Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМД силлабус.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттер тізімі:

  1. История России ХІХ- нач. ХХ века. Под ред. Федорова М. М., 1998 г.

  2. Левандовский А.А. «Россия в ХХ веке». М., 1997 г.

  3. Верт Н. «История Советского государства». М., 1992 г.

  4. Геллер М., Некрич А. «Утопия у власти». М., 2000 г.

  5. Поцелуев В.А. «История России ХХ столетия». М., 1997 г.

  6. Исингарин Н. «10 лет СНГ» (Проблемы, поиски, решения). Спб 2000 г.

Лекция №3

Тақырып: ТМД елдері интеграциясының экономикалық, әскери-саяси және гуманитарлық аспекті.

Дәріс мазмұны: 1.Экономикалық аспекті

2. Әсекри-саяси бағыт

3. Гуманитарлық мәселелер.

Лекция №4

Тақырып: Ресей жәнеУкраина

Дәріс мазмұны: 1. РФ-ның егемендігі туралы Декларациясы және Б.Ельциннің билік басына келуі. Ресейдегі алғашқы экономикалық, саяси реформалар.

2. Ресей-шешен қатынастары. Шешенстанда әскери қимылдардың басталуы.

3.В.Путиннің президентікке сайлануы және оның саясаты.

4. Украинаның тәуелсіздік Декларациясын қабылдауы.

5. Халқының этникалық құрамы.

6. Ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай. Үкіметке қарсы оппозицияның әрекеті. Саяси дағдарыстың етек алуы.

7. Ресей жәнеУкраинаның сыртқы саясаты.

Дәріс мазмұны: РФ-ның егемендігі туралы Декларациясы және Б.Ельциннің билік басына келуі, Ресейдегі алғашқы экономикалық реформалар, Шешенстанда әскери қимылдардың басталуы мен В.Путиннің президентікке сайлануы және оның саясатына тереңірек тоқталу.

Ресей Федерациясы

РКФСР (РСФСР) халық депутаттарының Бірінші съезі. Мемлекеттік егемендік туралы Декларация. Б.Ельциннің билікке келуі. Халықаралық славян соборы. Ресейдегі алғашқы экономикалық реформалары: бағаның босатылуы, жекешелендіру, нарықтың қоғамдық өндірісті реттеуші ретінде қалыптасуы. Ресейдің әлеуметтік-экономикалық жүйеге тартылуы. Ресей қоғамының әлеуметтік құрылымының өзгеруі: жаңа таптар мен әлеуметтік топтардың қалыптасуы және мүліктік дифференциацияның өсуі. Жан басына шаққанда ұлттық табыс үлесінің қысқаруы. Экономиканы жекешелендірудегі олқылықтар мен қателіктер. Ресейдегі валюталық реформалар және оның мәні.

Ел ішіндегі жаңа парламенттік сайлаулар. Социалистік идеялардан бас тарту және даму моделінің алмастырылуы. Ресей реформаларының либералдық концепциясы: азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру.

Демографиялық ахуалдың жалпы сипаттамасы. Ресейдегі 1993 ж. конституциялық және Кеңестік билік жүйесін күйрету. Парламентаризм және президенттік биліктің қалыптасуы. 1993 ж. Конституция. Экономикалық және әлеуметтік дағдарыс пен заң шығарушы және атқарушы билік арсындағы қайшылықтар, орталықтан алшақтау теориясының алғашқы реформалардың нәтижесі ретінде көрініс беруі.

Германия, Орталық және Шығыс Европа мен Балтық бойы елдерінен Ресей әскерлерінің шығарылуы. Ресейдің Орталық Азиядағы саясаты.

Ресей-НАТО қатынастары. Ресейдің НАТО-ның Шығысқа қарай кеңеюіне қарсылығы. Ресей-НАТО қатынастарының негізі туралы Акт (27 мамыр, 1997 ж., Франция). НАТО-Ресей арасында БТК-ның (СПС) құрылуы және ынтымақтастық механизмдері. Ресей-НАТО одағының құрылуы. НАТО-ның Прага саммиті (2002 ж.) және Ресейдің позициясы.

Ресей-шешен қатынастарының сипаты. Шешен Республикасының конституциясының қабылдануы. Шешенстанда әскери қимылдардың басталуы. Бірінші Шешен науқанының орнатылуы. Хасавюрт келісімі. Шешенстанның тәуелсіздігі (Ичкерия).

Б.Ельциннің екінші мерзімге сайлануы. Екінші Шешен науқанының басталуы. Кезектен тыс сайлаулар және В.Путиннің президенттікке сайлануы. В.Путиннің «Солтүстік-Кавказ аймағында терроризмге қарсы күрес шаралары туралы» Жарлыққа қол қоюы. Еуропа Кеңесі мен Ресей. ЕҚЫҰ-ның 1999 ж. қарашасындағы Стамбул саммиті және Ресейдің шешен мәселесіндегі қатаң позициясы.

ҰҚШ (ДКБ) және Ресей мүдделері. Ауғанстандағы азаматтық соғыс және Ресей. Ресейдің АҚШ бастаған антитеррорлық коалициямен ынтымақтастыққа дайындығы туралы мәлімдемесі.

Ресей-Белорусь Одағы. Ұстанымдары, мақсаттары, институттары және ынтымақтастық механизмдері.

Украина Республикасы

Украина Жоғарғы Кеңесінің «Украин КСР-інің президентін сайлау туралы» Қаулысы. Украинаның алғашқы президенті Л.Кравчук. Қырым Жоғарғы Кеңесінің тәуелсіздік Декларациясын қабылдауы. Украинаның тәуелсіздігі туралы Референдум. Украина Жоғарғы Кеңесінің 1922 ж. 30 желтоқсанындағы Одақтық Шартты денонсациялауы және Украинаны КСРО-ның одақтас бөлігі ретінде қарастырмау туралы қаулының қабылдануы. ТМД-ны құру туралы келісімді ратификациялау.

Қара теңіз жөніндегі Ресей-Украина шарты. Ресей мен Украина арасындағы сауда өкілдіктерін ашу туралы келісім және оның Украина үшін маңызы. Л.Кучманың билікке келуі. Жаңа ұлттық валютаны енгізу. Ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай. Үкіметке қарсы оппозицияның әрекеті. Саяси дағдарыстың етек алуы.

РФ президенті В.Путиннің Украинаға сапары және оның нәтижелері. Ресей мен Украина президенттерінің зымырандық-ғарыштық және авиатехника салаларында ынтымақтастықты кеңейту туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қоюы. Үкімет және ведомствоаралық келісімдердің орыс-украин қатынастарын дамытудағы орны мен ролі.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Л.Кравчуктің президенттігі.

  1. Жаңа ұлттық валютаны енгізу.

  2. Қара теңіз флоты жөніндегі Ресей-Украина шарты.

  3. В.Путиннің Украинаға іс-сапары және оның нәтижелері.

Лекция №5

Тақырып: Белоруссия

Дәріс мазмұны: 1.Тарихи дамуының жалпы сипаттамсы.

2. Халқының этникалық құрамы.

3. Украинаның сыртқы саясаты.

ӨЖСӨЖ мазмұны: А.Г. Лукашенконың саяси режимінің ерекшеліктері.

СӨЖ мазмұны : Рессей-белорусс қарым -қатынасы.

БелорусьРеспубликасы

Белорусь Респуликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларация. (1991 ж.) Минск кездесулері. Белорусь ұлттық парламенті депутаты И.Кортченияның ТМД-ның Бас хатшысы қызметіне тағайындалуы. Минск қаласының ТМД-ның бас штаб-пәтері болып белгіленуі. ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының Минск кездесулері.

Белоруссияның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Экономиканы дағдарыстан шығару жолдары. А Лукошенконың презтенттікке сайлануы. Оппозиция және оның ел ішіндегі саяси жағдайға тигізер әсері.

Белорусь-Ресей қатынастарының ерекшелігі. Белоруссияның Ресей үшін геосаяси әсері. «Славян базары» фестивалі және оның мәні. ЕҚЫҰ-ның 1999 ж. қараша айындағы саммиті және Белоруссияның Ресейді Шешенстан мәселесі бойынша қолдауы. Белоруссияның НАТО-ның Шығысқа қарай кеңеюі мәселесіндегі позициясы. СШҚ-1 (СНВ-1) шартын ратификациялау. Белоруссияның ядролық қарудан өз еркімен бас тартауы және 1968 ж. Ядролық қаруды жою жөніндегі шартқа қосылуы.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Белорусь республикасының тәуелсіздік Декларациясы және ТМД басшыларының Минскідегі кездесулері.

  2. Белорусь-Ресей қатынастарының ерекшелігі.

Лекция № 6

Тақырып : Молдова

Дәріс мазмұны: 1.Тарихи дамуының жалпы сипаттамсы.

2. Халқының этникалық құрамы.

3. Молдова сыртқы саясаты.

Негізгі түсініктер: «Молдова Республикасының азаматтығы туралы» заң,

Молдова Республикасы

«Молдова Республикасының азаматтығы туралы» заң. Молдованың «Ұлттық майданы». Румыния мен Молдова қатынастары. М.Сенгурдың президенттікке сайлануы.

Молдовадағы ұлттық белгі бойынша бөліну. Приднестровье Молдова Республикасы. Приднестровьедегі қақтығыс себебі, кезеңдері және оны реттеуге Ресейдің қатысуы. Қақтығысқа байланысты Ресей мен Украина позициялары. Приднестровьедегі қақтығысты реттеу туралы келісім. Молдова президенті мен Приднестровья жетекшісінің 20 маусым 2001 ж. позициялары.

Молдовадағы саяси партиялар және Коммунистік партияның ел ішіндегі ролі мен оның арту себептері. Молдова парламентінің Коммунистік Партияның Орталық Комитетінің шешімдерін бекітуі және жаңа спикерді сайлау.

Лекция №7

Дәріс тақырыбы: Кавказ аймағы елдері. Грузия

Содержание лекции: 1. Аймақтың жалпы сипаттамсы.

2. Грузия тәуелсіздік жариялауы. Саяси-экономикалық дамуы.

Тақырып: Грузин республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси даму қарқыны.