- •Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидалары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс-3. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс - 4. Кірістер мен ақша қаржаттар есебінің тәртібі
- •Тақырып 6. Айналымнан тыс активтер: есебінің тәртібі, тозуы мен амортизациясы
- •Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері
- •Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар мен шығындар есебі
- •Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі
- •Кезең шығындарының есебі
- •8 Тақырып. Меншікті және тартылған капитал есебінің тәртібі
- •Тақырып 9. Қаржылық есептілікті дайындаудың тәртібі
Негізгі әдебиеттер
1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2006
2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии»
Алматы, 2002
3. АдамсА.,Основы аудита. М; Аудит, ЮНИТИ, 2005
4. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита: Учебник: Алматы, Экономика, 2005ж.
5. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру, Алматы 2005
6. Нұрсейітов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп/ оқулық құралы. Алматы, «Издательство LEM» ЖШС, 2009.
7. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Алматы, «Экономика», 2005
Бақылау сұрақтары:
Бухгалтерлік есепке анықтама беріңіз.
Бухгалтерлік есептің принциптеріне түсініктеме беріңіз.
Бухгалтерлік есептің пәніне және объектісіне түсініктеме беру керек.
Бухгалтерлік есептің элементіне түсініктеме беру керек.
2-тақырып. Екі жақтылық қағидалары және баланстық теңдеу
1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік, құрылымы мен мазмұны.
2. Бухгалтерлік баланстың түрлері.
3. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы
1. Бухгалтерлік баланс деп - ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз. Баланс активтерді (осы ұйымның қаратарын) және бұларды қаржыландыру көздерін экоиомикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта жинақтап отырады. Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады, Міндеттемелер қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның немесе каражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда және не үшін жұмсалғанын көрсетеді. Меншікті капитал осы ұйымды құрып қалыптастырушы жеке тұлғаның, ұйым иесінің салған ақшасынан тұрады.
Нәтижесінде активтердің жалпы сомасы алынған міндеттемелер мен меншікті капиталдың жалпы сомасымен тепе-тең болатындығын тағыда қайталаймыз. Осындай сабақтастық жолдармен бухгалтерлік баланс әдісі қалыптасып қордаланып отырады. Кез келген бухгалтерлік балансқа баланс жасаушы ұйымның аталуы және баланстың қай уақытқа қорытындыланып жасалған күні жазылады.
Көптеген тұлғалар өздерінің бухгалтерлік балансын әрбір кезеңдерге қарай жасап, қолда бар қаражатының барын, басқа тұлғаларға қанша көлемде берешегінің бар екендігін көрсетіп отырады. Яғни бухгалтерлік баланс осы «ұйымның қолда бар активті қаражаттарын және берешектерін белгілі бір уақытқа қарай көрсетіп отырады» деу орнықты ұғым. Тағы да қайталаймыз: белгілі бір ұйымның қолда бар мүліктері активтер деп аталынады. Ал осы ұйымның басқаларға берешегі міндеттемелер деп аталынады. Активтер құрамына осы ұйымның меншігіндегі: жер, ғимараттар, өндірістік жабдықтар, тасымалдау құралдары, өлшеу т.б. приборлар, өнім беретін малдар, күш беруші машиналар т.с.с. жатады. Сонымен қатар осы ұйым меншігіндегі шикізаттар мен материалдар, босалқы бөлшектер, тауарлар, дайын өнімдер, ақшалай өлшеммен өлшеніп, осы ұйымның меншігінде болады.
Бұлардың барлығы да активтер түрінде классификацияланады.
Осы жерде ұйымдар өзінің активті қаражаттарын толықтырып, бұларды өндірістік үрдіске тиімді пайдаланып отыруы үшін әртүрлі көздерден ақшша алу мүмкіндігі болатындығын тағы да қайталайық. Қосымша алынатын ақшаларды, бұлар компаниялардан немесе банктерден алады. Алған ақшалары үшін осы ұйым қарыз алуушының қатарына (категориясына) түседі. Қарызға алынған ақшаларды міндеттемелер деп атайды. Банктерден алынған несиелерден бөлек осы ұйым басқа да тұлғалардан көп көлемде қарыз ақшалар алуына болады (мысалы, өзінің үлес қосушы аккционерлерінен). Ірі акционерлерден алынған қаражаттарды акционерлік капитал деп атайды. Осы ұйымды қолдаушы кейбір акционерлік компаниялар акцияларға жазылады немесе акционерлер осы ұйымның қызметін жалғастыра беру үшін белгісіз уақытқа дейін акционерлік ақша береді. Қандай да болмасын алынған акционерлік капитал, ең соңында жазылған акцияларға сай қайтарылады. Яғни осы ұйымның алған акционерлік ақшасы уақытша алынған қарыз ақша түріне саналады. Акцияға жазылган, түбінде қайтарылатын ақшаны міндеттемелер деп атайды. Нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлік баланс әр түрлі әдістермен жасалынып, әрқашан да активтер мен міндемелер сомасы бірдей тепе-теңдік жағдайда болады. Бухгалтерлік баланс жекелеген синтетикалық счеттар қалдығын жинақтауды туындайды. Баланс қорытынды есеп жасаудың ең негізі 5 болып табылады. Әрбір келесі кезеңге қорытынды есеп жасау үшін барлық бухгалтерлік есеп мәліметтерін топтастырып жинақтау мақсатында баланс құрылады, Баланс құруды екі жақты принциптің қолданбалы әдісі деп те түсінуге болиады. Әрбір келесі кезеңге баланс қүруда бұрында бухгалтерлгік баланста көрсетілген көрсеткіштер, яғни (мәліметтер) балансттгың жекелеген элементтері арнайы счеттарға таратыльш жазылады. Әрбір жекелеген счеттар материалдық және қаржылық объектілерге, мысалға, несиелендірушілер, алашақтар, берешектер, меншіик иелері, инвесторлар, негізгі құралдар, қоюшылар т.с. с. жатады. Бухгалтерлік баланс ұйымдардың қаржылық жағдайын белгілі бір кезеңге қарай жинақтап көрсетеді.
Баланс деп — ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады. Бұл анықтамада
1) баланс;
2) үлгі;
3) пайдаланушылардың мүддесі;
4) сыртқы сипаты;
5) белгілі бір мерзім;
6) қаржы жағдайы;
7) кәсіпорындар (ұйымдар) деген сияқты элементтер қатысады. «Баланс» - латын сөзі. Бұл сөз «екі табақты таразы» деген ұғымды білдіреді.
Үлгі - баланс мәліметтерін пайдаланушылардың талабына сай, кәсіпорынның активті қаражаттары мен меншікті капиталының, міндеттемелерінің жағдайы мен бұлардың қозғалысын жинақтап көрсетуші ресми қағаз. Баланстық үлгі қағаз қорытынды есеп жасау қажеттігінен туындаған. Бұл үлгіге жазылған жазулар ұйымның қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланстық үлгі қағазға (сызық жолдарға) жазылған жекелеген көрсеткіштер баланстың белгілі баптары деп аталынады. Балансты тек үлгі қағаз ретінде ғана қарамай, мұның өзі ұйымдардың шашыранды шаруашылық қызметін жинақтап көрсететін бухгалтерлік есеп объектілерінен туындайтын жалпы есеп жүйесінің маңызды категориясы екендігін білген жөн.
Пайдаланушылардың мүддесі. Баланс көрсеткіштеріндегі сомаларды оқып отырып, әрбір пайдаланушылар өз мақсатын шешуге ұмтылады. Бухгалтер баланстағы жекелеген баптарға жазылған сомалардың дұрыстығын тексереді. Бұдан баланстың теңдігі - активтер мен пассивтер сомаларының дәлдігі туындайды. Несиелендірушілер ұйымның төлем өтеушілік қабілетін біліп отырғысы келеді. Яғни ұйымның мүліктік жағдайы бухгалтерлік балансқа жазылуы керек.
Сонымен қатар, ұйым басшылары мен қожайындары таза пайдамен жұмыс істеуге ынталы болады. Есепті жыл ішіндегі ұйымның қаржы қорытындысын шығару үшін капитал қозғалысы көрсеткіштері де бухгалтерлік баланска жазылуы керек. Салық органдары үшін барлық ұйымдар декларация жасап тапсырады. Декларация көрсеткіштері мен баланс көрсеткіштері арасында сәйкестік болуы шарт. Баланс баптары салықтың белгілі бір түріне қарай топтастырылуы мүмкін. Яғни баланста көрсетілген пайда көлемі салық салынатын көлеммен бірдей болуы міндетті.
Сыртқы сипаты. Баланс көрсеткіштерін тігінен және көлденеңінен оқып сипаттауға болады. Баланс мазмұнын тігінен қарағанда екі жақты кестеден, сол жағы актив, ал оң жағы пассив болып екіге бөлінеді. Сыртқы пайдаланушылардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен активтерді қаражаттар, ал пассивтерді қаражат көздері деп те атауға болады. Сонымен қатар капитал айналысына тікелей байланысты қозғалыстарды да бухгалтерлік баланс арқылы талдауға болады.
Балансқа көлденең жазылған көрсеткіштер есеп объектілерінің өзара байланысын көрсетеді. Қандай жағдайда болмасын балансқа көлденең жазылатын көрсеткіштер счеттардағы қалдық сомаларымен бірдей сомада болуы керек. Яғни дебеттік қалдық баланстың активінде, ал кредиттік қалдық пассивінде жазылады. Белгілі бір мезім. Әдетте бухгалтерлік баланс айдың, тоқсанның және жылдың 1-күніне жасалып, ұйымның қаржылық қызметінің жағдайын көрсетеді. Ұйымның қаржылық жағдайы түскен пайданың мөлшерімен сипатталады. Сондықтан пайда айдың, тоқсанның, жылдың біріне ғана жаза салатын көрсеткіш емес, пайда өткен шақтағы атқарған ұйымның қаржылық нәтижесін көрсететін ең негізгі көрсеткіш болып табылады.
Қаржы жағдайы. Ұйымдардың қаржы жағдайы қойылған мақсаттарға қарай әр түрлі көздерден қалыптасады. Сондықтан баланстың әрбір баптары арқылы ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін бағалап, талдау әдістерін қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Ұйымның меншікті активтері әр түрлі ресурстар мен қаражат көздерінен қалыптасатындықтан ұйымдардың ресурстары шын мәнінде көбейіп отыратын болса, онда бұл ұйымның пайдамен жұмыс істегендігін көрсетеді.
Құнсыздануға (инфляцияға) байланысты ұйымның активтері көбейіп кеткен жағдайда түскен пайда - таза пайдаға жатқызылмайды. Мұны шындыққа жанаспайтын пайда деп таныған жөн. Егер ұйым ақысыз (құнын төлемей) түбінде қайтарылмайтын активтерді басқалардан алған жағдайда, мұндай активтердің құны пайда құрамына жазылмай, тек қана баланстың көбеюуін білдіреді.
Кәсіпорындар (ұйымдар). Ұйымдар деп - кез келген шаруашылық қызмет атқарушы құрылымдарды айтады. Бұлардың түпкі мақсаты пайда түсіріп, пайдамен жұмыс істеу болып табылады.
Қазіргі кезде ұйымдарда қолданылатын баланстың құрылымы келесідегідей болады:
Активтер
|
Бет коды |
Есептік кезеңнің соңында |
Есептік кезеңнің басында |
I. Қысқа мерзімді активтер |
|
|
|
Ақша қаражаты және олардың эквиваленттері |
010 |
|
|
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар |
011 |
|
|
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
012 |
|
|
Қорлар |
013 |
|
|
Ағымдағы салықтық активтер |
014 |
|
|
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер |
015 |
|
|
Өзге де қысқа мерзімді активтер |
016 |
|
|
Қысқа мерзімді активтердің жиыны |
100 |
|
|
II. Ұзақ мерзімді активтер |
|
|
|
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар |
020 |
|
|
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек |
021 |
|
|
Үлес қосу әдісімен есептелінетін инвестициялар |
022 |
|
|
Инвестициялық жылжымайтын мүлік |
023 |
|
|
Негізгі қаражат |
024 |
|
|
Биологиялық активтер |
025 |
|
|
Барланатын және бағаланатын активтері |
026 |
|
|
Материалдық емес активтер |
027 |
|
|
Кейінге қалдырылған салықтық активтер |
028 |
|
|
Өзге де ұзақ мерзімді активтер |
029 |
|
|
Ұзақ мерзімді активтердің жиыны |
200 |
|
|
Теңгерім (100 бет+ 200 бет) |
|
|
|
Пассивтер |
Бет коды |
Есептік кезеңнің соңында |
Есептік кезеңнің басында |
III. Қысқа мерзімді міндеттемелер |
030 |
|
|
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер |
031 |
|
|
Салықтар бойынша міндеттемелер |
032 |
|
|
Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер |
033 |
|
|
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек |
034 |
|
|
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері |
035 |
|
|
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер |
036 |
|
|
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны |
300 |
|
|
IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
|
|
|
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер |
040 |
|
|
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек |
041 |
|
|
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері |
042 |
|
|
Кейінге қалтырылған салықтық міндеттемелер |
043 |
|
|
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер |
044 |
|
|
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің жиыны |
400 |
|
|
V. Капитал |
|
|
|
Шығарылған капитал |
050 |
|
|
Эмиссиялық кіріс |
051 |
|
|
Сатып алынған меншік үлестік аспаптар |
052 |
|
|
Резервтер |
053 |
|
|
Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) |
054 |
|
|
Аздық үлесі |
055 |
|
|
Капитал жиыны |
500 |
|
|
Теңгерім (300 бет+ 400 бет+ 500 бет) |
|
|
|
2. Нарықтық қатынастар жағдайында кез-келген заңды және жеке тұлға өз бизнестерін ашуға құқықтары бар. Бизнестің негізгі мақсаты тауарларды өндіре, қызметтерді көрсете отырып табыс табу болып табылады. Бизнесті жүргізу үшін нақты ақша қаражаттары қажет екендігі белгілі.
Ақша – бұл айырбас құралы. Бос ақша құралдары үнемі жұмыс істеуі керек. Ақша құн өлшемі болып табылады.
Екіжақтылық принципі келесі үш түсінікті байланыстыратын теңдік ретінде көрінуі мүмкін: актив = міндеттемелер + капитал.
Бұл теңдік бұхгалтерлік есептің негізі болып табылады. Оны капитал қатынасындағы қалдық принципін сипаттайтын формада көрсетуге болады: актив – міндеттемелер = капитал.
Актив = міндеттемелер + капитал бұл теңдік баланстық тепе-теңдік немесе ұйым балансы деп аталады. Баланстық оң жағында капитал көздері көрсетілсе, ал капитал актив түрінде баланстың сол жағында көрсетіледі. Мұндай теңдік бухгалтерлік есеп шоттарында қате болмаса, сақталуы керек. Сонымен қатар, бұл көрсетілген теңдік екіжақтылық принцип болып табылады.
Бұл есептің екіжақтылық концепциясын сипаттайтын негізгі теңдік болып табылады. Шаруашылық операциялары мен есеп процедуралары одан әрі қарай сабақталады, себебі әрбір шаруашылық операцияларында есеп көрсеткіштеріне екі жақтылық сипат береді, бухгалтерлік есеп жүйесі осының барлығын ұйымдастырады.
Бухгалтерлік баланс түрлері. Ұйымның құрылуын, қаржылық жағдайын, үздіксіз қызмет атқаруын, жойылып кетуін немесе аналық үлкен компания құрамына ену жағдайын ескере отырып, бухгалтерлік баланс үшке бөлінеді:
1) кіріспе баланс;
2) аралық баланс;
3) жойылуға байланысты баланс.
Кіріспе баланс ұйымдар мен фирмалар т.б. заңды тұлғалардың жарғысы тіркелгеннен соң, меншік иелерінің салған қаражатын және басқа да қаржы салымшыларының, несиелендірушілердің қаражаттарын кіріске алып, жарғылық қор мен активтерді қалыптастырудан басталады.
Аралық баланс белгілі бір тапсырмаға байланысты, айға, күнге, тоқсанға қарай жасалынады. Мысалға, капиталдың шеңберлі айналысы фазаларына, активті қаражаттар қозғалысына талдау жасау жұмысын және арнайы тапсырмаға байланысты үйым қызметіне толық тексеру жұмысын жүргізу үшін жасалынатын балансты аралық баланс деп атайды.
Жойылуға байланысты баланс. Ұйым банкротқа ұшырап, өз қызметін тоқтатқан жағдайда арнайы комиссияның қатысуымен ұйымды жою мақсатьшда баланс жасалынады. Жою балансы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең осы ұйымның жабылуына байланысты жасалса, екінші кезеңде ұйымның жойылғандығының қорытындысын бағалау үшін жасалынады.
Заңды тұлға болып танылған ұйымдардың барлығы да бухгалтерлік баланс жасауға міндетті. Егер заңды тұлғалар құрамына енген еншілес ұйымдар құрылған жағдайда, негізгі ұйым басшыларының рұқсаты бойынша еншілес кәсіпорындар да баланс жасауына болады.
3. Кәсіпорында жүзеге асқан әрбір шаруашылық операциясы не мүліктің мөлшерін, не оның қалыптасу көздерінің шамасын немесе бір мезгілде мүліктің де, оның қалыптасу көздерінің де мөлшерін өзгертеді. Бұл орайда өзгеріс өсу жағына, сондай-ақ кему жағына қарай болуы мүмкін, баланс валютасы да өзгереді.
Кәсіпорында жасалатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік балантң активі мен пассивінің мөлшеріне әсер ету белгісіне қарай төрт түрге бөлінеді. Бірінші түрдегі операциялар мүліктердің құрамын өзгертеді, яғн баланс активінің баптарының ішінде орын ауыстырулар болады. Бұл жағдайда баланс валютасы өзгермейді. Мысалы, есеп айырысу шотынан кәсіпорын кассасына 20 мың теңге алынды. Аталған операция баланстың «Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары» және «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» деген баптарына әсерін тигізеді. Бұл операцияның орындылуы «Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары» бабы бойынша қаражаттар +20 мың теңгеге артқанын, ал «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» бабында -20 мың теңгеге кемігенін білдіреді, яғни баланс активінің баптарынң ішінде орын ауыстырулар болды және жалпы алғанда, баланс валютасы өзгермеген.
Екінші түрдегі операциялар кәсіпорын мүлкінің қалыптасу көздерін өзгертеді, яғни пассив ішіндегі баптардың орын ауыстырулары болады. Бұл жағдайда баланс валютасы өзгермейді. Мысалы, бұрын келіп түскен материалдар үшін жеткізушілерге берілетін берешек 36 мың теңге сомасындағы банк ссудасы есебінен өтелді. Аталған операция баланс пассивінің мынадай баптарына әсерін тигізеді: «Жеткізушілермен мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» және «Қысқа мерзімді банктік қарыз». Бұл шаруашылық операциясының орындалуы «Жеткізушілермен мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бабы бойынша 36 мың теңге сомаға кемігендігін, ал «Қысқа мерзімді банктік қарыз» бабы бойнгша -36 мың теңгеге артқанын білдіреді, яғни баланс пассивінің ішнде сомалардың орын ауыстыруы болған және жалпы алғанда баланс валютасы өзгермеген. Үшінші түрдегі операциялар мүлік пен оның қалыптасу көздерінің мөлшерін бір мезгілде өзгертеді, бұл орайда өзгеріс өсу жағына қарай болады. Мұның өзінде баланс валютасы активі мен пассиві бойынша бірдей шамаға өседі. Мысалы, 50 мың теңге сомаға негізгі құралдар өтеусіз алынды.
Аталған шаруашылық операциясы баланстың: «Негізгі құралдар» және «Басқа табыс» деген екі бабына әсерін тигізеді.
Бұл шаруашлық операциясын орындау «Негізгі құралдар» бабын -50 мың теңгеге арттырады және сонымен бір мезгілде «Басқа табыс» бабы да +50 мың теңге сомаға артты.
Баланс валютасы активі бойынша да, пассиві бойынша да +50 мың теңгеге артқан.
Төртінші түрдегі операциялар мүліктің мөлшері мен оның қалыптасу көздерн бір мезгілде өзгертеді, бұл орада өзгерс кему жағына қарай болады. Мұның өзінде баланс валютасы активі мен пассиві бойынша бірдей сомаға кемиді. Мысалы, есеп айырысу шотынан еншілес кәсіпорындарға кредторлық берешекті өтеу үшін 23 мың теңге сома төленді. Аталған шаруашлық операциясы баланстың: «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» және «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» деген екі бабына әсерін тигізеді.
Бұл шаруашылық операциясының орындалуы «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» бабы бойынша сома -23 мың теңгеге кемігенін, бірақ сол мезгілде «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» бабы бойынша да сомалар -23 мың теңгеге кемігендігін білдіреді, өйткені есеп айырысқан кезде кәсіпорынның берешегі кемиді. Баланс валютасы активі бойынша да, пассиві бойнша да -23 мың теңгеге кеміген.
Әрбір шаруашылық операциясын баланстың өзінде көрсету өте ауқымды боллмақ, сондықтан баланстар есепті кезеңнің басына және аяғына жасалады. Мұның өзі барлық өзгерістерді жалпылама түрде көруге мүмкіндік береді, ал ағымдағы өзгерістер бухгалтерлік есептің шоттарында ескеріледі.
Негізгі әдебиеттер:
1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2006
2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии»
Алматы, 2002
3. АдамсА.,Основы аудита. М; Аудит, ЮНИТИ, 1995
4. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита: Учебник: Алматы, Экономика,1995ж.
5. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп
беру. Алматы 2005
