- •Хқес пайдаланудың практикалық жолдары
- •Хқес 1 (іаs 1) «Қаржылық есепті ұсыну»
- •Хқес 2 (іаs 2) «Құндылықтар»
- •Хқес 7 (іаs 7) «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп»
- •Пайда мен залал есебі
- •Операциялық қызмет бойынша ақша ағымын анықтау принципі (тікелей әдіс)
- •Хқес 8 (іаs 8) «Есеп саясаты, бағалау есептеріндегі өзгерістер және қателіктер»
- •Бөлінбеген табыс есебі
- •Пайда мен залал есебі
- •Хқес пайдалану жағдайы
- •Пайда мен залал есебі
- •Бөлінбеген табыс туралы есеп
- •Хқес 10 (іаs 10) «Есепті кезеңнен кейінгі оқиға»
- •Хқес 11 (іаs 11) «Құрылыс келісім шарттары»
- •Жалпы есепті шығынның көлеміндегі үлесіне сай, қмж орындалуының сатылық есебі
- •Пайда және залал туралы есеп үшін жасалған есептеулер
- •Хқес 12 (іаs 12) «Пайдаға салынған салық»
- •2008 Жылдың пайдасы мен залалы туралы есеп
- •Хқес 14 (іаs 14) «Сегменттік есеп»
- •Хқес 16 (іаs 16) «Негізгі құралдар»
- •Хқес 17 (іаs 17) «Жалдау»
- •Хқес 19 (іаs 19) «Еңбеккерлер сыйақысы»
- •Хқес 20 (іаs 20) «Мемлекеттік көмектің есебі және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты жариялау»
- •Хқес 21 (іаs 21) «Валюталық курстар өзгерісінің әсері»
- •Хқес 23 (іаs 23) «Займдар бойынша шығындар»
- •Хқес 24 (іаs 24) «Өзара байланысты тараптар жайлы ақпаратты жариялау»
- •Хқес 27 (іаs 27) «Бірлескен және жеке қаржылық есептілік»
- •Хқес 28 (іаs 28) «Шоғырландырылған ұйымдар инвестициясы»
- •Хқес 29 (іаs 29) «Гиперинфляция кезіндегі қаржылық есеп»
- •Хқес 31 (іаs 31) «Бірлескен қызметке қатысу»
- •Хқес 33 (іаs 33) «Акциядан алынған пайда»
- •Хқес 34 (іаs 34) «Аралық қаржылық есеп»
- •Хқес 36 (іаs 36) «Активтердің құнсыздануы»
- •Хқес 37 (іаs 37) «Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер»
- •Хқес 38 (іаs 38) «Материалдық емес активтер»
- •Хқес 40 (іаs 40) «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»
- •Хқес 41 (іаs 41) «Ауыл шаруашылығы»
- •Хқес (іfrs 3) «Ұйымдарды біріктіру»
Хқес 16 (іаs 16) «Негізгі құралдар»
Амортизация есептеу тәсілдерінің мысалдары. Бастапқы мәліметтер: негізгі құралдар объектілерінің амортизацияланатын құны 4000 мың теңге, пайдалы қолдану мерзімі – 4 жыл.
Амортизация есептеудің бірқалыпты (түзу сызықты) тәсілін пайдалану
Бұл тәсілді пайдаланған кезде, негізгі құралдардың құны пайдалану мерзіміне сай жылдарға тең бөлініп, есептен шығарылады:
4000 мың теңге : 4 жыл =1000 мың теңге.
Қалдықты азайту тәсілі
Негізгі құралдардың амортизациясын пайдалану жылдарына тең бөліп есептеу кезінде, амортизациялық норма бастапқы (ағымдағы) құнның 25% құрайды. Қалдықты азайту тәсілі қолданылған кезде, екі есе көбейтілген норма қолданылады (қазақстандық тәжірибеде тездетілген амортизация деген ұғым қолданылады). Олай болса, бұл тәсілді қолданған кезде амортизациялық норма 50 пайыз болады.
Жылдар |
Жыл басындағы бастапқы баға |
Амортизация нормасы |
Есептелген амортизация сомасы |
Жыл аяғындағы баланстық баға |
1 2 3 4 |
4000 2000 1000 500 |
50 50 50 |
2000 1000 500 500 |
2000 1000 500 |
Жиынтығы |
- |
- |
4000 |
|
Өндірілген өнім көлеміне пропорционалды түрде амортизация есептеу тәсілі
Өндірістік бағдарлама бойынша 2800 дана өнім өндіру қарастырылған. Әрбір данаға шаққандағы амортизация сомасы 1,429 мың теңгені құрайды (4000,0 : 2800). Бірінші жылы 1000 дана, екінші жылы – 700 дана, үшінші жылы – 600 дана, төртінші жылы – 500 дана өнім өндірілген. Амортизация сомасы төмендегідей болады.
Жылдар |
Есептелген амортизация сомасы |
1 2 3 4 Жиынтығы |
1000 дана х 1,429 = 1400 мың теңге 700 дана х 1,429 = 980 мың теңге 600 дана х 1,429 = 840 мың теңге 500 дана х 1,429 = 700 мың теңге 4000 мың теңге |
Хқес 17 (іаs 17) «Жалдау»
Мысал. Жабдықты бес жылға жалға алу келісім шарты бойынша, жылдық жалдау құнының сомасы 2 500 мың теңге болып белгіленген. Келісім шарт бойынша, алғашқы төлем келісім шарт жасалған күні, ал қалған сомалар әрбір есепті кезеңнің басында төленеді деп келісілген. Жалға берілген жабдықтың бағасы 10 000 мың теңге, жалдау ақысы барлық пайдалану кезеңінде 12 500 мың теңге болған. Жылдық төленетін пайыздық төлемақы 12,5 пайыз (12500,0 х 12,5% х 5 = 1562,5).
Сыйақы мен жалдау құнының міндеттемелер сомасы, тиісінше 937,5 мың теңге және 1562,5 мың теңге, жалпы сомасы 2 500 мың теңге болады, яғни қаржылық жалдау келісім шарты бойынша төленетін жалпы төлемақының сомасы осыған тең. Жалдау құнының сомасын төлеу графигін кесие түрінде көрсетуге болады, онда әр жылдың аяғында төленетін пайыздық төлемақы және әр жыл бойынша кеми беретін негізгі қаржының сомасы мен амортизация сомасы көрсетіледі. Ол жағдай төмендегі кестеде көрсетілген:
Кезең |
Жалдау ақысының қарыз сомасы |
Сыйақы (%%) |
Жалдау ақысының төлемі |
Төлемақының жалпы сомасы |
Амортизация (бірқалыпты тәсіл) |
1 жылдың басы |
10000 |
0 |
2500 |
2500 |
0 |
1 жылдың аяғы |
7500 |
937,5 |
1562,5 |
2500 |
2000 |
2 жылдың аяғы |
5937,5 |
742,2 |
1757,8 |
2500 |
2000 |
3 жылдың аяғы |
4179,7 |
522,5 |
1977,5 |
2500 |
2000 |
4 жылдың аяғы |
2202,2 |
297,8 |
2202,2 |
2500 |
2000 |
5 жылдың аяғы |
0 |
0 |
0 |
0 |
2000 |
Жиынтығы |
|
2500 |
10000 |
12500 |
10000 |
Сыйақы мен жалдау ақысы бойынша төленетін міндетті сомалар төмендегідей болып бөлінеді:
1 жылдың аяғында: 7500 х 12,5% = 937,5 – сыйақы сомасы;
2500 – 937,5 = 1562,5 – жалдау ақысының міндетті сомасы;
2 жылдың аяғында: 5937,5 х 12,5% = 742,2 – сыйақы сомасы;
2500 – 742,2 = 1757,8 – жалдау ақысының міндетті сомасы ж.т.б.
Қаралған жағдайға байланысты алғашқы жалдау ақысы келісім шарт жасалысымен төленеді.
Арендатор жалдау мерзімі аяқталған кезде мүліктік меншік өзіне ауысатынына объективті түрде сенімді болса, соған орай жалға алған мүлікке амортизация есептеледі. Сонымен қатар, жалға алынған мүліктің кепілді және кепілді емес қалдық бағасы есепке алынады. Арендатор үшін кепілді қалдық баға дегеніміз – ол жалға алған кездегі анықталған, сатуға толық кепілдік бере алатын баға. Соған сәйкес, кепілді емес қалдық баға дегеніміз – ол жалға берілген активтің жалға беруші кепілдік бермейтін қалдық құны. Мысалы, жалға берілген активтің әділ бағасының сомасы 1 100 мың теңге, кепілдік берілмейтін қалдық құны – 100 мың теңге, арендатор жабдықты кіріске 1000 мың теңге бағасымен қабылдайды.
ХҚЕС 18 (ІАS 18) «Түсім»
Мысалдар:
Ұйым құралды екі түрлі келісім шарт бойынша жеткізеді. Бірінші келісім бойынша сатушыдан құралды арттырып жіберу талап етіледі, ал екіншісі бойынша – арттырумен қатар, оларды орнатып, ретке келтіріп, іске қосып берілуі талап етіледі. Бірінші келісім шарттың құны 10 млн. теңге, екіншісінің құны 11 млн. теңге.
Бірінші келісім шарт бойынша 10 млн. теңге көлеміндегі табыс, тауар арттылып жіберілісімен кіріске алынады. Екінші келісім шарт бойынша 11 млн. теңге табыс сомасы, тек қана құралдар орнатылып, іске қосылғаннан кейін барып мойындалады.
Сатып алушының өтініші бойынша, сатушы тауарды жеткізу мерзімін кейін шегіндіре алады. Тауардың мүліктік құқығы сатып алушыға берілген. Егер тауардың дайын екендігіне көзі жетіп тұрып және олардың жеткізілетініне шүбә келтірілмесе, табыс мойындалады.
Сатушы тауардың құны 20 млн. теңге соманы толық алғаннан кейін барып, оларды тиеп жібереді. Ол кезде сатып алушы төлемдерді: 5 млн. теңге, 5 млн. теңге, 7 млн. теңге, 3 млн. теңгеден бөліп төлейді.
Сатушы мен сатып алушы ұзақ уақыттан бері әріптестік қарым қатынас орнатқан, бұрынғы мәмілелер бойынша кешіктіріліп есептесу жағдайлары болмаған. 20 млн. теңге көлеміндегі табыс, үшінші төлемді алғаннан кейін мойындалады, себебі ол төлем жасалғаннан кейін, төленуге тиісті соманың жартысынан көбі кіріске алынып үлгірілген.
Кәсіпорын сатып алушыға тауар сатады, келісім шарт бойынша сатып алушы тауар келіп түскеннен кейін 7 күннің ішінде одан бас тарта алады. Осы мерзім өткеннен кейін ғана табыс толық көлемде мойындалады.
Кәсіпорын сатылған тауардың ақысын төлеу мерзімін 2 жылға созып есептесуге келіскен. Тауардың келісім шарт құны 10 млн. теңге. Пайыздық ставкасы 10 пайыз. Осы мерзімдегі дисконттық коэффициент 1,21 (1 + 0,1) 2. Тауарды сату кезіндегі мойындалатын табыстың сомасы: 10 : 1,21 = 8,264 млн. теңге.
Егер пайыздық ставканы ескере отырып есептелген болса, онда олар пайыздық өлшемдер табысы ретінде танылады.
Бірінші жылдағы пайыздық сомасы: 8,264 х 10% = 0,826 млн. теңге.
Табыстың жалпы сомасы: 8,264 + 0,826 = 9,09 млн. теңге.
Осыған орай, екінші жылдың пайызы 9,09 х 10% = 0,909 млн. теңге.
Жалпы сомасы 8,264 + 0,826 + 0,909 = 10 млн. теңге (тексерілген).
Нәтижесі: тауар арттырылып жібергендегі мойындалатын табыс сомасы 8,264 млн. теңге; 1 жылғы пайыздық табысы – 0,826 млн. теңге; 2 жылы – 0,909 млн. теңге.
Сатып алушы тауардың ақысын төлеп қойған, ал сатушы әлі оны дайындамаған. Тауар жасалып, сатып алушыға жеткізіліп бергеннен кейін барып, табыс сомасы мойындалады.
