Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obuchayuschy_paket.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

1 Этаж мақсатты анықтау — determining goals

Барлық жетістікке жеткен адамдар – өздерінің мақсаттарын анықтап, сол арқылы жұмысын бастаған. Егер сіздің алға қойған мақсатыңыз болмаса, онда бұл бизнесте еш нәрсеге жетпейсіз. Адамдағы мақсаттың бар болуы, ол машинадағы бензиннің бар болуымен тең. Егерде көлікте жанармай болмаса, онда ол қозғала алмайды. Егер сіздің мақсатыңыз болмаса, онда бірінші қиыншылықта Network Marketting-ті тастап кетесіз. Жұмысты бастамай тұрып осы өмірде нені қалайсыз?! Сіз өз мақсаттарыңызды жазып, оны әр қашанда өз жаныңызда алып жүріңіз. Сізді осы жұмысқа қандай қиыншылықтар алып келді. Өзіңізге және ата-анаңызға жақсы жағдай жасап, оңай бүкіл әлемді саяхаттап, яғни бұл өмірден көп нәрсеге ие болғымыз келеді.

Мақсатқа апаратын бірінші қадам – ол мақсаттың бар болуы. Сіздің мақсатыңыз сіздің жылжу бағытыңызды анықтайды, жетістікке жеткен адамдар осы уақытта А нүктесін қандай қалыпта тұрғанын, В нүктесінде орналасқан мақсатқа жету бағытын және оған қанша уақыт қажет екенін біледі. Мынадай жағдайда сіз өзіңіздің мақсатыңызға жете алмайсыз….

? ?

.А ? ?

? ?

Өйткені сіздің мақсатыңыз (В нүктесі) анықталмаған. В нүктесі осы беттің кез-келген жерінде тіпті А нүктесінің үстінде де болуы мүмкін. Сіз өзіңіз үшін В нүктесін анықтамағанша дұрыс жолыңызды таба алмайсыз. Тіпті А нүктесінен бастап жылжи бастасаңыз да, сіз бір жерде бірнеше рет айналып жүруіңіз мүмкін және нәтижесінде сіз қажисыз.

Адамдар үнемі уақытқа шағымданады, ал негізгі кедергі мақсаттың болмауы.

Мақсатты анықтау

Мақсатты анықтау – бұл өте маңызды бөлім. Назар аударыңызшы, сіз өзіңіздің мақсатыңызды жазған кезде ішіңізде бір кедергіні сезінесіз, ол сіз өз мақсатыңызды орындай алмау қорқынышынан туындайды. Бұл кедергі үнемі әр біреуде болады. Адамдар өзгерістерден қорқады, ал жетістік өзгерістерге алып келеді. Кім еш нәрсе істемесе қателеспейді, ал қателік жасалмаса еш нәрсе үйренбейді. Бірақ біз бұл кедергілерді жеңуіміз керек. Біз өз мақсаттарымызды жазамыз – бұл жетістікке жетудегі ең бірінші қадам. Жетістік арманнан басталады, сондықтан өз мақсатыңызды анықтаңыз да, ол туралы армандаңыз. Одан кейін оны орындауға кірісіңіз. Райт ағайындары, ұшуды армандады да, ұшақты ойлап тапты. Генри Форд машина туралы армандады да, машина өндірді. Біздің айналамыздағы заттардың барлығын бұрында басқа адамдар армандаған болатын. Олар теледидар, ұялы телефон, керек десеңіз орындықты да. Барлығы да бір арманнан басталады. Сондықтан да өз армандарыңызды қорғаңыз.

Егер сізде өміріңізде ешқандай да арманыңыз болмаса, онда сіздің ешқандай орындалатын арманыңыз болмайды. Егер сіз өз мақсатыңызға жетемін бе, жетпеймін бе деген күмәндар туындай берсе, онда сіз өзіңізге-өзіңіз қарсылық жасағаныңыз. Сіз өз мақсатыңыздың орындалуынан күмәндансаңыз, онда сіз жеңіліске тап боласыз. Мақсатқа жетудің бірінші қадамы - ол мақсатты қағаз бетіне түсіру. Егер сіз осы мақсаттарыңызды үнемі қарап отырсаңыз, сіздің ішіңіздегі жетістікке жететін сеніміңіз артады.

Неге осы бизнеске кіргеніңізді сіз білуіңіз керек. Өзіңіздің барлық себептеріңізді жазыңыз.

Көзіңізді жұмып, қараңызшы, сіз 11 айдан кейін айына 40 мың долларға дейін қол жеткіздіңіз. Солай болғанын, қалайсыз ба? Ай сайын өзіңіздің тапқан қаражатыңызға қалаған нәрсеңізді аласыз. Сіз барлық тілеген армандарыңызды қағаз бетіне түсіріңіз.

Сіздің мақсатыңыз – жұмыс жалғастыруға талпындырады. Сіз жетістікке жеткенде не қалайсыз, соны толығымен жазыңыз. Мақсатыңызды анықтап, қандай бағытта, қалай қай уақытта жететініңізді жазыңыз.

Сізге мұқият жұмыс істеу керек, өйткені алда сіздің оң және сол адамдарыңыз болады. Бірақ сіз бірден миллионер болып кетпейсіз. Сондықтан да сіз осы екі адамыңызбен отырып, барлық мақсаттарыңызды жазыңыздар. Оларға күш беріңіз, оларды қолдаңыз. Бір-біріңізді силаңыздар және алдарыңызға мақсат қойыңыздар. Егер сіз осы жұмысты атқарсаңыз, сіздің ұйымыңыз бір жылда алдыға жылжиды және дамиды. Сіздің барлық адамдарыңыз үнемі мақсаттарына жетеді және қарқынды жұмыс істейді. Сіздер бірге болашақ миллионерсіздер.

Айтпақшы, ұмытпаңыз, өз мақсатыңызға жету үшін уақытын анықтаңыз. Сіздің мақсатыңыз SMART болуы керек. Ол дегеніміз:

S: Specific – анық, нақты және толық анықталып, өзіңізге не қежет екенін білуіңіз қажет;

М: Measurable – өлшеуге тұрарлық, яғни сіздің мақсаттарыңыздың шегі болуы керек;

А: Action Orientea – қадамдарға бөлу;

R: Realistic – өз сеніміңізге көңіл аударыңыз, мақсаттарыңыз нақты болу керек.

Т:Time Headed –дәл анықталған уақыт.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]