- •1. Жергілікті желілер технологиясының стандарттарын құру.
- •2. Компьютерлік желі туралы түсінік.
- •3.Желілердің типтері және ерекшеліктері.
- •4. Негізгі топологияларды және олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •5. Кабель типтері. Шиыршықталған кабель.
- •6. Кабель типтері. Коаксиал кабель.
- •7. Кабель типтері. Оптикалық талшықты кабель.
- •8. Сигналдарды жіберу. Сымсыз желілер.
- •9. Желілік адаптер тақшалары, атқаратын функциялары.
- •10. Желі түйіндері, желі сегменті, логикалық желі, пассивті және активті коммункациялық құрылғылар анықтамасы.
- •11. Osi желілік үлгісінің деңгейлері. "Ашық жүйе" түсінігі.
- •13. Ethernet. Fast Ethernet. 10/100 Мбит/с желілік шешеімдердің артықшылықтары.
- •14. Token Ring желілік технологиясы. Маркер.
- •15. Apple Talk және Arc Net желілік технологиялары.
- •16. Аtm. Сәулеті сақиналық болатын технология.
- •17. Fddi желісі. 100vg-AnyLan желісі
- •18. Жоғарғы жылдамдықтағы желілер. Atm. Сымсыз желілер
- •19. Модемдерді пайдалану. Модемдер технологиясы, олардың типтері
- •20. Үлкен желілерді құру. Репиторлар. Көпірлер. Маршрутизаторлар. Шлюздер
- •21. Tcp/ip хаттамаларының стегі. Ip хаттамасы
- •22. Ip адрестерінің неше классы бар?
- •23. Cidr. Супер желілер құру.Классыз үлгілерді пайдалану мысалы.
- •24. Маскаларды есептеу қалай іске асырылады. Стандартты маршруттарды таңдау.
- •25. Статикалық маршрутизацияның ерекшеліктері.
- •Динамикалық маршрутизация. Rip 2 хаттамасының ерекшеліктері. Қолдануына мысал.
- •Жеке аймақтар үшін ospf хаттамасы. Ospf хаттамасымен байланысты негізгі терминдерге тоқталыңыз. Қолдану мысалы.
- •Түйін аттарын анықтау. Адрестерді анықтауда arp хаттамасын пайдалану мысалы. Rfc құжаттары.
- •Dns қызметтері. Тср хаттамасы және оның негізгі функциялары.
- •Байланыс орнату процедурасы. Udp хаттамасының қолданылу ерекшеліктері.
- •Қолданбалы деңгей хаттамалары. Arp және rarp хаттамаларының ерекшеліктері. Мысал келтіріңіз, қандай басты командалармен жұмыс істейді.
- •Dhcp хаттамасының функциялары және конфигурациялық ерекшеліктері. Мысал келтіріңіз, маршрутизаторда қалай қолданамыз.
- •ВоотРжәне dhcp хаттамаларының арасындағы айырмашылық. Ауқымды компьютерлік желілер wan, осы желілердің мысал ретінде физикалық топологиясын сызып көрсетіңіз.
- •Ауқымды компьютерлік желілердің сипаттамасын келтіріңіз.
- •Internet желісі. Internet қызметі. Internet желісінің мүмкіндіктеріне шолу жасаңыз.
- •36. Frame Relay (fr) хаттамасының ерекшеліктері. Маршрутизаторда қолдану ерекшеліктеріне мысал.
- •37. Х.25. Хаттамасының желілеріне шолу.
- •39.Желіні жобалаудың бастапқы деңгейлері және әдістемесін көрсетіңіз
- •40. Internet желісінде шабуылдардан қорғану құралдарымен әдістеріне мысал.
- •41.Ақпаратты қорғаудың программалық құраладары. Мысал келтіріңіз, әр құралдың ерекшелігі.
- •42. Osi моделі. Физикалық деңгейі. Осы деңгейде қолданылатын құрылғылардың және технологиялардың түрлері.
- •43.Тср/ір хаттамалар стегі. Әр деңгейінің атқаратын қызметін атап көрсетіңіз.
- •44.Ip бағыттауыш. Статистикалық бағыттауыштың ерекшелігі.
- •45. Классыз үлгі. Желі маскасы қалай анықталады.
3.Желілердің типтері және ерекшеліктері.
Желінің екі типі кең тараған: бір рангілі желі және сервердің негізіндегі желі.
Анықтама. Сервер– өзінің ресурстарын желі қолданушыларына ұсынушы компьютер.
Бір рангілі желілерде әрбір компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де қызмет етеді. Қолданушылардың кішігірім топтары үшін мұндай желілер деректер мен сыртқы құрылымдарды бөлуді жылдам қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бір рангілі желіде басқару орталықтанбағандықтан, жетілген, жеткілікті қорғауды қамтамасыз ету қиын.
Анықтама.Клиенттер –желілік ресурстарды пайдаланатын компьютерлер.
Анықтама. Беріліс ортасы –компьютерлерді өзара қосу тәсілі.
Деректер мен ресурстардың үлкен көлемдері ортақ пайдаланылатын болса, сервердің негізіндегі желіні қолданған тиімді. Желінің қызметін байқай отырып, администратор деректерді қорғауды басқара алады. Мұндай желілерде желілік трафиктің көлеміне, сыртқы құрылымдардың мөлшеріне байланысты бір немесе бірнеше сервер болуы мүмкін. Мысалы, бір желіде принт-сервер, коммуникациялық сервер және деректер қоры сервері болуы мүмкін.
Қорытынды: Бір рангілі желіні пайдаланған тиімді, егер
1) қолданушылар саны оннан аспаса;
2) қолданушылар өзара жақын орналасқан болса;
3) деректерді қорғаудың маңызы болмаса;
4) фирманы ұлғайтудың қажеті болмаса.
Сервердің негізіндегі желіні пайдаланған тиімді, егер
1) қолданушылар саны көп;
2) деректерді кең және кешенді түрде қорғау қажет болса.
Бір рангілі желілер мен сервердің негізіндегі желілерден басқа осы желілердің ең жақсы қасиеттерінен тұратын құрама желілер бар. Сервердің негізіндегі желіге арналған операциялық жүйе бұл жағдайда негізгі қосымшалар мен деректерді ортақ пайдалануға жауап береді.
Компьютер-клиенттерде бөлінген (белгіленген) сервердегі ресурстарға қатысуды және сонымен қатар өздерінің қатты дискілерін, қажетінше деректерін ортақ пайдалануға ұсынатын ОС Microsoft Windows NT Workstation немесе Windows 98 операциялық жүйелері орындалуы мүмкін.
Бір рангілі желі:
·Барлық ДК-дің құқықтары бірдей
Әрбір ДК client ретінде де және server ретінде де қызмет етеді
Әрбір қолданушы өз ДК-нің қандай деректерін желіде ортақ пайдалануға болатынын өзі анықтайды.
Желідегі ДК-дің саны 10-нан аспайды.
Қуатты сервердің қажеті жоқ, сондықтан желінің құны төмен.
Microsoft (98, NT Workstation, Workgroups) фирмасының операциялық жүйелерінде бір рангілі желіні қолдау орнатылған, сондықтан қосымша программалық жабдықтаудың қажеті жоқ.
Жүйелік администратор тағайындалмайды.
Әрбір қолданушы өзінің ДК-ін өзі басқарады.Барлық қолданушылар өз ресурстарымен басқалармен бөліседі
Ресурстардың үлкен бөлігі қожайындікі. Қалған бөлігі желілік қолданушыларға ұсынылады.
Желі қорғанысы төмен, себебі әрбір қолданушы өзі анықтайды.
Қолданушылардың білім деңгейлері жеткілікті түрде жоғары
Сервердің негізіндегі желі
Бөлінген (белгіленген) сервер дегеніміз – сервер ретінде жұмыс істейтін және желілік клиенттердің сұраныстарын тез өңдеу үшін оңтайландырылған ДК.
Серверлер әртүрлі болып келеді:
Файлдар мен баспа серверлері
Қосымшалар серверлері
Пошталық серверлер
Факс серверлер
Коммуникациялық серверлер
Каталогтар қызметі серверлеріБірнеше мың қолданушы. Сервер мен желінің аппараттық жабдықталуымен шектеледі.
Желінің барлық аппараттық ресурстарын орындай алатындай операциялық жүйе қажет (Microsoft Windows NT Server 4.0)
Орталықтанған, яғни администратор тағайындалады.
Ең болмағанда бір администратор қажет.
Ресурстар орталықтанып орналасқан, бұл оларды іздеу мен қызмет көрсетуді тездетеді және көшірмелерін үнемі алып отыруға, сақтауға мүмкіндік береді.
Клиенттік ДК-ге қойылатын талаптарды қолданушы өзі анықтайды (ОЗУ 32 – 64 Мб).
Деректерді жан-жақты, орталықтандырылған қорғау
Қолданушының білім деңгейіне жоғары талап қойылмайды
