Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192 Кб
Скачать
☆

4. Ақырында бөлініп алынған таза өсіндіге толық сипаттама

беріледі.

а) морфологиялық (препараттарды қарай), бояу, қозғалысын

бақылау.

ə) культуралдық қасиет (ЕПА – ғы колониялар сипаты)

б) биохимиялық белсенділік қантты ыдыратушылық қасиет,

протеолитикалық қасиет, пигмент түзу.

30

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Студенттер өздері бөліп алған бактериялардың таза

өсінділері, Андрэдэ жəне Гисс орталары, күкіртті сутегін жəне

индолды анықтауға қажет тиісті жолмен өнделген сүзгіш қағаздар

тілімі жəне көгі бар сорпа (ЕПС), ілмешектер, спиртовкалар,

бояулар, микроскоптар, самырсын майы.

Тақырып: Ауа микрофлорасы

Сабақтың мақсаты: Кох əдісі (тұну, шөгу) бойынша ауадағы

бактериялардың жалпы санын анықтауды игеру.

Бақылау сұрақтар

1. Ауаның микроорганизмдермен ластану көздері

2. Ауа микрофлорасын анықтау əдістері (бактеиялардың жалпы

саны жəне патогенді микробтардың болуы)

3. Ауа микрофлорасының мəні не?

Сабақтың мазмұны

Ауа микроорганизмдер өсіп – өнуі үшін қолайсыз орта болып

есептеледі. Онда қоректік заттар жəне қажетті мөлшерде ылғал

жоқ. Микроорганизмдер ауаға топырақтан ұшқан шаң –

тозаңдармен түрлі өсімдіктерден, жануарлар мен адамдардан

тарайды. Жел көтерген шаң – тозаңмен дем алғанда, жөтелгенде

бөлінетін ылғалдың тамшылары микробтарды өзімен бірге ауаға

көтереді. Ауа микрофлорасының сандық жəне сапалық құрамы əр

түрлі факторларға байланысты болады: климаттық жағдай, жыл

мезгілі жəне т. б.

Ауа негізінен кебу мен ультракүлгін сəулелерінің əсеріне

қарсы төзімді əр түрлі микрококтар,сарциналар, бактерия спорасы,

саңырауқұлақтар, дрожжылар кездеседі. Олардың арасында

патогенді (зардапты) микроорганизмдер, мысалы, тубезкулез

таяқшасы, зардапты стрептококтар, вирустар жəне тағы басқалары

кездесуі мүмкін.

Ауаның ластануын бактериологиялық жолмен зерттеуде

оның белгілі бір көлеміндегі микробтардың жалпы санын жəне

микрофлорасын сапалық құрамын есептейді. Ауаның

микробиологиялық зерттеудің бірнеше тəсілдері бар, бірақ

31

солардың ішінде ең қарапайым Кох əдісі, яғни шөгу

(медиментациялық) əдісі.

Кох боынша микробтарды тұндыру əдісі. Ішінде ЕПА бар

Петри аяқшасын мал қораларында (немесе басқа жерлерде) 20 – 30

минут ашып қояды. Содан соң қақпағын жауып, 37° С

температурада термостатта 1 – 2 тəулікке қалдырады.

Өсіп шыққан колониялардың санына қарай ауаның

микроорганизмдермен ластану дəрежесін бағдарлайды.

Əрине Кохтың тұндыру əдісі жетілген тəсіл деп айту қиын,

өйткені ондағы қолданылатын орта көптеген микроорганизмдерді

(мəселен, туберкулез қоздырғыштары құрамында жұмыртқа,

глицерин, картоп сияқты заттары бар тек арнайы қоректік

орталарда өседі) анықтауға жарамсыз. Бұлəдіс ауадағы

микробтардың санын тек бір көлемде ғана анықтауға мүмкіндік

береді.

Мəселен, Омелянский дерегіне қарағанда ауданы 100 шаршы

см (см

2) Тең орта бетіне 5 минут аралығында өсетін микробтар саны

шамамен ауаның 10 м

3

микробтар санына тең болады.

Бірақ аяқшалардың ашық тұру уақыты мен олардың

аудандары тең болғанда, өгу əдісі зерттелетін бөлмедегі ауаның

микробтармен ластануы жөнінен шамамен дұрыс мағлұмат алуға

көмектесед. Аудағы микробтар санын біршама дəл анықтау үшін

Кротов аппаратын қолдану керек.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

Ішінде ЕПА бар Петри аяқшаларын ауа микрофлорасын

зерттейтін объектілерде қақпағын ашып əр түрлі уақыт арлығына

қояды. Содан соң осы уақыт аралығында агардың бетіне шөккен

микробтарды өсіру үшін 370

С термостатқа 24-48 сағатқа қояды.

Нəтижесінде өсіп шыққан колониялардың санын жəне олардың

сапасын анықтайды.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Ішінде ЕПА–ы бар Петри аяқшалары, бояушы ерітінділер,

спиртовкалар, бактериологиялық ілмешектер, микроскоптар,

Лафардың санағыш камерасы.

32

Тақырып: Микроорганизмдердің таза

өсіндісін бөліп алу əдістері.

Сабақтың мақсаты: Колониялардан бөлу əдісімен таза өсіндіні

алуды игеру.

Бақылау сұрақтары

1. Микробтар «өсіндісі» дегеніміз не?

2. «Таза өсінді» дегенімізне?

3. Таза өсіндіні бөліп алудағы мақсат.

4. Таза өсіндіні бөлін алудың қандай əдістері бар?

Сабақтың мазмұны

Таза өсінді дегеніміз микробтың жеке колониясынан бөлініп

алынған микроорагинзмдердің бір түрі. Колония деп микробтың

бір түрінің көбеюінің нəтижесінде алынған микроорганизмдер

жиынтығы.

Таза өсінді бөлу кез келген бактериологиялық зерттеудің

міндетті түрдегі этапына жатады. Таза өсінді зерттелетін

микробтың морфологиялық, культуральдық, биохимиялық,

биохимиялық жəне антигендік қасиеттерін анықтау үшін қажет.

Аралас микрофлорадан таза өсінді бөліп алудың тəсілдері өте

көп. Соның ішінде көп тарлағаны зерттелетін материалдан

қоректік ортаның бетінде оқшауланған колониялар алу мақсатында

микроорганизмдерді механикалық əдіспен бөлу əдісі.

Сонымен қатар бөліп алатын микроорганизмдердің өсуін

стимулдайтын элективті қоректік орталар қолданылады.

Микробтардың кейбір түрлері сыртқы ортаның белгілі бір

факторлардың əсеріне жоғары сезімталдық танытады.

Микробтардың осы қасиеттерін таза өсінді бөліп алу кезінде аралас

микрофлораның кейбір өкілдерін жою үшін қолданады. Бұл əдіспен

көбінесе жоғарғы температураға төзімді спора түзуші

бактерияларды бөліп алады.

Патогенді микробтардың таза өсіндісін басқа микробтармен

ластанған патололгиялық зағадаттан бөліп алу үшін кейде сол

микробқа бейім зертханалық жануарларды зақымдайды.

Кохтың ең танымал əдісінің бірі, бұл таза өсінді мен

жекелеген колонияларды бөліп алумен сипатталады. Таза өсіндіні

33

бөліп алу үшін, ауаны микробиологиялық зерттеу кезінде алынған

микроорганизмдердің жекелеген колонияларын қолданады.

1. Қоректік ортада микробтарды механиалық жолмен

айыру принциптеріне негізделген. Бұған мыналар жатады.

1.1. Сериялап (пластинкалы) сұйылту əдісі

1.2. Үш пластинкалы сұйылту əдісі

1.3. Дригальский (Петри аяқшасына фракциялап себу)

əдісі

1.4. Линднер əдісі – бір тамшы бір клетка болатындай

жолмен алу.

1.5. Перфильев – Габенің микроселекция əдісі

2. Толық оңашаланған жағдайда микробтар қауымынан

бізге қажетті микробтар өсуіне айрықша қолайлы жағдай туғызуға

көмектесетін биологиялық принципке сүйену. Бұған мыналар

жатады.

2.1. Элективті қоректік орталарға себу əдісі

2.2. Шукевич əдісі

2.3. Жоғары температурада өсіру (бактериялар,

спорасына арналған) əдісі

2.4. Химиялық заттарды қолдану (туберкулез

бактерияларына арналған Аликаев əдісі)

2.5. Зертханалық жануарларды зақымдау əдісі

Студенттердің өзіндік жұмыстары

Алдыңғы сабақта ауа микрофлорасы егілген қоректік ортадан

жеке колониялардан қиғашталған агарға таза өсінді алу үшін

себінді жасау. Сонымен қатар сол колониядан препарат жасап

микроскоп арқылы зерттеу.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Əр түрлі микрофлорасы бар Петри аяқшасы, оқшауланған

колонияларды себуге арналған ЕПС, ЕПА, жəне ЕПЖ,

бактериологиялық ілмешектер, Пастер түтікшелері, тпателдер,

бояулар, Пфейфер фуксині, Леффлер көгі, заттық əйнектер,

шыныға жазатын қарындаштар.

34

Тақырып. Су микрофлорасы. Судың коли – титрін анықтау

Сабақтың мақсаты: 1. Судағы бактериялардың жалпы санын

зерттеуді үйрену

2.Coli – титр мен Coli – индексті анықтау мəнін

түсіну

Бақылау сұрақтары

1. Coli – титр мен Coli – индекс дегеніміз не?

2. Судағы бактериялардың жалпы санын қалай анықтаймыз?

3. Судың санитарлық бағасын қалай анықтайды?

Сабақтың мазмұны

Əр түрлі су қоймаларының сулары көптеген

микроорганизмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар

жəне т. б.) тіршілік ететін табиғи ортасы болып есептеледі. Судағы

микроорганизмдердің дамуын көрсететін фактор – ондағы қоректік

заттардың мөлшері деп есептеуіміз керек. Су неғұрылым

органикалық заттарға бай болса, соғұрылым микробтар да көп

болады. Судағы микробтардың өніп – өсуіне қарап оның тазалық

нəтижесін де анықтауға болады.

Əр түрлі топырақ сапрофиттері мен суда тіршілік етуге

бейімделген ерекше микроорганизмдер, сонымен бірге түрлі ауру

қоздырғыш микробтарда тіршілік етуі мүмкін. Түрлі жұқпалы

аурулардың таралуы қоздырғыштардың ауру адам мен жануарлар

аурулардың таралуы қоздырғыштардың ауру адам мен жануарлар

бөліп шығаратын заттарымен бірге келіп түсуіне байланысты.

Бұлардың ішінде энтеробактериялар, (сальмонеллалар, іш сүзегі,

дизентерия таяқшасы т. б.) оба вибриондары, бруцеллалар,

туляремия жəне микробактериялар, патогенді лептоспиралар аса

қауіпті. Бұл микробтар суда өне бойы тіршілік ете бермейді. Белгілі

бір қолайсыз жағдайлар ісерімен суға түскен микробтар біраздан

кейін қырылып қалып судың өздігінен тазаруы мүмкін. Əрине сол

азғантай уақыт і шінде бұл микробтар орны толмас зиян келтіруі

ықтимал. Сондықтан су адамдар, жануарлар жəне өсімдіктер

арасында инфекцияны жаппай таратушы фактор болуы мүмкін.

Санитарлық тұрғыдан тек патогенді микробтар бар су ғана емес,

сапрофит бактериялар көп жиналған су да аса қауіпті болып

35

саналады. Оның себебі бактериялары көп сулардың өзінде түрлі

органикалық заттар да мол болады.

Сондықтан суға санитарлық – биологиялық сипаттама беру

былайша жүргізіледі.