- •1. Жергілікті желілер технологиясының стандарттарын құру.
- •2. Компьютерлік желі туралы түсінік.
- •3.Желілердің типтері және ерекшеліктері.
- •4. Негізгі топологияларды және олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •5. Кабель типтері. Шиыршықталған кабель.
- •6. Кабель типтері. Коаксиал кабель.
- •7. Кабель типтері. Оптикалық талшықты кабель.
- •8. Сигналдарды жіберу. Сымсыз желілер.
- •9. Желілік адаптер тақшалары, атқаратын функциялары.
- •10. Желі түйіндері, желі сегменті, логикалық желі, пассивті және активті коммункациялық құрылғылар анықтамасы.
- •11. Osi желілік үлгісінің деңгейлері. "Ашық жүйе" түсінігі.
- •13. Ethernet. Fast Ethernet. 10/100 Мбит/с желілік шешеімдердің артықшылықтары.
- •14. Token Ring желілік технологиясы. Маркер.
- •15. Apple Talk және Arc Net желілік технологиялары.
- •16. Аtm. Сәулеті сақиналық болатын технология.
- •17. Fddi желісі. 100vg-AnyLan желісі
- •18. Жоғарғы жылдамдықтағы желілер. Atm. Сымсыз желілер
- •19. Модемдерді пайдалану. Модемдер технологиясы, олардың типтері
- •20. Үлкен желілерді құру. Репиторлар. Көпірлер. Маршрутизаторлар. Шлюздер
- •21. Tcp/ip хаттамаларының стегі. Ip хаттамасы
- •22. Ip адрестерінің неше классы бар?
- •23. Cidr. Супер желілер құру.Классыз үлгілерді пайдалану мысалы.
- •24. Маскаларды есептеу қалай іске асырылады. Стандартты маршруттарды таңдау.
- •25. Статикалық маршрутизацияның ерекшеліктері.
- •Динамикалық маршрутизация. Rip 2 хаттамасының ерекшеліктері. Қолдануына мысал.
- •Жеке аймақтар үшін ospf хаттамасы. Ospf хаттамасымен байланысты негізгі терминдерге тоқталыңыз. Қолдану мысалы.
- •Түйін аттарын анықтау. Адрестерді анықтауда arp хаттамасын пайдалану мысалы. Rfc құжаттары.
- •Dns қызметтері. Тср хаттамасы және оның негізгі функциялары.
- •Байланыс орнату процедурасы. Udp хаттамасының қолданылу ерекшеліктері.
- •Қолданбалы деңгей хаттамалары. Arp және rarp хаттамаларының ерекшеліктері. Мысал келтіріңіз, қандай басты командалармен жұмыс істейді.
- •Dhcp хаттамасының функциялары және конфигурациялық ерекшеліктері. Мысал келтіріңіз, маршрутизаторда қалай қолданамыз.
- •ВоотРжәне dhcp хаттамаларының арасындағы айырмашылық. Ауқымды компьютерлік желілер wan, осы желілердің мысал ретінде физикалық топологиясын сызып көрсетіңіз.
- •Ауқымды компьютерлік желілердің сипаттамасын келтіріңіз.
- •Internet желісі. Internet қызметі. Internet желісінің мүмкіндіктеріне шолу жасаңыз.
- •36. Frame Relay (fr) хаттамасының ерекшеліктері. Маршрутизаторда қолдану ерекшеліктеріне мысал.
- •37. Х.25. Хаттамасының желілеріне шолу.
- •39.Желіні жобалаудың бастапқы деңгейлері және әдістемесін көрсетіңіз
- •40. Internet желісінде шабуылдардан қорғану құралдарымен әдістеріне мысал.
- •41.Ақпаратты қорғаудың программалық құраладары. Мысал келтіріңіз, әр құралдың ерекшелігі.
- •42. Osi моделі. Физикалық деңгейі. Осы деңгейде қолданылатын құрылғылардың және технологиялардың түрлері.
- •43.Тср/ір хаттамалар стегі. Әр деңгейінің атқаратын қызметін атап көрсетіңіз.
- •44.Ip бағыттауыш. Статистикалық бағыттауыштың ерекшелігі.
- •45. Классыз үлгі. Желі маскасы қалай анықталады.
5. Кабель типтері. Шиыршықталған кабель.
Бүгінгі таңда компьютерлік желілердің көпшілігінде қосылыс ортасы ретінде сымдар мен кабельдер пайдаланылады. Олар компьютерлер арасында сигналдардың беріліс ортасының рөлін атқарады. Кіші және үлкен желілердің талаптарына сай кабельдердің түрлері көп. Бақытымызға қарай, желілердің көпшілігі үшін кабельдердің тек үш негізгі түрі қолданылады:
а) коаксиал кабель
б) шиыршықталған жұп (экрандалған және экрандалмаған)
в) оптикалық талшықты кабель
Шиыршықталған жұп
Қазіргі кезде коаксиалдан гөрі шиыршықталған жұпты қолданған тиімді. Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель бірінің сыртына бірі оралған және арнайы пластикалық қоршаудың ішіне орналасқан екі сымнан тұрады. Мысалы, телефон аппараты телефон розеткасына шиыршықталған жұп арқылы қосылады. Кабель оның бойымен бірінің сыртына бірі оралған екі немесе одан да көп сымдар жұптарынан тұрады. Шиыршықталып оралу кабельдің кедергіге қарсылығын арттырып, әрбір жұп сымның басқаларына әсерін азайтады.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің сыртқы қабығы болуы да болмауы да мүмкін, ал ішіндегі сымдарының саны әртүрлі. Бұл кабельдің екі түрі кездеседі: экрандалған шиыршықталған жұп (shielded twisted pair– STP) , экрандалмаған шиыршықталған жұп (unshielded twisted pair– UTP).
a) Экрандалмаған шиыршықталған жұп жергілікті есептеу желілерінде (ЖЕЖ) кең қолданылады, сегментінің максималды ұзындығы 100 метрді құрайды. Ол екі оқшауланған мыс сымнан тұрады (2.4 - сурет).
2.4 - сурет. Экрандалмаған және экрандалған шиыршықталған жұптар
Кабельдің атқаратын қызметіне қарай әрбір ұзындық бірлігіне сай шиыршықтарының саны реттеледі. Экрандалмаған шиыршықталған жұптың (UTP) бес категориясын біріктіретін стандарттар анықталған.
1-категория – дәстүрлі телефон кабелі, оның бойымен деректер таратуға болмайды, тек сөз ғана жіберіледі.
2-категория – деректерді 4 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
3-категория – деректерді 10 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Әрбір метрге тоғыз шиыршықтан келетін төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
4-категория – деректерді 16 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
5-категория – деректерді 100 Мбит/сек жылдамдықпен жібере алатын кабель. Мыс сымнан жасалған төрт шиыршықталған жұптан тұрады.
Қиылысқан кедергілер дегеніміз – көршілес сымдардағы сигналдардың әсерінен туатын электрлік әсерлер.
б) Экрандалған шиыршықталған жұп
STP электрлік кедергілердің әсері аз, сигналдарды жоғары жылдамдықпен алыс қашықтықтарға тарата алады.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабель қолданылады, егер:
· қаржы шектеулі болса;
· орнатудың жеңілдігі қажет болса;
Деректердің бүтіндігін сақтау жағынан жоғары сенімділік және оларды ұзақ қашықтыққа жоғары жылдамдықпен тарату қажет болса, бұл кабельдің түрін пайдаланып керегі жоқ.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің басқа кабельдерге қарағанда артықшылығы оның арзандығында. Сонымен қатар оны орнату жеңіл және қызмет көрсету ыңғайлы. Мұндай кабельдердің түрін орнату ғимарат салынып жатқан кезде есепке алынады, олардың қосылыс орындары телефондікіне ұқсас келеді.
Шиыршықталған жұп негізіндегі кабельдің басқа кабельдерге қарағандакемшілігі электромагнитті өрістерді сезгіштігі, соның салдарынан оларды алыс қашықтықтарға орнату шектеулі. Бірақ бұл жолдағы жаңа технологиялық жетістіктер аталған шектеулерді жақын арада жоятындығына күмән жоқ.
