Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси география.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130 Кб
Скачать
☆

6 Тақырып: Орталық Азия мен Қазақстандағы басты геосаяси мүдделері бар күштер мен топтар

Сұрақтар:

  1. Орталық Азия елдерінің интеграциялануына әсер етуші факторлар

  2. Орталық Азия елдерінің Кеңестік дәуірден кейінде таңдаған даму модельдерінің айырмашылықтары

  3. Аймақтағы «саяси көшбасшылыққа» бақталастық факторының дезинтеграциялық әсері

  4. Ортаазиялық экономикалық қоғамдастықтың құрылу мақсаты мен себептері

  5. Ортаазиялық экономикалық қоғамдастықтың кейінде (2002 ж.) «Орталық-Азиялық ынтымақтастық» болып өзгеруінің себептері

  6. Ферғана аңғары – даулы мәселе

  7. Өзбекстан (Сох, Шахмардан) мен Қырғызстан (Барақ ауылы, 589 адам) территорияларындағы анклавтардың жалпы Орта Азия елдеріне туындататын қаупі

  8. Қырғыз-тәжік елдері арасындағы даулы аймақтар (Ош, Баткен облыстары – Қырғызстан, Ленинабад облысы – Тәжікстан) мәселелері

  9. Өзбек-тәжік елдері арасындағы геосаяси жағдайлар

Тапсырмалар:

  1. Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) қалыптасу кезеңдеріне кесте құру

  2. Орталық Азия мен Қазақстан мемлекеттері арасында құрылған саяси, экономикалық, экологиялық ұйымдарға сипаттама беру.

Әдістемелік нұсқаулар

1 тапсырманы орындау барысында дәрістер мен негізгі және қосымша әдебиет көздерін пайдаланып, ШЫҰ алғашқы (1996 ж.) қадамдарынан бастап, нақты құрылған күнге дейінгі аралықта болған саяси, экономикалық келісім-шарттарына кесте түрінде хронология құру. Төмендегі 3-кестені үлгі ретінде пайдалануға болады.

6 – кесте.

№

Жылы

Келісім-шарт түрі

Мемлекет өкілдері кездескен қала (ел)

Қатысушы мемлекеттер

1

1996 ж. 26 сәуір

«Шекара маңындағы әскери жағдайдағы сенім шаралары туралы келісім»

Шанхай

Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан

2

...

...

...

...

...

...

...

...

...

7

2001 ж. 15 маусым

Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы

Пекин

Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан

2 тапсырманы орындау үшін дәптерге жазбаша Орталық Азия және Қазақстан мемлекеттері арасында құрылған экономикалық, саяси, экологиялық ұйымдардың құрылу ретіне қарай хронологиялық кесте түрінде көрсетуге болады. Тапсырманы орындау барысында негізгі, қосымша әдебиет көздері мен дәрісті пайдалану керек.

Негізгі әдебиет: [1,3,4,5,7,8,9,15,17,19,21,23,25,48,57,59,61]

2.5 Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстарының жоспары

1 Тақырып. Қазіргі таңдағы еуразиялық мәселелер бойынша қр Президентінің геосаяси еңбектеріндегі, оның негізгі идеяларын анықтау

Тапсырмалар:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев еңбектеріне библиографиялық кесте құру

2. Н.Ә.Назарбаев еңбектеріндегі негізгі идеяны анықтау

Әдістемелік нұсқаулар

1 тапсырманы орындау үшін кезеңдік басылымыдар, Н.Ә.Назарбаев еңбектері, мақалалары бойынша төмендегі үлгідегі библиографиялық 1-кестені құру.

1 – кесте.