Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор_сеть.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
240 Кб
Скачать
☆
  1. Динамикалық маршрутизация. Rip 2 хаттамасының ерекшеліктері. Қолдануына мысал.

Динамикалық бағыттауыш

Күрделі архитектуралы үлкен желілерде динамикалық бағыттауыштың статикалыққа қарағанда артықшылығы көрінеді, себебі саны көп бағыттауыш кестелерін қолдан қолдау сияқты жалықтыратын жұмыстан құтылуға мүмкіндік береді. Динамикалық бағыттауыш жағдайында желі администраторына түсетін ауыртпашылық минималды және көбінесе әрбір бағыттауыш үшін үндемей тағайындалатын көмейді көрсетумен шектеледі. Барлық басқа икемдеулер және бағыттауыш кестелерін құру бағыттауыш хаттамаларының көмегімен автоматты түрде жасалады.

ТСР/IP бағыттауышы үшін жиі қолданылатын екі хаттамалар – RIP (Routing Information Protocol, бағыттауышты басқару хаттамасы) және OSPF (Open Shortest Path First, ең қысқа жолды бірінші болып аш). Бұл екі хаттама да бағыттауыш кестелерін жаңарту кезінде желілік трафикті құрады, бірақ RIP OSPF хаттамасына қарағанда тым «сөзшең» (ол желі арқылы жүйелі уақыт аралығында барлық бағыттауыш кестелерін ұдайы жіберіп отырады, ал OSPF тек бағыттауыш кестелеріндегі өзгерістерді ғана жібереді).

RIP хаттамасы

RIP – орындалуы қарапайым болғандықтан, қазіргі кезге дейін кең тараған алғашқы хаттама. RIP қолдайтын бағыттауыш кестелерінде келесі ақпарат сақталады:

  • IP –қабылдаушы түйін адресі;

  • қайталап орындалатын трансляциялар саны (хоптар), 1-ден 15-ке дейін;

  • жолдағы келесі бағыттауыштың IP-адресі;

  • әрбір жол үшін жеткізу уақыты;

  • бағыттауыштағы ақпараттың өзгеру уақыты (өмір сүру уақыты).

RIP хаттамасы ішкі бағыттауыштың қашықтық-векторлық хаттама болып табылады. RIP анықталған жолдардың әрқайсысы үшін ретрансляциялар санын тауып, ол ақпаратты ең тиімді жолды таңдау үшін қолданады. Егер RIP ретрансляциялар санын қадағаламаған болса, шексіздікті есептеу проблемасы туар еді. Кейбір желілерде арнаға ену мүмкіндігі болмаған жағдайда, RIP логикалық циклге әкелетін басқа жақсы жолды тізбектей іздеуді бастайды. Мұндай цикл шексіз қайталана беруі мүмкін. Ұқсас жағдайларды болдырмау үшін, RIP 1-ден15-ке дейінгі мәндерді қабылдайтын ретрансляциялар санағышын пайдаланады.

  1. Жеке аймақтар үшін ospf хаттамасы. Ospf хаттамасымен байланысты негізгі терминдерге тоқталыңыз. Қолдану мысалы.

OSPF (Open Shortest Path First – ең қысқа маршрутты таңдаудың ашық хаттамасы) – каналдың (link-state technology) қалпын зерттеп отыратын технологияға негізделген және ең қысқа жолды таңдау үшін қолданатын динамикалық маршрутизация хаттамасы. RFC 2328 толық сипатталған. Оның басты сипаттамалары келесідей:

• SPF алгоритмін қолдану;

• Топологияда қандайда бір өзгерістер болған жағдайда ғана маршрутизаторларға жаңартулар жіберу;

• Жылдам жинақтылық;

• Оқшауланған желілерді жəне VLSM қолдау;

• Маршруттарды аутентификациялау.

OSPF хаттамасын пайдаланылатын желілерде маршрутизаторлар байланыс арналарындағы өзгерістер туралы хабарламалармен алмасып отырады, мысалы, жаңа желілердің қосылуы немесе қандайда бір ақаулар туралы, байланыс арналарының қалпына келуі туралы.

Желі топологиясында өзгерістер болса, осы өзгерістер əсер ететін барлық маршрутизаторлар желінің басқа маршуртизаторларына хабарламалар жіберіп, бағыттар жаңартылып отырады. Барлық маршрутизаторлар сəйкес өзгерістерді топологиялардың мəліметтер қорына енгізіп, бағыттауыш кестесіндегі бағыттарды жаңартады.

OSPF хаттамасы маршрутизатордың ресурстарына талабы жоғары, мысалы, жедел жады, процессордың есептеу қуаттылығы, сонымен қатар инженерлік қызметкерлерден терең білімді талап етеді.

RIP салыстырғанда OSPF «екінші буынның хаттама» болып табылады және көптеген артықшылықтары бар: OSPF желіге ауырлық тудырмайды, үлкен желілерді қолдайды, «сөзшең» емес және жіберуші түйін мен қабылдаушы түйін арасында көптеген жолдарды табады.

  • Әрбір арнаға өз салмағы беріледі (ретрансляциялар саны);

  • Ретрансляциялар санына шек қойылады (хоптар) – 65535;

  • Әрбір түйіннің төбесінде берілген түйін орналасқан, желілік жолдарының бұтақ тәріздес қоры бар;

  • Егер бірдей салмақты жолдар кездессе, жүк олардың арасында бөлінеді;

  • Бағыттауыш кестелерін кең тарату оларда өзгеріс пайда болғанда ғана орындалады;

  • Бағыттауыш кестелеріндегі өзгерістер туралы хабарлама олармен байланысты бағыттауыштарға ғана жіберіледі, «өзің оқы да ары қарай жібер» әдісі, ол желіге түсетін жүкті азайтады.

Негізгі терминдер

  • Интерфейс – маршрутизатор мен оған қосылған желілілердің бірін қосу.

  • Каналдың күйі жайлы хабарлама (link-state advertisement, LSA) – хабарлама маршрутизатордың барлық каналдарын, барлық интерфейстерін, және каналдар күйін сипаттайды.

  • Каналдың күйі (link state) – екі маршрутизатор арасындағы каналдың күйі; хабарлама LSA пакеті көмегімен орындалады.

  • Метрика (metric) – мәліметтердің каналмен жіберілуі “бағасының” шартты көрсеткіші.

  • Автономды жүйе (autonomous system) – ортақ маршрутизация протоколы арқылы маршруттық ақпаратпен алмасатын маршрутизаторлар тобы.

  • Аймақ (area) – бірдей аймақ идентификаторы бар желілер мен маршрутизаторлардың жиынтығы.

  • Көршілер (neighbours) – ортақ желіде интерфейстері бар екі маршрутизатор.

  • Араластық күйі (adjacency) – маршрутизация ақпаратымен алмасу үшін орнатылған көрші маршрутизаторлар арасындағы байланыс.

  • Hello-хаттама (hello protocol)– көрші қатынасын қолдау үшін қолданылады.

  • Көршілердің мәліметтер қоры (neighbours database) – барлық көршілер тізімі.

  • Каналдар күйінің мәліметтер қоры (link state database, LSDB)- каналдар күйі жайлы барлық жазбалардың тізімі.

  • Маршрутизатордың идентификаторы (router ID, RID) – бір автономдық жүйе ішінде маршрутизаторды идентифицирлейтін 32-биттік ерекше сан

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]