Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БУХ УЧЕТ ДЛЯ ПРЕЗЕНТАЦИИ (1).docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
178 Кб
Скачать
☆

Тақырып 9. Қаржылық есептілікті дайындаудың тәртібі

1. ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп беруді дайындау және құрастыру тұжырымдамасы.

2. Қаржылық есеп берудің элементтері.

3. Қаржылық есеп берудің құрамы мен құрылымы.

1. Қаржылық қортынды есеп беру деп-кәсіпорынның (шаруашылық жүргізуші субьектінің) өткен кезеңдегі қызметінің жағдайы мен нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Ол белгілі бір кезеңде субъектінің шаруашылық қызметінің жағдайы мен нәтижелері туралы жинақталған мәліметтерден тұратын ағымдағы есептің қысқаша мәлімдемесі болып табылатын есеп жазбаларының ерекше түрі.

Қаржылық қортынды есепті құру кәсіпорында жүргізілетін есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Қаржылық қортынды есептің мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі қортындыланады және де ол талдау жасау, кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау үшін негізгі ақпарат көзі болып табылады.

Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы және дәл көрсетілуі, барлық көрсеткіштердің бір-бірімен тығыз байланысты болуы, есепті құруда әдістемелік және басқадай ережелердің сақталуы, қортынды есеп деректерінің инвесторлар мен басқадай пайдаланушыларға түсінікті болуы қаржылық қортынды есеп беруге қойылатын негізгі талаптар болып табылады.

Қаржылық қортынды есеп беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалады. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді тапсыруға міндетті. Шаруашылық субъектілерінің бастамасы бойынша немесе әріптестермен келісім бойынша қаржылық қортынды есеп беру басқа да есептік деректермен және түсіндірме жазулармен толықтырылуы мүмкін.

Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып олар заңды тұлға құқын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең, ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады.

Қаржылық қортынды есепті толықтыруға қойылатын талаптар: көрсеткіштердің қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайылығы; жинақтамалы және талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалылығы; есептік көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзіміндегі есепті көрсеткіштермен салыстырмалылығы.

Қаржылық қортынды есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынның (мекеменің) басшысы мен бас бухгалтер , сондай-ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру мерзім сайын әзірленеді және тапсырылады және пайдаланушылардың кең ауқымының ақпараттарды тұтыну мұқтаждығын қанағаттандырады. Кейбір пайдаланушылардың өкілеттігі болса, қаржылық есеп беруде көрсетілгендерге қосымша ақпаратттарды талап ете алады.

Қаржылық есеп берудің элементтері

Қаржылық қортынды есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазу, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге оқылатын болады.

Қаржылық қорытынды есептің элементтеріне активтер, міндеттемелер, капитал, табыстар мен шығыстар жатады. Бұл элементтердің басым бөлігінің белгілі бір кезеңдегң жағдайы қаржылық есептің бірінші нысаны бухгалтерлік баланста ақшалай өлшеммен көрініс табады. Ал, табыстар мен шығыстар екінші нысанда ашып көрсетіледі.

Шаруашылық субъектілері тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне, мемлекеттік салық инспекциясына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына, несие беруші банктерге және басқа шаруашылық субъектілерімен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғанан кейін 30 күн ішінде, ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті.

Бюджеттік мекемелер айлық, тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.

Қаржылық есепті пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және бұрынғы инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілер, қызметкерлер, сондай-ақ министрліктер, ведомостволар және жұртшылық жатады.

Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар, сатып алушылар, жеткізушілер, инвесторлар, биржалар және басқалар үшін ашық баспасөзде жариялайды.

Есепті жыл аяқталғанан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар, банктер, сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде, журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті. Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп, оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс.

Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшыларының төрттен бірінің бастамасы бойынша жүргізіледі. Өз бетінше есеп жүргізетін кез-келген шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі бір мезгілдегі қаржылық жағдайы бухгалтерлік баланста бейнеленеді.

Қаржылық есеп берудің құрамы мен құрылымы

Жылдық қаржылық қорытынды есеп кәсіпорын қызметінің түріне, шаруашылық саласына қарамастан мына құжаттардан тұрады:

  • бухгалтерлік баланстан;

  • кірістер мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп;

  • ақшаның қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп;

  • меншікті капиталдың қозғалысы туралы есеп;

  • түсіндірме хат.

Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі активтерінің, міндеттемелерінің және меншікті капиталының жағдайын көрсетеді.

Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Кәсіпорын осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан, бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды.Ал, баланстың пассиві – деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Кәсіпорынның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дененіміз – кәсіпорынның міндеттемелері, яғни осы кәсіпорынның басқа заңды және жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес берешек борыштары болып табылады. Кредиторлардың қатарына осы кәсіпорыннан алашағы бар заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады.

Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы – кредитор өз алашағын алу үшін жанталасатын (тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады.

Осы айтылғандарды қоытындылай отырып, кәсіпорыннның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады.

Есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын белгілейді.

Кіріс пен шығыс туралы есеп беруде мынадай баптар ашылып көрсетіледі:

  • негізгі қызметтен (өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді сатудан) алынған табыс;

  • сатылған өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны;

  • жалпы табыс;

  • кезең шығындары (жалпы және әкімшілік шығындары, сату шығындары, пайыз төлеу бойынша шығындар);

  • негізгі емес қызметтен алынған кіріс немесе зиян;

  • салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;

  • табыс салығы;

  • салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;

  • төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян;

  • таза табыс немесе зиян.

Ал, субъектінің қаржылық қорытынды есебінің барлық нысандары белгілі бір мақсатпен құрылады. Баланста субъектінің эканомикалық ресурстарының (активінің ) белгілі бір мерзімдегі нақты бары мен оларды қаржыландыру көздерінің жағдайы көрсетіледі. Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есебінде оның есеп беру мерзімінде алған табысы көрсетіледі.

Қорытынды есептің аталмыш нысандары субъектінің қаржылық жағдайын қарастыруда туындайтын барлық сұрақтарға жауап бере алмайды. Мысалы, субъектінің дивиденд төлеуге жататын ақша қаражаттары бар ма? Ол өзінің кредиторлық борыштарын жаба ала ма? т. б.

Осы сұрақтардың барлығына жауап беретін қаржылық қорытынды есептің жаңа нысаны – Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп.

Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есептің негізгі мақсаты:

  1. Есеп беру мерзімі ішінде заңды тұлғаларға ақша қаражаттарының келіп түсуі және шығуы жөнінде ақпараттарды беру;

  2. Есеп беру мерзімінде заңды тұлғалардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды беру.

Операциялық қызмет дегеніміз - заңды тұлғаның табыс табу бойынша негізгі қызметі сонымен бірге қаржылық және инвестициялық қызметіне жатпайтын басқадай қызметі.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер операциялық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысын тікелей немесе жанама әдістерді пайдалана отырып ашып көрсетеді.

Қаржылық қортынды есептің 4-ші нысанында кәсіпорынның меншікті капиталында болған өзгерістер ’’Меншікті капиталдағы өзгерістер жөніндегі есепте’’ көрсетіледі.

Түсіндірме жазбада кәсіпорындағы ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің маңызды сомалары ашылып көрсетіледі. Сонымен бірге, түсіндірме хатта есеп саясаты ашылып көрсетілуі керек. Егер есепті кезеңде есеп жүргізу саясатында өзгерістер болатын болса, онда оның себептерін нақты ашып көрсету қажет.

Негізгі әдебиеттер

1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2006

2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии», Алматы, 2002

3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005