Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obuchayuschy_paket.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2 Этаж уақыт пен міндеттеме — commitment & time

Әр адамның мақсаттары мен қалауы болады, бірақ жер бетіндегі адамдардың біршама үлесі ғана өз қалауымен мақсаттарына қол жеткізеді. Неліктен солай?

Network Marketting – біздің болашағымыздың бизнесі. Ол жер бетіндегі адамдар үшін бақытқа апарар жол істепті. Біздің бизнесіміздің бар тартымдылығы ол барлық адамдарға мол табысқа жетуге және өз мақсаттарын іске асыруға мүмкіндік береді. Бірақ не себепті барлық адамдардың тек біршамасы ғана жетістікке жетіп жатады?

- Көз алдыңызға елестетіңіз, сіздің армандарыңыз жұлдыз секілді, сіз әрдайым жоғары қараған сайын аспаннан өз армандарыңызды көресіз (2 этаж деңгейінде сіз өзіңіздің барлық қадамдарыңызды қағаз бетіне түсіріп оны жоғарыға қыстырып қойдыңыз) өз қалауыңызға жету үшін сіз жоғарыға самғауыңыз керек. Ол үшін сізге қанат қажет, солардың көмегімен сіз аспанға, яғни өз қалауыңызға көтеріле аласыз.

Бұл бизнесте сіздің бір қанатыңыз – міндеттемеңіз,

АЛ ЕКІНШІСІ - УАҚЫТЫҢЫЗ

Бұл қанат қаққан сайын өзінің күші мен әлін жоғалтады, бірақ біртіндеп жылдамдығын арттырады, қағыстары жиілеген сайын, аспанға тезірек көтеріледі.

Жұмысты бастағанда сіз өз уақытыңызды, күшіңізді, энергияңызды жұмсайсыз және біртіндеп жетілесіз.

Бірден бір апта немесе бір айдан кейін өз қалауыңызға жетпеуіңізде мүмкін. Бүгінгі күні қарқынды жұмыс жасап, болашаққа сенімді көзбен қараңыз. Тек жақсыға ғана бет бұрып, өз лидерлеріңізден көмек сұраңыз.

БЕРІК УӘДЕ БЕРІП, ОНЫ ҚАҒАЗ БЕТІНЕ ТҮСІРІҢІЗ

Әр жұмыста табысқа жетудің ең басты құпиясы белгілі бір мақсатқа байланысты. Мақсат пен уәде жеңіске жетудегі адамның екі қанаты деп айтуға болады. Бұл жұмыста сіз уәде беріп қана қоймай, оған міндеттелуіңіз керек, себебі негізгі жұмыс үшін біз жазбаша келісім-шарт емес, міндеттеме жазамыз. Шын мәнінде біз өз мақсатымызды жазғанда оған міндеттелеміз және әрдайым басты міндеттерді жазамыз.

Бұл жұмыста адамдар төменде көрсетілген жағдайларға міндеттеледі:

- Өз арманыңыз бен оның болашағына деген міндеттеме.

- Осы жұмысқа бөлетін уақытыңызға байланысты міндеттеме.

- Осы жұмысқа қажетті оқытуға байланысты міндеттеме.

- Өз командаңызға өз білгеніңізді үйретуге байланысты міндеттеме.

Сіз осы міндеттемелерді өз дәйректіңізге түсіндіргеннен кейін, ол осы бизнеске және өз армандарына қатысты міндеттеме жазуы керек:

А) Өз арманына қатысты уәде (барлық армандарымды орындауға уәде беремін)

Б) Жұмысқа деген уәде беру. Мысалы: 2 адам тіркегенше аптасына 3 презентация қоюға, 2 адам тіркегеннен кейін лидерім маған үйреткенді толығымен үйретуге уәде беремін.

Міндеттемені қағазға жазғаннан кейін бір данасы сізде, бір данасы дайректіңізде болуы керек. Бұл міндеттемемен сіз дәйректіңізге кез-келген уақытта қысым жасай аласыз. Жұмыс жасамай жатқан жағдайда осының бәрі өзі үшін істеліп жатқанын білуі керек. Өз өміріңізді өзіңіз құратыныңызды айтыңыз.

Бұл бизнеске салмақты қарайтыныңызға уәде беріңіз. Өз жоспарыңызды бір аптаға жазыңыз және әр апта сайын жетістікке жету үшін кем дегенде күніне 4 сағат бөлу керек. Уақыт бөлмесеңіз сізде, сіздің командаңыз да өспейді. Егер сіз мейрамхана иесі боласаңыз, есігін жабық тұрса сізде тұтынушы да, кіріс те болмайды. Әр аптаның басында келер аптаның жоспарын құрыңыз және осы жұмысқа бөлетін уақытыңызды анықтаңыз. Ары қарай жоспарланған жұмысты орындауға міндеттеме алып, аптаның соңында істеген жұмысты қортындылаңыз. Егер орындалмай қалған жұмыс болса, келесі аптаның жоспарына жазыңыз.

Егер сіз 1-2 апта бар зейініңізді салып жұмыс істесеңіз, бұл жұмыстың қаншалықты керемет екенін және бұл сіз армандаған жұмыс екенін түсінесіз.

Қысқасы: «Егер сіз, уақыт пен энергияңызды бөлмей, немқұрайлы қарасаңыз ештеңеге қол жеткізбейсіз. Өміріңіздің 2 жылын осы бизнеске бөлсеңіз, қалған өміріңізді тыныш және бақытты сүресіз».

Сіздің оң және сол жағыңыздағы алғашқы екі адамыңыз сізді бақылап отырады, сіздің осы жұмысқа уақытыңыз бен энергияңызды бөліп жүргеніңізді көрген соң, оларда дәл солай жасайтын болады. Оларға көңіл бөліп отыруыңыз үшін, сізде дайректілеріңіздің апталық жоспарының бір данасы болуы керек. Егер олар жұмысты дұрыс орындамаса олармен дауласпаңыз, тек олардың жоспары мен міндетін ескертіп қойыңыз.

УӘДЕ БЕРМЕҢІЗ, УӘДЕ БЕРСЕҢІЗ ОРЫНДАҢЫЗ

ОНДАЙ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІ ҰҚЫПТЫЛЫҚ ДЕП АТАЛАДЫ

Ақша алып көрмеген және сенбейтін көп адамдар болашақта ақша алатынына сенбейтіндіктен не энергиясын, не уақытын жұмсамайды. Олар былай ойлайды:

«Ақша тапқан күні ғана біз осы бизнеске сенеміз және өзіміздің энергиямыз бен уақытымызды жұмсай бастаймыз». Осындай ойлау қабылетпен жетістікке жетуге бола ма?

БАСТАПҚЫДА СІЗ УАҚЫТ ПЕН ЭНЕРГИЯҢЫЗДЫ ЖҰМСАЙСЫЗ, ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙСІЗ,

ТЕК СОДАН КЕЙІН БИЗНЕСІҢІЗ СІЗГЕ ҮЛКЕН ПАЙДА АЛЫП КЕЛЕДІ

3 – ЭТАЖ

УАҚЫТТЫ ЖОСПАРЛАУ

Бұл бизнестегі басты капиталыңыз продукцияға кеткен шығын емес, ол сіздің уақытыңыз бен энергияңыз. Жетістікке жетпеген адамдардың кемшілігі, ол осы бизнеске уақыт бөлмегендіктен. Тіркеліп қойған кейбір адамдар бизнеске дұрыс уақыт бөлмейді және шексіз ақша табуға болатынын көзіне елестете алмайды. Егер кімде-кім жаңа жұмыс бастағысы келсе, біз жаңа жоспар ұсынамыз, яғни 1-2 апталық толық уақыт. Бастапқыда уақыт салымы, содан кейін өзіңізге пайда алып келеді. Кейбір адамдар миллионер болуғаасығады, бірақ жүйеге кіргеннен кейін уақыттары жоқ екенін айтады. Осы жүйеде жетістікке жету үшін, басқа жұмыстардағыдай уақыт жұмсауыңыз қажет. Мысалы: бір банк күнде тәңертең сіздің шотыңызға күнделікті 86 400 $ түсіріп отырады. Осы ақшаны түнге дейін жаратуыңыз қажет, егер сіз үлгермесеңіз, ол ақша күйіп кетеді. Сонымен, сіз осы жағдайда не істейсіз? Бәрімізде осындай банк бар. Ол: УАҚЫТ.

Әр күн сайын таңертең сіздің уақыт атты банкіңізге 86 400 сәт түседі. Бірақ бұл сәттер мерзімі түнде бітеді, Олардың еш біреуіде мүлдем сізге оралып келмейді.

Әрбір сәт – қазына, осы қазынаны жоғалтып алмаңыз. Ең маңыздысы – уақыт ешкімді тоспайтынын есіңізге сақтаңыз!

Ең алдымен өз жұмысыңыз үшін нақты бір жоспар құрыңыз және оны өзіңізден жоғарыдағыларға тапсырып отырыңыз, жұмыста бірге болуы үшін, ол сізге көмектеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]