Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231 Кб
Скачать
☆

№6 Дәріс. Абай және қазақ сатирасы.

Абай өткен ғасырдың екінші жартысындағы қос қыспақтың қойнында ғ ұмыр кешкен, зар заман запыранын тая ішкен, татымсыз тіршіліктің тәлкегіне түскен. өресіз өмір өзегін өртеген, ождансыз орта орамды ойларының орайын келтірмеген, «аһ» ұрып арманда кеткен, бұл дүнеиеден өксіп өткен үлкен перзент. Бірақ, заманы қанша зарлатса да, Абай өз кезінің болмыс-құбылыстарына бейтарап қарай алмады, жай бақылаушы болмады, әшейін куәгер болып қалмады. Ызалы жүрек, долы қол, улы сия, ащы тілмен азғындыққа, арамдыққа қарсы айқасқа шықты. Адамға жат, қоғамға жат жаман мінез-құлық, ескі былық-жылық атауылының бәрін жұрт алдына сүйреп шығып, шаңын қағып-сілкіп жерге тықты. Яғни, ол өз тұсының азулы да адуынды ақыны, сұрықсыз да сұрғыл т тұрмыстың сындарлы сыншысы, сұңғыла сықақшысы болды.

Бұған дәлел ретінде Мұхтар Абайдың «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» және «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» деген өлеңдеріне тоқталады. Бірінші аталған өлеңнің ішінде қалың жұртты талап-жеп, қанап жатқан бай, болыс, би, елубасы сияқты жалаңқаяларды бір түйіп түйреп өткенін бөліп айтты. Бұл орайда ақынның:

Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек,

Сыбырменен топ жасар бөлек-бөлек.

Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ,

өзімен-өзі бір күн болмай ма әлек?- деген жолдарын мысалға келтіреді. әрине, бұл әшкерелеу ауандағы сатира болмаса да, мұнда «өйтеді», «бүйтеді» деп сипай сықақтау бар. Жау ортаның жағымсыз қылығын авторлық сипаттау бар. Үстемдердің бірін-бірі тауып, бір-бірімен жанасып, топ құрып, өзара бәсекеге түсіп, бірінен-бірі үстем болып көріну үшін сырттансып, қоқиланып, қулық-сұмдыққа барып жатқан іс-әрекеттерін келемеждеген. Осыдан кейінгі шумақта жұрт билеу қолынан келмейтін, адалдықты парықтай білмейтін, атақ, мақтан үшін болыс болып, артынан өзіне келтіріліп, итшілеп қалатын «тәуірлерді» қаттырақ түйреген. Екінші атлған өлеңдғ, Мұхтардың бағалауынша, Абай үстем тап адамдарын айқынырақ, қаттырақ шенеп өтеді.

Ант ішіп, күнде берген жаны құрсын,

Арын сатып тіленген малы құрсын!

Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,

Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын!

Бір атқа жүз құбылған жүзі күйгір,

Өз үйінде шертиген паңы құрсын!-

деген жолдарды келтіреді де, атқа мінерлер ортасынан жиренішті топ етіп көрсетеді дейді. Бұл, сөз жоқ, ашық айту, қарғай айту арқылы сықақ нысанасын өткір әшкерелеу. Осы «әлін белмес әлектерді», «содырлы іс-әрекет иелерін», татымсыз, құнарсыз қуларды Абай үшінші аталған өлеңде де іліп-шалған. «Ел басшымыз», «игі жақсысымыз» деп жүрсе де, оларды адам қоры, кісінің соры етіп таныстырады дейді. «Аузымен орақ орған өйкей қыртың», «бас-басына би болған өңкей қиқым» деген жолдармен ел әміршілерін масқаралайды, таңбалайды. Бұлар, әрине, уытты мінездеме, ащы анықтама.

Осындай «елдің сорына біткен қу мен сұмды» нысана етіп,олардың «жексұрын да жиіркенішті кескінін бейнелеуді», Мұхтар пайымдауынша, Абай 80-жылдардың ақырына қарай дамыта түскен, тереңдете түскен. «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «көжекбайға» деген өлеңдерінде «е тұнығын лайлап, береке-тыныштығын кетіріпжүрген «бай, болыс, атқамінерлерді – пасық ортаны тағы түйреген. Бұларда ызасы артқан, кектен түскен ақынның ащы тілі ширығып, өткрлене көрінген. Жоғарыда аталған «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдерінде ақын нағыз сатирик деңгейіне көтерілген. Абай сықақшылдығынңы төртінші белесіне Мұхаң 90-жылдары жатқызады. Осы тұста ақын тың тақырыптар тауып жырлайды, соны нысаналар тауып санайды. Бұл жөнінде зерттеуші Мұхтар:

Кітапты молда теріс оқыр,

Дағарадай боп сәлдесі,

Малқұмар көңіілі бек соқыр,

Бүркіттен кем бе жем жесі?-

деген шумақты келтіреді де, ең алғаш молданы да қатты әшкерелеп, аямай ажуалайды. Тегінде, Абай тұсындағы көпшіліктің ұғымы бойынша, надандық пен молдалық ұғымы бір-біріне қарсы тұрған жайлар сияқты еді. Ал Абай ұғымындағы надандық ең алдымен өз басында екенін көреміз. «Малқұмар», «жемқұмар» молдалар да – халықты қанаушылардың бірі. Ел ортасына жарық әкелушілер олар емес, өздері қараңғы жолдағы «қас надан» дейді. Бұдан кейін жазылған «Бойы бұлғаң», «Ал сенейін, сенейін» деген өлеңдерінде де ел ішіндегі құнсыздарды, жауыз ортаны оңдырмай тағы әшкерелегенін айтады. Әдебиет білгірінің түйуінше, Абайдың осы тұстағы сынында «Әдейі бір қолданған сырты момын, монтаны әдіс бар». «Сенейін» деп ніш тартқан болып отырып, «кекету мен ажуаның ең ащы зәрін ... жұмсайды.»

Сәлде ораған сопының,

Ішін арам демейін,-

дейді де6 арам екенін кекесінмен әйгілейді. «Қайтсе жеңіл болады жұот билемек» деген өлеңімен тағы бір щебер сатира туғызады. Мұнда ел билеуші жуан, бұзықтарды өзгееш өткір, мысқыл мазаққа айналдырады. Ол топтың ел билеуде қолданатын неше түрлі сұрқия мінездерін жария етеді.

Жат елде жадағайда сөйлеп шәркез,

Тар жерде тайпалаудан танба әркез.

Жатты «жау» деп еліңді үрпиіп ап,

Жауға жабдық деп жиып пайда қыл тез, - деп сұмдық сырларды,. Сорақы мінездерді ашуға жаңа жол тапқандай болады содырлы сойқандардың біріне-бірі айтатынын ашып береді. Екі жүзділікті киіз кітабында жазылған масқаралық, сұмдық қағидалары құнсыз ортаның ақылшысының аузымен айтылған болады... Бұны терең сырлы, аяусыз сықақ деп атауға болады. Әдебиетші пікірінше, Абай сатирасының төртінші белесіндегі тағы бір жаңалық оған «қара сөз» түрінің қосылуы. Ақын бұларында да молдалар жөніндегі, халық надандығы турасындағы сыншылдық ойларын ортаға салған. әрине, Абай қара сөздерін дерттерді сынап-мінеу мақсатымен емес, өсиет-өнеге айтып, ақыл-кеңес беру ниетімен жазған. Бірақ сол ағалық ақыл-назын алдымен теріс іс, жаман мінез-құлықтыы шенеп алып, сонан соң айтады. Мысалы, «Алтыншы сөзінде» ақын еңбек етуден қашып, еріншек, ез атануды тірлік деп білме! Ондай тірлік итте де бар. «Сыртың пысық, ішің нас, арытын ойлап ұялмас» болып жүріп тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық дейді. Осында., бір жағынан жалқау, қылжақ бастарды әзір тамақ дайын астың иелерін қатал сынға алаған, екінші жағынан еңбек ет, арлы бол, ұятты біл деген өсиет-өнегесін айтқан. Сондықтан да Абайдың қара сөздеріндегі мұндай айшық - өрнекті дидақтикалық сатира деуге болады. Сөз болып отырған тақырыптағы М. Әуезовтың ендігі бір тындырған ісі – Абай сатирасын жанрға жіктеп, түрге топтап беруі. Зеттеуші пікірінше, олардың бір сарасы - «Шәріпке», «Жақсылыққа» деген сияқты бір-бір ауыз, әзіл-мысқыл түрінде айтылған шумақтар, яғни, шымшыма эпиграммалар. Шынында да, ақынның «Көжекбайға», «Назарға», «Қара қатынға», «Ағыбайға», «Күйісбайға», «Дүйсенқұлға» деген сияқты арнау шумақтары сатиралық-юморлық эпиграммалар. Академик М.С.Сильченко: «Есчтеліктерге қарағанда, 14-17 жасар Абай бірсыпыра сатиралық экспрмт арнаулардың авторы болған» - дегенде осы эпиграммаларды негізге алады. Әлгілердің бәрінде де арнау объектілерінің бойындағы, мінезіндегі, әдет-ғұрпындағы, ұғым-түсінігіндегі, іс-әрекетіндегімінді мысқылдайды. Зерттеуші Мұхтар Абай сатирасының екінші бір сарсасын жеңіл әзіл-мысқыл түрінде, ауызша айтылғанға ұқсас қысқа-қысқа өлеңдер айтады. Бұларды біз сатиралық миниатюра депатайды. Осы топқа жататын «Көкбайға», «Рақымшалға», «Ғабидоллаға», «Қиясбайға» деген міні сықақ етіліп, ол турралы аяқталған авторлық ой айтылады. Ал, «Болыс болдым мінекей», «Мәз болады болсың» шығармаларын Әуезов «психологиялық портрет» деп біледі. Бұл тақылеттес туындыларды біз «сатиралық портреттік суреттеме» деп танимыз. Бірде олар адресті, нақты адамның мінез-құлқын ашуға арналады. Бұларда бірінің пасчықтығы, қараниеттігі, іштарлығы, екіншісінің мұңлана, сұрлана ққалатыны, енді бірді жылмыңдай, жалпылдай кететіні, артынан пыш-пыш өсек жаятыны әшкере тапқан. Енді бірде сатираның портреттік суреттемелер шартты түрде, кейбір адамдардың жинақталған бейнесін жасауға бағытталады. Солардың бәріне тән міні, теріс жүріс жорығы мінеледі. Бұған дәлел ретінде – «Заман ақыр жастары», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Жас өспірім замандас қапа қылды», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» - сияқты өлеңдерін атауға болады. Бұл түрде сын объектілеріне сөз берілмейді, олар қмиыл-әрекетжасамайды, кім екені автор атынан сипатталып мінезделеді. Мысалы,

Байысып, паңсып,

Көрінгенге бәлсіп,

Өі ғана келгндей

Дниеге жансып.

Маң -маң басып,

Мен –мендігі асып,

Мал бітті деп көңілі

Көтеріліп тасып.

Бұл - Абай сипаттауындвағы Бекежан.

Өнімсіз іске шеп-шебер,

Сиырма, тойса мас болып,

Өреге келіп сүйкенер,

Күлшеңдеп келер көздері.

Қылжақбас келер өздері,

Кекектеп, секек етем деп.

Бұл- Абай суреттеген тоқ күлкі жастардң сатиралық жиынтық бейнесі.

Сатиралық поэзия түрлерінің өз атымен атасақ, бұл тақылеттес туындыларды «сатиралық шолулар» дейді. Бұларда Абай оқырманды ертіп алып, өз тұсындағы қазақ өміріне, орын алып, көрініс тауып отырған болмыс-құбылыстарға экскурсия жасатады, көптеген кемшілік, дертті шола сынайды. Ақынның «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Бай сейілді», «Антпенен тарқайды» деген өлеңдерінде осы белгі айқын аңғарылады. Сондықтан оларды сатиралық шолулар деуге болады. Абай сатирасының ендігі бір тобын Мұхтар аударма мысалдарға жатқызады. Бұл орайда ол, біріншіден, «Абайдың Крылотвна жсаған аудармаларын төрт-бестен артық деп айта алмаймыз,»- дейді де, «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа» және «піл мен қанден» мысалдарын атайды. Абай аударды делініп жүоген қалған он шақты мысалды басқалар аударған дейді. Екіншіден, оның пікірінше, крыловтың әрі сатиралық әрі сатиралық, әрі поэзиялық мысалдарын аудармаған, өсиетшілдік бағыт ақандықпен шарпысатын мысалдарын ғана аударған. Олар да жаман әдет, жағымсыз қылықты мазақтай, күлкі ете отырып өсиет айтады. Яғни, оларды дидактикалық сатира жатыр.

Толғамы мол ақынның сатиралары хақында Мұхтардың тағы бір түйіндеулері Абай сықақтарының сын нысаналары төңірегінде боды. Бұл ретте зерттеуші ақынның ерекше шүйіліп, сатира жалынына өртеп, шоғына қақтағаны – атқа мінер шонжарлар, бектер мен билер, молда, сопы, қожа-қажылар екенін жоғарыдағы талдауларында айқын аңғартты. Бірақ оның сатирасы мұнымен шектелмейді. Ол бірде ауылдас адамдарын, өз туыстарын, жекжат-жұрағаттарын, құрбы-құрдастарын да сықақ нысанасы етеді. Жоғарыда аталған нақты адамдарға бағытталған сатиралық арнаулары осының айғағы. Асылы, өз әлсіздігін, бүкіл халқының кемішілік-мінін білмеген, сыналмаған адам сатирик бола алмайды. Осыны түсінген сұңғыла сықақшының сынамағаны жоқ. Ақыры, өмір бойы халық мұңын мұңдаған, әлеумет қамын жеген ақын дегеніне жете алмаған соң өзін-өзән нысанаға алады, өзін-өзі мінейді.

Менсінбеуші ем наданды,

Ақылсыз деп қор тұтып.

Түзетпек едім заманды,

өзімді тым*ақ зор тұтып,

бірақ ештеме тындыра алмады, «Көнбеді ешкім сөзіме», «Көнбеді жұрт не ылажы», «ұстай алмадым бірін де» деп өзінің ел алдында дәрменсіз болғанын мойындайды. «Айтты- көндім, алды – бердім.Енді өкіндім - өзіме аз» деп өзін-өзі кінәлайды, сынайды, өзіме де обал жоқ деп опық жейді. Осының бәріне «сұм, сұрқия, қу заман» кінәлі деп өз қоғамына, өз дәуіріне де ауыз салады.

Абайтану даңғылының түйіндеуінше, осы сатира объектілеріне өшігіп, оларды әшкерелеп айтылған сөз – солардың өзіне ғана арналған сөз емес, елге, көпке жеткізем деген сөз.

Ал, абай сатирасының басты пафосы, басты идеясы не десек, бұған Мұхтардың жауабы мынау: «Қоғам мінін айтып, қатты сынап, шенеумен сол қоғам мүшелері болған жеке адамдарды түзету». Яғни, ақын сатирасының басты тақырыбы – мораль-этика мәселелері, адамның ар тазалығы, жан сұлулығы, имандылығы, саналығы үшін күрес.

Қорытып айтқанда, Мұхтар Абайды танытты, Абай Мұхтардың шын атын шығарды. М. Әуезов ұлы ақынның өмірбаяны мен айналасы, лирикасы мен поэмалары, аудармасы мен қара сөздері жөнінде ғана алғашқы, келелі ой-тұжырымдар жасап кеткен жоқ, сын-сықағы хақында да сындарлы толғамдар айтып кеткен. Ол – Абай сатирасының да сұңғыласының да сұңғыла сарапшысы.