жасайтын центрафигурада 20 минут аралығында
- •84Бақылау сұрақтар
- •1. Преципитация реакциясынның мəні неде?
- •2. Преципитация реакциясын қою техникасы.
- •1. Бактериофагтар дегеніміз не? Олардың түрлерін атаңыз.
- •2. Бактериофагтарды анықтау.
- •3. Фагтарды практикада қолдану.
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •100°С – та сол сəтте қырылады. Тұздалған жəне қақталған
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •7,4 Епа мен епс – ға себінді жасайды. Əсіресе қаннан жасалған
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
90Х объективпен микроскоптайды.
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар
Қатты жəне сұйық қоректік орталарда өсірілген бактериялар
өсінділері, спиртовкалар, платинадан жасалған ілмешектер,
жағынды жəне жабынды əйнектер, физиологиялық ерітінді анилин
бояулары (Пфейрфер фуксині, Леффлер көгі) дистилденген су.
Тақырып. Бактерияларды дифференциалды бояу
Сабақтың мақсаты: 1. Дифференциалды – диогностикалық
бояудың мəнін студенттерге үйреті.
2. Бактерияларды дифференциалды бояудың
техникасын үйрену.
21
Бақылау сұрақтар
1. Бактерияларды бояудың дифференциалды əдісін қандай
мақсатта қолданады?
2. Грам əдісі бойынша мəні неде? Кім оны ұсынды?
3. Капсуланы бояудың ерекшелігі қандай?
4. Спораны химиялық жəне физикалық факторлардың əсеріне
жоғары төзімділігі неге байланысты?
5. Спораны бояу ерекшелігі қандай?
Сабақтың мазмұны
Микробтарды күрделі бояу кезінде жағындыны екі бояумен
бояйды, оның біреуі негізгі, ал екіншісі қосымша болып табылады.
Күрделі бояу кезінде бояғыш заттардан басқа əртүрлі
түссіздендіретін заттар (спирт, қышқылдар ж.т.б) қолданады.
Грам əдісі бойынша бояу. Бактериялардың грам оң жəне
грамтеріс əр түрлі боялуы, олардың клетка қабықшасының
құрылысына байланысты, яғни грамтеріс бактерияларымен
салыстырғанда грамоң бактериялардың клетка қабықшасы қалың,
пептидогликан полимері көп орналасқан, генцианвиолетпен жақсы
боялады, 30 – 40 секунд ішінде спирт əсерінен түссізденбейді. Ал
грамтеріс бактерияларда клетка қабықшасы жұқа, пептидогликан аз
мөлшерде орналасқан, бояуды əлсіз қабылдайды, сондықтан
спирттің əсерінен шапшаң түссізденеді.
1. Бекітілген жағындыға бір тілім сүзгіш қағазды салады да,
үстіне генцианвиолет ерітіндісін құйып 3 минут ұстайды.
2. Содан соң бояуды қағазбен бірге төгіп тастайды да (сумен
шаймау керек), препарат бетінеиодталған спиртті тамызып, 30
секундтай ұстайды.
3. Сумен шаяды, аздап кептіреді.
4. Екі минуттай уақыт Пфейрфер фуксинімен қосымша бояйды.
5. Бояуды төгіп, препаратты сумен шаяды, сүзгіш қағазбен
кептіріп микроскоптайды.
Микроскоптық бейне: грамоң бактериялар – күңгірт – күлгін
түсті, грамтеріс бактериялар – қызыл түсті.
Михин əдісі бойынша капсуланы бояу. Капсула муцин
тəрізді зат, жоғары молекулалы полисахарид, клетка
22
қабықшасының сыртқы қабатының өнімі болып табылады.
Капсулалық зат нашар боялады, капсуланы бояу үшін
метахромазия құбылысының пайда болуына сүйенетін əдіс
қолданылады. Бұл кезде бір бояу қолданғанда цитоплазма бір
түске, ал капсулалық зат басқа бір түске боялады. Əдетте
капсуланы потогендік микробтар жұққан организмде түзеді. Ауру
қоздырғыш патогендік бактерияларда капсула түзілу, олардың
қолайсыз ортаға қайтарған реакциясы болып табылады. (7 - сурет).
1. Бекітілген препаратты 5 минут уақытқа 5% - ті бояйды.
2. Сумен шайып, сүзгіш қағазбен тез арада сорғытып құрғатады
да микроскоппен қарайды.
Микроскоптық бейне: капсула – қызғылт, ал бактерия
клеткасы – көк түсті.
Меллер əдісі бойынша спораны бояу. Бацилла спорасы
кептіруге, қыздыруға, сілті жəне қышқылдармен өңдеуге өте
төзімді, бұл олардың əсіресе, клетка қабықшасының ерекше
құрылымымен сипатталады. Сондықтан споралар бояудың
əсеріне де төзімді болып келеді. (8 - сурет)
1. Жағындыны кептіріп бекітеді.
2. Жағындыға 5% - ті хорм қышқылының сулы ерітіндісін
құйып, бір минуттай ұстайды.
3. Сумен шаяды.
4. Препарат __________бетіне сүзгіш қағаз тілімін салып, оған Циль
фуксинін құяды да, спиртовкамен бу шыққанша
қыздырады. Сол күйінде бояуды 3 – 5 минутқа қалдырады.
5. Қағазды алып 5% - ті күкірт қышқылының ерітіндісімен 10
секундтай түссіздендіреді.
6. Сумен шаяды.
7. Қосымша 5% - ті 3 минуттай уақыт бояйды.
8. Сумен шайып кептіреді.
Микроскоптық бейне: спора – қызыл түске, вегетативтік
клеткалар – көк түске боялады.
Студенттердің өзіндік жұмыстары
1. Грамоң жəне грамтеріс бактериялар өсінділерінің қоспасынан
жағынды даярлау.
2. Жағындыны грам əдісі бойынша бояу.
23
3. Жануарлардың ішкі мүшелерінен даярлаған препаратты
Михин əдісі бойынша бояу.
4. Препарат даярлау жəне спора түзетін бактерияларды меллер
əдісі бойынша бояу.
Қажетті материалдар мен құрал –жабдықтар
Генценвиолет, иодталған спирт, Пфейрфер фуксині,
Леффлер көгі, хорм қышқылының сулы ерітіндісі, күкірт
қышқылының ерітіндісі, Циль фуксині, бактериялар өсіндісі,
СТИ вакцинасымен зақымдалып өлген ақ тышқандардың ішкі
мүшелерінен дайындалған препараттар, спора түзуші
бактериялар өсінділері, стафилакоктар мен ішек
таяқшаларының пробиркадағы қоспасы.
Тақырып: Аэробты микробтарды өсіру əдістері
Сабақтың мақсаты: Бактерияларды қатты жəне сұйық орталарда
өсіру əдістерін меңгеру
Жаттығу сұрақтар
1. Қоректік орталарды атаңыз?
2. Жасанды қоректік орталарды не үшін қолданады?
3. Қоректік орталарды даярлауға қойылатын талаптар.
4. Аэробтар дегеніміз не?
5. Қатты жəне сұйық орталарға себінді себу тəртібі.
Сабақтың мазмұны
Бактерияларды өсіру үшін қоректік орталар даярланады.
Қоректік орталардың құрамында бактериялардың өсуіне қажет
заттар: азот, көміртек, сутек, оттегі, фосфор, калий, күкірт, натрий,
магний, темірден тұратын неорганикалық қосылыстар,
микроэлементтер болуы керек. Бұл элементтердің барлығы
микроорганизм оңай сіңіретін түрінде болуға тиіс. Микроб оттегі
мен сутегін негізінен клеткаға келіп түсетін судан алады.
Микроб қоректік заттарды қоректік ортаның белгілі бір рН-да
ғана сіңіреді. Өйткені микроб клеткасының қабырғасының
өткізгіштігі ортаның рН-на байланысты болады. Микроб
24
клеткасында қоректік заттар эндоферменттердің əсерінен өзгеріске
ұшырайды. Энергияның басты көзі катаболиттік реакция болып
табылады.
Катобализм – бұл күрделі заттардың қарапайым заттарға
ыдырауының нəтежиесінде АҮФ түрінде энергияны бөліп шығару
процесі. Оттегіне қатысы жөнінен микроорганизмдер, екі топқа
бөлінеді. Бірінші – аэробты микроорганизмдер, яғни тіршілігі үшін
ауадағы оттегін пайдаланатындар екінші – анаэробты
микроорганизмдер, яғни тіршілігі ауадағы оттегінің қатысынсыз
жүретіндер.
Қоректік орталарды дайындау үшін жануар тектес, өсімдік
тектес өнімдерді, органикалық жəне неорганикалық қосылыстарды
қолданады.
Қолданылуына байланысты қоректік орталар жай жəне
арнайы деп ажыратылады. Жай қоректік орталарға ет-пептонды
агар (ЕПА), ет-пептонды сорпа (ЕПС), ет-петонды желатина (ЕПЖ)
жатады. Бұл қоректік орталарды көптеген патогенді
микроорганизмдерді өсіру үшін жəне басқа қоректік орталарды
дайындаудың негізі ретінде қолданады.
Арнайы қоректік орталарды элективті жəне диагностикалық-
дифференциалдық деп бөледі.
Элективтік қоректік орталар микробтардың белгілі бір түрінің
негізгі биохимиялық жəне энергетикалық қажеттіліктерін
қаматамасыз ету үшін жасалады.
Диагностикалық-дифференциалдық қоректік орталар
микробтардың зат алмасу ерекшеліктерін негізге ала отырып,
зерттелетін микробтарды түрге дейін ажырату үшін жасалады.
Қоректік орталарға бірнеше талаптар қойылады:
1. Құрамында микробтың қоректенуі үшін қажет қоректік
заттардың болуы.
2. Микрбтың түріне байланысты оптимальді рН болуы.
3. Жеткілікті ылғалдылық болуы керек. Өйткені микробтар
диффузия жəне осмос заңы негізінде қоректенеді.
4. Изотоникалық болуы керек.
5. Стерильді болуы керек.
Микробтарды қатты жəне сұйық қоректік орталарда беттік
өсіру кезінде, олар оттегін ауадан алады. Қоректік орталарды
бактериологиялық пробиркаларға немесе түбі жалпақ ыдыстарға
(Петри аяқшасы, Тартаковский колбасы жəне т. б.) құяды.
25
Студенттердің өзіндік жұмыстары
Қиғаштала қатырылған агарға микроб егу əдісі.
1) Ішінде таза өсіндісі бар жəне залалсыздандырылған ортасы
бар пробирканы қисайта сол қолға қысып ұстайды. Бұнда өсіндісі
бар пробирка жұмыс істеуші жағына қарай орналасқан болуы тиіс.
2) Ілмешекті тіктеп қалам сияқты оң қолға ұстап, спиртовка
шілтерінің жалынында қыздырады.
3) Пробиркаларды мақта тығынын оң қолдың шынашағымен
алақан арасына қыса суырып алып, микробты себу кезінде үстелге
қоймай тік ұстап тұру керек.
4) Ашық пробиркалардың аузын спиртовка жалынына шарпып
алып, залалсыздандырылған ілмешекті алдымен микроб бар
пробиркаға сұғады. Бұнда ілмешекті алдымен пробирка
қабырғасына тигізіп, аздап суытып алған жөн. Əйтпесе ыстық
ілмешекті тигізгенде микробтар күйіп қалуы мүмкін.
5) Ілмешекпен қармаған микробты пробиркаға кіргізіп,
иректей қозғап қоректік орта бетіне себеді. Мұнда ілмешекті
пробирка қабырғасына тамшы күйінде жиналған суға тигізбеу
керек.
6) Пробиркалар ауыздарын жəне тығындарын спиртовка
жалынында шарпып алып жабады да, ілмешекті күйдіріп
залалсыздандырады.
7) Пробирка сыртына өсіндінің атын жəне себу мерзімін
көрсетіп жазып қояды.
Сұйық орталарға себу. Сұйық қоректік ортаға себу
техникасы пробиркада қиғаштай қатырылған қатты қоректік ортаға
себуден аса көп айырмашылығы жоқ. Тек мұнда ілмешектегі
материалды пробирка қабырғаларына үйкейді де, артынан сол
ілмешекпен балғап араластырады. Бұнда мына жағдайларды ескеру
қажет.
1) Пробирка горизонталь жағдайға келгенде сұйық қоректік
орта төгілмеуі тиіс.
2) Сұйық пробирка қабырғалары мен мақта тығынын
ылғалдамауы керек.
3) Бір сұйық ортадан екінші сұйық ортаға микробтарды
сепкенде ілмешекті, залалсыздандырылған градуирленген
түтікшені немесе Пастер түтікшесін пайдалануға болады. пастер
түтікшесінің ұшын пинцетпен сындырып, спиртовка жалынында
26
күйдіреді, микробты себуге кіріседі. Бұнда түтікшені сұйыққа
батырып, екінші шетінен ептеп сорады (түтікшенің соратын жағына
алдын ала мақта тығып қоюды ұмыптау керек.) Түтікше ішінде
сұйық енгеннен соң, оның ауыз жағындағы шетін саусақпен
шапшаң баса қою керек. Түтікшені осы күйінде таза,
залалсыздандырылған екінші ыдыстағы ортаға құяды. Сеуіп
болғаннан соң түтікшені дезинфекциялық ерітіндіге батырады.
Пробиркаларды 1 – 2 тəулікке термостатқа (t – 37 - 38°С) қояды.
Қажетті материалдар мен құрал–жабдықтар
Пептон, ас тұзы, Петри аяқшасындағы агар – агар, ЕПА жəне
ЕПС бар пробиркалар, сапрофитті микробтар өсіндісі, пастер
түтікшелері, бактериологиялық ілмешек, шыныға жазатын
қарандаштар, спиртовкалар, сіріңке.
Тақырып: Анаэробты микробтарды өсіру əдістері.
Сабақтың мақсаты: Анаэробтарды өсіру əдістерін білу жəне
топырақтан анаэробтар өсіндісін бөліп алуды
үйрену.
Бақылау сұрақтар
1. Анаэробтар қалай тыныс алады?
2. Анаэробиозды жағдайды туғызудың қандай тəсілдері бар?
3. Анаэробтар өсіру үшін анаэробты жағдайы бар қандай
қоректік орталарды қолданады?
4. Китт – тароцци отасына себінді себу тəртібі.
Сабақтың мазхмұны
Тыныс алу сипатиына байланысты микробтар аэробтар жəне
анаэробтар деп бөлінеді. Аэробтар тіршілігі үшін оттегі қажет.
Оларда тыныс алу тотығу-тотықсыздану реакциясы типімен жүреді.
Анаэробтар керісінше оттегі жоқ жерде тіршілік етуге бейімделген.
Молекулярлық оттегі оларға токсикалық əсер етеді. Анаэробтар
тіршілігі үшін қажет энергияны қоректік ортаның құрамындағы
органикалық жəне неорганикалық қосылыстарды ыдырату
нəтижесінде алады. Анаэробтар облигатты жəне факультативті деп
бөлінеді. Облигатты анаэробтар үшін оттегі у болып саналады, ал
27
факультативті анаэробтар тіршілік ету ортасына қарай анаэробтық
тыныс алу типінен аэробтық типке айналады. Оларды шартты
анаэробтар деп те атайды. Бұл топқа микроорганизмдердің
патогенді түрлерінің көбісі жатады.
Анаэробтарды өсіру үшін қоректік ортаның құрамын жəне
оны қоршаған сыртқы ортаны молекулярлық оттегінен арылту
керек, яғни анаэробиоз жағдайын жасайды. Оның үш əдісі бар:
физикалық, химиялық жəне биологиялық.
Анаэробтарды қореткік орталарға егу əдістері:
а) қант агарынан жасалған пробиркада биік етіп қатырылған
ортаға анаэроб культурасын тікелей шаншып себу.
ə) ортадан ауаны (оның ішіндегі оттегін) механикалық жолмен
айдап шығару. Бұл үшін ауаны сорып алатын арнаулы насос
аспапты – анаэростаттарды пайдаланады. Анаэростаттар жоқ
болған жағдайда эксикаторды қолданады.
б) ауаны индифферментті газбен (мысалы, сутегімен)
алмастырады.
в) аудағы оттегін химиялық тəсілмен, мəселен арнаулы
пробиркадағы пирогаллолдың сілтілі ерітіндісі (10% - ті сілті
ерітіндісі мен пирогаллолдың қосылысы) арқылы сіңіріп алу.
г) аудағы оттегін биологиялық тəсілмен алу үшін жабық
герметикалық түтікшеде аэробтар мен анаэробтар қосып себеді.
Алдымен аэробтар өседі. Олардың əсерінен аяқшадағы оттегі
таусылғаннан соң анаэробтар өсе бастайды.
Анаэробтарды өсіруге арналған кеңінен таралған бірден – бір
қоректік орта Китт – Тароцци ортасы болып саналады. Бұл орта ет
– пептонды сорпадан 0,5% глюкозадан жəне ауаны сорып алу үшін
бауыр кесекшелерінен немесе ет фаршынан тұрады. Оның бетіне
ауа өткізбеу үшін вазелин майын құяды. Анаэробтарды себу үшін
алдымен ортаны регенирациялайды, яғни оттегін айдап шығу үшін
қайнатады.
Студенттердің өзіндік жұмыстары
