- •Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидалары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс-3. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс - 4. Кірістер мен ақша қаржаттар есебінің тәртібі
- •Тақырып 6. Айналымнан тыс активтер: есебінің тәртібі, тозуы мен амортизациясы
- •Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері
- •Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар мен шығындар есебі
- •Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі
- •Кезең шығындарының есебі
- •8 Тақырып. Меншікті және тартылған капитал есебінің тәртібі
- •Тақырып 9. Қаржылық есептілікті дайындаудың тәртібі
Негізгі әдебиеттер
1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2006
2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии»
Алматы, 2002
3. АдамсА.,Основы аудита. М; Аудит, ЮНИТИ, 2005
4. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита: Учебник: Алматы, Экономика, 2005ж.
5. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру, Алматы 2005
Дәріс - 4. Кірістер мен ақша қаржаттар есебінің тәртібі
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері жайлы түсінік.
2. Кассадағы қолма-қол ақшалар есебі.
3. Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарымен есеп айырысудың есебі.
Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері жайлы түсінік
Ақша қаражаттарының атқаратын қызметі көп, ол ең алдымен төлем құралы болып табылады.
Бухгалтерлік есептің №7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақша қаражаттарына, оның эквиваленттеріне нақты ақшалар және талап етілгенге дейінгі салымдар жатады.
Ақша қаражаттарының эквиваленттері деп - ақша қаражаттарының белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылықтардың өзгеру қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді, өтімділігі (ликвидтігі) жоғары салымдарды айтады. Ол ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады.
Ал, ақша легі деп – ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп түсуі мен шығуын айтады.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары-бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар-банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшелері үшін ашылады.
Банктегі есеп айырысу және валюталық шоттар кәсіпорынның негізгі ақша қаражаттарын сақтау және нақты ақшасыз есеп айырысу операциясын жүзеге асыруға пайдаланылады.
Кәсіпорынның кассадағы нақты ақша қаражаты күнделікті ағымдағы шаруашылық іс-әрекетінде қажетті қаражаттарды кассада сақтап, керекті бағыттарға жұмсап отыруға қолданылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырмасы; чек; вексель;талап-төлем тапсырмасы; кеден және салық қызметінің органдарының инкассалық үкімдері болып табылады.
Инкассалық үкім – төлем жасаушы тұлғаның банктегі шотынан оның келісімінсіз ақшаны төлетудің әдісі.
Төлеушілер мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Осы заманғы ақша жүйесі үш түрлі ақша белгілерімен: металл ақшалар, қазыналық және банктік билеттер, есеп айырысудағы ақшалар болып ажыратылған.
Халықаралық қаржылык есеп стандарттарында ақша қаражаттары қозғалысының есебі, ақша операцияларының жекелеген түрлері бойынша қарастырылған. Олар 1000 - «Ақша қаражаттары» кіші бөлімінің активті шоттарында жүргізіледі:
1010 – «Кассадағы ақша қаражаттары»;
1020 – «Жол үстіндегі ақша қаражаттары»;
1030 – «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражатары»;
1040 – «Карт-шоттардағы ақша қаражаттары»;
1050 – «Жинақтаушы шоттардағы ақша қаражаттары»;
1060 – «Басқа да ақша қаражаттары».
Кассадағы және банктегі ақша каражаттарының есебі
Кассалык операциялар есебін жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің ережелерімен шектелген.
Қолма-қол накты ақшамен есеп айырысу және ақшаға тән құжаттарды сактау үшш әрбір кәсіпорынның кассасы болуы керек. Ақша және акша каражаттары сақталатын бөлме қауіпсіздік тұрғысынан арнайы жабдықталып, ақшаның сақталуына қауыпсіз жағдай жасалуы керек. Акшаның дұрыс сақталуына кәсіпорын басшысы тікелей жауапты.Нақты ақша кәсіпорын кассасында сақталады.
Касса-деп қолма-қол нақты ақша айналысы бойынша барлық операцияларды орындаушы және рәсімдеуші кәсіпорынның жеке бөлімшесін (құрылымын) айтады.
Кассалық операцияларды екі жақты келісім-шарт жасау арқылы жұмысқа алынған кезде өз міндетін жауапты түрде атқарамын және кассалық операциялармен таныспын деп колхат беруші кассир жүргізеді. Кассир кассаға қабылданған барлық құндылықтардың (ақшалардың, ақша құжаттарының) сақталуына материалды тұрғыда жауап береді.
Кассирдің уақытша атқаратын жұмысы басқа адамға жүктелген жағдайда, кәсіпорын басшысы кассирдің ауыстырылуына байланысты бұйрық шығаруы керек. Мұндай жағдайда да, кассирмен келісім-шарт жасалып, уақытша тағайындалған кассир қолхат беруге міндетті.
Кассаға кіріске алынған қолма-қол ақша арнайы мақсаттарға (еңбек ақы төлеуге, операциялык, және шаруашылық мұқтажына, іс-сапар шығынына) жұмсалынады.
Кассалык операциялар жүргізу тәртібі төмендегіше:
кіріске алынған (КО-1) және шығысқа шығарылған (КО-2) ақша қаражаттарын бастапкы құжаттармен рәсімдеу;
бастапқы құжаттарды тіркеу регистрлары журналына жазып отыру;
кассалык операциялардың барлығын да екі дана етіп, кассалық кітапқа жазып, кассалық кітап бойынша күнделікті қалған ақша қалдығын шығарып отыру арқылы орындалады.
Егер келесі күнге қалған кассадағы, қолма-қол ақшаның сомасы шек қойылған (лимит) сомадан көп сомада қалатын болса, онда кәсіпорын мұндай ақшаны қызмет көрсетуші банкке өткізуге міндетті. Кассадағы қалған соманы банкке көшіру осы кәсіпорынның қызметкерлері немесе банктің уәкілі (инкассатор) арқылы орындалады.
Ақшаға тән құжаттар кәсіпорынның кассасында сақталады. Бұларға: акциялар, нарықтық құнды қағаздар, қазыналық вексельдер, займдар, құны төленген ұшақ билеттері, сатылып алынған жолдамалар (демалыс үйіне, сауықтыру орындарын), лотерея билеттері жатады. Ақша құжаттарының бухгалтерлік есебі кассалық есептегі ақшалар есебімен бірдей жүргізіледі.
Кассадағы ақшалар есебі 1010-«Кассадағы ақша қаражаттары» деген активті шотта жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде ақша қаражаттарының кассаға келіп түсуі, ал кредитінен ақша қаражаттарының кассадан шығуы көрсетіледі.
Кез-келген нысандардағы кәсіпорындар меншігіндегі акша қаражаттарын банктерде сақтайды.
Банктерде сактауда тұрған ақша қаражаттарының қандай да бір қозғалысы (кірісі, шығысы), сондай-ақ, ақша қаражаттарына байланысты барлык ішкі сыртқы операциялар арнайы белгіленген құжаттармен рәсімделеді. Ақша қаражаттарына байланысты барлық құжаттарға кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері өз колдарын қойып бекітеді. Басшы мен бас бухгалтердің қолынсыз ақша және есеп айырысу, қаржы және несие жөніндегі міндеттемелер ешқашан да расталмайды және орындалмайды.
Банктер катысушы жақтардың бірімен-бірінің есеп айырысуы жөніндегі арақатынастық операцияларды орындауға міндетті.
Кәсіпорындар жаңадан ашылғанда және кайта кұрылғанда, өз таңдауымен кез-келген банктен өзінің есеп айырысу шотын ашып, оның реквизиттерін салық органына хабарлайды. Яғни қызмет көрсетуші банк осы кәсіпорынның ақша қаражаттарын сақтап, барлық есеп айырысу операцияларын орындап, несиелік және кассалық оперциялар қызметін атқарып отырады.
Кәсіпорындар қызмет көрсетуші банктен ұлттық және шетелдік валютадағы есеп айырысу және ағымдағы шоттар ашуына да болады.
Есеп айырысу шоты кәсіпорынның негізгі шотының қызметін атқарып, барлық ақша операцияларын, оларға ешқандай шек қоймай орындайды.
Есеп айырысу шотын ашу үшін мына төмендегі құжаттарды даярлап, қызмет көрсетуші банкке тапсырылады.
шот ашуға берілген арыз;
құрылтайшылық құжаттардың көшірмесі (нотариалдық куәландырылған);
кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткізгендегі куәліктің кө- шірмесі;
кәсіпорынның, салық есебіне тіркелгендігін растайтын салық органның анықтамасы;
кәсіпорынның әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыз ету қоры есебіне тіркелгендігін растайтын анықтамасы;
нотариалды куәландырылған қол қоюдың және мөрдің таңбалы белгісі мен үлгісі (2 дана).
Есеп айырысу шотының ашылуы банк төрағасының рұқсатымен бекітіледі. Есеп айырысу шотының ашылғандығы жөнінде банктің бас бухгалтері кәсіпорын жарғысының түпнұсқасына ашылған есеп айырысу шотының нөмірін жазып, мөрмен куәландырады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың түрлері кәсіпорынның есеп айырысу шотына қабылданған және босатылған ақша қаражаттары және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу операцияларын қызмет көрсетуші банк мына төмендегі құжаттарымен рәсімдейді. Оларға:
қолма-қол ақшаны банкке өткізудін, хабарламасы,
төлем тапсырмалары бойынша есеп айырысу;
талап-төлем тапсырмалары бойынша есеп айырысу;
чектер бойынша есеп айырысу;
вексельмен есеп айырысу;
төлем карточкаларын пайдалану және т.б.
Банктегі ақша қаражаттарының есебі 1030 - «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражататтары» активті шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде серіктестіктің есеп айырысу шотына келіп түскен ақша қаражаттары көрсетілсе, ал кредитінен ақша қаражаттарының шоттан шығарылуын көрсетеді.
Халықаралық есеп стандарттары бойынша валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі жүргізуге арнайы шотттар белгіленбеген. Кәсіпорындар ақша қаражаттары шотының ішіннен валютаның түрлеріне байланысты аналитикалық шоттар ашады.
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалар, чек кітапшаларындағы ақшалар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай шоттардағы (вексельден басқа) ақшалар есептеледі.
Жалпы барлық кәсіпорындар мен ұйымдар жоғарыда аталған ’’Аккредетивтердегі ақшалар’’ деп аталатын шоттарында жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақшаларын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы (кәсіпорын орналасқан жерден басқа жерде тұратын) жабдықтаушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады.Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив ашады.
Аккредетивтегі ақшалай қаржылар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді. Аккредитивті сатып алушы кәсіпорынның тапсырмасы бойынша оған қызмет көрсететін банк мекмесі жабдықтаушы ұйымға қызмет көрсететін банк мекемесінен ашады.
Аккредитив – кәсіпорынның заңды немесе жеке тұлғаға аккредитивте көрсетілген келісімшарттың орындалғандығына қарай белгіленген соманы төлеу туралы тапсырмасы.
Аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартты мыналар көрсетілуі қажет:
төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің (имитент-банктің) атауы;
аккредитивтің түрі, оның орындалуы және пайдаланылуының әдісі мен тәсілі;
аккредитив бойынша қаржы алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет көрсететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары;
тауарларды, материалдарды тиеп-жөнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтерді орындағаннан кейін құжаттардың банк мекемесіне тапсырылу мерзімі және олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы оның ашылғандығы туралы хабарлау;
басқа да керекті құжаттар мен шарттар.
’’Чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар’’ деп аталатын шотта чек кітапшасындағы ақшалар мен есеп айырысу операцияларының есебі жүргізіледі. Чек кітапшаларындаы ақшалар жабдықтаушылар мен тасымалдаушы кәсіпорындардан және байланыс ұйымдары мен басқа да кәсіпорындардан алынған тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын төлеуге немесе олардың көрсеткен қызметтері үшін есеп айырысуға арналған.
Кәсіпорындар мен ұйымдар чек кітапшаларын алу үшін банк мекемесіне өтініш береді, сонымен қатар осы өтінішпен бірге кәсіпорын немесе мекеме алатын чек кітапшасындағы соманы депоненттеу үшін банк мекемесіне төлем талап тапсырмасын ұсынуы керек. Кәсіпорындар мен ұйымдар чек кітапшаларын алғанда банктің депоненттелген сомасына мынадай бухгалтерлік жазу орындалады:
ДТ: Чек кітапшаларындағы ақшалар
КТ: Есеп айырысу шотындағы ақшалар, валюталық шоттардағы ақшалар, банк несиесі және тағы да басқа шоттар.
Банк мекемесі чек кітапшасының тиісті жеріне ол чек кітапшасы берілген кәсіпорын немесе мекеменің толық атауын, ал егер жеке адамға берілсе, оның аты-жөнін жазады. Чек кітапшасында ондағы соманың жұмсалмаған, яғни пайдаланылмаған мөлшері көрсетіледі. Чек кітапшасы арқылы бір немесе бірнеше жабдықтаушымен есеп айырысуға болады. Егер банк мекемесі чек кітапшасындағы жұмсалмаған соманы кәсіпорынға қайтарғанда есеп айырысу шотындағы ақшалар, валюталық шоттардағы ақшалар, банк несиесі, банктен тыс басқа да мекемелердің несиелері және тағы да басқа шоттардың тиістілері дебиттеліп, ’’Чек кітапшаларындағы ақшалар’’´деп аталатын шот кредиттеледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда нақты ақшамен қатар почта маркалары, демалыс және емдеу, сауықтандыру орындарының жолдамалары, жол билеттері, сонымен қатар үкіметтің жәрдемі ретінде берілген қаражаттары, яғни үлкен жауапкершілікпен сақталуын қадағалауды талап ететін басқа да қаржылар сақталады. Бұл жоғарыда аталған ақшалай құжаттар ’’Банктердегі арнайы шоттардағы ақшалар’’ шотында есептеледі.Осылармен қатар бұл шотта кәсіпорынға немесе ұйымға бюджеттен бөлінетін білгілі бір мақсатқа жұмсауға тиісті қаржылар, кәсіпорынның, кәсіподақ ұйымының қаржылары, мәдени-ағарту саласына, демалыс лагерлеріне бөлінген қаржылар есептеледі.
Арнайы шоттардағы ақша қаражаттары шотының құрамында ағымдағы шоттар ашылады. Ағымдағы шығындарды қаржыландыру, еңбек ақы төлеу, іс-сапар шығындарына және жекелеген шаруашылық шығындарына жұмсау үшін жергілікті жердегі банкте ағымдағы шот ашылады. Бухгалтерлік есепте ағымдағы шоттағы ақша қаражаттарының есебі жеке аралық шотта жүргізіліп, мұндағы есепке алынған операциялар ұйымның есеп айырысу шотындағы жүргізілетін операциялармен бірдей жүргізіледі.
Кәсіпорынның арнайы шотындағы ақша қаражаттары шотының жекелеген аралық шотында жеке баланс жасап тапсырушы осы ұйымның кұрамына енген филиалдар және жеке бөлшшелер бойынша жеке аралық шоттар ашылуы мүмкін. Осындай аралық шотағы операиялар ұйымның жалпы есеп айырысу шотындағы операцияларына тән жүргізіледі.
Филиалдар, өкілдіктер және басқада бөлімшелер үшін ашылған аралық шотқа аналық ұйымның есеп айырысу счетынан аударылған ақша қаражаттары алдын-ала жасалған шараларға және банкке хабарланған арнайы мақсаттарға: еңбек ақы төлеуге, шаруашылык және іс-сапар шығындарына т.с.с. ғана жұмсалады. Мұндай операциялар есебі банк көшірмесі негізінде «Банктердегі арнайы счеттардағы ақша қаражаттары» счетында жүрпзіледі.
Егер филиалдарға, өкілеттіліктерге және басқада бөлімшелерге кәдімгі ағымдағы немесе есеп айырысу шоттарын ашуға рұқсат берілсе, онда мұндай құрылымдар өздерінің ақша қаражаттарына тән операцияларын «Банктердегі ағымдағы шоттағы теңге түріндегі ақша қаражаттары» шотында жүргізеді. Сонымен қатар, ұйымдардың жекелеген кызмет түрлерін және басқада әре-кеттерді қаржыландыру үшін мақсатты шоттар ашуға болады. Мұндай мақсатты шоттарға мемлекет тарапынан берілген көмек, гранттар, аналық ұйымның берген ақша қаражаттары, демеушілік көмек сомалары т.с.с. жазылады. Әрбір осындай операциялардың есебі банк көшірмесі негізінде аналитикалық есеп регистрлары қызметін атқарады. Синтетикалық есеп үшін «Банктердегі арнайы счеттардағы ақша қаражаттары» счетының құрамында «Бюджеттік қаржыландыру», «Басқада каржыландырудан түскен қаражаттар» сияқты уақытша транзиттік шоттар ашуға болады.
Қандай да болмасын шаруашылық, қаржылық кәсіпкерлікпен айналысушы тұлғалардың барлығыда есеп айырысу шоттарын ашады. Есеп айырысу шотынан төленетін ақша қаражаттары арнайы резервтер кұру арқылы ең әуелі аса жоғары дәрежедегі мұқтаждыққа және кезекті төлемдерге, есеп айырысудың күнтізбелік жүйесін жасау арқылы жұмсалуы керек. Барлық төлемдер, бюджетке аударылатын ақшалар, еңбеккерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу, күмәнды қарыздарды жабу күнтізбелік кезекпен, сабақтастық жолмен банкке түскен ақша құжаттарының маңыздылығына қарай орындалады. Сондықтан ұйымның бухгалтериясы, қаржылық орталығы, өздерінің ақша төлеу жөніндегі айырықша жоспарын жасап, ақша төлеудің күнін, ақша түсетін жолдарын жедел белгілеп сақтауы керек.
Жолдагы ақша қаражаттарының есебі шотында кәсіпорындар кассасынан немесе есеп айырысу шоттарының басқа ұйымдарға жіберілген, әлі де болса олардың есеп айырысу шотына немесе кассасына түсе қоймаған ақша қаражаттарынын. есебі жүргізіледі.
Жол үстіндегі ақша қаражаттарына мыналар жатады:
банктегі шотқа есепке алынғанға дейін ақша тасымалдаушы инкассаторларға берілген ақшалай түсімдер;
тиісті банкке аудару үшін байланыс мекемесіне өткізілген түсімдер;
тұп нұсқадағы ақша қозғалысына тән құжаттарды банктерге тапсырғанға дейін ақша алушылар шотына аударылған ақша қаражаттары;
сатуға арналған шетелдік валюта сатып алу үшін аударылған отандық ақша;
тауарлар құнын, жұмыстар мен қызметтер құнын төлеу үшін несиелік карточкалардағы ақшалар.
Жолдағы ақша қаражаттары шотына ақша аудару үшін банктік және кассалық құжаттар:
ақша тасымалдаушы инкассаторларға берілген ведомостар;
байланыс мекемесіне немесе телеграфқа аударылған соманың пошта квитанциясы;
шетелдік валюталарды сатып алу және сату жөніндегі құжаттарды растайтын жеделхат немесе электронды хабарлау т.б. қосымша кұжаттар тіркелген банк көшірмесі,
несиелік карточка мен төленген ақшаны растайтын электронды чектер қолданылады. Аударылған ақшаларды есептен шығару банк көшірмесі және кассалық кіріс ордерлер арқылы орындалады.
Жолдағы ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі 1020 - «Жол үстіндегі ақша қаражаттары» активті шотында жүргізіледі. Бұл шоттың. дебеті, «Кассадағы ақша қаражаттары» шотымен корреспонденцияланады.
Соңғы кездерде ақшалармен есеп айырысу операцияларын жылдамдату, қателерді болдырмау мақсатында жаңа жетістіктер пайда бола бастады. Бұл айтылғанға соңғы кезде жиі қолданылып жүрген электрондық төлем жүйесін жатқызуға болады. Электрондық төлем жүйесі – бұл телефон, телеграф немесе компьютерлер арқылы банк мекемелерінің арасында ақша қаражаттарын аудару әдісі болып табылады. Электрондық жүйенің артықшылығы – қағаздармен жұмыс жүргізуді азайтады және қателіктермен операциялық шығындарды барынша қысқартады.
Ақша қаражаттары жөніндегі ақпараттар жүйесі бухгалтерлік баланс мәліметіне жазылады. Бухгалтерлік баланс мәліметтеріне жинақталып жазылған құндылықтарға тән ақпараттар сенімді және толық көрсетілуі керек. Валюталық операциялар мазмұны кәсіпорындардың қаржылық жағдайына тікелей әсер етеді.
Валюталық операциялармен ара қатынастық байланысқа түсуші кәсіпорындар тиісті есепті кезеңде даярланатын бухгалтерлік балансқа валюталық құндылықтарды қайта бағалау жүргізу арқылы есептеуі керек.
Қайта бағалауға шетелдік валютамен есепке алынған бухгалтерлік баланстың барлық баптарындағы ақша қаражаттары жатады. Олардың ішінде: кәсіпорынның елдегі және шетелдегі ашқан валюталық кассасындағы ақша қаражаттарының қалдығы; төлеушілік құжаттар-вексельдер, траттар, аккредитивтер, чектер, ақша қаражаттары,жолдағы ақша қаражаттары, берешектер қарызы, қысқа және ұзақ мерзімді банктердің алашақ қарыздары жатады.
Ақша қаражаттарынан бөлек ақшаға жатпайтын баланс баптары бухгалтерлік баланс даярлауға шетелдік валюта қаражатының есебіне сатып алынған, бастапқы құнымен есепте тұрған кәсіпорынның әртүрлі мүліктері, негізгі құралдар,материалды емес активтер, шикізатттар, материалдар, аяқталмаған өндірістер мен құрылыстар, жөнелтілген тауарлар т.с.с. жатпайды. Сондай-ақ ақшаға жатпайтын бухгалтерлік баланстың пассивтік баптарына – жарғылық капитал, бөлінбеген пайда, резервтер және басқадай пассивтер жатады. Ақшаға жатпайтын бапт ардағы сомалар Ұлттық банктің қойған бағамына сай шетелдік валютадағы ақшаны қайта есептеу арқылы есепке алынады.
Ақша қаражаттары операциялары мазмұнын қорытындылауға байланысты қорытынды есеп үлгілері мемлекеттік өкілетті органдармен келісе отырып, ҚР-ның Ұлттық банкісінде жасалынған.
Дебиторлық борыштарға түсініктеме және олардың түрлері.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.
Күмәнді дебиторлық борыштар есебі және оны бағалау әдістері.
Дебиторлық борыштарға түсініктеме және олардың түрлері
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын-ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.
Қаржылық қорытынды есепте (бухгалтерлік баланста) дебиторлық борыштар өтелетін уақытына қарай екі топқа жіктеліп көрсетіледі:
қысқа мерзімді дебиторлық борыштар;
ұзақ мерзімді (айналымнан тыс) дебиторлық борыштар.
Бір жылдың ішінде немесе ағымдағы операциялық циклдың ішінде алынатын (инкассаланатын) дебиторлық борыш қысқа мерзімді дебиторлық борыш ретінде танылады (есепке алынады). Басқа дебиторлық борыштардың барлығы ұзақ мерзімді дебиторлық борыш ретінде жіктеледі.
Кәсіпорынның дебиторлық борыштарына төмендегілер жатады:
активтерді сатып алу үшін төленген аванстық төлемдер;
алынуға тиісті шоттар;
алынған вексельдер;
кәсіпорынның есеп беруге тиісті тұлғалардың борыштары
негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
басқадай дебиторлық борыштар.
Дебиторлық борыштар сонымен бірге саудалық және саудалық емес болып бөлінеді. Саудалық дебиторлық борыш дегеніміз-негізгі қызмет нәтижесінде сатып алынған тауарлар, қабылданған қызметтер және жұмыстар үшін сатып алушылардың сатып-өткізуші кәсіпорын алдындағы міндеттемесі. Ал басқадай барлық дебиторлық борыштар саудалық емес дебиторлық борыш болып табылады.
Дебиторлық борыштардың төлеу мерзімі ретінде 30 күннен 60 күнге дейінгі уақыт аралығын есептеу қабылданған. Егер борыштың қайтарылуы осы мерзімнен асып кетсе, онда мұндай дебиторлық борыш төлеу мерзімінен кешіктірілген болып есептеледі.
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштардың есебі 1200-«Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар», ал ұзақ мерзімді дебиторлық борыштардың есебі 2100 – «Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» бөлімшелерінің активті шоттарында жүргізіледі. Бұл шоттардың дебеті бойынша дебиторлық борыштардың көбейгендігін, ал кредитінде олардың өтелгендігін (азайғандығын) көрсетеді.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі
Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу операцияларын жүргізуде маңызы жағынан күрделі болып танылатын, дебиторлық борыштар есебін жүргізуге арналған 1210 – «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары» шотының атқаратын міндеттері ауқымды. Осы шотта сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің өнімдер, тауарлар, қызметтер сомасын төлеу жөніндегі төлеуге қабылдап алған шот-фактуралары, басқа да есеп айырысуға жататын құжаттардағы сомалардың есебі жүргізіледі. Бұл шоттарға жазылған сомалар дебиторлық борыштарды көрсетеді. Дебиторлық борыштар-дайын өнімдерді, материалдық босалқыларды, артық негізгі құралдарды, басқа да активтерді сатудан пайда болады.
Халықаралық бухгалтерлік есеп талаптарына сай өнімдер, тауарлар мен көрсетілген қызмет және орындалған жұмыстар үшін сатып алушылардан осы кәсіпорынға түсуге тиісті ақшаны немесе оларға қойылған талапты сату немесе есептеу принципі деп атайды. Сатып алушыларға қойылған талап деп-олардан түсетін ақша қаражаттарын төлеуге, сондай-ақ сатып алушыларға қойылған төлеу шоттарын айтады.
Сатылған өнімдер, тауарлар және көрсетілген қызметтер құны әрқашанда кәсіпорынның активті қаражаттарын азайтып отырады. Егер сатылған өнімдер, тауарлар және басқадай активтер сатып алушының меншігіне өткен кезде, ақшаның түсуі немесе түсуіне қарамастан сатушы кәсіпорынның нақтылы алынған табыстары сапасында танылады. Осы операцияларды шоттар коррепонденциясымен көрсететін болсақ:
1) жөнелтілген, сатылған дайын өнімдер, тауарлар, жұмыстар, қызметтердің келісім-шартта көрсетілген құнына:
1210-«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары» шоты дебеттеліп, 6010-«Өнімді сатып-өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс» шоты кредиттеледі.
2) шот-фактураға қосылып жазылған қосымша құн салығы сомасына:
1210-«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары» шоты дебеттеліп, 3130-«Қосылған құн салығы» шоты кредиттеледі.
3) Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өздерінің борыштарын төлеген кезде:
1030-«Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттары» шоты дебеттеліп, 1210-«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары» шоты кредиттеледі.
1210-«Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштары» шотының аналитикалық жіктеу есебі төлеуге қойылған шоттар немесе жекелеген сатып алушылар (тапсырыс) бойынша жүргізілетін бет есеп кітабын жүргізу арқылы тексеріліп отырады.
Күмәнді дебиторлық борыштар есебі және оны бағалау әдістері
Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін уақытылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады.
Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе олардың таратылуы, сондай-ақ борышты төлеу мерзімінің өтіп кетуі болып табылады. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің келісім шартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» деп аталады. Күмәнді қарыздарға – уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады.
Қазақстан Республикасының заңына (Азаматтық кодекстің 178-бабыны сәйкес борыштың өтелу мерзімінің жалпы уақыты 3 жыл болып белгіленді) сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен күдікті дебиторлық борыштар «қайтарылмайтын қарыз» деп танылады.
Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі-тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танылғаннан кейін ғана тікелей есептен шығарылады. Екіншісі – резервтік әдіс,бұл жағдайда шығындар алдын-ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.
Күмәнді борыштар бойынша резервтеу әдісі-борыш бойынша кәсіпорын болашақта алуға тиісті сомаға дейін шоттардың көлемін азайтуды және ағымдағы мерзімде күтілетін мұндай шығындарды бөліп көрсетуді қамтамасыз етеді.
Басқару аппаратының шешәімі бойынша кәсіпорын дебиторлық борыштарға алдын-ала түгендеу жүргізіп, есепті мерзімге күмәнді борыштар бойынша резервтің сомасын анықтау үшін екі әдісті пайдалануына болады:
өнімді (жұмыс, қызмет) сатып-өткізу көлемінен есептелінетін пайыздық әдіс;
Төлеу мерзімдері бойынша шоттарды есепке алу әдісі.
Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда тиімді емес, себебі ол табыстар мен шығыстарды сәйкестікке келтіре алмайды. Заңдық құжаттарға сәйкес күмәнді борыштар тауарлар жөнелтілген немесе қызметтер көрсетілген мерзімде емес, қай есепті мерзімде қайтарылмайтын қарыздарға жатқызылса, сол есепті мерзімде ол шығынға апарылуы тиіс деп есептеледі.
Мысалы: кәсіпорынның 2005 жылғы көрсеткіштері төмендегідей болса:
Көрсетілген қызметтің көлемі – 1250000 теңге.
Сатылған тауарлардың қайтарылғаны – 55000 теңге.
Сауда шегерімі (жеңілдік) – 13000 теңге.
Күмәнді қарыздар бойынша резерв – 9000 теңге.
Дебиторлық борыштың көлемі бойынша резерв құру әдісі
Реттік нөмірі |
Жылдар |
Дебиторлық борыштың көлемі (мың теңге) |
Оның ішінде үмітсіз қарыздардың сомасы (мың теңге) |
Төленбеген борыш көлемі, %-пен (4á./3á*100) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
2002 |
950 |
30 |
3,2 |
2 |
2003 |
960 |
31.5 |
3,3 |
3 |
2004 |
985 |
35 |
3,6 |
4 |
Жиынтығы |
2895 |
96,5
|
3,4
|
Сонымен, бұл жылдардағы күмәнді қарыздар бойынша пайыз мөлшері орта есеппен 3,4 пайыз деп есептейді.Соған сәйкес 2005 жылғы күмәнді қарыздар сомасы былайша есептеледі:
(1250000-55000-13000)*3,4%=40188 теңге.
2007 жылдың 4 желтоқсанында 40188 теңге көлемінде резерв құрды.Бухгалтерлік есепте бұл операция төмендегі жазу арқылы көрсетіледі:
ДТ КТ
7210 – «Әкімшілік шығыстар» 40188
1290–«Күмәнді борыштар бойынша
резервтер» 40188
Жалпы алғанда, 2005 жылғы күмәнді дебиторлық борыштар резервінің сомасы 49188 (9000+40188) теңге. Бұндағы 9000 теңге өткен жылдардағы алынбаған дебиторлық борыш және 49188 теңге есепті жылдағы күмәнді дебиторлық борыш.
Дебиторлық борыштарды төлеу мерзіміне байланысты да резерв құруға болады. Онда дебиторлық қарыздардың төлеу мерзіміне қарап, олардың күмәнділері бойынша пайызын есептеп отырады.
Дебиторлық борыштарды төлеу мерзімі бойынша резерв құру әдісі
Төлеу кезеңі |
Сомасы |
Күмәнді деп саналатын қарыздар пайызы |
КДБ бойынша резерв |
Төлеу мерзімі болған жоқ |
21900 |
1 |
219 |
1-30 күн |
14250 |
2 |
285 |
31-60 күн |
4200 |
10 |
420 |
61-90 күн |
2450 |
30 |
735 |
90 күннен жоғары |
44400 |
Х |
2459 |
-
Тақырыбы: Дебиторлық борыштар есебі
Дебиторлық борыштар деп-заңды және жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары (жұмыс, қызмет) сондай-ақ аванс ретінде алдын-ала төленген төлемдері үшін алашақты айтамыз.
-
Дебиторлық борыштарға жататындар:
- активтерді сатып алу үшін төленген аванстық төлемдер;
- алынуға тиісті шоттар;
- алынған вексельдер;
- кәсіпорынның есеп беруге тиісті тұлғалардың борыштары
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- басқадай дебиторлық борыштар.
-
Дебиторлық борыштың түрлері:
Саудалық ;
Саудалық емес.
Төлеу мерзіміне байланысты дебиторлық борыштар ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді.
-
Күмәнді дебиторлық борыштарға-сатып алушылардың келісім-шартта белгіленген мерзімде төленбеген, жабылмаған және тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады.
Қайтарылмайтын қарыз - ҚР-ның заңдық құжаттарына сәйкес шағымдану мерзімінен 3 жыл өткеннен кейін өтелмеген күмәнді дебиторлық борыш болып табылады.
-
Қайтарылмайтын дебиторлық борыштарды есептен шығарудың екі әдісі бар:
резервтеу әдісі;
тікелей есептен шығару әдісі.
Дебиторлық борыштарды төлеу мерзімі ретінде 30 күннен 60 күнге дейінгі уақыт аралығын есептеу қабылданған.
-
Күмәнді борыштар бойынша резервтің сомасын анықтау үшін екі әдісті пайда-
ланады:
өнімді (жұмысты, қызметті)сатып-өткізу көлемінен есеп теленетін проценттік әдіс;
төлеу мерзімдері бойынша шоттарды есепке алу әдісі.
Ақша қаражаттары дегеніміз- кәсіпорынның кассасындағы және банктен ашылған шоттардағы бар нақты ақшалар. |
|
Ақша қаражаттарының эквиваленттері деп - ақша қаражаттарының белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылықтардың өзгеру қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді, өтімділігі (ликвидтігі) жоғары салымдарды айтады. |
Кассалык операциялар жүргізу тәртібі төмендегіше:
|
Ақша легі деп – ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп түсуі мен шығуын айтады.
|
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырмасы; чек; вексель;талап-төлем тапсырмасы; кеден және салық қызметінің органдарының инкассалық үкімдері болып табылады. |
Есеп айырысу шотын ашу үшін мына төмендегі құжаттарды даярлап, қызмет көрсетуші банкке тапсырылады:
|
Ақша қаражаттарының есебі төмендегі активті шоттарда жүргізіледі: 1010 – «Кассадағы ақша қаражаттары»; 1020 – «Жол үстіндегі ақша қаражаттары»; 1030 – «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражатары»; 1040 – «Карт-шоттардағы ақша қаражаттары»; 1050 – «Жинақтаушы шоттардағы ақша қаражаттары»; 1060 – «Басқа да ақша қаражаттары». |
Негізгі әдебиеттер:
1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2006
2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии», Алматы, 2002.
3. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 2005.
Тақырып 5. Қорлар мен сатылған өнімнің өзіндік құнының есебінің тәртібі
Қарастырылатын сұрақтар:
Тауарлы-материалдық босалқылардың түрлері мен жіктелуі.
Тауарлы-материалдық босалқылардың бағалануы.
Тауарлы-материалдық босалқылардың кіріс және шығыс операцияларын құжаттау.
Дайын өніммен оны сатудың есебі.
Тауарлы-материалдық босалқылар ұғымы және олардың жіктелуі
Тауарлы-материалдық босалқылар өндіріс процесінде, яғни өнім (қызмет, жұмыс) өндіруде еңбек заттары ретінде қатысады. Олар еңбек заттары ретінде еңбеккерлердің жұмыс күшімен қосыла отырып, өндірістік процестің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге тауарлы-материалдық босалқылар өндірістік процестің объектісі түрінде және сыртқа сату үшін де танылады.
Еңбек заттарының еңбек құралдарынан айырмашылығы олар өндіріс процессіне бірақ рет қатысады және олардың құндары өндірілетін өнімдердің өзіндік құнына толық енгізіледі және олардың материалдық негізін құрайды. Тауарлы-материалдық босалқылардың есебі халықаралық №2 ’’Босалқылар’’ стандартында жүргізіледі.
Тауарлы-материалдық босалқылар ағымдағы активтер сапасында үш негізден:босалқылардан, материалдар мен шикізаттардан және аяқталмаған өндірістен құралады.Тауарлы-материалдық босалқылар терминіне экономикалық тұрғыдан сипаттама беретін болсақ онда:
тауарлар деп – сату үшін басқадай ұйымдардың өндірілген дайын өнімдерін, бұйымдарын осы кәсіпорынның сатып алуын айтады;
материалдар деп – кәсіпорындар меншігіндегі өндірістік және шаруашылықтық әрекеттер мен қызметтерге жұмсалынатын материалдар жиынтығын және қаптаушы заттарды айтады;
босалқылар деп – кәсіпорындардың шаруашылық және өндірістік қызметіне жұмсалынатын, сондай-ақ сатуға арналған, сақтауда тұрған құндылықтар жиынтығын айтамыз;
аяқталмаған өндіріс деп - толығымен арнаулы техникалық кезеңдерден өтпеген дайын өнімдер, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер көрсетуге, ары қарай өңдеуге жататын, қоймаға жөнелтіле қоймаған өнімдерге жұмсалған шығындарды айтады.
Жоғарыда аталған тауарлы-материалдық босалқылар түрлері 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ҚР-дағы қаржылық қорытынды есеп жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес дайындап, тапсыратын ұйымдар және басқа да кәсіпорындар үшін қолданылатын шоттардың Халықаралық қаржылық есеп стандарттарындағы №2 «Босалқылар» принциптерді сипаттай отырып, тиісінше:
шикізаттар мен материалдар;
дайын өнімдер;
тауарлар;
аяқталмаған өндіріс;
басқадай босалқылар болып қарастырылады.
Өндіріс процессіндегі атқаратын роліне және атқаратын міндетті қызметіне сәйкес босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі деп-жасалатын өнімге оның материалдық негізін қалай отырып, заттай түрде енетін материалдарды айтады.
Көмекші деп-өндірілетін өнімнің құрамына кіретін, бірақ оның заттық негізін жасай алмайтын материалдарды айтады. Мұндай материалдар өнімге қажетті сапа беру үшін негізгі материалға компоненттер ретінде қолданылады. Материалдарды негізгі және көмекші материалдарға бөлу шартты түрдегі сипатқа ие, өйткені ол өнімдердің кейбір түрлерін өндіру кезінде тек пайдаланылған материалдардың санына ғана байланысты болады.
Өндірістік процестің ең соңғы нәтижесі дайын өнімдер шығару, жұмыстар орындау және қызметтер көрсету болып табылады.
Материалдық босалқылардың барлық түрлерінің есебі типтік шоттар жоспарының 1300 ’’Босалқылар’’ кіші бөлімінің негізгі, активті, инвентарлық (мүліктік) шоттарында жүргізіледі:
1310 - Материалдар мен шикізаттар;
1320 – Дайын өнім ;
1330 - Тауарлар;
1340 – Аяқталмаған өндіріс;
1350 – Басқа да босалқылар;
1360 – Босалқыларды есептен шығару бойынша резерв.
Аталған әрбір синтетикалық шот бойынша субъект аралық шоттар және талдамалық (аналитикалық) шоттар аша алады.
Тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау әдістері
Шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, отындар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар бухгалтерлік баланста, ағымдағы синтетикалық есепте нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Аналитикалық есепте – тұрақты есептік бағасымен (келісімді) немесе жоспарланған – есептік бағасымен көрсетіледі.
Егер кәсіпорын материалдық құндылықтарды келісім бағасы бойыншакіріске алса,онда олардың нақты өзіндік құны осы бағамен (келісім бағасымен) бағаланған құны мен КДШ-ның қосындысына тең болады. КДШ (тасымалдау шығындары) - жабдықтаушылардың, тасмалдаушы мекемелердің қоймаларынан материалдарды жеткізу шығындары, материалдар алуға байланысты іссапар шығындары, тиеу, түсіру, делдал кәсіпорындарға төленген комиссиялық сыйақылар және материалдық босалқыларды алумен байланысты басты шығындар.
Егер материалдық құндылықтардың аналитикалық есебі жоспарлы-есептік құнымен жүргізілсе, ондағы олардың нақты өзіндік құны-материалдардың осы бағамен бағаланған құнынан және осы есептік құнының нақты өзіндік құнынан ауытқуларынан тұрады.
Өндіріске жұмсалған материалдарға тиісті КДШ немесе ауытқуларды (+,-) ай сайын келісімді – есеп бағалары бойынша материалдық құндылықтардың шығындарын көрсететін шоттарға енгізеді. КДШ-ның немесе ауытқулардың (+,-) пайызын олардың ай басындағы қалдығы мен ай бойғы түсімінің сомасын ай басындағы материалдардың қалдығы мен ай бойы келісімді (есептік) бағалар бойынша келіп түскен материалдардың құнына бөліп, алынған нәтижені 100-ге көбейту арқылы анықтаймыз.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттары талабына сай босалқылардың өзіндік құнын есептеудің төмендегідей әдістері бар:
Фифо: бірінші түскен-бірінші босатылады;
орташа құн әдісі;
ерекшеліктеріне қарай теңестіру (ұқсастыру) әдісі.
ФИФО әдісі-өндіріске пайдаланылған босалқыларды алғашқы сатып-алғандарының бағасымен бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатылып алынған материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құны өндіріске жұмсалған материалдық босалқыларға жатқызылады деп есептеледі.
Орташа құн әдісі. Бұл әдіс материалдық құндылықтардың құны есепті кезең (ай) басындағы материалдық құндылықтардың қалдығы мен осы есепті кезең (ай) ішіндегі келіп түскен құндылықтар құнының орташа қосындысы деп түсіндіріледі. Материалдық құндылықтардың есебінде соңғы кезге дейін отандық практикада осы әдіс кеңінен қолданылады.
Ерекшеліктеріне қарай теңестіру (ұқсастыру) әдісі-бұл әдіс өндірістік босалқылардың партиялық (топтамалық) есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады.
Тауарлық-материалдық қорлардың екінші бағалау нысаны таза сату құны бойынша бағалау деп аталады. Тауарлық-материалдық қорлардың зақымдалуы, толық немесе жартылай ескіруі, сату бағасы төмендеуі, ұйымдастыру шығындары жоғарылауы жағдайларына байланысты өздерінің өзіндік құнынан төмен бағамен, яғни, таза сату құны бойынша бағаланады. Таза сату құны дегеніміз - тауарды сатудың, оны сатуға дайындау шығындарын есепке алмастан, мүмкін болатын сату бағасы.
Тауарлы-материалдық босалқыларды ең төменгі мәні бойынша бағалауды анықтаудың бірнеше әдістері бар:
әрбір атаулары (баптар) бойынша анықталған жағдайда тауарлардың әрқайсысының өзіндік құны мен сату бағасы өзара салыстырылады;
негізгі тауарлық топтар бойынша бағалау әдісін пайдаланған жағдайда әр тауар тобының жалпы құны мен жалпы сату бағасы салыстырылып, ең төмендегі мәні бойынша бағаланады;
босалқылардың жалпы деңгейі бойынша бағалану әдісіне сәйкес барлық тауарлар өзіндік құны бойынша және нарықтық сату бағалары бойынша бағаланады деп есептеледі, және де олардың ең төменгі мәні тауарлық босалқыларды бағалауға пайдаланылады.
Қаржылық қортынды есепте тауарлы-материалдық босалқылар бойынша келесі мәліметтерашылып көрсетілуге тиісті:
- тауарлы-материалдық босалқыларды бағалауға арналған есеп саясаты;
- тауарлы-материалдық босалқылардың жіктік топтары бойынша баланстық құнын ашып көрсету;
- себептерін сипаттай отырып, тауарлы-материалдық босалқыларды сатып-өткізудің таза құнына дейін елеулі есептен шығарылуы;
- егер өзіндік құн әдістердің бірімен анықталған болса, онда тауарлы-материалдық босалқылардың баланстағы құны мен оларды ФИФО немесе орташа құн мен таза құн әдістерін пайдалану арқылы анықталған бағалаулардың ең төменгісінің арасындағы айырма;
- сатылған тауарлы-материалдық босалқылардың өзіндік құны;
- себептерін сипаттай отырып, жыл аяғына міндеттемелерге кепілдік ретінде салынған тауарлы-материалдық босалқылардың баланстық құны.
Дайын өніммен оны сатудың есебі
Дайын өнімдер деп-өндірістің барлық кезеңдерінен (стадиялардан және технологиялық өңдеуден өткен) арнайы қойылған стандарттар немесе техникалык жағдайлар талабына жауап беретін, қоймаға өткізілген немесе тапсырыс берушілерге тікелей жөнелтілген өнімдерді айтады. Дайын өнімдер өндірістік процестің соқғы нәтижесі және өңдеуден өткен активтер түрінде танылады. Бұлар техникалық және сапалық жағынан екі жақты жасалған келісім-шарт талаптарына, басқа да құжаттарда қаралған талаптарға жауап берерлік базарлы саудаға түсетін өнімдер.
Дайын өнімдердің экономикалық сипаты: материалды өндірістің босалқылыры; сатуға арналған босалқылар; өндірістік процестің соңғы нәтижесі болып сипатталады.
Материалды
өндірістің босалқылары құрамында
саналатын Дайын
өнімдер нақтылы өзіндік құнымен есепке
алынады. Дайын
өнімдердің өзіндік құны - материалды
және еңбек шығындарынан,
негізгі құралдардын. амортизациясынан,
тиісті к
орларға
аударылған акша қаражаттары шығындарынан,
өндірістік
процеске тікелей байланысты басқа да
шығындардан, үстеме
шығындар үлесінен тұрады.
ХҚЕ 2 «Босалқылар» стандарты концепциясына сай дайын өнімдер тауарлы-материалды босалкылар кұрамында өлшеніп, дайын өнімдерді өзшдік күны немесе нарықтық бағасымен бағалаудағы екі бағаның ең төменгі дәрежесі алынады.
Егер дайын өнімдерді сатудан түскен түсім, дайын өнімдер өндірудің нақтылы өзіндік құнынан жоғары дәрежеде ақша қаражатын келтіретін болса, онда мұндай нәтижені - түскен пайда деп атаймыз.
Дайын өнімдердің нақтылы өзіндік құнын есепті кезең аяғында ғана шығаруға болады. Есепті кезен, ішінде өндірілген өнімдер әр түрлі қозғалысқа (өндіру, босату, жөнелту, сату) түседі. Сондықтан дайын өнімдердің ағымдағы есебін жүргізіп, бұлардың қозғалысын есепке алу үшін шартты түрде қабылданған есепті баға категориясы қолданылады. Есепті баға сапасында жоспарлы өзіндік құн, босату құны белгіленуі де мүмкін. Ағымдағы есепте есепті бағамен бағаланған дайын өнімдер есепті кезең аяғында нақтылы өзіндік құнға, пайыздық ауыткушылық сомаларды есептеу арқылы келтіріледі. Есепеті бағамен нақтылы өзіндік құн арасындағы ауытқулар (айырма) сомасы мен пайызы - айдың басында көрсетілген дайын өнімдердің қалдығы және ай ішінде түскен дайын өнімдер сомасын есептеу арқылы шығарылады..
Пайыздық ауытку сомасын мына формуланы қолдану арқылы анықтауға болады:
А=((Қ+Қ1)х100):(Дқ+Дқ1)
Мұндағы: Қ — есепті кезең (ай басындағы) қоймадағы дайын өнімдер қалдығының ауытқуы сомасы;
К1 — есепті кезең (ай) ішінде қоймаға кіріске алынған дайын өнімдер бойынша ауытқу сомасы;
Дқ — есепті бағамен (жоспарлы) есепті кезең басында (ай) қоймадағы қалған дайын өнімдер калдығы;
Дқ1- есепті бағамен (жоспарлы) есепті кезең ішінде (ай) өндірістен қоймаға кіріске алынған дайын өнімдер.
Ауытқу нәтижесі не үнемделген, не артык, жұмсалған сомаларды көрсетеді. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде үнемделген сомалар кері жазу, ал артық жұмсалған шығындар косымша жазу тәсілдерш колдану арқылы түзетіледі. Анықталған, ауыткудан туындаған сомалар дайын өншдер есебі (козғалысы) жүргізілетін шоттарға жазылады.
Дайын өнімдерді бағалауда қолданылатын басқа да бағалау әдісін (келісім, көтерме немесе бөлшектік баға) қолданған жағдайларда ауытку сомалары және пайыздық ауыткулар жоғарыда айтылған тәртіпке сай анықталады.
Дайын өнімдер өндірістік процесте өндіріліп, уақытша ұйым қоймасына кіріске алынып, сатып алушыларға жөнелтілуі керек. Қойылған осы талаптарға сай дайын өнімдер есебінің өрісінде мына төмендегі есеп операцияларынан: өнімдер шығару, өнімдерді жөнелту (босату) және өнімдерді өткізуге (сатуға) байланысты құралады.
Өнімдер шығарудың есебі бухгалтерияның күнделікті бақылауында болады. Өнімдер шығарудын. бірқалыптылығы, келісім-шарттағы міндеттемелердің орындалуы, өнімдерді дер кезінде сатып алушыларға жөнелту, өз уақытында барлық есеп айырысу операциялары мен төлемдердің орындалуы женіндегі ұйымдар қызметінің ең басты бағыты болып саналады.
Шығарылған өнімдер бойынша рәсімделген құжаттар әр күн сайын бухгалтерияда кабылданып, олардың негізінде сандық, заттық (натуралдық) есептер, әрбір шығарылған өнімдер немесе жекелеген бұйымдар бойынша жүргізіледі. Айдың аяғына карай шығарылған өнімдердің жалпы саны жоспарлы, есепті, сату бағаларының бірін қолдану арқылы немесе жекелеген өнімдердің аналитикалық шоттары бойынша нақтылы өзіндік құнымен бағаланып кіріске алынады.
Дайын өнімдер есебін жүргізу үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында «Дайын өнімдер» шоты белгіленген. Бүл шотта дайын өнімдердің қолда бары және бұлардың қозғалысы жөніндегі операциялар есебі жүргізіледі.
Шығарылған дайын өнімдер және оларды қоймаларға өткізу Қабылдау - өткізу накладнойларымен, ал орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер қабылдау-өткізу актілерімен рәсімделеді. Тиісті талаптарға сай орындалып есепке алынатьш накладнойлар негізінде есепті ай ішіндеп шығарылған өнімдер бойынша жинақтаушы ведомостылары жасалынады.
Қоймаға өткізілген дайын өнімдер есебі қоймалық карточ-каларда, сандық сорттық кітаптарда жүргізіледі. Қоймалық карточкаларға жазылатын жазулар әрбір жекелеген кіріс және шығыс құжаттары негізінде, әрбір жазулардан кейінгі қалған қалдықтарды шығарып отыру үшін де колданылады.
Дайын өнімдерді есепті ай ішінде немесе есепті кезең ішінде жоспарлы, есепті, нормативтік бағалау әдістерін қолдану арқылы бағалап кіріске алуға байланысты дайын өнімдер шығарудың бухгалтерлік есебі екі вариантта:
- «Өнімдер(жұмыстар,қызметтер)шығару»шотынқолданунемесе қолданбау арқылыұйымдастырылуы мүмкін.Бұлүшінтаңдалыпалынғанварианттыңқысқашамазмұныұйымныңесеп саясатындакөрсетілуікерек.-Белгіленгенкодынкөрсетп«Өнімде(жұмыстар,қызметтер) шығару» шоты болып аталынғануақытшақолданылатын осы шот бойынша шығарылған өнімдер жөніндегі ақпараттардыжинақтауғажәнөндірілген өнімнақтылы өндірістікөзіндікқұнымен,нормативтік(жоспарлы) құны айырымын шығаруға болады. Анықталған айырым немесе ауытқу әр ай сайын жоғарыда аталған шоттың кредиттінен «Дайын өнімдер» шотының дебетіне не қосымша, не кері жазу арқылы жазылып, уақытша қолданылған шотта қалдық қалмайды.
Шығарылған өнімдер есебін уақытша қолданылатын (есеп саясатында қаралған) «Өнімдер (жұмыстар, қызметтер) шығару» шотын пайдаланбай жүргізген жағдайда, сату үшін дайындалаған өнімдер, сондай-ақ ұйымның ішкі шаруашылығына жұмсалатын өнімдер қоймаға кіріске алынып, «Дайын өнімдер» шотының дебетіне өндірістік шоттардың кредитінен жазылады.
Жоғарыда өндірістен қоймаға күнделікті қабылданатын және әрбір ай ішінде қоймадан жөнелтілетін өнімдер есепті бағамен есептелетіндігін айтқанбыз. Сондықтан айдың аяғында анықталған нақтылы өндірістік өзіндік құн және есепті бағамен шығарылған өнімдердің айырым сомасына реттеуші проводка (жазу) берілуі (кәдімгі немесе кері жазу) керек.
Сонда: «Дайын өнімдер» счеты дебеттеліп, «Негізгі өндіріс», «Өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттар»
«Көмекші өндіріс счеттары» бойынша кредиттеледі. Қайта сату үшін алынған өнімдер және ұйымнын. өздері өндірген өнімдерін ары қарай құрастыру үшін алынған өнімдер есебі «Дайын өнімдер» шотына жазылмайды. Мұндай мақсаттарға алынған дайын өнімдер есебі «Тауарлар» шотында жүргізіледі.
Дайын өнімдерді қоймадан жөнелту немесе өткізу тиісті бастапқы құжаттармен (накладнойлар, қабылдау-өткізу наклад-нойлары, актілер) рәсімделеді. Сатып алушыларға жөнелтілген дайын өнімдер екі жақты жасалған келісім-шарт және өнімдер коюдың жоспарына сай орындалады. Келісім-шартта өнімдер қоюшылар мен алушылар арасындағы барлык, міндетті шаралар жазылап, мұның орындалуы қатаң бақылауға алынады.
Жөнелтілген дайын өнімдер жөніндегі барлық құжаттар ұйым бухгалтериясына немесе қаржылық бөліміне сатып алушылардың ақша төлеуі үшін тапсырылады. Ұйым бухгалтериясында счет-фактуралар, төлеу талабы тапсырмасы сияқты құжаттар жасалынып, өнімдердің жөнелтілгендігі сатып алушыларға хабарланады. Счет-фактура құжатына жөнелтілген (босатылған) өнімдердің саны, бағасы, сомасы, қосымша құн салығын төлеу немесе төлемеу жөніндегі жазулар, сондай-ақ қоюшылар мен алушы жақтардың толық реквизиттері жазылады. Жабдықтаушылар төлеу талабы тапсырма құжатын үш немесе төрт дана етіп жасайды. Бұл Құжатқа счет-фактура, квитанциялар, тасымалдау накладнойлары т.б. құжаттар қосымша тіркеледі.
Төлеу талабы тапсырмасы құжатының, екі варианты қолданылуы мүмкін. Бірінші жағдайда төлем-талабы тапсырмасы берілетін счет-фактурамен бірге (төлеу талабы тапсырмасы төленетін жалпы сома, ал счет-фактурада өнімнің сорты, саны, сату бағасы, жөнелтілген өнімнің кұны, салынған сыйымдылықтар, темір жол тарифы т.б.) қолданылады.
Екінші жағдайда төлеу-талабы тапсырмасы есептесудің немесе өнімдер бойынша есеп айырысудың бірден бір ғана құжаты ретінде қолданылып, мұнда жөнелтілген өнімдер жөніндегі мәліметтердің барлығы осы кұжаттың келесі бетінде жазылады.
Жабдықтаушыларлар мен сатып алушылар арасында жасалынған келісім-шарт құжатында өнімдерді арнайы орындарға (франко-орын) жеткізш беру жөніндегі жөнелту шығындарын қоюшылар өз міндетіне алуы; өнімдерді жөнелту және жеткізіп беру жөніндегі коюшылардьщ франко-қойма шығындарының барлығын сатып алушылар (қоюшы жақтың коймасындағы және темір жол қоймасындағы тиеу-түсіру жұмыстарының құнын) төлейтіндігі, ал қоюшылар мұндай шығындарды төлеу-талабы тапсырмасына қосуы; өнімдерді вагондарға тиеу және темір жол тарифы шығындарына байланысты жұмсалған шығындар сомасы жөнелтудің франко-станса келісіміне сай сатып алушылардың есебінен төленіп, мұндай шығындар сомасы қоюшылардың есеп айырысу төлемі кұжатына қосылуы; тауарларды вагондарға тиеу және бұларды белгіленген стансаға жеткізу шығындарының барлығы франко-вагон стансасы келісіміне сай сатушылар есебінен төленіп, ал стансадан тасымалдап жеткізу шығындарын сатып алушылардың өздерінің есебінен жұмсалуы; сатып алушылар қоймасына, бұлардың коймасына жүктерді түсіріп беру шығындарын қосып (тиеу-түсіру, тасымалдау т.б. шығындар), сатып алушылардың франко-қойма келісіміне сай қоюшылардың төлеуі жөнінде қоюшылар мен сатып алушылар арасында жасалған келісім-шартта көрсетіледі.
Дайын өнімдерді жөнелтудің есебі бұларды сатудағы бухгал-терлік есепке алынған сатудан түскен түсімдер сомасы нақтылы танылған кезеңдермен байланыстырылуы керек.
ХҚЕ 18 «Түскен түсімдер» стандартына сай өнімдерді сатудан түскен табыстар экономикалық пайданың жалпы көлемі:
есепті кезең ішінде;
қалыпты қызметтен пайда алған жағдайда;
капиталдың көбею ітүрінде таныған жағдайда көрсетіледі.
Негізгі әдебиеттер:
1. Кеулімжаев Қ.К. "Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері" Алматы, 2006
2. Радостовец В.К. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. «Бухгалтерский учет на предприятии»
Алматы, 2002
3. АдамсА.,Основы аудита. М; Аудит, ЮНИТИ, 2005
4. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита: Учебник: Алматы, Экономика, 2005ж.
5. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру, Алматы 2005
