- •№3 Дәріс. Абайдың көзқарастары, дүниетанымы.
- •№6 Дәріс. Абай және қазақ сатирасы.
- •№7 Дәріс. Табиғат лирикасы
- •№8 Дәріс. Абай және көңіл-күй, махаббат лирикасы.
- •№ 9 Дәріс. Абайдың өлең құрылысы, жаңашылдығы
- •№10 Дәріс. Абай және Шығыс
- •№11 Дәріс. Ескендір поэмасы. Жеккөру концепциясы.
- •№12 Дәріс. Абайдың қара сөздері
- •№13 Дәріс. Абай аудармалары
- •№14 Дәріс. Абайдың ғылым, ілім трактаттары.
- •№15 Дәріс. Абайды жырлаған ақындар
№ 9 Дәріс. Абайдың өлең құрылысы, жаңашылдығы
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бишарасы...»,- деп
Абай өлеңге өзінше талап, шарт қояды. Мұны Абайдың эстетикалық көзқарасы, өлең заңы деуге болады. Абай қазақ халқының бұрынғы ақындық мәдениетін пайдалана отырып, көрші, туыс халықтардың классикалық әдебиетінен үйрене отырып, өз өлеңдерін осы өзі айтқандай етіп, өзінің өлеңге берген анықтамасына, талабына сай етіп жазған. Мұны мына жағдайлардан айқын көруге болады. Қазақтың бұрынғы ақын – жырауларының өлең- жырлары ауыз әдебиеті тәрізді, көп сөзді, ұзын сөзді келер еді, олар айтайын деген ой – пікірлерін көз сөзбен, алыстан оратып келіп айтар еді; тармақ буындарын толтыру, тармақ аяқтарын ұйқастыра, көлденең сөздерді кірістіре берер еді. Абай өлеңдерінде ондай көп сөзділік жоқ. Абай сөзді тыңдап, іріктеп алады, үнемдеп қолданады; аз сөзбен көп мағына береді; ойға жомарт, сөзге сараң. Ол өлеңнің әр тармағын қиыннан қиыстырады: түзу мағыналы, тәтті сөзді,ұнасымды үнді, жарасымды суертті етіп келтіреді. Абай айтайын деген ой – пікірлерін дәл, еркін, айқын айтуүшін, өлеңдерін мағыналы, өткір көрікті етіп келтіру үшін қазақ халқының негізгі сөз қорын түгел пайдалану үстіне ескі, диалект сөздерді де, шет сөздерді де қолданады. Бірақ оларды өзінен бурынғы, өз тұсындағы кейбір ақындар сияқты сән үшін, өзінің шет тілді білетінін аңғарту үшін қажетсіз, орынсыз қолданып, сөзді шұбарлап, тілді бұзып жібермейді, зәру, қажет болғанда ғана қолданады. Мұны оның орыс тілінен алған, еірістірген сөздерінен айқын көруге болады.Абай өлеңдерінде орыс тілінен алынған .виноват, коренный, счет, прощение, судья, съезд, закон, чин, доктор, т.б. бірсыпыра сөздерді қолданған. Оларды ол, әлгі айтқандай, зәру, қажет болғанда ғана ойын айқын аңғарту, өткір айту үшін,кейде сықақ, мысқыл үшін қолданған. Мысалы, Абайдың осылай қолданған сөздерінің біразы мына түрде:
«Еннағатайна кәлкәусар,
Пошал деуге күнәкар...» ,
«Самородный сары алтын»
«Көгалды қуып, гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазы алған...» т.б.
Абай шет сөздерді, әсіресе орыс тілінен алған сөздерді өте жарасымдыетіп қолданған. Осыдан олардың көбі қазақтың сөз құрамына еніп кетті. Абай данышпан, сөзге бай, тілге ұста ақын. Ол өз шығармаларында қазақ халқының бұрын – соңды сөз қорын, сөз құрамын, түгел, сарқа пайдалану, шет сөздерді орынды қолдану үстіне, солардың негізінде өзі жаңа сөздер, жаңа сөйлемдер ойлап шығарды. Және соның бәрінде өте ұста, ұнамды, көңілге қонымды етіп шығарды. Олар тез сіңісіп, қазақтың сөзі, қолтума сөйлемі болып кетті. Абай жаңа ссөздерді, эпитет, теңеу сияқты сөз образдарын екі түрлі жолмен жасаған:
бұрын жоқ, әдебиетте қолданылмаған сөздер жасау, табу жолымен;
бұрын бар, әдебиетте қолданылған сөздерді жаңғырту, жаңа мағына қолдану жолымен жасалған. Мысалы, бұрын жоқ, әдебиетте қолданылмаған сөздердің біразын Абай мына реттерде қолданған:
«Пайдасыз ақыл,
Байлаусыз тақыл,
Атадан бала ойы өзге...»,
«Ұстай алмадым бүгінде
Кекиді кейін шегініп...»
«Құбылға бәрі зерек қой
Бәрі жасық тоқтауға...»
«Жамандық, жақсылыққа қарар салқын,
Долыға тез басылып, қайтар қарқын..»
Абайдағы «тақыл», «кекиді», «құбылға», «долыға» деген сөздер жаңа, бұрын әдебиетте қолданылмаған, тек Абай ғана тапқан, қолданған сөздер. Абай бұрын бар, қолданылып жүрген сөздерді мына түрде жаңғыртып, жаңа мағына беріп қолданған:
«Жаңа әнді тыңдасаң ойкөзіңмен,
Өмір сәуле көрінер судай тұнық..»
«Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің...»
«Білгенге жол бос,
Болсайшы қол бос,
Талаптың дәмін татуға...»
«Сол қасқырша алақтап түк таппадым
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?»
Бұл үзінділердегі «ой көзімен», «талаптың тұлпары», «талаптың дәмі», «көңілдің жайлауы» деген сөздер Абайдан бұрын, Абайдан бұрынғы әдебиетте бұлай айтылмаған, қолданылмайтын, бұларды тек Абай ғана осылай қиыстырып, жаңғыртып, жаңа мән беріп қолданған.Осы ізбен, яки бұрын бар, қолданылып жүрген сөздерді жаңғыртып, жаңа мағына беріп, қолдану ізімен абай көп ретте қазақтың бұрынғы мақал – мәтелдерін де жаңғыртып, септелуін өзгертіп, өткірлеп сөздер жасаған. Мысалы, Абай бұрынғы: «Еңбек етсең емерсің» деген мақалды: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», - деп, «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді» деген мақалды: «Екі кеме құйрығын, ұста жетсе, бұйрығың» деп өзгертіп, ұстартқан.Абай өлеңдерінде мақал–мәтелді көп қолданған.
