Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМД силлабус.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577 Кб
Скачать
☆

Дәрістің мазмұны:

  1. Қазақ КСР-інің 1991 ж. Конституциялық заңы. Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық байланыстар. Қазақстанның халықаралық қатынастардағы орны.

Дәрістің мақсаты: Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақ КСР-інің 1991 ж. Конституциялық заңы, Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық байланыстары, Қазақстанның халықаралық қатынастардағы орны, Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің тәуелсіздік туралы декларациясы, Шанхай форумы сияқты ірі оқиғалар хронологиясын жасау.

Негізгі түсініктер: Шанхай форумы, Қазақ КСР-інің 1991 ж. Конституциялық заңы.

Қазақстан Республикасы

Ресей мен Қазақстан арасында экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің жасалуы. 1991 ж. 29 тамызында ҚР Президентінің Жарлығы бойынша Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы. Тікелей және жалпы президенттік сайлаулар. Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы етіп құру туралы Конституциялық Заң (1991 ж.).

Республика Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы және оны қабылдаудың маңызы. Ел ішінде ұлттық қатынастарды сақтау мәселесі.

Ресей мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастарды орнату туралы келісім. Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы Ресей-Қазақстан келісімі.

Қазақстан Республикасының өз еркінен тыс ядролық мемлекетке айналуы және КСРО-ның ядролық мұрасын шешудегі орны. Қазақстан Республикасының СШҚ-1 (СНВ-1) шартының ратификациялануы. Қазақстан Республикасының өз еркімен ядролық қарудан бас тартуы және 1968 ж. ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылуы. Қазақстан Республикасының БҰҰ-на және ЕҚЫҰ-на мүше болуы. Қазақстан Республикасының Батыс елдерімен және АҚШ-пен дипломатиялық қатынастар орнатуы. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси көпвекторлығы және оның мәні. АӨСШК (СВМДА) Алматы саммиттері және оның маңызы.

Қазақстан халықтарының бірінші форумы және оның маңызы. Дүниежүзі қазақтарының Алматы және Түркістандағы құрылтайы. Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 ж. Конституциясын қабылдауы. Арал теңізін құтқару мәселесі және оның эколгиялық, әлеуметтік мәселелері. Арал теңізіне байланысты халықаралық концорциум құру туралы келісім.

Қазақстан Республикасының экономикасының жетекші салалары. 18 қараша 1993 ж. теңгені енгізу. Каспий теңізінің құықтық мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының позициясы. «Ақтау-Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры арқылы мұнайды тасымалдау жөніндегі өзара түсіністік меморандумы. КҚК (КТК) пайдалануға берілуі және оның Ресей-Қазақстан қатынастарындағы орны мен ролі. Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресеймен шетел мәселесін реттеу жолдары және оның кезеңдері

Қазақстан Республикасының БҰҰ-ғы бастамалары және оның маңызы. Қазақстан Республикасының ӘСҰ-на (ВТО) кіру мәселесі. Қазақстан-НАТО ынтымақтастығы және оның бағыттары. Қазақстан Республикасының АҚШ-тың Ауғанстандағы антитеррористік шараларына қолдау көрсетуі. Президент Н.Ә.Назарбаевтың ТМД-ны ары қарай дамытуы туралы бастамалары. Ватикан басшысының Астанаға сапары және оның маңызы.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Қазақ КСР-інің 1991 ж. Конституциялық заңы.

  2. Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық байланыстар.

  3. Қазақстанның халықаралық қатынастардағы орны.

  4. Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің тәуелсіздік туралы декларациясы.

  5. Шанхай форумы.

  6. Қырғызстанның халықаралық қатынастардағы орны.