Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192 Кб
Скачать
☆

1. Эпифит микроорганизмдерді табу үшін 5г тұқымды

ішінде 50 мл залалсыздандырылған түтік суы бар колбаға салады

жəне оған бірнеше грамм залалсыздандырылған құмды қосады.

Оны 10 минуттай шайқайды да бернеше сұйылту дəрежесін (10-2,

10-3, 10-4, 10-5, 10-6) даярлайды. Əр сұйылтындыдан 1 мл алып ЕПА

– ға себеді. Термостатқа қояды, 3 – 5 күннен кейін Петри

аяқшасындағы колонияларды санап, олардың дəннің бір

грамындағы санын есептеп шығарады.

2. Ризосфера мзерттеу үшін топырақтың бір бүтін кесегін

қазып алады. Залалсыздандырылған пинцетпен өсімдік тамырын

оған жабысқан топырақтан əбден тазартады. Өсімдіктің тамырынан

жас тамырдың бір бөлігін таңдап кесіп алады да 1 г өлшеп, ішінде

99 Мл залалсыздандырылған дистелденген суы бар колбаға

залалсыздандырылған пинцетпен алып салады да 2 минуттай

шайқайды. Содан соң металл ілмешекпен жаңағы өсімдік тамырын

іліп алып, ішінде 99 мл залалсыздандырылған дистелденген суы

бар колбаға салады да 2 минуттай тағы да шайқайды. Содан соң

өсімдік тамырын № 3. 4. 5. 6. 7 ішінде дистелденген суы бар

колбаға салып 2 минуттай шайқап ұстайды. № 6 жəне № 7

колбадағы суы залалсыздандырудан бұрын 3 – 5 г алдын ала жақсы

жуылған кварц құмын қосады. Құм тамырға жабысқан

микробтарды одан бөліп шығаруға көмектеседі.

Ризосфералық жəне тамыр айналасындағы микробтардың

саны мен сапасын тексеру үшін əрбір колбадан

залалсыздандырылған микротүтікшемен шайынды судан 0,05 мл

алып, Петри аяқшасындағы ЕПА – ға себеді. Температурасы 28 -

30°С термостатқа қояды, 3 – 5 күннен кейін өсіп шыққан

колонияларды санап, сипаттап жазады. Олардан жағынды жасап

микроскоппен қарайды. Суретін салады.

53

Қажет материалдар мен құрал – жабдықтар

Сабаққа қажет материалдар мен құрал – жабдықтар: дəннің

орташа үлгісі, залалсыздандырылған 50 мл колбалар, металл

қасықтар, залалсыздандырылған пинцеттер, залалсыздандырылған

құбыр суы, залалсыздандырылған құм, Петри аяқшалары, ЕПА,

өсімдігі бар топырақтың тұтас бір кесегі, қайшылар, таразы, əртүрлі

өлшегіштер, ішінде 99 мл залалсыздандырылған дистелденген суы

бар 250 мл колбалар, сымнан жасалған ілмешектер,

микротүтікшелер, есепшот, микроскоп.

Тақырып. Азық микрофлорасы

Сабақтың мақсаты: Мал азығының микрофлорасын зерттеу.

Бақылау сұрақтары

1. Өсімдікті сүрлемдеудің мəні неде?

2. Сүрлемнен жəне дрожжалған мал азығынан препаратты қалай

даярлайды?

3. Азықтың санитарлық бағасы

Сабақтың мазмұны

Азық микрофлорасы температураға, ортаның

ылғалдылығына жəне өсімдіктің түріне байланысты. Ол азықты

дайындауда жəне сақтау кезінде өзгереді. Өсімдікті орғаннан соң

оның қорғаныстық қызметі бұзылып, микробтар ішіне еніп,

қоректік заттарды қолданып, ұлпаларын бұзады. Осы кезде

шіріткіш микрофлора қарқындап дамып, азықты бұзады. Орылған

азықтарды кептіру немесе сүрлемдеу арқылы сақтауға болады.

Азықта зең саңырауқұлақтарын, шіріту бактерияларын, май

қышқылы бактерияларын кездестіруге болады. мұндай азық

көбінесе, ас қорыту мүшелерінің жəне басқа жүйелердің қызметін

бұзып, улануды тудырады. Зерттеу нəтижесінде азықтың бұзылу

себебін анықтап, аурудың алдын алуға болады.

Сүрлемді зерттеу əдісі. Сүрлемнің аз ғана мөлшерін фарфор

табақшасына салып, үстіне залалсыздандырылған физиологиялық

ерітіндіні құйып, жақсылап ысады. Осындай массадан жағындыны

кептіріп, бекітеді, бояйды содан соң микроскоппен қарайды.

54

Микроскопиялық зерттеу микроптардың саны мен морфологиялық

құрылымы жөнінде шамалы ғана түсінік береді.

Студенттердің өзіндік жұмысы

Дрожждалған мал азығын микроскопиялық зерттеу

дрожждалған мал азығын зерттегенде алынған үлгіні ішінде

физиологиялық ерітіндісі бар (1:10 қатынаста) фарфор

табақшасына салып ысады. Содан соң 2 – 3 қабат дəкіден өткізіп

сүзеді, сүзіндіні центрифугалайды. Алынған қалдықтан жағынды

жасап, 3 – 5 минуттай Леффлер көгімен бояйды, микроскоппен

қарайды.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Сүрлем жəне дрожждалған азық, заттық əйнектер, бояулар,

микроскоп, таразы, 100 мл колбалар, 2 мл түтікшелер, фарфор

табақшасы, пинцет, индикатор, фенолфлатеин.

Тақырып. Мал организмінің микрофлорасы

Сабақтың мақсаты: Мал организмінің қалыпты микрофлорасын

зерттеу.

Бақылау сұрақтары