- •Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидалары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс-3. Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Дәріс - 4. Кірістер мен ақша қаржаттар есебінің тәртібі
- •Тақырып 6. Айналымнан тыс активтер: есебінің тәртібі, тозуы мен амортизациясы
- •Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері
- •Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар мен шығындар есебі
- •Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі
- •Кезең шығындарының есебі
- •8 Тақырып. Меншікті және тартылған капитал есебінің тәртібі
- •Тақырып 9. Қаржылық есептілікті дайындаудың тәртібі
Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерінің нәтижесі-алынған табыстары мен жұмсалынған шығындарынан қалыптасады. Табыстар мен шығындар кәсіпорынның қаржылық нәтижесін өзгертіп отырады.
Экономикалық тұрғыдан қарағанда-табыс кәсіпорынның меншігіне түсетін қаражаттар сапасында танылатындықтан олар активтердің көбеюін көрсетеді. Кәсіпорынның құрылған күніндегі құрылтайшылардың салған қаражаты табыс болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында бастапқы кезеңде банктерден немесе басқа да заңды тұлғалардан уақытша алынған қаражаттарда табыс сипатында болады.
Экономикалық маңызына сай-шығыстартабыс алу мақсатында ұйымның меншігінен нақтылы жұмсалынған қаражаттар сапасында танылады. Жұмсалған қаражаттар активтердің азаюын көрсетеді. Сонымен шаруашылық субъектісінің табыстары деп-№18 ’’Түсім’’деп аталатын Халықаралық есеп стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқада мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндеттемелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін (үлес қосушылардың қосқан жарналарынан басқа) , яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.
Мұндай табыстарға:
Дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;
Қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
Дивидендтер, роялтилер және пайыз түрінде алынатын және тағы да басқа табыстар жатқызылады.
Жоғарыдағы аталған табыстар қатарына шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріс етілген және субъектінің төлеген сомалары мына жағдайларда жатқызылмайды:
Алдын-ала аванс ретінде алынған табыстар;
Алынған несиелердің және қарыздардың қайтарылуы.
Сондай-ақ қызметтер көрсету жөніндегі мәміленің (келісімнің) нәтижесін барынша дұрыс бағалау мүмкін болмаған уақытта табыс жұмсалынған шығындар мөлшерінде ғана танылады.
Алынған табыстар шаруашылық субъектісінің қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
Негізгі қызметтен алынған табыстар;
Негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстар.
Субъектінің негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстарының қосындысы оның жиынтық табысын құрайды. Ал бұл тбыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған немесе алынуға тиісті өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны шаруашылық субъектісімен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келісім-шарт бойынша анықталады.
Шаруашылық субъектісінің табыстары мынандай шарттар қанағаттандырылған кезде танылады:
Табыс сомасы дұрыс бағаланған жағдайда;
Субъектінің экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы болған жағдайда;
Субъекті сатып алушыға меншік құқығын берген жағдайда;
Мәмле бойынша нақтылы жұмсалған немесе күтіліп отырған шығындар дұрыс бағаланған жағдайда.
Сонымен табыстар деп-есепті жылдағы түскен табыстар сомасының жұмсалған шығындар сомасынан артық дәрежесін айтамыз. Егер шығындар сомасы табыстар сомасынан көп сомада болса, онда кәсіпорындар зиян шегеді.Негізінен табыстар есепті жыл ішіндегі өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және басқалай құндылықтарды сатудан алынған түсіммен анықталады. Түскен түсім деп-осы кәсіпорынның ақша қаражаттарының көбеюін айтады.
Сатудан түскен түсім сомасы өндірілген өнімдердің өзіндік құнын, сатуға байланысты операциялық шығындар сомасын жабуды және міндетті түрде табыс алуды қамтамасыз етуі керек. Сатылған өнімдердің өзіндік құнымен сатудан түскен артық айырманы жалпы табыс деп атаймыз.
Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде мәміле бойынша табыс танылады. Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде табыс алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны бойынша танылады және бағаланады. Егер алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны дұрыс бағаланбайтын болса, табыс берілген тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің өткізу құны мөлшерінде танылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда табыстардың есебі субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржы-шаруашылық қызметі есептерінің типтік шоттар жоспарындағы №6 ’’Табыстар’’, ал шығыстардың есебі №7 «Шығыстар» деп аталатын бөлімнің шоттарында жүргізіледі. Бұл екі бөлімнің шоттарының қорытындысы жыл соңында ’’Капитал’’ бөліміндегі 5610- ’’Жиынтық пайда (зиян)’’ шотына апаралып жабылады.
