- •Курс – ііі
- •Барлығы – 120 сағат Орал
- •04.09.2014Ж. №1 хаттама
- •2. Пән бойынша оқу бағдарламасы-sillabus
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
- •5. Дәрістік кешен:
- •Дәрістің мазмұны:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Дәрістің мазмұны:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс мазмұны
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Дәрістің мазмұны:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Әдебиеттер тізімі:
- •6.Семинар сабақтарының жоспары
- •7. Практикалық, семинарлық, лабораториялық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
- •1990 Жылғы тәуелсіз елдердің саяси дамуы.
- •1990 Жылғы тәуелсіз елдердің экономикалық дамуы.
- •1990 Жылғы тәуелсіз елдердің әлеуметтік дамуы.
- •1.Саяси реформалар
- •2.Экономикалық реформалар.
- •2.Оның функциялары мен халықаралық қатынастар жүйесіндегі ролі.
- •9.Студенттердің өз бетімен жұмыстануына арналған материалдар.
- •10. Оқу, өндірістік, дипломалды сарамандарөту мен есептік құжаттар формасынан өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
- •11.Студенттерді бақылау мен оқу үлгерімін бағалау бойынша материалдар. «Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
- •12. Оқу үрдісінің бағдарламалық және мультимедиялық жабдықталуы.
- •13. Арнайы аудиториялар мен кабинеттердің саны.
5. Дәрістік кешен:
№ 1 дәріс
Тақырып: ТМД елдерінің тарихы курсына кіріспе дәріс.
Дәрістің мазмұны:
1.ТМД елдерінің тарихы пәнін оқытудың мақсат-міндеттері;
2. ТМД елдерінің тарихы курсының мазмұны мен құрылымы.
Дәрістің мақсаты:ТМД елдерінің тарихы туралы студенттерге кіріспе мағлұмат беру.
Негізгі түсініктер:
Қазіргі заманғы әлемдік тарих көптеген оқиғалармен, оның ішінде КСРО-ның ыдырауымен сипатталады. Жаңадан пайда болған мемлекеттер көптеген мәселелерді шешуге мәжбүр болып отыр. Әсіресе, бұл мәселелер экономикалық және әлеуметтік салалардағы қиындықтарды жеңуге байланысты. Барлықпосткеңестік мемлекеттер басынан кешіп отырған экономикалық дағдарысты жағдайда бір-бірімен келісілген қимылдарының нәтижелі ынтымақтастығы мен өзара тиімді шешімдерінің жолдарын қарастырып отыр.
Курстың объекті ретінде КСРО мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының тарихы, олардың пайда болуы мен дамуы, ішкі дамуының ерекшеліктері, сонымен бірге олардың қазіргі халықаралық қатынастарға қатысуы мен әсері қарастырылады.
Сондай-ақ КСРО тарихының орны мен маңызы, ТМД тарихының тарихнамасы, ТМД тарихының хронологиясы, ТМД тарихы бойынша деректер және олардың классификациясы типтік бағдарламада қарастырылады.
Студенттерге таяу шетелдің елдері туралы түсініктеме беру – курстың басты мақсаты болып табылады. Арнайы курстың қажеттілігі посткеңестік кеңістіктегі елдердің бірде бір жалпы және арнайы дәрістерінде қарастырылмайтындығымен түсіндіріледі.
- Кеңес Одағының тарихы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы туралы нақты мәлімет беру;
- ТМД құрылымының және оның негізгі органдарының қалыптасу тарихына тереңірек тоқталу;
- ТМД-ның әскери-саяси, экономикалық, гуманитарлық және ғылыми-техникалық салаларындағы интеграция мәселелерімен таныстыру;
- ТМД-ның аймақтық иннтеграция түрлерін талқылау;
- ТМД және Балтық елдерінің ішкісаяси және экономикалық жағдайымен таныстыру;
- ТМД және Балтық елдерінің сыртқы саяси байланыстарын қарастыру.
ТМД елдерінің тарихы пәнаралық байланыстағы курс болғандықтан «Ресей тарихы», «Халықаралық және сыртқы саясат тарихы», «Қазақстан тарихы», «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» атты пәндердің алдын – ала оқылуға тиісті екендігімен ерекшеленеді.
Курс нәтижесінде студент Кеңес Одағының тарихы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуын меңгеруі тиіс. ТМД-ның негізгі органдарының қалыптасуы, әскери-саяси, экономикалық, гуманитарлық, ғылыми-техникалық салаларындағы интеграциялық мәселелерін және аймақтық интеграция түрлерін студент меңгеруі тиіс. Сондай-ақ ТМД және Балтық елдерінің ішкісаяси және экономикалық жағдайы, олардың сыртқы байланыстары – курстың басты постреквезиті болып табылады.
Аталмыш курс дәріс және практикалық жұмыс түрінде өтіп, студенттердің білімін қазіргі заманның талабына сай тың дерек көздері арқылы оқытылуымен ерекшеленеді. Ол өз кезегінде оқиғаларды, процестерді шынайы талдауға септігін тигізеді.
Оқытудың негізгі оқу құжаттары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізілуімен қатар электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмаларды беру арқылы жүзеге асады.
Алынған білім жалпытеориялық және арнайы пәндерді оқуда маңызды орын алады. «ТМД тарихы» пәнаралық курс болып табылады. Аталмыш курс «Ресей тарихы», «Халықаралық және сыртқы саясат тарихы», «Қазақстан тарихы» және «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» пәндерімен астасады.
Курстың объекті ретінде КСРО мен ТМД-ның пайда болуы мен дамуы, ішкі дамуының ерекшеліктері, сонымен бірге олардың халықаралық қатынастарға қатысуы мен әсері қарастырылады.
КСРО тарихының ТМД тарихын оқып-үйренудегі орны мен маңызы. ТМД тарихының тарихнамасы. ТМД тарихының хронологиясы. ТМД тарихы бойынша деректер және олардың классификациясы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.ТМД елдерінің тарихы курсы нені оқытады?
2.ТМД елдерінің тарихы курсының зерттеу объектісі?
3.ТМД қауымдастығы қандай жағдайда құрылды?
4.ТМД қашан құрылды?
