- •Хқес пайдаланудың практикалық жолдары
- •Хқес 1 (іаs 1) «Қаржылық есепті ұсыну»
- •Хқес 2 (іаs 2) «Құндылықтар»
- •Хқес 7 (іаs 7) «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп»
- •Пайда мен залал есебі
- •Операциялық қызмет бойынша ақша ағымын анықтау принципі (тікелей әдіс)
- •Хқес 8 (іаs 8) «Есеп саясаты, бағалау есептеріндегі өзгерістер және қателіктер»
- •Бөлінбеген табыс есебі
- •Пайда мен залал есебі
- •Хқес пайдалану жағдайы
- •Пайда мен залал есебі
- •Бөлінбеген табыс туралы есеп
- •Хқес 10 (іаs 10) «Есепті кезеңнен кейінгі оқиға»
- •Хқес 11 (іаs 11) «Құрылыс келісім шарттары»
- •Жалпы есепті шығынның көлеміндегі үлесіне сай, қмж орындалуының сатылық есебі
- •Пайда және залал туралы есеп үшін жасалған есептеулер
- •Хқес 12 (іаs 12) «Пайдаға салынған салық»
- •2008 Жылдың пайдасы мен залалы туралы есеп
- •Хқес 14 (іаs 14) «Сегменттік есеп»
- •Хқес 16 (іаs 16) «Негізгі құралдар»
- •Хқес 17 (іаs 17) «Жалдау»
- •Хқес 19 (іаs 19) «Еңбеккерлер сыйақысы»
- •Хқес 20 (іаs 20) «Мемлекеттік көмектің есебі және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты жариялау»
- •Хқес 21 (іаs 21) «Валюталық курстар өзгерісінің әсері»
- •Хқес 23 (іаs 23) «Займдар бойынша шығындар»
- •Хқес 24 (іаs 24) «Өзара байланысты тараптар жайлы ақпаратты жариялау»
- •Хқес 27 (іаs 27) «Бірлескен және жеке қаржылық есептілік»
- •Хқес 28 (іаs 28) «Шоғырландырылған ұйымдар инвестициясы»
- •Хқес 29 (іаs 29) «Гиперинфляция кезіндегі қаржылық есеп»
- •Хқес 31 (іаs 31) «Бірлескен қызметке қатысу»
- •Хқес 33 (іаs 33) «Акциядан алынған пайда»
- •Хқес 34 (іаs 34) «Аралық қаржылық есеп»
- •Хқес 36 (іаs 36) «Активтердің құнсыздануы»
- •Хқес 37 (іаs 37) «Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер»
- •Хқес 38 (іаs 38) «Материалдық емес активтер»
- •Хқес 40 (іаs 40) «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»
- •Хқес 41 (іаs 41) «Ауыл шаруашылығы»
- •Хқес (іfrs 3) «Ұйымдарды біріктіру»
Хқес 7 (іаs 7) «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп»
Тікелей тәсіл бойынша есеп жасау
Тікелей тәсілмен есеп жасау сатылай жүргізіледі. Алдымен таза өсім немесе ақшаның кемуін, кезеңнің басындағы және аяғындағы қалған қаражаттың айырмасы ретінде анықтап алады.
Одан кейін операциялық қызметтің нәтижесінде алынған, пайда және залал (табыс және шығыс) есебінде көрсетілген, нәтижесі кассалық тәсілмен алынып, барабарлық тәсілмен әрбір көрсеткіш бойынша есептелген таза ақша қаражатының көлемі анықталады. Мысалы, пайда және залал есебінде түсім сомасы 240 мың теңге деп көрсетілген, дебиторлық қарыздың өсуі 40 мың теңге болды. Осыған орай ақшалай түсім 200 мың теңге. Айталық, пайда және залал есебінде операциялық шығындар 120 мың теңге деп көрсетілген, есептелген шығындардың сомасы 24 мың теңгеге өскен. Бұл жағдайда операциялық қаржылық шығындар 96 мың теңге болады.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден түскен қаржының есебі төмендегі сүлбе бойынша жүргізіледі:
Сатудан түскен түсім + дебиторлық қарызды азайту; немесе
Сатудан түскен түсім – дебиторлық қарызды көбейту.
Жеткізушілермен есептесу төмендегі сүлбе бойынша жүргізіледі:
Сатылған тауарлардың өзіндік құны + құндылықтарды көбейту немесе – құндылықтарды азайту;
Сатылған тауарлардың өзіндік құны + кредиторлық қарыздың көбеюі немесе – кредиторлық қарыздың азаюы.
Операциялық шығындар бойынша есептесу мына сүлбемен жасалады:
Операциялық шығындар (амортизациясыз) + алдағы кезең шығындарын көбейту немесе – алдағы кезең шығындарын азайту;
Операциялық шығындар (амортизациясыз) + есептелген шығындар қарызын азайту немесе – есептелген шығындар қарызын көбейту.
Корпорациялық табыс салығын есептеу төмендегі сүлбе бойынша жүргізіледі:
Салық + салық қарызын азайту немесе – салық қарызын көбейту.
Ең соңында инвестициялық және қаржылық қызметтен түсетін таза ақшалай қаржылар анықталады. Олар негізінен бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтері мен міндеттемелерінің баптары және басқа да мәліметтер бойынша анықталады.
Баланс
Көрсеткіштер |
Бастапқы кезең |
Соңғы кезең |
Өзгерісі |
А |
Б |
В |
Г |
Қысқа мерзімді активтер:
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
|
78 000 20 000 36 000
24 000 4 000 10 000 |
60 000 30 000
36 000 12 000 6 000 |
-18 000 +10000 +4000
+12000 +8000 4000 |
Пайда мен залал есебі
Табыс
Жиынтығы
Шығыс
Жиынтығы
|
800 000 40 000
560 000 150 000 30 000 16 000 14 000 |
840 000
770 000 70 000 |
