Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор_сеть.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
240 Кб
Скачать
☆

41.Ақпаратты қорғаудың программалық құраладары. Мысал келтіріңіз, әр құралдың ерекшелігі.

АЖ-дағы желілік мәліметтерді қорғауға кірістірілген құралдар бар,бірақ олар әрдайым тәжірибеде туындаған мәселелерді толығымен шеше алмайды. Мысалы, NetWare 3.x, 4.x-шi желілік АЖ аппараттық үзілулер мен бұзылуларда мәліметтерді "эшелондалған" сенiмдi қорғауға мүмкіндік береді. Novell компаниясының SFT(System Fault Tolerance - ақауларға орнықтылықтар жүйесі) жүйесі үш негізгі деңгей қосады:

  • SFT Level I жеке алғанда,шұғылдандырылғын верификацияда әрбәр қайта жазып алынған мәліметтердің блок серверіне FAT и Directory Entries Tables - тің қосымша көшірмелерін құруды, сонымен бірге, әрбір қатты дискте 2% жобасында диск көлемін сақтау қарастырылады. Мәліметтер үзілулер табылған жағдайда кейiнге сақталған(зарезервированный) диск облысына қайта жiберiледі, ал бұзылған блок "жарамсыз немесе жаман" ретінде белгіленеді де және ары қарай қолданылмайды.

  • SFT Level II "айна" дисктерді құрудың қосымша мүмкіндіктеріне ие,сонымен бірге қоректендіру көзі және интерфейстiк кабелдерде диск сияқты контроллерлердiң қайталауларынан тұрады.

  • SFT Level III бірі "негізгі",ал екіншісі барлық мәлiметтер көшiрмесі болатын,"негізгі" шыққан жағдайда жұмыс істеуге кіруде жергілікті желіде қайталанған серверді қолдануға мүмкіндік береді.

Ақпаратты қорғауда мамандандырылған программалық құралдар АЖ-ның желілік кiрiстiрiлген құралына қарағанда,рұқсат етiлмеген доступ негiзiнде жақсы мүмкiндiктер мен мiнездемелерге ие болады. Шифрлау программасы және крифтографиялық жүйелерден басқа,көптеген түсiнiктi сыртқы құралдармен ақпаратты қорғау түрлері бар. Өте жиі еске алатын шешiмге,ақпараттық ағындарды шектеп және тексеретін келесі екі жүйені атап өту керек:

  1. Firewalls - (сөзбе-сөз аударғанда firewall - жалынды қабырға) брандмауэрлары. Жергiлiктi және ғаламдық желiлер арасында

барлығын тексерiп және фильтрден өткізетін желілік/транспорттық деңгей тарификтерінен кейін арнайы аралық серверлер құрылады. Бұл рұқсат етiлмеген доступтың қауіпін сырттай корпоративтiк желiлерде бірден азайтуға мүмкiндiк бередi, бiрақ бұл қауiп-қатердi толық жоймайды. Қорғау әдістерінің бір түрі-маскарадты әдіс(masquerading), мұнда трафик жергілікті желісіндегі барлық шығулар firewall-сервер атынан жіберіліп,іс жүзінде жергілікті желіні көрінбейтін етеді.

  1. Proxy-servers (proxy – сенiм, сенiмдi тұлға). Жергiлiктi және ғаламдық желiлердiң арасындағы желілік /транспорттық деңгейлердегі трафикке

толық рұқсат етiлмейді,себебі маршрутизация сол сияқты болмайды,ал жергілікті желіден ғаламдыққа үндеу арнайы арашашы-серверлер арқылы болады. Бұл үндеумен(обращения) ғаламдық желіден жергіліктіге мүмкін емес болып қалыптасады. Бұл әдiс шабуылдарға қарсы жеткiлiктi қорғауды бермейді,мысалы,қосымшалар деңгейі(вирустар,Java коды және JavaScript ).

42. Osi моделі. Физикалық деңгейі. Осы деңгейде қолданылатын құрылғылардың және технологиялардың түрлері.

OSI желілік үлгісі

Желінің атқаратын қызметі деректерді бір компьютерден басқа компьютерге жіберу. Бұл процесс барысында бірнеше жеке мақсаттарды атап өтуге болады:

деректерді айырып тану;

деректерді басқарылатын блоктарға бөлу;

деректердің орнын анықтап кабылдаушыны көрсету үшін әрбір блокка ақпаратты қоса білу;

деректерді синхронизациялау және тексеру үшін ақпараттарды қоса білу;

деректерді желіге орналастырып, берілген адрес бойынша жіберу.

Бұл мақсаттарды орындауда желілік операциялық жүйеге қатаң талаптарды орындауға тура келеді.

1984 жылы ISO (International Standards Organization) ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің эталондық OSI (Open System Interconnection) үлгісін ұсынды. Содан бері ол халықаралық стандартқа айналды: желілік өнімдерді шығаруда өндірушілер осы үлгінің спецификацияларын пайдаланады, желілерді құруда да осы үлгіні ұстанады. OSI үлгісі жүйелердің әрекеттесуінің әртүрлі деңгейлерін анықтап берді, әрбір деңгейдің функциясын көрсетіп оларға стандартты аттарды тағайындады. OSI үлгісі бойынша әрекеттесу құралдары жеті деңгейге бөлінеді: қолданбалы, көрсету, сеанстық, транспорттық, желілік, арналық және физикалық.

Физикалық деңгей (Physical layer) Бірінші физикалық деңгей (Physіcal) OSІ үлгісінің ең төменгі деңгейі. Бұл деңгей құрылымдық емес деректерді, биттердің ағындарын физикалық орта арқылы (мысалы, желілік кабель) жібереді. Мұнда интерфейспен кабель арқылы электрлік, оптикалық, механикалық және функционалдық бай­ланыс орнатылады. Физикалық деңгей өзінен жоғары жатқан барлық деңгей­лер­ден түсетін деректерді тасымалдайтын сигналдарды құрады. Бұл дең­гейде желілік кабель мен желілік адаптер тақшасының қосылу тәсілі және де желілік кабель арқылы деректерді жіберу тәсілі анықталады. Физикалық деңгей бір компьютерден екіншісіне биттерді (0-дер мен 1-лерді) жіберуге арналған. Биттердің мазмұнының бұл деңгейге қатысы жоқ. Бұл деңгей деректерді кодтауға, биттерді синхронизациялауға жауап береді. Физикалық деңгей желілік кабель арқылы жіберілетін әрбір биттің ұзақтығын және оның сәйкес электрлік немесе оптикалық импульсқа көшірілуін орнатады. Бұл деңгейде сонымен қатар разъемдердің типтері анықталып, әрбір қосылыс тағайындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]