Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKTU MEDJOO.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
245 Кб
Скачать
☆

Интерактивті әдістердің негізгі белгілері:

Интерактивті әдістердің негізгі белгілері: 1. Өзектілігі. Үйренушілерге әр түрлі мәселелік ситуациялық тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырманы орындау үшін, оның білімі, тәжірибесі жете бермейтіндіктен, барлық қатысушылардың ат салысуы, талқылауы арқылы оқытушымен бірлесе отырып шешу қажет болады. 2. Оқыту және танымдық іс-әрекеттің қалыптылығы (адекваттылығы). Ол үйренушілердің болашақ тәжірибелік (лауазымдық) міндеттері мен атқаратын қызметтеріне ұқсас болуы керек. Бұл арқылы үйренушілердің кәсіби қызмет туралы эмоцияларды – жеке танымын қалыптастыруға болады. 3. өзара оқыту. Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы сабақтарды өткізудің кӛптеген түрлерінің ең негізгі – ұжымдық оқыту және пікірсайыс түрлерін қолдану болып табылады. Бұл жағдайда жеке – дара оқыту әдісін қолдануға да болады, дегенмен оны орнымен шебер қолдана білу талап етіледі. 4. Даралау. Үйренушінің мүмкіндіктері мен жеке–дара қабілеттерін ескере отырып, оқу – танымдық әрекетті ұйымдастыру талабы, сонымен бірге үйренушілердің өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі дұрыс бағыттауы, өз бетінше білім алуы сияқты дағдылардың дамуын кӛрсетеді. 5. Оқытатын проблемалар мен құбылыстарды зерттеу. Талдау жасау, қорытындылау, білім мен тәжірибені шығармашылықпен қолдана алуға негізделген ӛз бетінше білім алуға қажетті негізгі дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. 6. Оқушылардың оқу ақпараттарын ӛзбетінше меңгеруі. Дәстүрлі оқыту әдістерінде оқытушы (ол қолданылатын барлық дидактикалық құралдар кешені) оқуға қажетті ақпараттардың барлығын ӛзі арқылы ӛткізетін «сүзгіш» қызметін атқарады. Ал жаңа оқыту әдістемесі бойынша оқытушы оқу материалдарын игерту кезінде үйренушілерге кӛмекші ретінде, олардың ӛз бетінше жұмыс істеулеріне жетекшілік етіп, педагогиканың бірлесе еңбек ету ұстанымдарын жүзеге асырады. 7. Мотивациялар. Үйренушілердің ӛз бетінше және белгіленіп берілген оқу – танымдық әрекеттері, жеке және ұжымдық белсенділіктері мотивтер жүйесіне сүйені

КККККККККККККККККККК

Клиникалық жағдайдың түрлері:

CBL клиникалық жағдайға негізделген , оқыту бұл өзекті тапсырмаларды және анықталған клиникалық жағдайларды шешу үшін білім алушыларға алған білімдерін қолдануға ьүькіндік беретін ,білім беру технологиясы

мақсаты:

алынған білімді практикада қолдана білуді бағалау және алынған машықтарды бекіту студенттердің оқуға деген қызығушылығын жоғарлату өзінің білімі үшін жауапкершілікті қалыптастыру

клиникалық жағдайлардың түрлері :

1. проблеммалы ситуация . Айқын ситуациялық проблеммаларды суреттейді. Білім алушылардың мақсаты:ситуацияның шешімін табу және оның мүмкін емес қорытындысына келу

2. бағалау ситуациясы жүктелген проблема бойынша қабылданған клиникалық шешімді сыни сараптамасын өткізу қойылған ситуация жөнінде және оны шешу жолы бойынша дәлелденген қорытындыларды беру

3.суреттелген ситуация ситуацияны жасап және оның шығу себептерңн анықтап ,оның шығу себептерін анықтап оның шешілу процедураларын суреттейді

Күн тәртібін ұйымдастырудың принциптері:

Командалық-бағыттық әдіс-тәсіл:

Командалық әдіс-тәсіл студенттердің топтасып және ӛзбетінше, жеке жұмыс істей білуін дамытады. Бұл әдістің артықшылығы адамның ӛзбетінше ӛсіп-дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін кӛтеруде таптырмайтын әдіс деуге болады. Бұл әдістің бірқатар артықшылықтары және күшті жақтары бар:

Бәсекеге қабілеттілік. Командалық жұмыс адамның ӛз кӛзқарасын пайымдауын дәлелдей алуын, жылдам ойлана білуді, зерттеу жұмыстарын жүргізуді дамытады, ой ӛрісін кеңейтеді.Топта 36 (командада) бір мақсатқа жұмылдырылған адамдар саны қаншалықты кӛп болса, соншалықты дәрежеде дұрыс ойлау мен топта жұмыс істей алу қабілетін артырады. Тағы мынадай да маңызы бар, яғни топтық талқылау, әр түрлі идеялар арасындағы байланыстың нақты бір дәлелге айналуын үйрететін гипертексті тәсіл болып сипатталады. Топта қанша белсенді қатысушы болса, сонша дәйектер (дәлелдер) топтастырылады. 2. Жеке тұлғаның дамуы. Жеке тұлғалар арасындағы байланыс әрқашан марапатталады және достар табуға мүмкіндік береді, әрі студенттерді жігерлендіреді. Топта жұмыс істеу барысында студент ӛзін кӛрсете алады. Пән бойынша ӛз білімін кӛтеруге тырысады. 3. Білім беру компонеті. ХХІ ғасырдың басынан бері оқытудың топтық-бағыттық әдісін оқып-білуге 575 сараптамалық және 100 корреляциялық зерттеулерді әр елдегі ғалымдар мен зерттеушілер жүзеге асырды. Топтық жұмыс сыни пікірді дамытады, адамдармен тіл табыса білу мен жалпы психологиялық тұрақтылықты жақсартуға мүмкіндік беретіні анықталды. Ruggiero (1988) бұл тек қана студенттің сыни тұрғыда ойлай алатынын немесе ойлай алмайтынын анықтайтын тәсіл емес деп санайды. Топтық – бағыттық тәсіл сыни пікірлерді қолдайды, мәселені шешуге және сыпайы пікірсайыс жүргізе білуге кӛмектеседі, студентті жігерлендіріп, ақыл-ой жұмысын үнемі жетілдіріп отырады. (Johnson &Johnson, 1995; McKeachie, 1988; Newmann & Thompson, 1987). Оқытудың топтық-бағыттық әдісі жеке тұлғаның қатынасын және жеке тұлғалық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады, студентке күш-қуат беріп, әлеуметтік мінез-құлықты қолдайды.

Топтық жұмыс студенттердің тіл табысуына, бір-біріне сенім білдіруіне, бір-біріне қолдау кӛрсетуге тәрбиелейді, ашық қарым-қатынас қалыптастырып, дау-жанжалды бейбіт шешуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, топтық-бағыттауды оқыту әдісі кӛптеген бағыттар бойынша академиялық жетістікке жетуді арттыруға мүмкіндік береді. 4. Құзырлылықты дамыту. Топтаса жұмыс істеу сол сияқты коммуникативтілігін, студенттің медицина саласындағы ӛз білімін құрметтеуді дамытады. Студенттің бір-бірімен және оқытушымен қарым-қатынасын жақсартып қана қоймай, берілген тапсырманы бірігіп орындауға, топ мүшелерінің міндеттерін бӛлуге, талдауға, сұхбат жасауға қажет ақпаратты іздеуге, диагноз қоюға, сол сияқты студенттер арасында да белсенді ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Клиникалық әдіс дегеніміз не?:

Клиникалық әдіс клиникалық жағдайға негізделген оқыту бұл өзекті тапсырмаларды және анықталған клиникалық жағдайларды шешу үшін білім алушыларға алған білімдерін қолдануға мүмкіндік беретін білім беру техналогиясы. Оның түрлері:бағалау ситуациясы,проблемалы ситуация,суреттелген ситуация.

Конференция анықтамасы , түрлері:

бұл нақты көрсетілген мәселелер бойынша білімді ғылыми хабарлау түрі конференция айырмашылығымен пікірталасымен өзіндік сипатымен ерекшеленеді,оған алдын ала бағдарлама жасалады (қатысуға өтініш беріледі ) және бекітіледі.

Конспект анықтамасы:

Конспект – бұл ақпараттардың әр түрлі толықтық дәрежесіне байланысты кезекті қалпына келтіруіне арналған мақала, кітап, лекция мазмұнын қысқаша түрде жазбаша жазылған нысаны. Сонымен қатар, конспект-қандайда бір жазба немесе аудио яки бейнелік ақпараттардың мазмұнды жинақтап берілуі. 

Конспектілеу – бұл негізгі мәтіннің, лекцияның мағынасының қысқаша мазмұндалуы.

Конспектілеу 3 түрлі тәсілмен жүргізілуі мүмкін:

  • мәтіннің негізгі жағдайларынан дәйексөз алу (толық немесе ішінара);

  • мәтіннің негізгі мазмұнын «өз сөзімен» жеткізу;

  • аралас нұсқа.

Барлық нұсқаларда қысқартулар қолданылады.

Конспект 4 түрге ажыратылады:

  • мәтіндік

  • жоспарлы

  • ерікті

  • тақырыптық

Мәтіндік (ең қарапайымы)жеке автордың дәйексөзінен (шығармадан өзгертпей алынған үзінді) тұрады. Негізгі мазмұнды ашатын сөз тізбегін белгілей алу қажет.

Жоспарлы – алдын-ала жасалған жоспар тармақтарына сәйкес келетін мәтіннің жеке фрагменттері арқылы жасалған конспект.

Ерікті конспект – мәтінді жеке мазмұндау, яғни автордың ойын жеке көзқарас бойынша жеткізу.

Тақырыптық конспект – бір тақырып бойынша бірнеше әдебиет көздерін пайдалана отырып жасалатын конспект.

Кейс-стади анықтамасы:

Кейс-стади. Бұл әдістің «отаны» Америка Құрама Штаттары, Гарвард университетінің бизнес мектебі болып табылады. Алғаш рет ол 1924 жылы қолданылған. Кейс-әдістің пайда болуы мен дамуының мәдени негізі «түрткіден» немесе «оқыстан» болған. Кейс-әдіс академиялық теорияны нақты оқиғаларға көзқарас тұрғысынан көрсетіп беруге мүмкіндік береді. Ол «оқып жатқан пәнге студенттің қызығуына мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларды сипаттайтын ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау» дағдылары мен білімдерді белсенді игеруге мүмкіндік береді (О.Г. Смолянинова). Кейс-стади әдісі әртүрлі практикалық дағдылардың дамуына ықпал етеді. «Олар бір ғана сөйлеммен – проблеманы шығармашылық тұрғыдан шешу және жағдайға талдау жасай алу және шешім қабылдай алуды қалыптастыру»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]