- •№3 Дәріс. Абайдың көзқарастары, дүниетанымы.
- •№6 Дәріс. Абай және қазақ сатирасы.
- •№7 Дәріс. Табиғат лирикасы
- •№8 Дәріс. Абай және көңіл-күй, махаббат лирикасы.
- •№ 9 Дәріс. Абайдың өлең құрылысы, жаңашылдығы
- •№10 Дәріс. Абай және Шығыс
- •№11 Дәріс. Ескендір поэмасы. Жеккөру концепциясы.
- •№12 Дәріс. Абайдың қара сөздері
- •№13 Дәріс. Абай аудармалары
- •№14 Дәріс. Абайдың ғылым, ілім трактаттары.
- •№15 Дәріс. Абайды жырлаған ақындар
№8 Дәріс. Абай және көңіл-күй, махаббат лирикасы.
Қазақ даласының дара тұлғасы – Абайдың әлемі – шексіз. Оның поэзиясы – түпсіз мұхит. Оның поэзиясының бір саласы – жастықты, жастардың махаббатын жырлауға арналған. Абай – сыршыл ақын. Мұнан Абайдың әр жақты болып кеңейіп келе жатқан ақындық өнерін байқаймыз. Нәзіе сыаын шығады. Ол сарын махаббат сырын қозғайтын өлеңдерін жазды. Мұнда да Абай сыңаржақ емес. Махаббат жөніндегі жырлары Абайдың өзінің әралуан ақындығының әр саладан келген төркінін танытады. «Айттым сәлем, Қаламқас» өлеңі сыйластықтың қазақ жастары арасындағы табиғи қалпын тереңдетеді. «Қор болдың жаным» өлеңінде шығыс ақындарының диуан, ғазалдар жазған ақындық өнер әсері көрініп тұр. Шығыс поэзиясындай өзі сүйген аруды жалпылай жырлап, кімге арнағаны белгісіз тұманды махаббатты жоғарыдан келген сияқты, әмір құдіреттің бұйрығы сияқты ұғыну бар. Осылай жырлау Абай өлеңінде көрініп тұрады:
Қор болды жаным,
Сенсіз де менің күнім,
Бек бітті халым,
Тағдырдан келген зұлым,
Тағдыр етсе алла,
Не көрмейді пәнде?
Абайдың махаббат лирикасы арқылы жастарға адамгершілік күшті гуманистік тәрбие беруді мақсат тұтқан. Ең әуелі адамдықты, ыстық сезімді жоғары қояды. Махаббат жырын жырлай отырып дүниені де барлай отырып жырлаған. Мысалы, «Қызарып, сұрланып» сияқты өлеңі батыс ақындарының үлгісімен өрнектеледі:
Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі.
Өзгеден ұрланып,
Өзді-өзі керегі.
Екі ғашық құмарлы,
Бір жолдан қайта алмай,
Жолықса ол зарлы
Сөз жөндеп айта алмай.
Мұнда біріне-бірі оңашада ашылыспаған жастардың кездесуі суреттелген. Қараңғыда кездескен жастар көңілі соншалық көп сырласуды армандаса да үн қата алмайды. Ол уақыттың өзі өте қымбат екенін айтады. Бұл жастардың ең қасиетті шағы. Махаббат сөзбен емес, жүректің дүрсілімен сезілген нәрсе. Бұл кезде жүрек, тіл, ойдың керегі жоқ. Бұлардың бәрінен күштісі ғашықтық сезім дегенді меңзейді. Бұл жер махаббаты, өмірдің шындығымен бас изеп келген жердің ұл-қызы. Бұлар – қай халықта болса да кездесетін ұл-қыздар. Ал «Көзімнің қарасы» өлеңі шығыс ақындарының үлгісімен жазылған. Сүюлі –ислания көлмінде ғашықтық сезімнің қалай бағаланатынын ойлаған қазақтың жасы.
Көзімнің қарасы
Көңілімнің санасы.
Бітпейді ішімде,
Ғашықтың жарасы.
Тереңдеп қарайсың
Телміріп тұрмайсың.
Бихабар жүргенсіп,
Бек қатты сынайсың.
Бұл өлеңде шығыстың сөздік араласқан, «бейхабар» болса да, «күю-жану» бар. Рақым болса да, наз айтуды керек етеді. Бір жақты мұң келіп отырады. Бұл – шығыс үлгісі.
Сенсің – жан ләззаты,
Сенсің – тән шарбаты.
Артықша жаратқан –
Алланың рахматы.
Көрік – тәңірі дәулеті,
Қылса ұнар құрметі.
Сұлуды сүймектік –
Пайғамбар сүндеті.
Мұнда адам махаббатынан гөрі құдайға, пайғамбарға деген мұң зармен айтылған тілек күшті. Абай жастарды тәрбиелеуге көп көңіл бөлген. Абай үлкен достықты, отбасылық өмірден, жастар сезімінің тұрақтылығынан, әйелге адамгершілік, әділет тұрғысынан қараудан іздейді. Ол жастардың адал махаббаты мен шын достығын уағыздады. Ескі әдет-ғұрып заңдары бойынша өзі бастан кешкен өмір сабағына сүйене отырып, ол шынайы достық сезімді жоғары қояды. Жас ұрпақты ескі тәрбиенің кертартпа жағынан жирендіріп, жаңа өнеге ұсынады. Бұл тұрғыда оның «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп», «Кейде есер көңіл құрғырын» деген өлеңдерін еске алу орынды. Бұл өлеңдердің лирикалық кейіпкері – шын достық пен махаббатын таппай күйзелген жан. Ол «сол досты» іздеп күңіренеді, жоқтайды.
Махаббаттсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар.
. . . Пайда, мақтан – бәрі тұл,
Доссыз ауыз тұшымас, -
деген өлең жолдары – мазмұны жағынан ақынның ой түйіні, өсиеті іспетті, бұл өлеңдер жас ұрпақты ақын аңсаған достыққа, махаббатқа үгіттейді.
Ғашықтың тілі – тілсіз тіл,
Көзбен көр де ішпен біл, -
деуі кейде адамның нәзік сезімін, тілмен айтуға сөз жетпейтінін меңзейді.
Абайдың көңіл күй лирикасының ең озық шеберлікпен жазылған өлеңі – «Сегіз аяқ». Бұл өлең Абайдың көп ойының толқыған мұңын да, ізденуін де шебер айтып жеткізе алған. «Сегіз аяқ» ел тіршілігінің шындығын айқын көрсетіп, талай өлеңнің ой қорытындысы сияқты. Қоғам тіршілігін «Адамның кейбір кездері» деген өлеңінде:
Кірлеген жүрек өз ішін,
Тұра алмас әсте жуынбай,
дегенде көңілі кірлеп, оны өлеңмен жуу ұғымы жатыр. Жүдей бастаған көңіл күйінің наласын «тәтті күй, жақсы әнмен» өзін-өзі жұбатқысы келеді. Көңіліме ой салар ән-күйдің рахаты денемді кернеген де, ыстықта мөлдір суға бас қойғандай болам дейді. Өткен күнді еске түміргендей болып, көңіл күйіне орай «Мен сәлем жазамын» деген өлеңді жазады:
Мен сәлем жазамын,
Қарағым қалқама.
Қайғыңнан азамын,
Барушы айта ма?
Абай мұндай сағыныш сезіміне оралған махаббат жырын өмір бойы заудан қол үзбейді.
Абайдың өзінің өміріндегі бір үлкен шер болып толқытқан халі, нағыз махаббатының көрінісі – балаға деген махаббаты - Әбдірахманға жазған өлеңдерінен көрінеді. Элегия үлгісімен Әбдірахманға арнап өлең жазады. Бір жағынан тілек сияқты болып, шер толқытып жырлайды. Мұнда қазақтың аталық мейірімі де, эстетикалық сезімі де бар.
