Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231 Кб
Скачать
☆

№12 Дәріс. Абайдың қара сөздері

90-жылдар ішінде Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Оның қара сөздері көркем шығарма түрінде емес, ақынның өзі көрген өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған. Оның сөйлем құрылымы, сөз саптау өзгешіліктері де осы мақсаттан туады. Көлемі шағын, мазмұны, мағынасы мол, терең болып келеді. Кейбіреулері сұрау-жауап түрінде, өзімен өзі сырласу, оқырманмен кеңесу түрінде беріледі.

Бірінші қара сөзі. Осы жазып отыр­ғаны әңгімелесіп отырған сияқты. Бастауы тұп-тура Лев Толстой сияқты. Мұндай қара сөз революциядан бұрын­ғы қазақ ортасында өлең сөзінен де құндырақ болған. Себебі қарасөз жасы ұлғайған адамдарға ұғымдырақ. Өлең сөзінде ой көп, терең сезім керек. Мұны қарт-қа­риялар түсіне қоймайды да.

Екінші сөзі. Бір қызық пікірі халықтар туралы пікірі. Әр халықтың өзін өзгеден жоғары санауын Абай жақтырмайды, сынайды (оқып өту керек). Халқына оқуың, енбегін жоқ, бәрінен арттасың дейді, сол халық­тармен дос ету мақсатын қояды.

Үшінші сөзі. Оқудың мәнін аша айтады.

Төртінші сөзі. Күлкі туралы айтатын пікірі. Бұл тура (главный сатирик) Добролюбовтың эстетика­сына тақау келеді.

Бесінші сөзі. Қазақтың мақал-мәтелдерін сы­найды. Добролюбов халықтық дегеннің бәрі халықтық емес деген болатын. Сынағанда Абай дәл осы пікірдің желісінде айтады. Мақалдың ішіндегі үстем таптық түрлерін аша білу керек. Бірлік туралы айтатын пікірі.

Сегізінші сөзі. Ақыл кімге керек, кім үйрене­ді дегенге тоқталады. Байларға еш нәрсе малдан артық емес.

Тоғызыншы сөзі. «Қалың елім ... », «Ішім өлген, сыртым сау» деген өлеңіндегі пікірлері қарасөзінде қай­таланып отырады. Өмір философиясы жөнінде, бала тілеудің мақсаты туралы сұрақпен сабақтайды. Кейде Абай адамгершілікті немен ұлғайтуға болады дегенде айына, жұмасына өзіңе өзің есеп бер, - дейді. Дін тұтынушыларды қатты сынап, бет бейнелерін әшкерелейді. Сонымен қатар Әбдірахман өлгенде жазған өлеңіндегі сөзін кеңейтіп айтқан ойымен іліктеседі.

Оныншы сөзі. Әр кездегі мысқылдық сатира­мен орай айтылған ойлары философиялық сарынға бейім қалып танытады.

Он бесінші сөзі. Өзі қолданып жүрген тәжіри­бені ойланар, толғанар, сол арқылы тоқтамға келер дегенді айтады. Бұлары адамгершілік, мораль филосо­фиясына қарай тартады. Адам өздігімен адамгершілікке жету керек, өзіңді өзің аямай арыңның таразысына сал дегенді аңғартады.

Он алтыншы сөзі. Дінге тура шабуыл жасал­майды. Бес уақыт намаз оқып, діннің сыртын ғана тұ­тып жүретіндерге сын айтады. Адамгершілікті Абай ислам дінінің үгітшілеріндей түсінбейді, өзіндік өзгешелігімен түсінеді.

Он жетінші сөзі. Адамның адамгершілігі неден құрылады дегенде: қайрат, ақыл, жүрек - үшеуін ай­тып, ғылымға жүгіністіреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Ол жүректің сезгіштігі. Мұның өзі көрегендік. Олай болса ақыл байқамағанды жүрек сезеді. Абай өлеңінде де, қарасөзінде де шабыттың адамы, сондықтан жүрек сезімі күшті болып отырады.

Жиырмасыншы сөзі. Абай мақтан туралы айтады. Мақтанды үлкендік, мақтаншақтық деп екіге бөледі. Байды байдан бөліп қарау пікірі, қайшылығы кімді құрметтеймін деген сөзінде тағы қайталанады. Мұнан барып тұрған компромисті аңғарамыз.

Абайдың мысқыл, мазақты қарасөзбен де өте күшті көрсеткенін «қуаныш пен жұбаныш» туралы сөзінен кө­реміз. Кейде сұрақ, кейде жауап, кейде өз қорытынды­сын беру сияқты жолдармен жазу түрін өзгерту арқылы да оқушыларына жеткізіп отырады. қазақтың «Көппен көрген ұлы той», «У жесең руыңмен» деген болымсыз пікірлерді әшкере етеді.

Жиырма үшінші сөзі. Қазақтың мінезін бірнеше жерде қатты сынға алып, әсіресе жақсымын деп кеудесіне нан пісіп жүрген атқа мінерлерді таңбалап өтеді.

Жиырма бесінші сөзі. Оқу керек, оқытқан­да орысша оқыту керек дейді. Хикмат, мал, өнер бәрі орысша оқуда деп ашық айтады. Жалыну - арсыздық. Көзін ашық болса оны істемейсің дейді. Оқығанда ха­лықтың қамын жейтін болуың керек дейді. Жай оқу демейді, «Fылымын үйрет» дейді. Міне, Абайдың ел үгіт­шісі ретіндегі бір аталық пікірі.

Жиырма жетінші сөзі. Абай философ Сократты оқыған. Сократқа әрбір шәкірті сұрақ беріп, Сократ жауап қайтарып отыратын болған. Абай сондай бір әңгімені алып көрсетеді. Аристодим мен Сократтың жаратушы ие жөніндегі пікірін таратып айтады. Мұсылманмын деген жұртқа сыншыл ой тастайды.

Жиырма сегізінші сөзі. Барлық мұсылмандарға арнап сөйлейді. Сыншыл ойшылдықтың Абайда өткір көрінген жері - өзі мұсылман бола отырып шабуыл жасағанда оларға шешендікпен, ділмарлықпен келелі ой-пікірлер айтады. Шын адамгершілік мәселесіне келгенде, діннен алыстады.

Мұнда бір сын толғаулары бар. Мұсылманшылықтың үлкен бір кемші­лігі - бәрі күні бұрын білініп, жазылып қойған. Абай осы нанымды өте қатты сынайды. Өзінің мұсылманшылы­ғына байланысты кітапты айтпайды, қазақ ішіндегі на­нымға шабуыл жасайды. Абай қазақтың мақалын сынайды. Мысалы, «Жарлы болсаң арлы болма» деген үстем таптың ұғындыруы ғой. Бұл халықтың мақалы емес. Ең барып тұрған ар­сыздық - жұмыссыздық, - дейді Абай. «Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, бермес сараң болмас», т. б. толып жатқан мақалдарды қатты әшкерелейді.

Отыз екінші сөзі. Тәрбие жөнінде айтады (араб оқуы жайында). Кісіде ғалым болуы үшін ерекше мінезділік болуы керек дейді. Дін күтушілер жайында да көп сөздер, сындар айтады.

Отыз жетінші сөзі. Мұны Абайдық афоризмі деп қарауға болар еді. Бұл мәтел, мақал емес. Афори­змінде даулық жақтары бар. «Адамның адамшылығы істі бастағаннан білінеді, қалайша аяқтағанынан емес» дейді. Бұл тек аяқтауына қарап емес, бастауынан да бі­лінуі, ерекшеленуі керек дегені.

«Көнілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қаша­ды» деген сөзі қай уақытта болсын өшпес ақиқат, шын­дық.

Тәрбие қауымды түзейтіндігіне Абай сенеді. «Биік абырой - биік жартас» дегенде соған шығушылардың қалай жеткенін айыруға керек дегенді айтады. «Тоқ тіленші – адам сайтаны» дегенде тұп-тура ишан-моллаларға айтқан. Шекспир «Он екі түн» комедиясында кө­леңке қусаң жете алмайсың, кашсаң құтыла алмайсың дейді. Абайдың көлеңкені айтуы аумайтын шындық.

Қырық бірінші сөзі. Ел тәрбиесінің емі тура­лы. «Моласындай бақсының, жалғыз қалдым тап шы­ным» деген пікірін қайталағандай болады.

Қырық екінші сөзі. Еңбексіздіктің «Тамағы токтық, жұмысы жоқтықтың» адамды аздыратынын ай­тады. Герцен «нет у нас, другой молитвы, есть только одна молитва это труд» деген (дұғалық) пікіріне таяу келеді.

Қырық үшінші, қырық төртінші сөзде­рі. Абайдың педагогикалық көзкар астары айтылады.