Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор_сеть.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
240 Кб
Скачать
☆

45. Классыз үлгі. Желі маскасы қалай анықталады.

Классыз үлгі. Қолдануға болатын адрестік кеңістіктің тиімділігін арттырудың қажеттігі IP адрестеудің жаңа классыз домен аралық бағыттауыш үрдісін CIDR (Classless Inter-Domain Routing) құруға жағдай жасады.

Интернетке қосылған ЖЕЖ-сінде 2000 компьютер бар болсын. Адрестік кеңістікті қосу үшін сізге С класының 8 адресі немесе бір В класы керек. Бірақ В класына 65534 түйін сияды – бұл сіздің қажетіңізден анағұрлым көп. Егер С класының 8 адресін пайдалансаңыз, ол желілерді қосқан кезде, қызметші ақпараттың трафикті толтырып жіберу проблемасы туады.

Бағыныңқы желі – IP адрестің түйін идертификаторын сақтайтын бөлігінен желі идентификаторын сақтайтын бөлігіне бірнеше биттің көшірілуінің көмегімен құрылған желі немесе желі идентификаторы.

Бағыныңқы желінің маскасы – адрестердегі қанша биттің желі идентификаторы үшін пайдаланылатынын көрсететін 32-биттік адрес.

Желілік маска төмендегі қағидаға сай құрылады:

  1. Желі нөміріне сәйкес позицияда биттер орнатылған (1).

  2. Түйін нөміріне сәйкес позицияда биттер орнатылмаған (0).

CIDR үлгісінде жазуды ыңғайлы ету үшін IP адресті a.b.c.d./n, түрінде көрсетеді, мұндағы a.b.c.d - IP адрес; n – желілік бөліктегі биттер саны.

Мысал. IP адрес 137.158.128.0/17 берілген, яғни, бағыныңқы желі маскасындағы 17 бірлік (желі идентификаторы), 15 0-дер (түйін идентификаторы) және ол 255.255.128.0.-ге тең.

Егер IP адрес белгілі болса, бағыныңқы желідегі түйін нөмірін қалай табуға болады? Мысалы. С класының IP адрес 205.37.193.134 берілген болса, түйін нөмірі –134. Енді желіні бағыныңқы желіге 205.37.193.134/26 түрде бөліңіз. Бұл жағдайда түйін адресі қандай?

IP адрес

Желі идентификаторы

Түйін

идентификаторы у

Бастапқы түйіннің IP адресі

205.37.193.134

11001101.00100101.11000111.

10000110

бағыныңқы желінің маскасы

255.255.255.192

11111111.11111111.11111111.11

000000

логикалық «Және» операциясының нәтижесі

205.37.193.128

11001101.00100101.11000111.10

000110

Нәтижесінде бағыныңқы желінің IP адресін 205.37.193.128 аламыз, ал бұл бағыныңқы желідегі түйін нөмірі 6-ға тең.

Үндемей тағайындалатын маскалар:

  • А класы үшін 255.0.0.0;

  • В класы үшін 255.255.0.0;

  • С класы үшін 255.255.255.0.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]