- •Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидалары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс-3. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс - 4. Кірістер мен ақша қаржаттар есебінің тәртібі
- •Тақырып 6. Айналымнан тыс активтер: есебінің тәртібі, тозуы мен амортизациясы
- •Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері
- •Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар мен шығындар есебі
- •Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі
- •Кезең шығындарының есебі
- •8 Тақырып. Меншікті және тартылған капитал есебінің тәртібі
- •Тақырып 9. Қаржылық есептілікті дайындаудың тәртібі
Кезең шығындарының есебі
Кезең шығындары есепті кезең ішінде түгенделе қоймайтын шығындар. Кезеңдік шығындар немесе есепті кезең шығындары есепті кезең ішінде көрсетілген қызметтерді басқаруға жұмсалған шығындармен байланысты. Мұндай шығындар өнімнің өзіндік құнын анықтауға немесе есептеуге қосылмайды. Оған - әкімшілік шығыстары, өнімді (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығыстар, сый-ақылар бойынша шығыстар жатады.
Әкімшілік шығыстарға кәсіпорынды басқарумен және өндірісті ұйымдастырумен байланысты шығындар кіреді.Кәсіпорынның басқару аппараты персоналына есептелген еңбек ақы және еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; іс-сапар шығыстары; өкілдік шығыстар; офистік, типографиялық, почта-телеграфиалық және телефондық шығыстар;жалпы зауыттық (жалпы фирмалық) бағыттағы негізгі құралдарды ұстау және жөндеу шығындары, олардың амортизациясы; өндіріске зерттеу, тәжірибе жүргізу, жалпы зауыттық (жалпы фирмалық)мақсатта жүргізілген еңбекті қорғау шығындары; кадрлар дайындау; басқа да шаруашылық шығыстары; салықтар, алымдар және басқа да міндетті аударымдар және шығыстар; зауыт қоймаларындағы сақтаудағы материалдар және өнімдердің бүлінуінен болған шығындар; зауыт қоймасындағы материалдар мен өнімдердің жетіспеушілігі; басқа да жалпы және әкімшілік мақсаттағы шығыстар.
Типтік шоттар жоспарында әкімшілік шығыстардың есебі 7210-«Әкімшілік шығыстар» активті шотында жүргізіледі.
Салық кодексіне сәйкес, әкімшілік шығыстардағы кейбір шығыстар салық салынатын табыстарды анықтауда шегерімге жатпайды.
Әкімшілік шығыстары есебімен өнімдердің (жұмыс, қызмет) жеке түрлерінің рентабельділігін анықтау кезінде, өнімдердің (жұмыс, қызмет) жеке түрлерінің арасында өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақы сомасына және жабдықтарды ұстау және эксплутациялау шығындарына пропорционалды түрде бөлінеді.
Сату бойынша шығыстарға тауарлы-материалдық босалқыларды сатумен байланысты шығыстар жатады:
сату бөлімі меншігіндегілерді сақтандыру бойынша шығыстар;
бөлім жұмысшыларының іс-сапар шығындары;
тауарларды сатуда пайдаланылатын негізгі құралдардыұстау бойынша шығыстар және олардың тозуы;
жүктерді қаладан тыс тұратын сатып алушыларға және қала ішіндегі сатып алушыларға жеткізу бойынша, сонымен қатар тиеу-түсіру жұмыстары бойынша шығындар;
дайын өнім қоймасындағы өнімдерді орауға және олардың ыдысына кеткен шығындар;
өткізу нарығын меңгерудегі жарнамаға, жәрменкелер мен көрмелерге қатысуға кеткен шығындар;
сатып алушыларға немесе делдал ұйымдарға қайтарусыз, тегін берілген, тауар үлгілерінің құны;
тауарларды (жұмыс, қызмет) сатумен байланысты басқа да шығыстар.
Дайын өнімдерді (тауар, жұмыс) сату бойынша шығыстар есебі типтік шоттар жоспарының 7110 – «Өнімдерді сатып-өткізу және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» пассивті шотында жүргізіледі. Сый-ақылар бойынша шығыстарға – банк несиесі және жабдықтаушылардың берген несиесі бойынша, мүлікті жалға беру бойынша төленетін пайыздар жатады.
Пайыздар – несие алушының ақша капиталын несиеге алғаны үшін несие берушіге төленетін табыстың бір бөлігі. Пайызды өтеудің көзі қарыз капиталын пайдалану процесінен туындайтын құн болып табылады.
Сый-ақылар бойынша шығыстардың есебі типтік шоттар жоспарының 7310 – «Сый-ақылар бойынша шығыстар» пассивті шотында жүргізіледі.
Қаржы есеп беру кезінде шаруашылық субъектісі түсініктеме жазбахатында мыналарды ашып көрсетулері тиіс:
а) табысты тану үшін қабылданған есеп жүргізу саясатын, соның ішінде қызметтер көрсету жөніндегі келісімдердің аяқталу кезеңдерін айқындау тәсілін;
б) есепті кезең үшін танылған табыстардың әрбір маңызды түрінің сомасын, соның ішінде:
Тауарлар өткізу;
Қызметтер көрсету;
Пайыздар (проценттер);
Роялти;
Дивиденттер нәтижесінде туындайтын табыстарды, олардың ішінде тауарлар немесе қызметтер алмасу нәтижесінде туындайтын, табыстардың әрбір маңызды түріне енгізілген табыстар сомасын.
-
Субъектінің табыстарына жататындар:
- дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;
- қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
- дивиденттер, пайыз түрінде алынатын және тағы басқа да табыстар.
Табыстардың екі түрі бар:
- негізгі қызметтен алынған табыстар;
- негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстар.
-
Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндеттемелердің ұлғаюуына байланысты болашақ экономикалық пайданың кемуі шаруашылық субъектісінің шығыстары деп танылады.
-
Кезеңдік шығыстарға жататындар:
- жалпы және әкімшілік шығындар;
- тауарларды (жұмыс, қызметті) сатып-өткізу бойынша шығындар;
- пайыздық (проценттік) шығындар.
Жалпы және әкімшілік шығыстарға -кәсіпорынды басқарумен және өндірісті ұйымдастырумен байланысты, сондай-ақ өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына кірмейтін басқа да шығындар жатады. Оның есебі 7210 «Әкімшілік шығыстар» активті шотында жүргізіледі.
-
Сату бойынша шығыстарға– тауарларды (жұмысты, қызметті) сатып-өткізумен байланысты барлық шығындар кіреді. Оның есебі 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» активті шотында жүргізіледі.
Пайыздар бойынша шығысқа- банк несиесі және жабдықтаушылардың берген несиесі бойынша, мүлікті жалға беру бойынша төленетін пайыздар жатады. Оның есебі 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» активті шотында жүргізіледі.
-
Кәсіпорынның табыстарының есебі- тиіптік шоттар жоспары бойынша №6 «Табыстар» бөлімінде, яғни 6010-6420 аралығындағы пассивті шоттарда жүргізіледі.
Кәсіпорынның шығыстарының есебі- типтік шоттар жоспары бойынша №7 «Шығыстар» бөлімінде, яғни 7010-7710 аралығындағы активті шоттарда жүргізіледі.
-
Табыстар мен шығыстар бөлімінің шоттары есепті кезеңнің соңында жабылып, 5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шотына апарылады.
